Голубо-фиолетовая Градиентнтная Минималистичная Анимированная Маркетинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата02.12.2022
өлшемі7,77 Mb.
#54295
Байланысты:
A7B42957-915D-411A-A90F-13D5483B0ED4



Қазақ тілі сабағында ойын
технологиясын қолдану.
ЖОБАНЫ ЖАСАҒАНДАР:
Абдуллаева А. Аязбаева А.
Мақтапова А. Мұхаметжан Р. 
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ.


Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат
мәдениетінің 
қазынасы. 
Ұлы 
педагогтар,
ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін
жоғары бағалаған. Психологтар мен педагогтар
ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын
аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана
арнайы 
зерттеу 
пәніне 
енгізілді. 
Ойын
технологиясы - оқу-тәрбие міндеттерін шешуге
бағытталған әртүрлі ойындар түрлерін қолдануды
көздейтін дидактикалық жүйелер. 
Ойын технологиясының міндеттері: 
- ойын арқылы баланың сөздік қорын дамыту 
- жаңа сөздерді меңгерту. 
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру. 
- ептілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке үйрету. 
- ақыл-ой, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.


Бүгінгі күнде мемлекеттік тілді оқыту
мәселесі әдістеме ғылымында өзекті
мәселелерінің біріне айналып отырғаны
белгілі. Осыған байланысты туған жаңа
бағыттар мен әдіс-тәсілдердің ішінде екінші
тілді оқыту барысында әр сабақта ойын
технологиясын қолдану тиімді де ұтымды
екенін тәжірибе көрсетіп берді.


Қазақ тілі сабағындағы көзделген мақсат -
оқушыларға сабақта үйренген сөздерін ауызекі
сөйлеуде, сөйлем құрауда дұрыс қолдана білуге
үйрету. Ол үшін сабақта сергіту жаттығуларымен
қатар жаңа тақырыпты, жаңа сөздерді меңгерту,
өткенді пысықтау мақсатында білімді ойынмен
ұштастырып, ойын түрлерін қолдану тиімді.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытып жүрген
мұғалімдер үшін бұл құрал үлгі ретінде қажет.


Ойын технологиясы арқылы оқушылар келесі қасиеттерді меңгереді. 
1. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып, қиын
мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 
2. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік
береді. 
3. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 
4. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 
5. Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 
6. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті
талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет