Грейг қызғалдағы Орындаған: Аманкелді Айзада



бет1/2
Дата03.03.2022
өлшемі1,85 Mb.
#26987
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
грейг қызғалдағы



Реферат

Тақырыбы: Грейг қызғалдағы

Орындаған: Аманкелді Айзада

Тобы: 1602-11

Қабылдаған:__________________

Жоспар

  1. Қазақстан – қызғалдақтың отаны

  2. Грейг қызғалдағы және оның сипаттамасы

  3. Зерттеу жұмыстары

  4. Қызғалдақтың таралуы, шығу тегі

  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлан ғайыр жеріміздің ол шетімен бұл шетіне жету үшін қыран қанаты талатын, сұңқар тұяғы сынатын – Қазақстан елі қызғалдақтың Отаны. Мысалыға, Колпаковский қызғалдағы Қызыл кітапқа енген, Жоңғар Алатауының шығыс бөлігінде, Іле-Алатауында өседі. Алматы қорығымен және Алтынемел, Іле-Алатауы ұлттық парктерінде қорғалады. Регель қызғалдағы Алматы облысының шығыс беткейлерінде және Жамбыл облысының даласында өседі. Альберт қызғалдағы Сырдария және Шу-Іле тауларында, Оңтүстік Бетбақдалада, Жоңғар Алатауының Оңтүстік – Батыс жағында тамыр тарқан.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» атты бағдар «адам мен табиғат» категориясындағы ерекше таным. Алма – таулы, сулы жердің, қызғалдақ – қырдың, көктеудің, маусымдық қоныстың сәні болды. Қызғалдақтың «Тulipa» аталуының себебі, өсімдік гүлінің ерте замандағы түркілердің бас киімі - «тюрбанға» ұқсастығында болса керек.




Қызғалдақ әрқашан танымал, көпшіліктің сүйікті гүлі болған. Жалпы қызғалдақ-лалагүлділер тұқымдасына жататын пиязшықты көпжылдық өсімдік. Қызғалдақ гүлінің Қазақстандағы 35 түрінің ішінде 12-сі эндемикалық болып саналады, 18-і Қызыл кітапқа енген.

Грейг қызғалдағы құрғақ, құмды, қиыршық тасты және таулы жерлерде өсетіндіктен дала өсімдігі деп аталды. Олар жергілікті тұрғындарға көктемнің басталуы мен одан кейінгі жаңбырлы жаз туралы түсінік береді. Грейг дала қызғалдағы – өздігінен өсетін жабайы гүл. Оның әсем түстері әр адамның көзін қуантады. Олардың өрістері көкжиекке дейін созылады, бірақ олардың таралу аймағы сирек болады. Наурыздың аяғынан бастап біздің далада алғашқы қызғалдақтар пайда болады. Оңтүстік өңірдің барлығы дерлік түрлі-түсті кілеммен көмкерілді. Көктем бізді қуантқандай әдемі! Біздің жерлестер қызғалдақ фонында суретке түсіп, көбі оны көңіл көтеру үшін жұлып тастайтындықтан, жыл сайын осындай үрдісті байқауға болады. Бұл мүлде рұқсат етілмейді! Осылайша сіз қызғалдақ түрлерін жоюыңыз мүмкін.

ХХ ғасырдың екінші жартысында танымал «махаббаттың» кесірінен қызғалдақтар жойылып кетудің алдында тұрды. Оларға адам да, мал да күн көрмейді. Бірегей флора аяусыз және ойланбастан жойылады. Экологтар жеріміздің аңызға айналған сұлулығын ұрпаққа сақтап қалуға тырысуда. Бірақ қоғамның қолдауынсыз бұл мүмкін емес.

Табиғаттағы «Грейг», «Кауфман», «Шренк» деп аталатын түрлері табиғат аясында сиреп кеткендіктен ерекше қорғалатын өсімдіктер қатарына жатқызылған.

Грейг қызғалдағы (Регель қызғалдағы, Тұліпа греігіі) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Жапырақ саны – 3-4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғарғы жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғысы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 3,5 - 8 см. Сыртқылары түкті, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағы қайырылған, ішкісінен шамалы қысқа, ішкілері кері жұмыртқа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардығ жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен 2 есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2 - 3 см, ұзындығы 4 - 6 см.



Регель қызғалдағы немесе Грейг қызғалдағы (лат. Тұліпа греігіі) – лалагүлдер тұқымдасы қызғалдақ туысына жататын өсімдік. Регель қызғалдағының биіктігі бар болғаны 5-10 см.

Грейг қызғалдағы. Регель қызғалдағы.



Грейг – жабайы түрде тек Қазақстанның оңтүстігінде, Сарыарқада және Өзбекстан мен Қырғызстанның шектесетін жерлерінде өссе де әлемге жақсы таныс. Тау етегінде, жазықтарда, сазды және ірі қиыршық тасты Батыс Тянь-Шань және Шу-Іле тауларының беткейлерінде. Іле Алатауындағы Қордай асуына дейін таралған. Басқа түрлерден мөлшерінің ірілігімен, кең жапырықтарымен, күңгірт-күлгін дақтарымен бокал тәрізді гүлдерімен, 10-12см биіктігімен ерекшелінеді. Түсі ашық, түрге бай, бәрінен бұрын қызыл, кейде қызғылт-сары, ашық-сары, ақшыл-сарғыш, тіпті ақ түске дейін гүлдейді.

Қызыл гүлді түрлерінің түбі қара немесе сары, ашық түс түлерінің гүлсерігінің жапырақшаларының ішкі жағында әдетте қызыл дақтар болады. Әр түрлі пішінде, әртүрлі мөлшерде.


Мұндай «әшекейлер» өзбек халқының дәстүрлі жібегінің суретін еске салады (хан атлас). Бұл түр сәуірдің басынан маусымның басына дейін гүлдейді,  тұқымымен көбейеді, табиғи жағдайда алғаш рет өмірінің 12-15 жылдарында гүлдейді.  Сондықтан табиғаттағы популяцияларын әсіресе елдімекендердің маңайын (гүлдері үшін жинап алады)  қатаң қорғау талап етіледі.  Қазақстанның 235-ші Қызыл кітабына енгізілген,  сөйте тұра әлі де базарларда және темір жол станцияларында жиі гүл шоқтары сатылады.

Өз зерттеуім бойынша Алматы қаласында 1 тал грейг қызғалдағының пиязшығы 500 тг тұрады.  Барлық өсу орындарын қорғауға алу мақсатында жинауға, пиязшықтарын қазуға тыйым салу керек. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қызғалдақтарды заңсыз жинағаны үшін айыппұл 3000 АЕК-ке (8 751 000 теңге) дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ, қызғалдақтарды жұлғаны үшін түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстар, тіпті бостандықты шектеу жазасы қарастырылуы мүмкін. Біздің қолымыздағы түр 290-ға жуық қызғалдақтардың (қазіргі өндірістік ассортименттің 10%)  туысы бастауы болып табылады.

Елдің бәрі біле бермейді, біздің Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сотр дипломын алды. 1873 жылы ботаник Эдуард Людвигович Регель Қаратау тауларында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл гүлді Ресей бағбандары қауымдастығының президенті Самуел Алексеевич Грейгтің құрметіне Грейг қызғалдағы деп атаған.


Самуил Алексеевич Грейг

(1827ж, 9 желтоқсан – 1887ж, 9 наурыз)


Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақтың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Қазіргі жүйелеу бойынша олар «Грейг қызғалдағы және оның буындары» атты ерекше класқа бөлінеді. Cелекция нәтижесінде алынған Грейг қызғалдағын сәнді өсімдік ретінде өсіріп жүрміз. Сондықтан Қазақстан халқының алдындағы ең жауапты міндет тек табиғатта біздің ландшафтың әшекейін қорғап қана қоймай, табиғи сортты байытудың бағалы көзін қорғау болып табылады. Қорғалатын жерлерде Ақсу- Жабағалы және Қаратау қорықтры, Берікқара мен қызыл тау қорықшаларында, өзін жақсы сезінеді. Кейде оның тығыздығы 1 шаршы метр жерде 150 дараға дейін жетеді, оның алпысы гүлдейді. Осындай керемет көріністі қызықтау үшін Қазақстанға жыл сайын Англиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Жапониядан және т.б елдерден жүздеген адамдар келеді.

Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік – Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумаққа жатады. Түлкібас ауданына табан тіреген кез келген жан Ақсу-Жабағылыға соқпай кетпейді. Түлкібастың жерұйығы да, жәннаты да – осы. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – ­ең алғаш ашылған қорықтардың бірі. Қорықтың ең басты символы – грейг қызғалдағы. Кәдуілгі таудың жабайы қызғалдағы. Қорықтағы ең көп өсетін гүлдердің бірі – осы қызғалдақ. Жылына бір-ақ рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар көктем келіп, тіршілік жаңарған тұста бүкіл алқапты қызыл кілемге орандырады. Қызғалдақпен көмкерілген төбешіктер көрген жұртты да есінен тандырады.



Қызғалдақтың да тарихы қызық. Жергілікті жұрт жиі айтатын аңыз-әңгіменің бірі – жаугершілік замандарда бабаларымыздың қаны тамған жерге кейін қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып шыққан деседі. Қан майданда төгілген қызғылт дақтар қызғалдаққа айналыпты. Қызғалдақ туралы аңыз бағзы заманнан бері келе жатыр. Ертеректе дәулеті тасыған, төрт түлігі қыр-сайды жайлаған бай өмір сүріпті. Бірақ, қаталдығы мен сараңдығы оның жақсы атын шығармапты. Жан дегенде жалғыз қызы бар бай оны тұрмысқа берсем, мына байлықтың бәрін күйеу балам иемденіп кетер деп, қатты қорыққаннан түн ұйқысы төрт бөлінген екен. Арам ойы тыным бермеген бай ақыры бой жетіп келе жатқан қызын қыр басында жүрегіне қанжар сұғып өлтіріпті. Қара жер де күнәсіз ажал құшқан арудың қанын сіңіре алмай, қаймығып қалған дейді. Жұрт қыздың қаны тиген жерде бір-екі күннен кейін жалғыз түп гүл өсіп шыққанын көреді. «Қыздан қалған дақ қой» деп, гүлдің атын «қызғалдақ» атап кеткен екен. Бұл ерекше гүл де елден ерек, қыр басында өскен. Байдың жап-жас о дүниеге аттанған қызы секілді, қызғалдақ та тез-ақ жарық дүниемен қоштасады.

Қызғалдақтың алғаш пайда болған жері – қазіргі Қазақстанның аумағы. 10 миллион жыл бұрын Тянь-Шаньның етегінде пішіні бас киімге ұқсайтын ерекше сұлу гүл пайда болды. Осы аймақтан қызғалдақ бүкіл әлемге таралды.

Орта ғасырларда Константинопольден қызғалдақ баданаларын алып шыққысы келгендер өлім жазасына кесілді. Австрия елшісі өмірін қатерге тігіп, осы гүлдерді Венаға алып өтеді. Көп ұзамай Голландияда да қызғалдақтар пайда болды. Міне, осыдан кейін «қызғалдақ ауруы» басталды. Бұл гүлдердің бағасы өте қымбат болғаны соншалық, үш түп гүлдің құнына Амстердамның орталығынан үлкен үй сатып алуға болатын.

«Қызғалдақ ауруы» Еуропада күшті болғаны соншалық, тіпті қара қызғалдақ өсірушіге 100 000 гульден (Австрия империясының валютасы. – автордың ескертпесі) сыйақы тағайындалған. Сол уақытта бұл сомаға Венадан бірнеше үй сатып алуға болатын. Көшпенділерде қызғалдақ бейбітшілік, тыныштық пен жаңаруды бейнелеген. Бұл қарапайым гүлдер наурыз айының соңынан маусым айының соңына дейін Қазақстан даласын сұлулыққа толтырады. Қызғалдақ фестивальдері Қазақстанның әр облыстары мен қалаларында жыл сайын өткізіліп тұрады.



Айғақ газеті. 2018жыл, 26 сәуір. №16 басылым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет