Гос экзамен Тарих



бет7/8
Дата25.04.2022
өлшемі1,04 Mb.
#32221
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Гос экзамен Тарих

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қаулыға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.


  1. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.

ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.

Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.



Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді. Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын екі орынбасары алмастыру тәртiбiмен Кеңес ұсынымы негiзiнде Президенттің өкiмiмен тағайындалады.

  1. Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.

ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.

Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.



Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді. Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын екі орынбасары алмастыру тәртiбiмен Кеңес ұсынымы негiзiнде Президенттің өкiмiмен тағайындалады.

  1. Қазақстан халқы ассамблеясы – республикадағы ұлтаралық татулық пен келісім негізі

Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдықсаяси рөлі айтарлықтай артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

• Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады. Ассамблеясының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда ассамблеяларының құрамы этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінен, мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамдағы абырой-беделі бар тұлғалардан құралады. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты елдегі барлық этностардың мүддесіне қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады

• Нұрсұлтан Назарбаев 7 жаңа міндет қойды, оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея тікелей қатысуы тиіс. Бұлар – бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту, халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді одан әрі дамыту, транспарентті мемлекеттегі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестермен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары. ҚХА өзінің 20 жылдық белсенді жұмысында орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті.

• Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

• Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.



• Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi. Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді. Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

  1. Қазақстан халқы ассамблеясының еліміздегі саяси тұрақтылықты қалыптастырудағы рөлі

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме. Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етедіКеңес Одағы ыдыраған тұста ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп болжанған Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Осындай болжамдардың болуы да орынсыз емес, себебі сол уақытта бірқатаркөп ұлтты елдерде –Әзірбайжандаармяндар мен әзірбайжандар, Өзбекстанда түріктер мен өзбектер, Абхазияда грузиндер мен абхаздықтар, Қырғыстанда қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық шиеліністер орын алған болатын. Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, бір жерге тоғыстыру үлкен саяси шеберлікті талап етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм. Елімізадамзат үшін ең қымбат қазына– ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.

  1. Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің басты ұстанымдары

Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады.

Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі. Оның жемісін Елордамызда үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы көрсетудеміз. Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда. Сонымен қатар, съезд әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің қазіргі заманғы шешімін таппаған жаһандық проблемаларды бірлесе шешуге бағдарланған мағыналы жиыны болып отыр. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған аса өзекті де, ауқымды бұл жобаға БҰҰ және ЮНЕСКО секілді басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері, белгілі саяси қайраткерлер, әлемдік сарапшылар жоғары баға беруде.

Толеранттылық пен діни тағаттылық – конфессияаралық келісімді орнату қағидаттарының басты тетігі. Еліміз үшін төзімділік қағидаттары саяси мәдениеттің бағыттары ғана емес, мәдениетті қолдап-қуаттайтын мемлекеттің негізгі ұстанымдары болмақ.


  1. Қазіргі кезеңдегі этникалық процестер және демографиялық жағдай

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтікэкономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды.

Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.

Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б.

Демографиялык жагдай

2019 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан халқының саны 18 034,3 мың адамға жеткені, оның ішінде қала тұрғындары 10 339,4 мың (57,3%), ауыл тұрғындары - 7 694,9 мың адамды құрағаны (42,7%) баяндалды.

Бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 млн-ға жеткізу қажет екенін айтқан. Ал БҰҰ 2050 жылға қарай ортақ отанымыздың аумағында өмір

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 33 жылға алдын ала болжам жасап, 2050 жылы Қазақстанды мекендейтін адамдардың саны 24,5 млн-ға жететіні жайлы мәлімет таратты.

Айта кетейік, 1989 жылы елімізде жүргізілген халық санағында халық саны 16 млн 537 мың адам болды. 1993 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 16 млн 986 мыңды ғана құрады. 1994 жылы 16 млн 942 мың болған адам саны 2001 жылы 14 млн 800 мыңға түсіп қалды.



2020 жылы Өзбекстан халқы 32 млн болады деген дерек бар. Ал 1897 жылы біз олардан екі есе көп болғанбыз. Ресей де қазір халық санын өсіру үшін жанталасып жатыр. Олар «ана капиталы» деген мемлекеттік бағдарлама арқылы демографиялық дүмпу жасауға мықтап кірісті. Бұл елде отбасында екінші сәби дүниеге келсе, бірден 250 мың рубль төленеді. Ал бізде ана мен бала мардымсыз жәрдемақы мен жөргекпұлға жалтақтайды. Олар күндердің бір күнінде Қазақстанда Ресейдегідей «ана капиталы» сынды жарқын жоба жүзеге асады деген ойдан үміт үзіп қойған. Себебі жыл басында тілшілерге берген сұхбатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваана капиталы мәселесі талқы таразысына салынғанын және ол біздің елге енгізілмейтінін тұспалдаған.

  1. Этникалық қазақтарды елге қайтару – көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты

Қазақстан аумағынан тыс жерлерде 4,5 млн./ға жуық қазақ өмір сүреді, атажұртына түбегейлі қоныстануға ынталы жандар аз емес. Олар тек еліміз тарапынан белгіленген кедергімен шектелуде. Шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшіріп әкелудің бүгінгі қарқынын ең жоғарғы ауызша белгіленген деңгейімен және сырттағы қазақтардың сандық өсімін қоспай қазіргі мәліметтермен есептейтін болсақ, онда көші-қон үрдісі әлі де 60 жылға, ал бүгінгі қоныс аударудың санымен 4 ғасырға созылатындығын көрсетеді. Сөйте тұра мемлекеттік квотаның толығымен орындалмай отырғаны көші-қон үдерісін одан әрі күрделендіре түсетіндігін, әлі күнге дейін оны жүйелі түрде реттеудің, басқарудың, жүзеге асырудың нақты механизмдерінің жетілгендігін көрсетеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзінде шетелдерден 2003 ж. 5000 отбасыға, 2004 ж. 10 000 отбасыға, 2005 ж. 15 мың отбасыға көшіп келу квотасы бөлінгендігін айтады. Демек көші-қон үдерісі Қазақстан саясатындағы күн тәртібінен түспейтін, жетілуді талап етуші, ең маңызды мәселенің бірі болып қалып отырады. Республиканың этникалық көрінісі соңғы жылдарда жас мемлекеттің қалыптасуы барысында маңызды өзгерістерге ұшырауда. Ең алдымен бұл, үлкен көшу-қону легінің теріс сальдосынан туындайтын этнодемографиялық жағдайдың өзгеруі дейміз. Республикадан кететіндер саны күрт өсіп отыр. Олардың көпшілігі орыс, неміс және украин ұлттарының өкілдері. Соңғы жеті жыл ішінде қоныс аударған орыстардың орташа саны жылына 153,9 мың адамды құрады және қоныс аударудың ең жоғары қарқыны 1994 жылдың үлесіне тиді, онда қоныс аударушылардың саны 283,2 мың адамға жетті. Украиндар бойынша мәлімет мынадай көрініс алды: бір жылдың ішінде қоныс аударғандардың орташа саны — 22,5 мың адам, ең жоғарғы көрсеткіш — 1994 ж. (36,9 мың адам). Немістер арасыңда қоныс аударушылар саны жылына 4,9 мың адамға жетті, 1992 ж. ең көп қоныс аударды (99,6 мың адам). 1996-1997 жылдары көшу-қону мәселесі біршама тұрақтанды, тіпті қайта оралу сәттері жиі кездесетін болды.

  1. Қазақстанның көпұлтты халқының арасына оралмандарды бейімдеу

Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы, яғни репатриация процесі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы кезінен бастау алды. Тарихтағы қазақ халқының этнотерриториясы таяу заманға келгенде төңіректегі алып елдер тарапынан бөліске түскендіктен, қазақ халқының біраз бөліктері өздері отырған жерлерімен басқа елдің құрамына өткен. Сондай-ақ тарихи-саяси себептердің салдарынан алыс-жақын шетелдерге босып кеткен қазақ өкілдері, қазір көптеген мемлекеттерде өмір сүруде. Қазақстаннан тыс 6 млн. этникалық қазақтар 40-тан астам елде тұрып жатыр. Шамамен 1,5 млн. — Өзбекстанда, 1,5 млн. — Қытайда, 1 млн. — Ресейде, 100000 — Түркменстанда, 80000 — Монғолияда және 45000 — Қырғызстанда. Қазақ диаспорасының басым бөлігі Турцияда, Ауғанстанда, Иранда тұрады. Қазақтар сондай-ақ, Батыс Европада, Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Африкада өмір сүреді [1]. Шет елдегі этникалық қазақтардық басым бөлігі — 20-шы және 30-шы жылдары, саяси қуғыншылықтан, репрессиядан, аштық пен коллективизациялаудан қашып, Кеңес Одағын тастап кеткен азаматтардың тұқымдары. 200000 қазақтар сол кезде Қытай, Монғолия, Индия, Ауғанстан, Иран, Турцияға көшіп кетті, сондай-ақ көрші республикаларда 1926 жылдар мен 1930 жылдар арасында қазақтар 2,5 есе көбейіп, 794000 адам болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, Қазақстан этникалық орыстар мен немістердің эмиграциясының өсуіне байланысты халық санын азайтып алды. 1991 жылмен 2004 жылдар аралығында 3158400 адам елден кетті. Эмиграция, ағымының өсуімен бірге адам тууы азайды, иммиграция төмендеді. Есептеулерге қарағанда 1989 жылмен 1999 жылдар аралығында республика халқы 16,5 млн адамнан 15 млн адамға азайды. 1991 жылы 18 қарашада Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Үкіметтің «Ауылдыұ жерде жұмыс істеуге талпынысы бар басқа республикада, шет елдерде тұратын қазақтарды Қазақ ССР-на көшіру тәртібі мен шарттары туралы» қаулысы қабылданды, бұл қаулы қазақтардың иммиграциясын реттеп қана қоймай, сол кезде дағдарысқа ұшыраған қазақ ауылы мен ауыл шаруашылық кешендерін дамытуға септігін тигізді. Осының нәтижесінде 1991–1992 жылдары Қазақстанға 61609 этникалық қазақтар көшіп келді. 1992 жылы мамыр айында «Көші-қон туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес, этникалық қазақтарға тарихи Отанына көшіп келуге құқық берілді. Заң жүзінде оралмандарға иммиграциялық квота бекітіліп, этникалық иммиграция бойынша жұмыс істейтін арнайы орган құрылды. Экономикалық және тархи тұрғыдан этникалық қазақтардың тарихи Отанына көшіп келуі мемлекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және ішкі тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.

  • Оралмандарды құқықтық қолдау 1997 жылы шыққан «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға негізделген, бұл заңда Қазақстанға көшіп келген барлық оралмандарға байланысты интеграциялық шаралар қарастырылған.

  • Жыл сайын оралмандардың интеграциясына қаржы бөлінеді. Бюджеттік қаржылар квотаға енгізілген оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жәрдемақы беруге жұмсалады. Оралмандар Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады (122131). Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандардың 26 пайызын құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бөліп көрсетуге болады. Бұл жерде 61737 адам тұрады, бұл көрсеткіш барлық оралмандардың 13 пайызын құрайды. Алматы және Жамбыл облыстарында 60770 және 49365 оралман тұрады. Ең аз оралмандар тұратын облыстарға Батыс Қазақстан, Атырау облысы мен Алматы, Астана қалалары жатады [1]. Мұндай қоныстандыру жағдайы әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, квота өңірлік бөлініске бағытталған, сондықтан да квота өмір сүру жерлерін шектейді. Квотаға енгізілмеген оралмандарды қоныстандыруға көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен қамту-деңгейі сияқты факторлар әсер етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанға көптеген оралмандар Өзбекстаннан, Тәджікстаннан, Түркменстаннан, Ираннан, Ауғанстаннан, Пәкістан мен Түркиядан көшіп келді, олар бұл облысты бұрынғы тұрған жеріне

жақын болғандықтан және жылы климатына байланысты таңдайды. Бұл жерде тіл мәселесі-де орын алады, себебі оралмандар көбі орыс тілін білмейді, сондықтан бұл облысты қазақ тілінде сөйлейтіндердің көптігін-де еске алып таңдайды. Облыстарды таңдауда оралмандардың туысқандары болуы және тарихи байланысы қосымша себеп бола алады. Маңғыстау облысы — оралмандар санына байланысты екінші орында тұр — Түркменстаннан, Өзбекстаннан, әсіресе, Қарақалпақ автономдық республикасынан келген оралмандарға тартымды. Олар осы облыста тұрып жатқан оралмандардың 95 пайызын құрайды. Мұндай қоныстанудың негізгі себебі Түркменстан мен Өзбекстанның тарихи түбірінің жақын болуы. Маңғыстау облысы оралмандарға жоғары жалақы-деңгейімен-де тартымды. 2002 жылы Маңғыстауда бұл көрсеткіш жалпы ұлттық деңгейден 91,1 пайызға көбейді. Қазақ ұлты халықтарының Қазақстанға көшіп келуінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тарихи отанының әдетғұрпын сақтап қалу, балаларының келешегін қамтамасыз ету.

  1. Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді: 1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы. 2. еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету. 3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау. 4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау. 5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру. 6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

III. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі принциптері Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар үддесіне орай іске асырылуы қажет: - жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; - өркендеу мен жаңашылдық; - тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл; - жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту; - жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас; - жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс. Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.

IV. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады: 1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.

2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету. 3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау. 4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау. 5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру. 6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.


  1. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты

Мемлекеттің конфессионалдық саясатының негізгі міндеттері мен ұстанымдары

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсүлтан Назарбаев Қазақстан 2050 Стратегиясының бағдарламалық сөзінде: «Этностық, мәдени және діни саналуандыққа

қарамастан, біз елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық сақтап қалдық. 130 этностық және 18 конфессионалдық топ өкілдерге Қазақстан туған елі болып қалды. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім- біздің басты құңдылығымыз. Еліміздегі қоғамда бірлік, мәдениеттер мен діндердің үндесуі адамдарлардың қарым-қатынастарға нормасына айналады. Тәуелсіздік жылдарында қазіргі таңда Қазақстан жаһандық конфессияаралық үңқатысу орталығы болып саналады» айтты. Бүгін тәуелсіз Қазақстанда барлық халықтар мен ұлттарға қолайлы жағдай жасалған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орңықтыратындығы көрсетілген. Нақты осы негізде бүгінгі таңда мемлекет дін аясында өз саясатың жүзеге асыруда. Еуропа мен Азияның дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, әрбір ел, әсіресе олардың ғасырлық мәдени және ұлттық дәстүрлерін қорғайды және Қазақстанның мемлекеттік конфессиялық саясат осы бағыттағы шет қалмайды. Конфессияаралық саласында ескере дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан мынадай бағыттар бойынша өз саясатын жүргізіп отыр: Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз өту және діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік орнату. Қазақстандық қөғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық кәуіпсіздікті қамтамасыз ету. Көрсетілген міндеттер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінде жүзеге асырылады.

Қазақстандағы конфессионалдық саясаттың құрылуына негіз болатын басты ұстанымдар: Елдің Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік береді.

Конституция конфессионалдық, этникалық және өзге де белгілердегі кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салынады Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет саналатындықтан, мемлекет конфессиялардың өз қызметтері мен құқықтарын жүзеге асыруға тең және қолайлы жағдай жасайды. Аталған ұстанымдар конфессиялар арасында достық байланыстың нығаюына себепші болды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерін мұсылман санауы өзге діни сенімдердің толыққанды қызмет етуіне кедергі жасамайды. Мұсылман емес діни бірлестіктер санының артуы осыған дәлел бола алады. Азаматтық қоғам институттарының- үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивтік, оның ішінде жалған діни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды саналады. Қорыта келе, қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген мемлекет пен діндер арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек.


  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мазмұны. 1999 ж.

Н. Назарбаев еңбектері арасында басқаларынан өзінің пайда болу объективтілігі жағынан да, мақсаты мен міндеттері жағынан да, мазмұны мен мағанасы жағынан да, демек, дерек көзі ретіндегі ерекшелігі жағынан да оқшау тұрған еңбек, ол 1999 жылы “Атамұра” баспасынан жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітап. Елбасының, әлем мойындаған саясаткердің

тарих толқынына ден қойып, елінің, ұлтының бүгіні мен келешегін сол тарих толқындары жалғастығынан іздеу себебі туралы автор кітаптың алғы сөзінде: “Кездейсоқ болмауы керек, Қазақстанның аспан түстес туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау тәуекелі келіскен мазмұнды да мағаналы нысанның өн бойында табиғат та, тарих та тоғысып жатыр. Қазақтар тарих толқынында… Егер саясаткер бүгінмен ғана беттесер болса, онда олардың тағдыры анағұрлым жеңілдеу болар еді. Әрекет үстіндегі саясаткерлер, мейлі күйретуші немесе көркөйтуші болсын, олардың драмаға толы тірлігі қайткен күнде де тарихтың толқындарымен шендесіп жатады. Мұны саяси театр актерінің өзі сезіне ме, жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ. Гәп басқада – гәп жаңағы тарих толқындарымен шендестіріп жататын күштің таза практикалық немесе өткінші істерді бірде айқындап, енді бірде көлеңкелеп жататынында болса керек. Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың “табын” сезінгендігімде деп білемін”-деп түсіндіреді [131, 4 б.]. Демек, Н. Назарбаевты тарихқа “алып келген” тарих сабақтастығы, “бүгінгі күннің оқиғалары” сырына тарих арқылы тереңірек үңілудің қажеттілігі. Тыңдай білген адамға тарих тағылымы мол ұстаз, пайдалана білген адамға тарих теңдесі жоқ таным тәсілі. Ол бәріне де, оның ішінде саясаткерге де қажетті құрал. Сондықтан да Елбасы: “Тарихқа археологиялық зерттеулердің пәні тұрғысынан қарамай, бүгінгі өмірді танудың тәсілі тұрғысынан қарағанда “саясат” деген кінәмшіл үрдіс әрқашан алдыңнан шығып отырады.



  • Сонымен қорыта айтсақ, Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, “Тарих толқынында” сол мемлекеттің тереңнен бастау алған іргетасы туралы айтылған.

. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді.

  1. Тәуелсіз Қазақстан үшін халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің маңызы: Қадырғали Қасымұлы Жалайридің еңбегі

Сондай-ақ тарих ғылымында деректану (орысша источниковедение) сынды қосымша пәннің де бар екенін айта кету керек. Тарихнама тарихты ғылыми тұрғыда түсіндіру мен бағалауды, басым көпшілігінде, тарихты баяндау мен тарихи зерттеулердің нәтижелерін бағалауды білдірді және ол өзінің жазбаша сипатымен айқындалады. Әлемді түсінудің батыстық парадигмасында жазбаша тарихнама антикалық замандағы тарихтың атасы саналатын Геродот пен Фукидидтен бастау алады. Ал ауызша тарихи шежірелер мен аңыздар күні бүгінге дейін ғылыми тарих ретінде мойындалмай келеді. Дегенмен тарихтың тарихнамадан (жазба тарихтан) бұрын басталатыны баршамызға мәлім.

«Тарихнама ең алғашында ауызша тарихи-шежіре, аңыз түрінде басталып, жазба тарих кейін келе, жарыққа шығып, кемелденіп отырған. Жер жүзіндегі ең ежелгі марқа мәдениеті, бағзы заманнан үзілмей келе жатқан жазба та- рихы бар жұғоның (қытайдың) да шияшаң дәуірінен бұрынғы хуаңди, янди жөніндегі деректері тарихи аңызертегілерден басталады. Ежелгі Египет, Индия, Иран, Грек тарихтары да осындай»

Тарихи ертегілер, жырдастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Расында да дәстүрлі қазақ мәдениетінде, оның ауызекі төл әдебиетінде үлкен тарихи деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келеді. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сыни көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет та- рихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе.

Шежыре

көшпенділерде, әсіресе қазақ халқында шежіре дәстүрінің ұғымдық ауқымы деректемелік сипаттағы тар түсініктен анағұрлым кең. Көшпелі мал шаруашылығының үстемдігі ықпалымен қазақы дәстүрде жаз- ба мәдениеттен гөрі ауызекі мәдениеттің басым болғаны рас. Сондықтан қазақ тарихнамасы, көршілес отырықшы елдермен салыстырғанда, ауызша дәстүрде, аңызшежірелерде жүзеге асырылды. «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге бола- ды. Бұл, әрине, ерекше артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал салт атты көшпелілер өркениетінің Еу- разия ойкуменінде үш мың жылдық тарихы бар» /3, 31 б./. Қазақ мәдениетін зерттеумен терең айналысқан белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың шежірешілдігін көшпелі өмір салтымен қатар жеті аталық үрдіс



пен қандас- туыстық қатынастармен байланыстырады. «Адамның күні адаммен» деген принципке негізделген бұл жүйе тек моральдық-этикалық өлшем ғана емес, этнобиологиялық

  • Үш жұрт бойынша (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты) сараланатын туыстық байланыс шежіренің тарихи айқындамасын анықтап отырған. Ал осы туыстық қарым-қатынас нормасын бұзғандар «ата салтты аттаған», «жетесіз» (жеті атасын білмеген – жетесіз), «мәңгүрт» аталып, өлімнен артық жаза болып саналатын өз ортасынан аластатылатын болған. Өткен тарихтың көпшілік ортасында ауызша баяндалуы, сөйтіп этнос тарихының ұжымдық жадыға айналуы, ең алдымен, шежіре деректерінің объективтілігі мен шыншылдығын қамтамасыз етіп отырған.

Өзінің бастауын ежелгі заманның аңыз-әпсаналарынан, әйгілі «Моңғолдың құпия шежіресінен», Рашид-ад-Дин, ибн-Халдун, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулат, Ұлықбек, Әбілғазы, Қадырғали Қосымұлы, Өтеміс-қажы шежірелерінен алып, Ш. Уәлихановтың, И. Халфиннің, Абай мен Шәкәрімнің, еңбектерінде жалғасын тапқан бұл шежірелік дәстүр кеңестік дәуірде «ескіліктің зиянды қалдығы» ретінде тоқтап қалды.

Қазақ хандығы мен қазақ халқының саяси тарихынан, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени өмірінен хабар беретін бұл жинаққа енбей қалған маңызды жазба деректер қатарына Жа- лайыр Қадырәлі Қосымұлының «Жәмиғат-тауари-хын» жатады.



Өзінің бастауын ежелгі заманның аңыз-әпсаналарынан, әйгілі «Моңғолдың құпия шежіресінен» Қадырғали Қосымұлы еңбектерінде жалғасын тапқан бұл шежірелік дәстүр кеңестік дәуірде «ескіліктің зиянды қалдығы» ретінде тоқтап қалды.

  1. Тәуелсіз Қазақстан үшін жазбаша тарихнаманың маңызы: Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі

Тарихнама тарихты ғылыми тұрғыда түсіндіру мен бағалауды, басым көпшілігінде, тарихты баяндау мен тарихи зерттеулердің нәтижелерін бағалауды білдірді және ол өзінің жазбаша сипатымен айқындалады. Әлемді түсінудің батыстық парадигмасында жазбаша тарихнама антикалық замандағы тарихтың атасы саналатын Геродот пен Фукидидтен бастау алады.

Қазақстанның тарихын қалпына келтіру үшін екі тарихнаманы да, яғни көршілес отырықшы елдердің жазба деректерін де, өзінің өткен туралы тарих субъектілерінің өзінің жадын – даланың ауызша тарихнамасын да қосып біріктіре пайдаланған абзал. В.П. Юдин Өтеміс қажының «Шыңғыс-нәмесінің» материалдары негізінде XIV ғасырдағы қазақ даласының саяси тарихын қалпына келтіру барысында деректер көзінің осы ерекше тобының маңыздылығына тоқталады: «Біз мәліметтерінің маңыздылығы бір де кем емес, көп жағдайда ерекше, сондықтан да аса бағалы түбірлі жаңа деректі көрсетуге тырыстық, - бұл өз өткені туралы тарихтың өз субъектінің жады – даланың ауызша тарихнамасы. Қазақстанның тарихын екі тарихнаманың да – яғни отырықшы халықтар мәдениетінің өнімі болып табылатын кәдімгі, жазба тарихнаманың да, далалық ауызекі тарихнаманың да мәліметтерін тарту негізінде қалпына келтіруге болады» /9, 64 б./. Одан ары бұл автор даланың ауызша тарихнамасына анықтама беріп, оның ерекшеліктерін сипаттайды: «Даланың ауызша тарихнамасы – бұл Дешті Қыпшақтың, біз үшін, ең алды- мен, моңғол дәуірінен кейін көшпенділердің жалпы білімінен ерекше салаға бөлініп шыққан Шығыс Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімі. Осы себепті де ол ол «ауызекі дәстүр» терминімен де, «аңыз», «әпсана» сөздерімен де анықталмайды. Даланың ауызша тарихнамасы мифологиямен де, фольклормен де, оның ішінде батырлар жырымен де теңгеріле алмай- ды, өйткені фольклордың өзі даланың ауызша тарихнамасынан нәр алады... Даланың ауызша тарихнамасы шамалы түрі өзгергертілгенімен, дәл сол жалпы тарихнаманың өлшемдермен сипатталады. Аталмыш тарихнаманың деректерін зерттеу Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімін феномен ретінде, жүйе ретінде, көшпелі мәдениеттің даму деңгейінің индикаторы ретінде пайымдауға мүмкіндік береді. Даланың ауызша тарихнамасы – Еу- разия халықтарының ауызша тарихнамасының бір бөлігі. Ал ол өз кезегінде әлем халықтары тарихнамасының бөлігі болып табылады. Ауызша тарихнама – бұл қоғамдық құбылыс ретіндегі тарихнаманың дамуындағы әмбебап кезеңдік-типологиялық феномен деп тұжырымдауға болады» /9, 65 б./. В.П. Юдин «даланың ауызша тарихнамасын» бейнелейтін шығар- маларды даланың ауызша тарихнамасының қайнар көздері деп бел- гілеуге болады. Олар тарихи әңгімелердің жинақтарын – Дешті Қып- шақ көшпенділерінің тарихи білімінің тарауларын білдіреді. Бұл тарау- әңгімелердің арнаулы атауы болды: «қары сөз», «көне сөз». Бұл дерек- тердің кәдуілгі шығыстық феодалдық сарайлық және өзге тарихнамалар- дан айырмашылығы осында...», деп атап өтеді /9, 65 б./. В.П. Юдин ауызша тарихнаманы қоғамдық құбылыс ретіндегі жал- пы тарихнаманың дамуындағы әмбебап кезеңдік-типологиялық феномен түрінде қарастыра отырып, оның жазба тарихнамамен ұқсастықтарымен қатар қайталанбас ерекшеліктері бар екендігіне назар аударады. Демек, ауызша тарихнаманы зерттеп үйрену өзінің пәні мен әдістемесі жағынан жазба тарихнаманы зерттеуден айрықшаланатынын білдіреді. Сондықтан да шығыстанушы-ғалым ауызша тарихнаманың мәліметтерін жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау және тарихи зерттеулерде қолдану принциптерін даярлау міндеттерін шешу жүктелетін деректанулық профильдегі өзгеше тарихи көмекші пәнді ашуды ұсынады.

Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Макротарих М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи – танымдық деректер. М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи – танымдық деректер. 21 Мамыр 2014 25297 0 Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, әдебиет зерттеушісі, этнограф. Баршаңызға белгілі М. Х. Дулати Кашмирде билік құрған жылдары парсы тілінде «Тарих-и Рашиди» атты Орталық Азия халықтарының ХІІІ-ХVІ-шы ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық тарихи шығармасын жазды. Еңбектің ішінде халқымыздың тарихына қатысты қызықты мағлұматтар көп. Соның біріне, атап айтсақ Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу оқиғаларын М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі деректер арқылы бажайлап көру мынадай жәйттерді айшықтауға мүмкіндік берді. Сонымен, өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған Шыңғысхан енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді. Жазба деректерге қарағанда, бұл жорыққа Шыңғысхан өте ұқыпты дайындалған. Ол өз еліне Орта Азиядан, Қазақстаннан келген саяхатшылар мен саудагерлерден Хорезм шахының, Қарахан мемлекетінің, қарақытайлардың ішкі саяси жағдайы, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, әскерлерінің құрамы туралы сұрап, мәліметтер алып отырған. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады. Жебе ноян бастаған монғолдар діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.(1) Күшліктің мұсылман дінін жақтаушыларға тізе батырып отырған кезіне сай келген бұл ұран жергілікті халықтан қолдау тауып, монғолдарды мұсылмандар құшақ жая қарсы алды. Монғолдар бұл жағдайды дер кезінде пайдаланып, Жетісу жеріне енеді. Қазіргі тарихи әдебиеттердің барлығында дерлік осылай баяндалады. Ал, «Тарих-и Рашидидегі» деректерді сөйлете отырып, осы оқиғалардың қалай өрбігендігін имандылық тұрғысынан да, тарихи-танымдық тұрғысынан да тереңірек түсіне алуға мүмкіндік туары анық.



  1. "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. 2013 ж. 1 наурыз

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны Кіріспе 1-бӛлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы 2-бӛлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері 3-бӛлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тҧжырымдамасын іске асыру кӛзделетін нормативтік қҧқықтық актілердің тізбесі Кіріспе Қазақстандықтар – жасампаз және жас ҧлт: республиканың әрбір екінші тҧрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бҥгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының тҥйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Бҥгінде еліміз ӛзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, ҥдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың ҥшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді. Бҧл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ҧлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гҥлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға ҥлкен ҥміт пен жауапкершілік жҥктеледі. Мҧндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тҧрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру. Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ҧрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді. 1994 жылы Қазақстан Бала қҧқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы ӛкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тҧжырымдамасы мақҧлданды. Кейіннен аталған қҧжатты Ҥкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Аталған бағдарламалардың бәрі жастардың білім, еңбек және жҧмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қҧқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм қҧндылықтарын қалыптастыру ҥшін жағдай жасауға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар

саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда. 2008 жылы «Нҧр-Отан» халықтық- демократиялық партиясының (бҧдан әрі – «Нҧр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жӛніндегі кеңес қҧрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

жастар ҧйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, ӛткен 7 жылда оның кӛлемі 10 еседен астам ӛсті. Білім және ғылым министрлігінің қҧрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының қҧрылуы мемлекет пен жастардың ӛзара іс- қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ҧрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бҥгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, ҥдемелі индустриялық- инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жҧмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қол жетімді тҧрғын ҥй – 2020» бағдарламалары бағытталған. Демографиялық ахуал Ел тҧрғындарының 26 %-дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары қҧрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. адамға жақындады. Облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала тҧрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты ҥлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтӛбе облысына тиесілі, мҧнда 14 – 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ды қҧрайды. Тҧрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз ҥлес салмағы Солтҥстік Қазақстан облысына – 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына – 24 % келеді. Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән. Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік ӛсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе ӛсті. Тҧтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 %-ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар. Жастар ұйымдары Соңғы онжылдықта елімізде олардың саны 7 еседен астам ӛсті. Қазақстан жастар конгресі (2002) және «Нҧр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты бҧқаралық ҧйымдарға жастардың шоғырлану процесі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі қҧрылды. 2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бҥкіл ӛңірлерінде – жастар мәслихаттары жҧмыс істейді. 2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас Ҧлан» балалар мен жасӛспірімдерге арналған жаңа

ҧйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда, олар мол қоғамдық оң резонансқа ие. Жұмыспен қамту Еңбек және жҧмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жҧмысқа орналастыру, қоғамдық жҧмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жҥзеге асырылады. 2011 жылы 15 жастағы және одан ҥлкен экономикалық белсенді тҧрғындардың саны 8,8 млн. адамға жетті. Жҧмыспен қамтылғандар қҧрылымының (8,3 млн. адам) шамамен ҥштен бір бӛлігін (30,5 %) 25 – 34 жастағы адамдар және 14,5 %-ын 15 – 24 жас аралығындағы жастар қҧраqды. Жҧмыспен қамту қҧрылымында жалдамалы еңбек қала жастарында 78,3%-ға басым, ауыл жастарында – 40,9%. Орта мерзімді кезеңде жастар арасындағы жҧмыссыздық деңгейі (2005 жылдан бастап) 13,4 – 4,6 % шегінде (жҧмыссыздықтың жалпы деңгейі 8,1 – 5,4%) болды. 2012 жылы жастар арасындағы жҧмыссыздық деңгейі (4,6 %) кӛп жылдардан бері алғаш рет жҧмыссыздықтың жалпы деңгейінен (5,4 %) тӛмендеді. Жастар жҧмыссыздығының деңгейі қалаларда жоғары. 2011 жылы ол 5,6 %, ал ауылда – 3,8 % болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жҥргізіліп келе жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам ӛмірінде тҧрақтандырушы рӛл атқарды, жастарға кӛп кездесетін ӛмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мҥмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.



  1. Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттары

Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды.

Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.

Әрине, тарихи деректің пайда болуының басты объективті алғышарты белгілі бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі белгілі. Бірақ, оның әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі жасаушы жеке субъектің қолында екендігі де анық. Олай болса, болып жатқан немесе болып өткен объективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде бейнеленуі, яғни объективті құбылыстар туралы субъективті мәліметтердің қай дәрежеде деректерге енуі, сол деректі жасаушы субъектің психикасына /дүниетанымы, ой өрісі, білім дәрежесі, діни наным-сенімі, қоғамдық позициясы т. т./ тікелей байланысты. Демек, Н. Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс – КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы субъект - Н.Ә. Назарбаевтің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты.


  1. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым – Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. 2014 ж. 26 тамыз

«Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да Елбасы қолдаған толеранттылық, басқаша айтсақ, өзіңдікін бағалай отырып, өзгелерге құрметпен қарау – мемлекет тұтастығының, халық бірлігінің негізі. Халқы тату елдің тамыры терең болады, тарауы кең болады. Шекарасы берік, экономикасы мығым болады. Ал экономикасы дамыған елдің халқы салауатты, тұрмысы салтанатты болады», - деді ол.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алып, нарық талаптарын қабылдағаннан бері қарай Қазақстан экономикасын жаңа жолға қойып, жүйелі дамыту бағытына көшті. «Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды» дейді өз сұхбатында Елбасы. Ал қазіргі жаһандану жағдайында, көптеген елдерде дағдарыс мәселесі толықтай шешілмеген кезеңде ел экономикасын үдемелі түрде алға дамыту мақсатында Қазақстан инновациялық даму жолын таңдады. Инновациялық экономика – мемлекет дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі.

«Өндірістен бастап, білім беру жүйесіне дейінгі барлық салаға жаңа идеялар мен тың бастамалар енгізіп, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын қабылдау, тағы басқа шаралар ел экономикасын бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу мақсатында жүргізіліп отыр. Бәсекеге қабілетті озат 30 елдің қатарына енеміз деп алдымызға ірі мақсат қойып отырған кезеңде ел экономикасын осы талапқа сай бағытта дамыту қазіргі қоғамда, әсіресе жас буын арасында үлкен қолдау табуда. Себебі жастар әрдайым жаңалыққа, ерекше идеялар мен жаңа технологияларға жақын болып келеді. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жастардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Сондықтан да білім жүйесіне инновациялық технологиялар мен жаңа бағдарламалар енгізіліп, модернизациялау жүріп жатыр», - деді ол.


  1. Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі толғаныс (2014 ж. 26 тамыз) сұхбатында айтылған Қазақстанның киелі жерлері туралы ойларының тарихи-мәдени маңызы

Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.

Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, теміржол, автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек.

Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.

Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр.



Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.

  1. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының келесі тиімді жақтары мен себептерін атауға болады. Олар: Қазақстанның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығы, Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жанама әсері, ортақ әуе қорғанысы жүйесінің орнығуы, Ресейдің ірі нарқына кіріп, экономикалық бәсекелестікке бейім­делудің мүмкіндіктері, геопси­холо­гиялық жағынан Ресеймен бірге болу арқылы әлемдегі ықпалы мен ата­ғын арттырудың мүмкіндігі, т.б. Сон­дай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық дағ­дарыстың да келеңсіз әсері интеграциялық үдерістерді жеделдетті. Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және ықтимал зиянды жақтарын салыстыратын болсақ, Астана үшін артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені, қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Қазақстанның геосаяси тұрақтылық жағдайында күшейіп алуы үшін Ресейді Батыспен немесе Қытаймен салыстыруға болмайды. Елдің болашағы тұрғысынан Ресеймен жақын ынтымақтаса отырып, оның экономикасымен бәсекелесіп, ысылып барып, дүниежүзілік бәсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру мүмкіндігі зор және алдымызда нақ осы міндет тұр. Ал бұл мақсатты, яғни «2050» Стратегиялық жоспарын орындау үшін Ресеймен жақсы болу бірінші шарт. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр. Ресеймен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына аяқты байыппен, ақырындап басып, ойды шатастыратын, жаттанды стереотиптерді бұзатын күрделі саясат жүргізу үлкен нәтижелер береді. Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі - үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика.

  1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы ТМД елдерімен байланыстарын талдаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет