~- қызғалдақтың өзі өсетін жері ~- жасанды жолмен таралған жері
Грейг қызғалдағын «жауқазындар королі» деп те атайды. Бұл гүлдер Қаратау, Алатаумен шектесіп жатқан Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аймақтарда жиі кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан Түркияға, одан ары қарай Голландияға жеткен секілді.
Табиғаттың өзі сыйлаған қызғалдақтар бүгінде Голландияда өсіріліп, өзімізге экспортпен қайта келіп жатыр. Ендігі қорқыныш – жабайы қызғалдақты жоғалтып алмаймыз ба?
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақстанның өсімдіктер әлемі». 2004 ж. А. А. Иващенко. 132-133бет.