Гомогенді және гетерогенді химиялық үдерістер. Өндірістік катализ: гомогенді және гетерогенді
Гомогенді және гетерогенді химиялық үдерістер. Өндірістік катализ: гомогенді және гетерогенді
Оқытушы: Самигуллина А.К.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Университет имени С.Д.Асфендиярова
Алматы, 2023
Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы
КІРІСПЕ
Химиялық-технологиялық жүйе элементтеріне: жылу және масса алмасу, гидромеханикалық, химиялық, т.б. процестер жатады.
Химиялық процесс – химиялық реакцияның жүруіне және бір- біріне әсер ететін, жылу, масса, импульс құбылыстарының ауысуымен жүретін бір немесе бірнеше химиялық реакциялар.
Химиялық технологияның заңдылықтарын қарастырғанда, процесс пен оларға сәйкесқондырғыларды ең алдымен өзара әрекеттесетін заттардың агрегаттық (фазалық) күйіне қарай таңдайды.
Химиялық процесстер Гомогенді Газ-газ Сұйық-сұйық Гетерогенді Газ-сұйық Газ-қатты Сұйық-қатты
Гетерогенді химиялық процестер.
Гетерогенді химиялық реакторда бастапқы заттар және жалпы жағдайда өнімдер фазалық бөліну бетімен бөлінген әртүрлі фазаларда болады. Реакция, әдетте, бір фазада немесе фазалық бөлімнің бетінде жүреді.
Гетерогенді процестердің келесі түрлері бөлінеді:
Газ-қатты
адсорбция, десорбция, руданы күйдіру, металдарды тотықтыру, қатты отынды жағу;