Гносеология



бет1/3
Дата18.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#124507
  1   2   3
Байланысты:
540510.pptx

Гносеология

  • Танымның объектісі мен субъектісі.
  • Таным түрлері.

ГНОСЕОЛОГИЯ

Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым» және көне грекше: λόγος — «сөз») немесе Гносеология (көне грекше: γνῶσις — «білім» және λόγος — «слово», «речь») немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім.

Тарихы

Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі.

Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.

Таным

  • Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс.

"Білу деген не?" деген сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің "Фаустында" былай жазылған:
"... Білудің мәні не? Міне, досым, мәселе қайда? Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес. Заттардың мәніне үңілгендерді, Барлық жандарға сырын жайып салғандарды Алауларға өртеді және тепкіледі. Бұл сізге бесенеден белгілі..."

Таным термині

Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет