Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Ерiтiндiдегi натрий гидроксидiнiң санын анықтау



бет7/29
Дата22.04.2023
өлшемі463,96 Kb.
#85690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана

Ерiтiндiдегi натрий гидроксидiнiң санын анықтау

Концентрациясы белгiсiз NaOH ерiтiндiсiнiң құрамын анықтау. Өлшемдi колбаға 1н NaOH ерiтiндiсінiң бiраз шамасын құйып, белгiсiне дейiн дистилденген сумен толтыру керек (250 мл). Осы ерiтiндiден 25 мл тамызғышпен алып, титрлейтiн колбаға құйып, 2-3 тамшы метилоранж тамызады. Алдыңғы жұмыста қолданған бюреткадағы НСl-мен титрлейді.


NНСI = 0,1009 г -экв/л делiк,
Белгісіз NaOH 25мл титрлеуге тұз қышқылының кіші мөлшері жұмсалады:
V1 = 24,72 мл НСl
V2 = 24,76 мл НСl
V3 = 24,74 мл НСl

Ендi NaOH-тың өлшемдi колбадағы санын есептеу керек:


Басқа жолмен де есептеуге болады - нормальды концентрация арқылы бы-лай табуға да болады:

Нормальды концентрацияны тапқан соң, NaOH-ң белгісіз санын анықтауға болады:

Бақылау жұмысы
Натрий гидроксидi NaOH мен натрий карбонатын Na2CO3
бiрiккен қоспаларынан анықтау

Қатты зат күйінде де, ерiтiндi күйiнде де бұл қосылыстарда карбонаттар жиi кездеседi. NaOH пен KOH ауадан СО2 (IV) өзiне сіңіріп, карбонаттарға айналады:


2NaOH + CO2  Na2CO3 + H2O

Зертханалық жұмыстарда натрий карбонатын Na23 натрий гидроксиді қатысында анықтауға тура келедi. Ол үшiн 2 түрлi әдiстi қолдануға болады:



  1. Na2CO3 карбонатын титрлеп 2 эквиваленттік нүктесiн анықтау (Уордер әдiсi).

  2. Ba2+ арқылы СО32- -ионын тұнбаға түсiрiп, NaOН-пен титрлеу (Винклер әдiсi).

1-шi әдiс бойынша реакция келесі түрде жүредi:
NaOH + Na2CO3 + 2HCl  2NaCl + NaHCO3 + H2O
NaНСО3 + HCl  NaCl + H2O + CO2

1-шi фаза рН = 8,3 болған кезде бiтсе, фенолфталеиннiң түрi өзгеруi облы-сында, ал 2-сi pН = 3,85 метилоранж индикаторының түрi өзгерiс кезiнде бiтедi. Сондықтан 1-шi эквивалент нүкте кезiнде фенолфталеинмен NaOH және Na2CO3-ның жартысы титрленсе, ал екіншiсiнде натрий карбонатының жартысы метилоранж қатысында титрленiп бітедi.


Анализ жолы: анықтайтын қоспаны, мысалы, 1,0562г деп алса, оны 250 мл өлшемдi колбаға салып, белгiсiне дейiн су толтырып араластырады. Осы ерiтiндiнiң 25 мл алып, 250мл колбаға құйып, 8-10 тамшы 0,1% фенолфта-леин ерiтiндiсiн тамызады да, тұз қышқылымен қызыл түстен түссiзге ауысқанша титрлейді. Титрлеуге кеткен НСl-ды жұмыс дәптеріне тіркеп оты-рады. Осы титрленген колбаға 2-3 тамшы метилоранж тамызса, анализдейтiн ерiтiндi сары түске ауысады, ендi осы ерiтiндiнi қызғылт сарыға ауысқанша сол бюреткадағы қалған тұз қышқылымен НСl титрлеуді жалғастырады. Титрлеуді 3-4 рет қайталап, орташа мәндi алу керек.

Есептеу: а) фенолфталеинмен титрлеу:


V1 = 23,22 мл НСl
V2 = 23,20 мл НСl
V3 = 23,21 мл НСl

б) метилоранжбен титрлеу:
V1 = 24,82 мл НСl
V2 = 24,80 мл НСl
V3 = 24,78 мл НСl

Сонда NaOH пен Na2CO3-ң жартысына 23,21 мл НСl кетсе, ал барлық NaOH пен Na2CO3 24,80 мл кетедi екен.
Na2CO3 жартысына - (24,80 - 23,21) = 1,59 мл НСl;
Na2CO3 бәрiне - (1,59  2) = 3,18 мл НСl;
NaOH титрлеуге - 24,80 – 3,18 = 21,62 мл НСl кеттi.
Әрi қарай есептеудi 2 түрлі жолмен жүргізуге болады, анықтайтын заттың титрi арқылы немесе нормальдылығы арқылы анықтауға болады:

І. а)



ә)

ІІ. а)

ә)

Ендi натрий гидроксидiнiң NaOH 250 мл-гi мөлшерiн есептейдi:


1,0562 ----------- 100 %
0,8725 ----------- x


;
1,0562 ----------- 100%
0,1701 ------------ X


;

Айта кететiн жағдай, 1-шi диссоциация константасының 2-ге қатынасы К12 көмiр қышқылы үшiн 104 аз. Сондықтан, рН аралығы эквивалент нүк-тесiнде аз, титрлеу қатесi 1,0 – 2,0% аспайды. Анализдiң анықтығын арттыру үшiн келесi жағдайларды ескеру қажет:


а) фенолфталеинмен титрлеудi өте ұқыпты жасау қажет, әсiресе соңына қарай, көмiр қышқылын анықтау үшiн;
б) анализдейтiн ерiтiндiмiз ауадан СО2 (IV) жұтпауы тиiс, араластырып отыру қажет. Уордер әдiсiн қолдану карбонат-ионының өте аз мөлшерінде пайдалы.
Na2CO3 және NaOH қатынасы 1:3-тен аспауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет