Графикалық МӘнердегі жаңашыл ерекшелік



Дата27.11.2023
өлшемі47 Kb.
#129351
Байланысты:
Д.МАЛИК Косанова




ГРАФИКАЛЫҚ МӘНЕРДЕГІ ЖАҢАШЫЛ ЕРЕКШЕЛІК


Қосанова Гүлназ Берсүгірқызы
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қаз Ұлттық Өнер академиясы
(Алматы қ., Қазақстан)
a.n.gul@mail.ru
8-7473239892 Қосанова Г.Б.


Аннотация: Кескіндеме өнерімен ерекше танымал суретші Дүйсенбаев Мәліктің шығармашылық жетістігіндегі графика саласы да өзінше орынға ие. Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Қанафия Телжановтың шеберханасынан мамандығын шыңдағанын атап өту, оның кәсіби шеберлігінің мол екендігін білдіреді. Дүйсенбаев Мәлік кескіндемеде немесе графикада болсын жеке ойын экспрессиялық тілмен жеткізуге тырысқан. Ал графикасындағы мәнер жұмыстың өткір қалам ұшында және мұнда ешбір сезімталдық пен биязылық таныта қоймағандығы жеке қолтаңбадан шыққан натюрморттарынан айдан анық көрініп тұр.
Кілт сөздер: графика, экспрессия, мәнер, жеке қолтаңба, натюрморт, жанр.


ОСОБЕННОСТИ НОВИЗНЫ В ГРАФИЧЕСКОЙ МАНЕРЕ
Аннотация: Дуйсенбаев Малик – художник, который хорошо известен своими живописьными работами, так же преуспевает и в графике. Учитывая то, что он специализировался в мастерской у Канафии Телжанова, первого профессионального казахского художника, можно сказать, что у него большой профессиональный опыт. Дуйсенбаев Малик пытался выразить свои мысли через экспрессиянический язык и в графике, и в живописи. А вот манера его графических работ на кончике кисти и очень ясно видно, что чувствительности и тонкости в его личных натюрмортных рукописях вовсе и нет.
Кілт сөздер: графика, экспрессия, манера, личная рукопись, натюрморт, жанр.

Кескіндеме өнерімен ерекше танымал суретші Дүйсенбаев Мәліктің шығармашылық жетістігіндегі графика саласы да өзінше орынға ие, ол жайлы жете біле бермейміз. Кейінгі ұйымдастырылған жеке көрмесіндегі Д*Малик атпен белгіленіп шыққан Дүйсенбаев Мәліктің қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Қанафия Телжановтың шеберханасынан мамандығын шыңдағанын атап өту, оның кәсіби шеберлігінің мол екендігін білдіреді. Сергек мінезді, сезімтал және өз шығармашылығында қатаң тәртіпті сақтайтын суретшінің көркемдік ізденуін оның туындыларынан айқындауға болады.


Дүйсенбаев Мәлік кескіндемеде немесе графикада болсын жеке ойын экспрессиялық тілмен жеткізуге тырысқан. Кескіндемесіндегі негізгі түстері үлкен салмақтылықпен жазылып, тиянақтылықты меңзейді, сондай-ақ мұндағы экспрессияға айналған «қатаңдығы» заттардың формасынан орын алады. Ал графикасындағы мәнер жұмыстың өткір қалам ұшында және мұнда ешбір сезімталдық пен биязылық таныта қоймағандығы жеке қолтаңбадан шыққан натюрморттарынан айдан анық көрініп тұр. Суретшінің эмоцияналды көңіл- күйінің тұрақсыздығы графикалық туындыларындағы қалықтап жүрген кеңістік бойындағы жансыз заттардан жинақталған. Бұл суретшінің натюрморт немесе басқада жанрлар болсын өте адам қызығарлық рең, жағыс, графикалық сызықпен толы кереметтілігін танытады.
Графикасында түсініксіз аласапыран бір-бірімен астасып жатқан беймәлім сызықтар пероның ұшымен жазылғанмен, ол суретшінің ширақ қимылдаған қол басының мәнерінен туындағаны түрлі-түсті бояуды пайдаланғандай іс-әрекетті көрсетеді. Бұл әрекеттің ең қызығы графиканың «натюрморт» жанрында жандануы болып отыр. Яғни кескіндемеші бола білген суретшінің бойында гравюраны да бір қырынан көрсету бүгінгі бейнелеу өнерінің белесін асқақтатуға өз үлесін қосуы деп танимыз.
Графика саласымен шұғылданған суретші үшін – адам өзінің ішкі әлемін кез-келгенге аша қоймайтын, тұйық, жұмбақтан тұратын, оның көңіл қатпарына қол сұғуға ешкімнің хақы жоқтай ұстанымы болды. Ең алдымен кескіндемешінің графика саласы арқылы ойпатты – қыратты әдіс табуға талпынысы жанрлық композициясынан өкшеленіп айтылып тұр. Сол талпыныстың нәтижесінен натюрморт арқылы жеке өзіңдік мәнері бар қолтаңбаға ие болған.
Оның пластикалық формалары емес жұмыстарындағы өткір сызықтармен ашылған өмірдегі ащы ақиқаттың шындығын экспрессиялық «қатаң» стильмен тұспалдауға тырысып баққандығы баса көрінеді. Әрбір графикасында өздеріне тән композициясы бар. Олардың аталуы да сонымен іспеттес, айтар болсақ - дөңгелекті кружкалар мен құмыралардың ернеуінен тапса, ендігі кезектегі үшбұрышты құмыралардың қақпағынан тауып оны ерекше мәнерлеген, төртбұрышты да өз кезегінен қалдырмай оны дара бір бөлік ретінде қарастырып жиналған ыдыстардың жайылуына арналған дастарханға айналдыра келе өзінің экспрессиялық ойын қатаң композициялары арқылы жеткізген.
Суретшінің натюрморттарындағы элементтерінің қайталануы жиі кездеседі, дегенмен оның орналасу тәртіптерінде қатаңдық ерекше сақталған. Композициялары диаганалмен шешілген. Әрбір жұмыстары арнайы сұрыптан өткізіліп басқа шешімді талап етпейтіндей мінез қалыптастырып, тіпті талдаушының өзіне бағыт беріп отырғандай көңіл –күйін танытқан, ол адам бойындағы бір беткейлігін анықтайды.
«Натюрморт» терминінің сонау бастауы алғаш рет ХVІІ ғасырда Голландияда пайда болған. Бұл уақытта Голландия испандықтардың қатаң күресінен бас көтерген егемендік алған тұсы еді.[1; 49-50 б.]
Қазақ бейнелеу өнеріндегі сурет сырын үлкен өлшеммен келістіретін Дүйсенбаев Мәліктің натюрморттарында осы тұспалдау көрінеді. Ол оның ыдыс –аяқтарының астасып жатқан қатаң күресі. Мұнда голландиялықтар тәрізді қазақ суретшісінің өзі жазған заттарына сүйіспеншілікпен қарауы, өмірінің өтпелі кезеңдерінің әр бір сәті осы заттардан тұрғанын айтады. Сонау ХVІІ ғасыр голландия өнерінде өшпес реңкті натюрмортпен қалдырса, бүгінгі қазақ графика саласындағы натюрморт жанрын жандандыруымен ерекше мәнер көрсеткен суретшінің жеке мәнерін атаудың орны толып тұр.
«Натюрморт» жанрының дәл түсінігі француз тілінен тарап, «өлі табиғат» деген ұғымды береді. Оның басты элементтеріне ілінетіні ең алдымен тұрмысқа қажетті заттар, жеміс – жидектер, гүлдер немесе өлі балық, құстардың өлі денелері голландия картиналарынан орын алып натюрморт жанрын жандандырушы болса, қазақ бейнелеу өнерінде кескіндеме саласында бұл жанр алғашқы қос қарлығаш Айша Ғалымбаева мен Гүлфайрус Ысмаилованың шығармашылығынан түрлі – түспен әрленген күйінде таңырқатады, ал Д*Малик шығармашылығындағы натюрморттың кескіндемемен қатар графикада жандануы жеке орынға иелігін сұранып тұрғандай өміршең әсер береді. Дегенмен қазақ бейнелеу өнері голландиялықтардан натюрморт жанрында кездесетін әр бір затты негізге алды деуге болмайды, оның дәлелі қазақ натюрмотынан көзге ілінбейтін элементтері өлі құс пен балықты шикі күйде бейнелеуі болып табылады. Бұл тек шет елдік суретшілерінің натюрмортынан зерттеуді талап етеді.
Натюрморт әр елдің өзінің тәртібі мен құштарлығына сәйкес орындалып отырды, оның дәлелі Голландиялықтар аз мөлшерлі заттармен шектелсе, Фландриялықтар үлкен кенепте құстар мен балықтардың өлексе денелерін жазуды ұнатты.[1; 238-239 б.]
Ал қазақ бейнелеуіндегі натюрморттар көбінесе заттардың материалын беруге ұмтылғандай ерекшелікті танытты. Ол кескіндемеде А.Ғалымбаеваның көне керамикаларынан ашылса, Дүйсенбаев Мәліктің графикасындағы натюрмоттарының мыс, аллюминий материалдарынан жасалған заттарын ашуы аса біліктілікпен орындаған. Суретші өз өмірімен сабақтаса ілесе келе жатқан заттарын кескіндей отырып, өмірінің шеберханалық шежіресімен таныстырады. Олардың аталуының натюрморттан бөлініп тұратындай жанды тақырыптары бар, мысалы, «Ай» (2005ж.) мұндағы негізгі заттары қақпақты құмыра, одан төмен қос құлақты кермикалық құмыра, қатарындағы құс тұмсықты әсем пішінді шәйнек, суретшінің әрдайым өз жадынан табылатын кесе ең алдыңғы қатарға қойылып аса қажеттілікті танытатындай орынды иеленгенмен оған диагонал орналасқан айдың бедері тақырыптың негізгі арқауына айналған. Осы элементтердің тек орын алмасуы ғана тақырыпты жандандырып жаңа атауға мүмкіндік беріп отыр. Оның дәлелі, «Ақ түсті құмыра» (2005ж.), «Натюрморт пен ай» (2005ж.), «Кружка» (қазақ санасындағы кесе) (2005ж.) атты тақырыптарды қамтиды.
Дүйсенбаев Мәліктің шығармашылығы кескіндемемен тікелей байланыста болғанмен, графика саласына да үлкен орын беріп, оны натюрморт жанрымен жандандыруы қазақ бейнелеу өнерінің бір қырының ашылуына зор үлес қосқанының белгісі деп түсінуге болады. Сондай – ақ ол суретшінің талапкерлігі мен алғы шартты ізденістері. Өз - өзін жаңа қырынан танытуы және графикасындағы өзіндік мәнердің бір үлгісі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Энциклопедия искусства: Терминологический словарь./ Под общ.ред. Г.К.Шалабаевой. – Алматы: 2010.
2. D*Malik *08. Альбом –каталог.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет