Глоссарий Онтогенез зиготаның пайда болу кезеңінен, биологиялық өлімге дейінгі ағзаның жеке дамуы. Онтогенездің



Дата22.05.2023
өлшемі112,74 Kb.
#95922
Байланысты:
БОӨЖ 13 Молбио



БОӨЖ
Тақырыбы: Жеке даму генетикасы. Көп жасушалы ағзаның дамуын қамтамасыз ететін жасушалық процестер. Туа біткен даму ақаулары

Орындаған:Мухаметқали Дарын


Тобы:111 Б
Тексерген:Айгерим Турарбековна

Глоссарий
Онтогенез - зиготаның пайда болу кезеңінен, биологиялық өлімге дейінгі ағзаның жеке дамуы. Онтогенездің кезеңдері:
1. Проэмбриональді – (гаметаның дамуы, ұрықтану)
2. Эмбриональді- (туылғанға дейінгі даму)
3. Постэмбриональді- (туылғаннан кейінгі даму)
Сперматогенез. Сперматогониилер примордиальді жыныс жасушаларынан дамиды, ерте эмбриогенез кезінде гонадаларға миграцияланады. Жынысты пісіп жетілу басталғаннан кейін сперматогонийлер тез бөліне бастайды (көбею кезеңі), өседі және бірінші қатардағы сперматоциттерге айналады. Бірінші қатардағы сперматоциттер мейоздың бірінші бөлінуінен кейін (пісіп жетілу кезеңі) екінші қатардағы сперматоциттерге айналады, олар екінші мейоздық бөлінуден кейін сперматидтерге айналады. Сперматидтер дифференцировкалану кезеңінен кейін сперматозоидтарға айналады.
Оогенез. Оогониилер примордиальді жыныс жасушаларынан дамиды. Бірнеше митоздық бөлінуден (көбею кезеңі ) және өсіден кейін оогонийлер бірінші қатардағы ооциттерге айналады. 1-ші қатардағы ооциттер мейоздық бөлінуге өтеді (пісіп жетілу кезеңі). Сүтқоректілерде 1-ші қатардағы ооциттер эмбриогенездің өте ерте процесінде (эмбриональдік дамудың 3-ші және 8-ші айларының арасында) қалыптасады және мейоздың бірінші бөлінуі, профаза кезінде жынысты пісіп жетілу кезеңіне дейін тоқталады. Әр ай сайын бірінші қатардағы ооцит (тек біреуі), мейоздың бірінші бөлінуін аяқтап, екінші қатардағы ооцитке айналады, 2-ші қатардағы ооцит мейоздың екінші бөлінуін ұрықтанғаннан кейін ғана аяқтайды.
Овогенез хромосоманың гаплоидты жиынтығы мен зигота өнімдерінің түзілуіне жауап береді.
Овогенездің нәтижесінде бір үлкен жұмыртқа жасушасы және үш кіші полюсті денешік түзіледі.
1. Мейоздың бірінші бөлінуі жыныс безінде өтеді;
2. Мейоздың екінші бөлінуі, екінші қатардағы ооциттердің овуляциясынан кейін фаллопиевті түтікте жүреді;
3. Бүкіл өмірінде жыныс безінде 300-400-ге жуық ооциттер жетіледі.


Капаситация. Сүтқоректілердің спермасы ең алғашында ұрықтануға қабылетсіз болады. Аналық даралардың жыныс жолдарында (жатырда) 5-6 минут ішінде сперматозоидтарда функциональдық және биохимиялық өзгерістер өтеді. Бұл өзгерістер гликопротеиндерге, липидтерге және плазмалық мембрананың иондық каналдарына, жұмыртқа жасушасының мөлдір қабықшасымен байланысатын сперматозоидтар үшін қажет рецепторларға қатысы бар. Капаситация кезінде сперматозоидтардың белсенділігі жоғарылай түседі.
Акросомальды реакция.Капаситациядан кейін сперматозоидтар ас жағында орналасқан гиалуронидаза ферментін қолдана отырып жұмыртқа жасушасының сәулелі венец арқылы өтеді. Содан кейін спермия мөлдір қабықшамен байланысады, акросомальды реакция өтеді. Гидролитикалық ферменттер мөлдір қабықша арқылы өтуге көмектеседі. Ары қарай сперматозоидтың мембранасы жұмыртқа жасушасымен қосылады
Кортикальды реакция. Сперматозоидтармен қосылу жұмыртқа жасушасын белсендендіреді. Кортикальдік гранулалар жасушааралық кеңістікке сұйықтықтарын бөліп шығарады. Кортикальдік гранулаларда болатын заттар мөлдір қабықшаның құрылымын өзгертеді, нәтижесінде ары қарай бір де бір сперматозоид ол арқылы өте алмайды.
Пронуклеустердің ядролық мембранасының қосылу жолы- синкарион (теңіз кірпісі).
Ядролық мембрананың бұзылысынан кейін, хромосоманың бірігуі – сингамия (сүтқоректілер, адам.)
Бөлшектену-дегеніміз жетілген зиготаның митоз жолымен бөлінуі. Бөлшектену көп жасушалы, бірқабатты ұрықтың-бластуланың түзілуімен аяқталады.
Гаструляция -бұл эмбрионалдық жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.
Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Үш қабатты гаструлада мезодерма пайда болады.
Телобластикалық әдісте – бластула қуысында екі үлкен жасуша түзіледі. Бұл телобластар деп аталады. Осы жасушалардан мезодерма түзіледі (бірінші ретті ауыздыларда).
Энтероцельді әдісте – алғашқы ішекте қалта тәріздес өсінді пайда болады. Осы өсінді мезодерманы түзеді (бластоцельдің ішіне қарай олардың қабырғалары өседі, екінші ретті ауыздыларда).

Эктодермадан – эпидермис, орталық және шеткі жүйке жүйелері, көз, ішкі құлақ дамиды;
Эндодермадан – тыныс алу және ас қорыту жүйелерінің эпителиальді төсеніші, ас қорыту трактісіне ашылатын, бездер, бауырдың безі және ұйқы безі жасушалары дамиды;
Мезодермадан – қаңқа бұлшық еті және ішкі мүшелердің бұлшық еті, қан жасушалары және венаның ішкі төсеніштері, репродуктивтік мүшелердің және зәр шығару жүйесінің сір қабықшалары (серозная оболочка), жүрек-тамыр жүйесінің көп бөліктері. Ддәнекерлеуші ұлпалар, шеміршектер, сүйектер, байланыстар, сіңір, тері, ішкі мүшелердің негізгі заттары.

.



Алматы 2021


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет