ТАРАЗ
МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫНЫҢ
ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ
ВЕСТНИК
ТАРАЗСКОГО
ГОСУДАРСТВЕННОГО
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО
ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ЖУРНАЛ
№12
2012
(қазан – қараша - желтоқсан)
2
Тараз
мемлекеттік
педагогикалық
институтының
ХАБАРШЫСЫ
ВЕСТНИК
Таразского
государственного
педгогического
института
2012
№12
(қазан - қараша - желтоқсан)
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ
А.Б.Абдуалы тарих ғылымдарының докторы, профессор (бас редактор)
Р.С.Амандосова
педагогика ғылымдарының докторы, доцент
А.Ә.Байтелиев
филология ғылымдарының докторы, профессор
С.А.Байтілен
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Б.Бәкірбаев физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Бӛлеев
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Т.Қ.Бӛлеев
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
К.Ж.Бұзаубақова
педагогика ғылымдарының докторы, доцент
Т.К.Кенжебаев
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ю.П.Киселев
тарих ғылымдарының докторы, профессор
И.О.Мүлдеков
техника ғылымдарының докторы, профессор
М.Мұратбеков
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
О.С.Сәлімбаев
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Т.Тоқжігітов
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Ж.С.Тӛлеубаев ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Т.Ыбыраимжанов
педагогика ғылымдарының докторы, ТарМПИ профессоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ
МИНИСТРЛІГІ
Ақпарат және мҧрағат комитеті
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы
КУӘЛІК
№5763-Ж
Астана қаласы «23» 02 2005 ж.
3
МАЗМҦНЫ
БЕЙІНДІ БІЛІМ БЕРУ
Джанаев М.Б. 12 жылдық білім беруде бейнелеу ӛнерін оқытудың ӛзекті
мәселелері..............................................................................................................................
6
Керімбеков М., Керімбеков С. 12 жылдық білім берудің мәселелері........................ 9
Сейдалиева Г.Ш., Шегай Т.В. «Психодиагностика готовности 6-летних детей к
12-летнему образованию».................................................................................................
12
ФИЛОЛОГИЯ
Есембекова М. Профессор Нұржамал Оралбайқызының тіл біліміне қосқан үлесі..... 17
Естаева Т.Е. Отбор и применение дидактического материала на занятиях русского
языка........................................................................................................................................
19
Ибраймов Қ.Ш. Тіл табиғатын танудағы тіл қызметтерінің рӛлі................................. 22
Ибраймов Қ.Ш. Тіл туралы құқықтық-нормативтік актілердің (құжаттардың) тіл
білімінде алатын орны...........................................................................................................
26
Керімбеков М. Сыншы Ілияс Омаров – қоғам және мәдениет қайраткері................... 31
Керімбеков М. Сыншы І.Омаров – публицист................................................................ 40
Курдюков В. В. Полиязычное и поликультурное образование..................................
49
Kudabaeva P.A., Issabekova G.B. The role of the adverbs in the english sentences and
comparison of adverbs in the english and kazakh languages..................................................
52
Сембекова У.Д. Ролевые игры на уроках английского языка....................................... 57
Шуканова Н.А., Алиханова Г.Е Үш тұғырлы тіл - ӛмір талабы............................... 60
ПЕДАГОГИКА
Айтенова Э.А. Кейс-стади әдісін оқу үрдісінде қолдану ерекшеліктері .............. 64
Аубакирова С.А. Современные технологии в образовательной сфере как условие
успешного профессионального развития учителя новой формации...............................
68
Базарова Л.С., Жумагалиев Р.А., Алиева П.С. Қазақ қыздарының тұла бойында
ұлттық тәрбиені қалыптастыру...........................................................................................
72
Ерімбетова А.Ж., Байкулова А.М. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке
психологиялық жағынан даярлау маңызы.........................................................................
75
Жҧмағалиев Р.Ә., Дубовик В. М.Жұмабаевтың «педагогика» оқу құралындағы
тәрбие мәселелері.................................................................................................................
77
Касымов М.Р., Тасжурекова Ж.Т. Профессиональная подготовка учителя новой
формации в условиях реализации компетентностного подхода.....................................
82
Керімбаева Р., Тайтелиева Г. Сәбилік шақта балаларға сенсорлық тәрбие беру....
85
Қоңқашова Ф.Б. Дидактикалық ойындардың теориялық негізі мен практикалық
маңызы....................................................................................................................................
88
Макашкулова Г.Б. Білімгерлердің ӛз бетінше ізденуі арқылы білімін жетілдіруге
бейімдеудің ерекшеліктері.................................................................................................
90
Оразбаева А.Ш., Оразбаева Ф. Ш. Роль творческой активности в успешности
учебного процесса.................................................................................................................
95
Сабекова Д.А., Джамалбекова Н.К., Юрчиева А.А. Агрессиялық мінез-
құлықтың қалыптасуы және оның себептері.....................................................................
100
Сабралиева Ж.Т. Психолого-акмеологический подход к формированию
профессиональной самооценки будущего учителя...........................................................
105
Сабралиева Ж., Рыспаева А. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметке бейімдеу
мәселесі..................................................................................................................................
109
Сейдуалиева Л. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін
қалыптастыру.........................................................................................................................
114
Шыңғысбекова Қ. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары...............................................
118
ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ
4
Байтілен С.А. Ел бағына туған ер..............................................................................
122
Шолпанқҧлова Қ.А., Қуандық М.С. Түркістан ӛлкесіндегі алғашқы басылымдар... 124
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Баймырзаева Г.Ж., Нартаева Т.У. Ақпараттық технологияларды кәсіби білім
беруде қолдану......................................................................................................................
130
Высоцкая Е.В., Жарлыкапова Р.Б. Изучение устойчивости витаминов в
растворах................................................................................................................................
134
Жамбайбеков К.Ж., Сагитжанова А. Жылудың механикалық эквиваленті туралы
136
Карбозова И.А., Аманбаева А.Н., Садирмекова Ж.Б. Ақпараттық
технологияларды шетел тілі сабақтарында қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігі.......
139
Каршева К.О., Жарлыкапова Р.Б. Экологические проблемы загрязнения свинцом
в г.Тараз и пути их решения................................................................................................
142
Курдюков В. В., Нурпеисов С.К. Нанокомпьютеры, настоящее и будущее
146
Қалақбасова Н.Б. Информатиканы оқыту барысында жеке тұлғаны
қалыптастыру.........................................................................................................................
151
Қҧсайынова С.Қ. Бағбандарға арналған кеңестер.......................................................... 154
Мадиярбекова А.М., Бакирбаев Б.Б., Кульманова Б.И. Мектепте геометрия
курсын оқытуда ақпараттық коммуникациялық технология (акт) құралдарын
қолдану....................................................................................................................................
163
Садирмекова Ж.Б., Карбозова И.А. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң ақпараттық
технологияны қолдану саласы бойынша бiлiктiлiгiн кӛтеруді дамытудың негiзгi
жолдары..................................................................................................................................
167
Таттибеков К.С. Солитоны в одной двумерной нелинейной модели магнетиков
169
Туғанбаева Г.Т., Юсупова А.К. Corel draw программасында бірнеше
объектілермен амалдар жасау ерекшеліктері.....................................................................
173
Турапбаева Г.К. Жұмсақ бидай генотипінің ауруларға тӛзімділігін анықтау
177
Тҧрғынбекова А.Б., Тӛлемісова Ж.Е. Жалпы білім беретін орта мектепте
информатика пәнін оқыту әдістемесі...................................................................................
180
Усенов Қ.М., Аманбаева А.Н., Карбозова И.А. Білім беру саласында
ақпараттандыруды дамыту...................................................................................................
185
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР
Бейсеуов С. Қазақи музыкалық тілдің қазіргі кезде қолдану мәселелері................... 189
Бекнурманов Н.С. Формирование профессиональной готовности студентов
специальности физическая култура и спорт к педагогической практике........................
192
Мақалаларды рәсімдеу тәртібі
198
Условия оформления статьи
199
Авторлар туралы мәлімет
200
5
Бейінді білім беру
6
М.Б.Джанаев
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӚЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӘӚЖ 3708:75(574)
Д 37
Тәрбие жүйесінде жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, кӛркем-эстетикалық
талғамы мен сезімін қалыптастырып дамытуда бейнелеу ӛнері пәнінің алатын орны ерекше.
Сондықтан, 12 жылдық білім беруде бейнелеу ӛнері пәнінің базалық білім және тәрбие
мазмұны нақты және жан-жақты қарастырылуы тиіс. Бейнелеу ӛнері 12 – жылдық жалпы
орта мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даму кезеңдеріне сәйкес үш
деңгейде оқытылуы заңды құбылыс. Бірінші деңгей - бастауыш білім. Нормативті оқыту
мерзімі – 4 жыл (1-4 сыныптар). Екінші деңгей – негізгі орта білім. Нормативті оқыту мерзімі
– 6 жыл (5-10 сыныптар). Үшінші деңгей – жалпы орта білім. Нормативті оқыту мерзімі – 2
жыл (11-12 сыныптар).
Бастауыш білім деңгейінде оқушыға қоғам, адам және табиғат туралы бастапқы білім
арқылы қоршаған орта шындығын түсінуге, ой елегінен ӛткізіп бойына сіңіруге мүмкіндік
беру үшін оқытушы мен оқушы қызметтестігінің педагогикалық ортасы жасалатындықтан
бейнелеу ӛнерін оқыту аса маңызды екендігі ежелден белгілі. Қоршаған ортаны танып білу,
оқуға,білім алуға үйрену үшін таптырмас құрал. Табиғи болмыс және ғылыми дәлел
бойынша барлық білім мен тәрбиені оқушы бұл кезеңде бейнелі қабылдау, елестету арқылы
алады.
Негізгі орта білім деңгейінде оқушылардың профиль алды даярлығының негізі
қаланады. Профильдік оқыту бағытын таңдауда ӛзін анықтау және олардың қоғамдағы
қажетті әлеуметтік-психологиялық адаптациясын қанағаттандыратын жаратылыстану-
ғылыми және гуманитарлық дүниетаным, жеке тұлғалық қасиеттері қалыптастырылады. Ал
бұл мәселелер бейнелеу ӛнерінің дүниетанымдық, мәдени, кӛркем-эстетикалық негіздері
арқылы, оның теориялық және практикалық шығармашылық білім мазмұны арқылы шешім
табады.
Бастауыш мектепте бейнелеу ӛнерін оқыту келесі мақсаттарды кӛздейді:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ӛнерді және қоршаған ортаны кӛркем-
эстетикалық қабылдау қабілеттерін дамыту;
- бейнелеу ӛнері тілін, бейнелеу ӛнері түрлері және композиция бойынша бейнелеу
сауаттылығының негіздерін меңгерту;
- әр түрлі кӛркем құралдармен, материалдармен жұмыс істеудің алғашқы білім-білік,
дағдыларын игерту;
- ӛнер арқылы қарым-қатынас мәдениетін, адамгершілік-эстетикалық сезімін, халық
шығармашылығына деген сүйіспеншілігін, қазақстандық және шетел суретшілерінің
шығармаларына қызығушылықты, ұлттық ӛнерді терең тани біліп, ерекшеліктерін айыра
білуге тәрбиелеу.
ҚР МЖМБС - да 5В010700 - Бейнелеу ӛнері және сызу мамандығы бойынша бакалавр
мектептерде, лицей, колледждерде мұғалім қызметін атқаруға, білім мекемелерінде
меншіктің түріне қарамастан педагог, меңгеруші және мемлекеттік мекемелерде біліктілік
бойынша қызмет атқаруға мүмкіндік алады. Осы мамандық бойынша бітірушілердің кәсіптік
қызмет обьектілері- әр түрлі оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, шығармашылық
және салалық ғылыми-зерттеу институттары мен лабораторияларда, кӛркем шеберханаларда,
баспаханаларда жұмыс жүргізу болып табылады. Мамандық бакалаврларының біліктілік
сипаттамасында кәсіби қызметінің функциясы: - оқыту нысандарының құралдары арқылы
оқушының тұлғалық қсиеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық басқару
мақсаттарының жүйесін іске асыру; - оқу процесін дара тұлғаларға бағытталған білім беру
7
технологиялары негізінде үлгілеу; - оқушылардың танымдылық және коммуникативті
қажеттіліктерін дамыту барысына сәйкес машықтарды игеру; - білім берудегі жаңа идеялар
мен технологияларды ғылыми жобалау, практикалық түрде негіздеу және іске асыру. Міне
осы тұжырымдар болашақ мұғалімнің ӛз еңбегінде оқыту мен тәрбие процесінде оның әр
түрлі формалары мен әдістерін, оқушының кӛркем шығармашылық, оқу, еңбек және
қоғамдық іс-әрекетінде жетік басқару мен жетекшілік әдісін пайдалануына толық мүмкіндік
береді. «Жалпы орта білім мазмұнын іріктеу критериі жеке пән әдістемесімен жасалынуы
тиіс. Дидактика пәнаралық білім мазмұны мен қызмет тәсілдеріне қатысты критерилерді
бере алады» [1, с.15].
Мұның барлығы бейнелеу ӛнерінің және түрлі кӛркемдік жүйенің даму тарихы мен
теориясы, практикалық кӛркем қызметі бойынша ӛз білімін ӛзінің кӛркем шығармашылығы
мен педагогикалық іс-әрекетінде пайдалана білуге мүмкіндік береді. Алайда 12 жылдық
білім жүйесіне кӛшуде бұл қағидаттар әлде де жеткіліксіз екендігін біздің зерттеп талдау
жұмысымыздың нәтижесі кӛрсетіп отыр. Басты себеп бейнелеу ӛнері пәні кӛркем
шығармашылық пән. Бұл жағдай бейнелеу ӛнерін оқыту мен ол арқылы тәрбиелеуде,
педагогикалық шеберлік пен қатар кӛркем шығармашылық қызметті ұштастыра отырып
жүргізуді талап етеді. Сӛйтіп бейнелеу ӛнерін оқыту әдістемесінде «кӛркем білім мен тәрбие,
кӛркем және педагогикалық шығармашылық» тұтас жүйесі жаһандық талаптарға сай
қарастырылуы тиіс екендігі анықталады.
Ал, бұл «кӛркем білім мен тәрбие, кӛркем және педагогикалық шығармашылық» тұтас
жүйесіне сәйкес 12 жылдық талаптары осы пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін
үстемелетіп арттыра түседі. Яғни, бейнелеу ӛнері мұғалімінің кӛркем бейнелеу және
әдістемелік аспектіде теориялық және тәжірибелік деңгейдегі кӛркем шығармашылық
мақсаттарды шеше білуде, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық шығармашылық
құзіреттілігі артады.Мұнда оқытудың және оқудың, оқушылардың кӛркем шығармашылық
білім мен тәрбие іс-әрекетін жетілдірудің әр түрлі формалары мен әдістерін игеріп қолдану,
кәсіби құзіреттіліктің басты мәні болып табылады. Сондай-ақ, кәсіби құзіреттілікке
оқушылардың эстетикалық талғамын, пайымдауын, баға беруін қалыптастыру, мәдени
құбылыстар мен халықтық дәстүрлерге эстетикалық қатынас орнату, педагогикалық,
шығармашылық, бейнелеу процестерінің құрылымын, осы процестердің теориялық
негіздерін, мәнерлік құрал-тәсілдерін меңгеру;
Оқытудың және оқушылардың кӛркем-шығармашылық іс-әрекетін жетілдірудің әр
түрлі формалары мен әдістерін меңгеру сияқты түрлі мәселелер жатады. Осы құзіреттіліктер
талабына сәйкес, бейнелеу ӛнерін оқыту әдістемесі педагогикалық және кӛркем
шығармашылық бағыттағы кәсіптік компетенциясында, бүтіндей және сапалы кәсіптік білім
беру мақсатын кӛздейді. Мұндағы негізгі мақсат нәтижеге бағытталған шығармашылық
білім. Ал «ӛнер» саласындағы білім мазмұны тӛменгідей білім мазмұндық негізінен тұрады:
Бейнелеу ӛнері және жанрлары; Живопись және графика; СҚӚ шығармашылығы; қазақ
бейнелеу ӛнері және архитектурасы; Шетелдік бейнелеу ӛнері және архитектура; Жаңа кезең
бейнелеу ӛнері.
12 жылдық білім жүйесіне кӛшу жағдайында бейнелеу ӛнері пәнінің кӛркем танымдық
шығармашылық табиғаты тұлға құзырлылығын бала бойына сіңіріп, оны дамытуға тиісті
құзыреттіліктерді жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер туғызып бәсекеге қабілетті, ӛзгермелі
жағдайларға бейім жеке тұлға қалыптастыруға толық негіз қалайды.
Сондықтан, 12 жылдық білім беруде оқушылар инттелектуалдық деңгейін,
дүниетанымын қалыптастырып дамытуда бейнелеу ӛнерінің кӛркем-эстетикалық
шығармашылық мазмұны мол және жан-жақты мүмкіндіктер туғызады. Мұнда бейнелеу
ӛнері түрлерін кӛркемдік талғам тұрғысынан қабылдап, ӛз мүмкіндіктерінше кӛркемдік
образ сомдау практикалық қызмет әдіс-тәсілдері, балалардың шығармашылық қабілеттері
мен дүниетанымдық сезімдерін арттырып отырады. Бейнелеу ӛнері түрлерінің орындалу
әдіс-тәсілдері, кӛркемдік техникалары, материалдары бұл жағдайларда соны мәндік дәрежеге
енеді. Яғни, бейнелеу ӛнері түрлерінің орындалу әдіс-тәсілдері, техникалары, материалдары
8
ӛз деңгейінде оқушыларға білім танымдық мәлімет беріп, оны терең талдап дамытып
отыруға ықпал етеді, оқушы ой-ӛрісін шыңдайды. Болашақ ӛмірлік жағдайларда осы сезім-
танымдарын, білім-біліктерін, икем-дағдыларын қолдануға дағдыландырады. Бейнелеу ӛнері
пәні осы ӛнер түрлерінің әртүрлілігі мен кӛркемдік, техникалық, материалдық
ерекшеліктеріне байланысты, бала санасына түрліше жаңа таным ұялатып, кӛркем-
эстетикалық сезімдерін дамытып болашаққа мәнді дүниетаным қалыптастырады. Ол
баланың жана-жақты жетілуіне, рухани танымына, материалдық кӛзқарасына ықпал етіп, ой-
жүйесінің дамуына, білім қорының байуына, ұлттық сана-сезімінің дамуына, жалпы мәдени
және рухани дамуына мол мүмкіндіктер жасайды. Бұл жағдайда мұғалім бейнелеу ӛнерінің
және оны оқыту мен тәрбиелеудің сан қырлы әдіс-тәсілдерін, интерактивті технологияларын
қолданады.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында:
«12 жылдық білім берудің басты мақсаты: ӛзінің және қоғамның мүддесінде ӛзін-ӛзі белсенді
етуге дайын, ӛзгермелі даму үстіндегі ортада ӛмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және
құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», -деп айтылған. Қазіргі
аса жоғары деңгейдегі инновациялық технологиялар, күрделі инфрақұрылымдар,
компьютерлік – автоматтандырылған жүйелер мен нарықтық экономиканың күрделі
дәуірінде адам рухани дүниесін, кӛркемдік сезімін дамыту маңызды мәселе.
Бұдан бейнелеу ӛнерінде қалыптасқан табиғи кӛркем заңдылықтар мен әлемдік және
ұлттық кӛркем мұралар сабақтастығындағы рухани кӛркемдік сұраныстың оқушылардың
композициялық ой-жүйесіне әсері байқалады. Бейнелеу ӛнеріндегі шығармашылықтың бұл
рухани бастаулары мәдениет пен шығармашылық арасындағы қатынастың кӛркем танымдық
бірлігін кӛрсетеді. Кӛркем тәрбиедегі композициялық шығармашылықтың философиялық
негіздері мен мәні қазіргі жаһандану дәуіріндегі шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың
руханилық сипаттарына тәуелді.
Осы тұрғыда айта кететін басты мәселелердің бірі, бейнелеу ӛнерінің адамзат
дамуындағы ең алғашқы дүниетанымдық шығармашылық табиғи бітімі. Қандай жағдайда
болмасын адамзат дүниетанымы ең алғаш бейнелік танымнан бастау алады. Адам сана
сезімінің қалыптасуы мен дамуында ең алғашқы обьективтілік субстрат қоршаған орта
дүниесін бейнелі, материалды тану, оның мәнін бейнелі елестету арқылы сезіну болып
табылады. Оның тағы бір дәлелі сәбилік кезеңдегі адамның ӛмірді алғашқы саналы қабылдап
түйсінуі бейнелік образдар, рәміздер арқылы пайда болатындығында. Адамзат ӛз дамуының
ең алғашқы сатысында сӛйлеуден, жазу жазудан бурын ең алғаш бейнелік танымға, бейнелі
тілдесуге, қатынас орнатуға бейімделді. Бұның барлығы бейнелеу ӛнерінің , оның түрлерінің
ерекшеліктері мен қасиеттерінің бала тәрбиесіндегі, дүниетанымындағы маңыздылығын
кӛрсетеді.
Сӛйтіп бала дүниетанымында ең алғаш баланың дүниені ӛзіндік бейнелі тұрғыдан
таным қатынасу құралына айналдыруы, оны бейнелеуі, бейнелі тануы,қатынас орнатуы ӛзін-
ӛзі бейнелі шығармашылық деңгейде қалыптастырып дамытуы болып табылады. Бұл әдіс
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесіндегі баланың ӛзін-ӛзі дамыту, қоршаған ортада
дидактикалық дайындау әдісінің ғылыми негіздерімен де байланыста дәлелденеді [2]. Яғни,
сәбилер ӛз тумысынан ӛздігінен бейнелеуге, сурет салуға құмар. Мұғалім оған, осы ӛзі
ынталанған суретті салуға, ӛздігінен қоршаған ортаны бейнелеуге кӛмектесуі, бағыттап,
бағдарлап тәрбиелеп отыруы тиіс. Балалардың сурет салып бейнелеуіне, бейнелік танымы,
кӛркемдік қызмет іс-әрекетіне ықпал етіп, кӛмектесіп отырады. «Ұстаздар әлеуметтік
тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасында келістіруші делдал болып табылады,
тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта ӛзгерткіш әрекетіне байланысты. ... Тек қана
педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың ӛзара әрекетінде (процестің
қызметінде) тұлғаның қайта ӛзгеруі жүзеге асады»[3, 7 б.]. Жалпы бейнелеу ӛнері түрлерін
оқыту, оның ӛзіндік шығармашылық табиғатына сай «белсенді, әсерлі сезімдік –кӛркем
бейнелік тізбектік ырғақ » оқыту тәсілдері ӛзін-ӛзі дамыту әдісімен сабақтасып отырады.
Біздің тәжірибемізде „белсенді, әсерлі сезімдік- кӛркем бейнелік тізбектік ырғақ― тәсілі – бұл
9
жүйелі тізбекті түрде келісімді ырғақпен қажетті ахуалда (ситуация) түрлі пішінде құбыла
отырып, оқушы сезімін оятып, ой-сана толғаныстарын тебіренту, әсерлендіру тәсілдерінің
тобы болып табылады.
12 жылдық білім беруде бейнелеу ӛнерін оқытудың ӛзекті мәселелерінің бірі
оқушылардың рухани танымын дамыту, мәдени құндылықтардың ӛнегелік нұсқаларын
игерту екендігі белгілі. Қазіргі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық,
мәдени ӛзгерістер, еліміздің бүкіләлемдік ӛркениет кеңістігіне енуіне мүмкіндік жасап, оны
қамтамасыз ету мәселесі оқушы жастар бойына руханилық пен мәдени танымдық
қасиеттерді сіңіру. Сондықтан жас ұрпаққа білім мен тәрбие мазмұнын ұлттық негізде
қарастыра отырып, бейнелеу ӛнерін оқыту арқылы тәрбие үрдісін қазіргі заман талаптарына
сай жүргізуді қолға алу болып табылады. 12 жылдық білім беру жүйесінде бейнелеу ӛнерін
оқытудағы ӛзекті мәселердің шешімі оқушылардың ұлттық ӛнер дәстүрлерін ұлттық
құндылықтармен ұштастыра отырып, ӛнер дәстүрлерін игеруге деген ынтасын, кӛркемдік
дүниетанымын ӛнер түлері мен тәсілдері, құралдары арқылы жан-жақты қалыптастыру.
______________________
1. Н.И. Иванова. Теоретико-методологические основы содержания образования в 12-летней
школе.// 12-летнее образование. № 7/10. 2005.
2. Орлова Д. Большая книга Монтессори. Система раннего развития, которая потрясла мам. –
СПб.,: Прайм-Еврознак, 2008.
3.Педагогика: Оқулық / Абай атындағы ҰПУ-нің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы
– Алматы: Print-S, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |