Глоссарий Тақырыбы: Балдырлардың құрылымдық ерекшеліктері және таралуы. Саңырауқұлақтар бөлімі. Ежелгі өсімдіктер тобы. Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Гүлді өсімдіктер бөлімі Тобы: 1507-11а Орындаған: Довранова З



бет2/4
Дата04.05.2023
өлшемі22,94 Kb.
#89713
1   2   3   4
Байланысты:
глосарий ботаника

Жетілмеген саңырауқұлақтар, дейтеромицеттер (Fungі іmperfectі, Deuteromycetes) – қалталы және базидиялы спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар класы. Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетін конидийлер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді

  • Гаметалар- жыныс жасушалары. Балдырлар жынысты көбейгенде аталық жыныстық жасушасы мен аналық жыныстық жасушасы өзара қосылады.

  • Гаметофит- спорадан зиготаға дейінгі тіршілік айналымы дамуының өсімдіктерге ғана кездесетін жыныстық кезеңі.

  • Қызыл балдырлар багрянкалар (Rhodophyta)- теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі.

  • Зигота- жыныс жасушаларының қосылуының нәтижесінде пайда болады.

  • Зооспора - қозғалғыш споралар деген мағынаны білдіреді. Олардың ерекше қозғалысқа келтіретін талшықтары болады. Зооспоралар арқылы көбею – суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән қасиет.

  • Таллом-балдырлардың денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігін таллом дейді.Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.

  • Спорофит- өсімдіктің жыныссыз ұрпағын білдіреді.

  • Хромотафор- балдырлар жасушасындағы хлоропласттар.

  • Хламидомонада- Жасыл балдырлардың бір өкілі. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан (целлюлозадан) тұрады. Жасушасында цитоплазмасы, ядросы, терең астау тәрізді жасыл түс беріп тұратын хроматофоры бар. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуолі және қызыл көзшесі болады.

  • Хлорококк- біржасушалы жасыл балдырларға. Ол топырақта, ағаштың діңдерінде өседі. Оның жасуша құрылысы хламидомонаданың жасуша құрылысына ұқсас. Тек талшығы мен қызыл көзшесі болмайды. Жыныссыз зооспоралар түзеді және жынысты жолмен көбейеді.

  • Хлорелла- біржасушалы жасыл балдырларға жатады. Хламидомонаданың құрылысынан айырмашылығы – оның тез қозғалатын екі талшығы әрі қызыл көзшесі болмайды. Жасыл түс беріп тұратын хроматофоры жазық астау тәрізді.

  • Қоңыр балдырлар- клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр, теңіз суларында өсетін балдыр



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет