гр dramo әрекет)



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі22,47 Kb.
#44556
  1   2
Байланысты:
Драма


Драма– (гр. dramo — әрекет) —
1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі).Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Джордж Байрон, Александр Александрович Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.
Сатиралық драма ( грек. δρρμα σατυρικόν, σάτυροι) немесе ойнақы трагедия (παίζουσα τραγδδία[1]) — ежелгі гректерде трагедия мен комедиямен бірге болған драмалық поэзияның ерекше түрі.
Комедия (гр. κωμωδία - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. 
Трагедия – драмалық жанрдың бір түрі. Трагедияның жанрлық ерекшелігі – өмірдегі шиеленіскен тартысты, бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін, қақтығысын суреттеу. Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған күштердің, кертартпа топтардың арасындағы тартыс бейнеленеді.
Эсхил (гр. Αισχύλος, б. з. д. 525—456) — бірінші грек драматургі, "трагедия атасы". Трагедиялык ақындардың мүшәйрасына 13 рет қатысып (кейбір деректерде 28 рет делінген), бәрінде де жүлдеге ие болған, б.з.б. V ғасырдағы афиндық атақты үш трагик ақындардың (Эсхил, Софокл, Еврипид) бірі. Эсхил жазған 70 трагедия мен 20 сатиралық драмадан, бізге 7 драманың ғана толық нұскасы және 400-ге жуық фрагменттері жеткен. Олар — "Жалбарынеандар","Парсылар"Бугаудагы Прометей Фивтің жеті жауы" және "Орестея" трилогиясына енетін "Агамемнон"9 "Хоэфор- лар", "Эвменидтер" трагедиялары.
Софокл (гр. Σοφοκλής) (б.з.б. 496 – 406 ж. ш.) – ежелгі грек ғұламасы, драматургиялық біздің заманымыздан бұрын 440 – 439 жылы әскери қолбасшы болған. Ол мемлекет істеріне де араласып, эллиндер мәдениетінің дамуына үлес қосқан. Ертеден жеткен мәліметтер бойынша 120-дан астам драма жазған, 30 мәрте трагик ақындардың айтысына қатысып, 24 рет бас бәйгені иемденген. Бізге 7 драмасы толығымен, 90-нан астамы үзінді қойылымдар түрінде жеткен. Ерте жазылған драмасы “Аякс” саналады. “Антигона” (441), “Эдип патша” (425), “Филоктет” (409), “Колондағы Эдип” (Софокл өлгеннен кейін 401 жылы қойылған) драмаларының жазылған уақыты шамамен анықталса, “Трахинянкілер”, “Электра”, т.б. драммалық шығармаларының жазылған мерзімі белгісіз. Софокл шығармалары Грекиядағы құл иеленушілік құрылымның дамып, гүлденген кезеңін, қоғамдық-саяси оқиғаларға толы өзгерістерді, ел демократиясының жай-күйін бейнеледі.
Еврипид (б. з. д. 480—406) — үшінші трагедия ақыны. 92 драмалық шығарма жазған, бізге содан 17 трагедия мен 1 сатиралық драма жеткен. Оның трагедиялары әр түрлі саяси көзқарастарға және қазіргі заман туралы ойларға толы. 35 жылдық шығармашылық өмірінде үлкен табысқа жеткен емес, бар-жоғы бес рет бірінші бәйге алған. Соғыс атаулыға қарсы жазылған патриоттық шығармаларында ("Троя әйелдері,"Андромаха"Геракл"Гераклидтер") антикалық дәуірдің демократиялық идейларына қатты көңіл бөлді. Еврипид жасаған бейнелер мен сюжеттерден кейін көптеген әдебиетшілер үлгі алды. Драматург кейіпкерлерін шындық өмірге жақындатты. Оның жағымды кейіпкерлері байлыққа қызығушылық қылмыс жасауға апаруы мүмкін деген ой айтады. Ол соғыстың адамдарға, әсіресе әйелдер мен балаларға қаншама қайғы-қасірет әкелетінін көрсетеді ("Гекуба "Троя әйелдері"). Соғысты тек өз елінің тәуелсіздігін сақтау үшін ғана бастауға болады, — деп есептейді Еврипид. Еврипидтің танымал трагедияларының бірі — "Медея". Оның сюжеті аргонавтар туралы аңыз-мифтен алынған.
Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Аристофан Пандион жанындағы Кидафин (Кидатенайон) округінде шамамен б. з. б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б. з. б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Аристофан жазуды ерте бастаған. Сондықтан оның «Тойлаушылар», «Вавилондықтар», «Ахарндықтар» атты алғашқы шығармалары (б. з. б. 427-425 жж.) актер Каллистраттың атынан жарияланған. Аристофан актер ретінде де танылған. Ол өзінің «Салт аттылар» комедиясында Пафлагондық-Клеонның рөлін ойнаған. Бізге жеткен «Байлық» атты комедиясынан кейін де Аристофан «Кокал», «Эолосикон» атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді.
Аристофан 40-тан аса комедия жазғанымен, бізге 11 еңбегі ғана жеткен. Хронологиялық тәртіп бойынша келтірсек: «Ахарндықтар» - 425 жыл,«Салт аттылар» - 424 жыл,«Бұлт» - 423 жыл,«Аралар» - 422 жыл,«Бейбітшілік» - 421 жыл,«Құстар» - 414 жыл,«Лисистрата» - 411 жыл,«Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» - 411 жыл,«Бақалар» - 405 жыл,«Халық жиналысындағы әйелдер» - 392 немесе 389 жыл,«Байлық» - 388 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет