Жердi жалдау төлемақысы - уақытша өтеулi жер пайдалану төлемақысы
Төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесiнiң нормативтiк бағасы;
Уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгiлi бір мерзiммен шектелген тұлғалар
Кейiнгi жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесiн сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейiнгi жер пайдалану туралы шарт негiзiнде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар
Мемлекеттiк жер пайдаланушылар - мемлекеттiк республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар
Жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi
Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар
Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанаєаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде алтын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер
Жер кадастры - жер туралы мәлiметтер жүйесi, мемлекеттiк кадастрлардың құрамдас бөлiгi
Жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi
Жер- Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңестiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс туралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi
Иммиграциялық жер қоры - оралмандарға беру үшiн резервке қалдырылған және арнайы жер қоры құрамына кiретiн жер учаскесі
Шетелдiк жер пайдаланушылар - шет мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (шетелдiк заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар
Жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатының жүктемесi- аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес учаске аумағын және онда орналасқан үйлер мен ғимараттардың функционалдық мақсатының (пайдаланылуының) үлгiсi мен түрi бойынша жер учаскелерiн мақсат пайдалану түрлерiн топтастыру
Кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi жеке және заңды тұлғалардың бөлек меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкке жатпайтын бөлiктерi
Өзiндiк қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз қажеттерiн қанағаттандыруға арналған қызмет түрi;
Ұлттық жер пайдаланушылар – ҚР-ң азаматтары, ҚР-ң заѕдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк қатысушысы бар кәсiпорындар
Мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар
Жер қатынастарының объектiсi - ҚР аумағының шегiндегi бүкiл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген субъектiлерге бекiтiлiп берiлуiнiң құқықтық негiздерiне қарамастан жекелеген жер учаскелерi, сондай-ақ жер учаскелерi мен жер үлестерiне құқықтар
Меншiк құқығының объектiлерi - мемлекеттiк және жеке меншiктегi жерлер
Бастапқы жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығын ҚР Жер Кодексіндегі 32-бабында көзделген тәртiппен тiкелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртiбiмен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар
Жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемақысы - уақытша өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесi үшiн бiржолғы төлем
Тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзiмi шектеусiз сипатта болатын тұлғалар
Топырақ қабаты - жердiң құрғақ үстінгі қабаты, тек өзiне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттерi бар ерекше табиғи түзiлiм
Жеке жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнің меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы арасындаєы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер учаскесiн иелену және пайдалану құқығы
Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн өтеулi және өтеусiз негiзде шектеусiз мерзiмге немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде иелену және пайдалану құқығы
Жерге билiк ету құқығы- мемлекеттiң ҚР аумаєындағы жердiң заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етiлген құқығы, сондай-ақ жердiң жеке меншiк иесiнiң өз жер учаскесiне қатысты ҚР-ның заң актiлерiнде тыйым салынбаған мәмiлелер жасауға құқығы
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы ҚР Жер Кодексінде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы