Глоссарий I анимизм



бет1/13
Дата06.03.2023
өлшемі36,33 Kb.
#71811
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
glossari


ГЛОССАРИЙ
I
Анимизм- жан мен рухқа тең. Анимизм- алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған тарихи құбылыс. Ол кезде адам жабайы табиғат алдында дәрменсіз, дененің, мидың, психологияның ерекшеліктерінен, жалпы матерялдық затардың өзгешелігінен бейхабар болды. Ұйықтау, түс көру, талу, өлу сияқты құбылыстарды келіп-кетіп жүретін дене қосағы деп түсінді.
Ассоциация- 1) неғұрлым жалпы мағынасы- екі (одан да көп) элементердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2) бихевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар мен реакциялар арасындағы байланыстар немесе бірігуі. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты.
Ассоциациялық психология- дүниежүзілік психологиялық ойдың негізгі бағыттарының бірі; психикалық процестердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіреді. Ассоцианизмнің қағидаларын ең алғаш Аристотель жасады, ол көрінбейтін сыртқы себептерден пайда болған бейнелерді ассоциацияның өнімі деді. XVII ғасырда бұл идеяны психика туралы механикалық-детерминистік ілім қолданды.
Афференттік жүйе – сыртқы, сондай- ақ ішкі тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім органдарынан орталық жүйеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының тұрақты тасқыны.
Рефлекс шарсыз (туа біткен) және шартты (организмнің жеке тіршілігінде қалыптастырған) түрлерге бөлінеді. И.П.Павлов-И.М.Сеченов шартты рефлекстің жойылатынын және қайта қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеді.
Бихевиоризм- XX ғасырдағы америкалық психолгияның басты бағыты. Б. психологиянның мақсаты- сананы зерттеу емес, мінез- құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмнің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Б.-нің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады.
II
Рух (Духовность)- ой мен сананың шоқтығы, адамның сана- сезімі мен қимыл әрекетінің озық болжампазы, тарихи тәжірибенің идеалды түрі. Р. адамның өмірі мен өзіндік құндылығын субъективті тұрғыдан салыстыруға, бағалауға мүмкіндік ашады. Рух кейде санамен, жанмен үлестіріледі.
Жан- адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен психолгияда жан материялдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет