Жеке дара әрекеттер – алаңдағы жағдайға дұрыс баға беріп, үйлесімді шешім қабылдау негізінде қарсыласының қорғану немесе шабуыл әрекетін ойдағыдай жеңіп шығу.
Командалық әрекет – қоршаулы шабуылға ыңғайлы жағдай жасау үшін команданың ұжымдық әрекеті.
Шеткі сызық – қалқанның артқы жағындағы алаңның ұзындығын шектейтін сызық.
Допты ұстау – мұның көмегімен баскетболшы сенімді түрде допты иеленіп, келесі шабуыл қимылын жасауы. Оның допты екі қолмен, не бір қолмен қағып алуы.