Бұлшық ет сезімі – адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқаратын бұлшық еттер арқылы сезіну. Бұлшық еттің жиырылуына жүйке импульстары әсер етеді. Дене мүшелерінің барлық қозғалысы өзара байланысты, сонымен қатар ол шартты рефлекс және шартсыз рефлекс арқылы реттеліп отырады. Сезіну де сол арқылы жүреді.
X Иіс түйсігі- 1) иісті түйсіну; 2) иісті қабылдау процесі. Иіс сезіну рецепторлары мұрынның жоғарғы бөлігінде иіс сезу эпителийінде орналасқан. Иіс түйсіктері үшін газ тәрізді нысандағы химиялық заттектер стимул болып табылады. Иіс түйсігінің қалыптасуына тактилді, температура, ауру сияқты басқа рецепторлар да қатысады. Иіс түйсігін ғана туғызатын стимулдар-ольфактивті деп аталады. (мыс., ванилин, бензол, ксилол және т.б.)
Түйсік-жануарлардың және адамның психикасы мен мінез-құлығындағы туа біткен құрауыштарының жиынтығы.
Сенсор- 1) жеке рецептор; (мыс., бос жүйке ұшы, торлы қабықтың шақшасы немесе таяқшалар және т.б.); 2) рецепторлы мүше ; (мыс., көз, құлақ және т.б.).
Сенсибилизация-тітіркендіргіш әреке тінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.
Сезгіштік- 1) жалпы алғанда- стимуляциядағы сезгіштік; 2) арнайы мағынасы- әлсіз (нашар) стимулға жауап қайтару, сезгіштіктің төменгі табалдырығы; 3) басқа біреудің сезімін түсіну. Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі бір дәрежеде мөлшері мен күші болуы қажет. Бұл- түйсіну процесінде түйсік табалдырығына байланысты.
XI Апперцепция- адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл- адамның сыртқы әсерді қабылдау кезіндегі психикалық күйіне де байланысты.
Байқағыштық-заттың, құбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Байқағыштық ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б.- танымдық құрылымы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет.
Сезгіштік-түйсінуге жалпы қабілетілік. С.филогенезде тірі организмдер қоршаған ортаның факторларына, тікелей биологиялық мәні бар әсерлерге қатысы жөнінен сигналқық функция атқаратын осы факторларға жауап әрекет білдіре бастаған кезде пайда болады.