Грамматикалық мағына және грамматикалық форма Грамматикалық категориялар Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Грамматикалық мағына және грамматикалық форма



бет2/4
Дата22.09.2023
өлшемі27,88 Kb.
#109852
түріРеферат
1   2   3   4
1 Грамматикалық мағына және грамматикалық форма
Тілдегі әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалық мағынасы оның тұлға-тұрпатына байланысты (мысалы: су, сушы, сусын, суат, суғар т. б.). Бірақ, солай бола тұрса да, ол мағыналар сөз бен сөздің, сөздер мен сөздердің ара қатынастарынан жақсы аңғарылады. Мысалы, Той болса, тон киелік, жүр, баралық! Бірімізді біріміз аударалық (Абай) деген сөйлемдердегі киелік, баралық, аударалық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар — киіну, бару, аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар, олардың сол лексикалық мағыналарымен жарыса жүретін, үшеуінің де бойынан табылатын — ортақ жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар: біріншіден, бүл етістіктердің үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіреді; екіншіден, үшеуінде де тыңдаушылар (оқушылар) іске жұмылуға шақырылып түр; үшіншіден, сөйлеуші (автор) өзін де, өзгелерді де (тыңдаушыларды) бір ұдай бірінші жаққа топтап, «бәріміз (біз) киелік, баралық, аударалық» деп тұтас қамти айтып отыр; төртіншіден, ол әрекетті істеу көп адамға, арналып (мысалы, біз баралық көптік мағынада) айтылып тұр, бесіншіден, осы шақыру есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік т. б.) арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып тұр; алтыншыдан, ол етістіктерде сабақтылық, салттық үғымдарымен байланысты грамматикалық мағыналар бар; жетіншіден, бұл сөздер осы сөйлемдерде баяндауыш болып қызмет атқарып тұр т. б.
Бұл аталған жалпы грамматикалық мағыналар сол тұлғада жүмсалатын етістіктердің барлығында да болады. Мысалы, сол мағыналар. Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық! (Ы. Алтынсарин), деген сөйлемдердегі оқылық, тоқылық дегендерде де, сондай-ақ, келелік, тыңдалық, отыралық, жазалық, сөйлелік деген сияқты сөздерде де бар.
Қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақшаң да түсіп қалмайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдердегі қалтаң, ақшаң, шақшаң деген үш сөздің нақтылы лексикалық мағыналарымен (қалта, ақша, шақша) қатар, грамматикалық мағыналары да бар: бұл үш сөздің үшеуі де заттың атын білдіреді, демек, грамматика тілімен айтқанда, зат есімдер. Сонымен қатар, осы есімдер арқылы аталатын заттар (қалта, ақша, шақша) екінші жақтағы (тараптағы) адамға меншікті я телулі екені аңғарылады, үшеуі де сөйлемде бастауыш болып түр. Міне, осы аталған мағыналар грамматикалық мағыналар болады.
Сонымен, көздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз.
Грамматикалық мағына сөздің түрленуі аркылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады.
Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл т. б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жұпыны, аса қадірлі, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, аса, дәл деген сөздер жақсы, жұпыны, қадірлі, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін грамматикалык мағына үстеп тұр. Дәл осындай мағынаны сап-сары, қып-қызыл, қап-қара дегендей caп, қып, қап сияқты күшейткіш буындар ақылы да беруге болады. Бірақ мұндайда көмекші сөз жетекші сөздің алдында айтылады.
Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөздердін селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Құрымбайдын ол не үшін келгенін де сезді (Б. Майлин); Олар шеше алмаған мәселені шешу сіз үшін өте қиын (Ә. Әбішев) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өздерінен бұрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша грамматикалық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғастыруға дәнекер болып түр. Бұдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағанымен, барыс септіктің мағынасына жақын екенін байқауға болады.
Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жұмыртқаны қайық-қайық қып тасып шығарса да, тауыса алмайды (С. Мұқанов) деген сөйлемдегі қайықшылар және қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақтылы лексикалық мағынасы да бір. Бірақ сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары басқа-басқа. Ең алдымен, қайықшылар деген сөзге жалғанған -шы косымшасы мен соңғы -лар қосымшасын сөз етпей-ақ, екі рет қайталанған қайық-қайық деген түрін алсақ, сол түбір әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлденеше рет тасып шығарса дегендегі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді. Сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр (Ғ. Мүсірепов); Адам дегеннің жүрегі тарау-тарау, еспе-еспе, бабы көп (F. Сланов) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-тарау, еспе-еспе деген қосарланған сөздердің мағыналары мен формалары да жоғарыда айтылғандай.
Сөйтіп, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі де тиісті грамматикалық мағыналардың сыртқы грамматикалык формасы ретінде жұмсалады.
Өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамматикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана грамматикалық мағына жамайтын дәнекер сөздер ретінде жүмсалады. Мысалы: Көңілге шек-шүбәлы ой алмаймын, Сонда да оны ойлап қоя алмаймын, Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын (Абай) сөйлемдеріндегі алғашқы алмаймын деген сөздің ойлап қоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі алмаймын дегеннен сыртқы тұлға жағынан, демек, түбірі мен қосымшалары жағынан, ешқандай да айырмасы жоқ. Бірақ ой алмаймын деген тіркестегі алмаймын сөзі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын да, грамматикалық дербестігін де толық сақтап тұрса (көңілге шүбәлы ой алма), соңғы тіркестегі алмаймын сөзінің бастапқы лексикалық мағынасы солғындап кеткен. Грамматикалық абстракцияның нәтижесінде бұл сөз әуелгі мағынадан айрылып, өзінен бұрынғы етістік арқылы айтылатын істің жүзеге асуға мүмкіншілігі барлығын я жоқтығын білдіретіндей ғана көмекшілік қызмет атқару дәрежесіне кешкен. Қалада да, далада да, осының лаңынан құтыла алмай қойдым (Ғ. Мүстафин) деген сөйлемдегі қой және ал етістіктерінің мағыналары мен қызметтерін салыстырып көрініздер.
Сөйтіп, етістіктердің бір-бірімен селбесіп тіркесулерінен құралатын күрделі және аналитикалық етістіктердің мағыналары да грамматикалық мағына тудырудың белгілі бір саласы делініп танылып, көмекші етістіктер сол грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалар ретінде қаралады.
Алдарындағы қабақта киіз үй, тас үйлердің, кең қоралардың төңірегін алып, көктемнің көк берен теңізіне еркін жүзген ақтылы қойлар жатыр (Ғ. Сланов) дегендегі киіз үй, тас үй деген әрбір екі сөздің тіркесі арқылы да грамматикалық мағыналар беріліп түр. Өйткені бұл тіркестерде екі зат есім, ешбір қосымша формаларсыз-ақ, бір-бірімен тіркесіп, үйлердің қандай (не нәрседен жасалған) екенін білдіріп түр. Ондай тіркес әр түрлі үш немесе төрт зат есімнен де құрала береді. Мысалы: Ол адал бақанға түйе жүн шекпені мен қамшысын іле салды да, көрпе қабаттала төселген биік орынға барып отырды (Ғ. Мүсірепов); Қалаға кіре берісте айналасы қоршаулы ұршық бас темір бағаналар тұр (Ғ. Мұстафин) деген мысалдардағы түйе жүн шекпен, ұршық бас темір бағаналар деген тіркестер үш я төрт зат есімнен құралады. Бұл және олардан бұрынғы мысалдардағы тіркестер өзге (мысалы, индоевропалық) тілдерде белгілі грамматикалық қосымшалар аркылы берілетін грамматикалық мағыналарды білдіріп тұр.
Сөздердің сөйлемдердегі орны олардың мағыналары мен қызметтеріне үлкен әсер етеді. Оны мына мысалдардан байқауға болады. Мысалы: Жақсы жол — елге жора (М. Әуезов); Мәжіліс жақсы өтті, жаңа пікірлер айтылды (Ғ. Мұстафин) деген сейлемдердегі жақсы сөзі (сын есім) бірінде зат есімнен бұрын түрса (жақсы жол), екіншісінде — етістіктен бұрын (жақсы өтті) тұр. Бұдан, қандай сөз табымен тіркесуіне қарай, сын есімнің кызметі өзгеретінін аңғарамыз. Ашығырақ айтсак, алғашқы сөйлемде жақсы сөзі анықтауыш қызметін, екінші сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ, қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді (F. Мүсірепов) дегендегі ұзақ күндер, ұзақ жортып деген тіркестерде алғашқы ұзақ (ұзақ күндер)— анықтауыш та, кейінгісі (ұзақ жортып)— пысықтауыш.
Сонымен, белгілі жағдайда (тіркесте, сейлемде) сөздердің орындарының ауысуларына қарай, олардың грамматикалық мағыналары мен қызметтері өзгереді; сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі де белгілі грамматикалық тәсілдердің бірі болып саналады.
Дауыс ырғағы да грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық тәсіл ретінде қызмет етеді. Өйткені кейбір тіркестердегі сездердің қызметін ажыратуға тек дауыс ырғағы (интонация) ғана бірден-бір дәнекер болады. Мысалы, Бұл мұғалім Әлім еді де, ол дәрігер Әлім еді деген сейлемдерді дәл осы қалпында екі ұшты түсінуге болады. Егер осы сейлемдердегі бұл, ол сөздерінен кейін кідіріс жасап айтсақ, екеуі де сол сөйлемдердің бастауыштары болады да, мүғалім, дәрігер сөздері Әлім еді деген баяндауыштардың анықтауыштары болады. Ал, егер кідірісті бұл — мүғалім, ол — дәрігер деген тіркестерден кейін жасасақ, мұғалім, дәрігер сөздері бастауыш болады да, бұл, ол сөздері мүғалім, дәрігер деген бастауыштардың анықтауышы болады. Осы себептен, сызықшаны мағына ажырататын белгі ретінде — дауыс ырғағының (кідірістің) жазу тіліндегі шартты белгісі ретінде қолданып жүрміз.
Сонымен, тіліміздің грамматикалық құрылысы жүйелі, сала-сала грамматикалық құбылыстардан құралады. Ал, сондай әрбір грамматикалық құбылыстың екі жағы болады: біріншісі — сол құбылыстың белгілі үғымды немесе түсінікті білдіретін ішкі жағы, демек, мазмұны, яғни грамматикалык мағынасы, екіншісі сол мазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны (грамматикалық үғымды немесе түсінікті) қалай я не арқылы білдіретін сыртқы жағы, демек — грамматикалық тәсілі.
Грамматикалық кұбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына — грамматикалық құбылыстың (сөздің я оның бөлшегінің) мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы.
Міне, сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, олардың потенциалдық мүмкіншіліктері бай да, икемді де. Ол керегінше синтетикалық тәсілдерді де, аналитикалық тәсілдерді де пайдаланады. Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше, қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалык мағынасы болады. Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмайды. Тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солардың жинағынан тілдің грамматикалық кұрылысы туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет