|
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
|
бет | 11/29 | Дата | 22.04.2023 | өлшемі | 463,96 Kb. | | #85690 |
| Байланысты: Сандық анализ зерханаБақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі неге негізделген?
Ацидиметрия, алкалиметрия әдісі деген не?
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінде эквиваленттік нүктені қалай анық-тайды?
Индикаторлар теориясы. Индикаторларға қойылатын талаптар. Индика-торлардың ауысу интервалы.
Индикатордың өту аймағы – рН мәнінде индикатордың өзінің түсін өзгерту аймағы.
Титрлеу кезінде индикаторды қалай таңдайды?
Титрлеу қисығы нені көрсетеді? Титрлеу қисықтарының түрлері.
Қандай жағдайларда эквиваленттік нүкте бейтараптық нүктемен сәйкес келеді.
Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу. Әлсіз негізді күшті қышқыл-мен титрлеу.
Сілтінің жұмысшы ерітіндісін қалай даярлайды? Натрий гидроксидін неге тура салмағынан даярлауға болмайды?
Титрлеу көрсеткіші деген не?
Титрлеу қисығындағы секіріс нені білдіреді?
Көрсетілген титрлеуде эквиваленттік нүкте рН > 7; рН < 7; рН = 7 сәйкес келетіндерін көрсетіңіз: а) HNO3 + NaOH; ә) CH3COOH + NaOH; б) NH4OH + HCI; в) KOH + HCI.
Анықтайтын зат бойынша титрі дегеніміз не? Мысалы: 0,03402 г күміс нитратын титрлеуге 20,02 мл НСl ерітіндісі жұмсалды. ТНСl/Ag+ нешеге тең?
Ерітіндінің титрі дегеніміз не? ТHNO3 = 0,006300 г/мл, 500 мл ерітін-дідегі HNO3 массасы нешеге тең?
ТНСl = 0,003592г/мл, тұз қышқылының нормальды концентрациясын есептеңіз.
1,500 л 0,2н. ерітінді даярлау үшін қанша миллилитр хлорсутек қышқылы (р = 1,19 г/см8) қажет?
500 мл 0,1 н. ерітінді даярлау үшін неше грамм натрий тетраборатын алу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|