Грек әдебиеті



бет15/18
Дата28.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26608
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

антей

  • Антей (грек. Ἀνταῖος, Antaios) — ежелгі грек мифологиясындағы жойқын күш иесінің бірі. Антейге қатысты бербер мифологиясында да ұқсас сюжет кездеседі, демек екеуі бір тамырдан шыққан миф екені анық.
  • Миф бойынша, Антей жер құдайы Гея (грек. Γαῖα) мен теңіз құдайы Посейдонның (грек. Ποσειδῶν) ұлы[1], Ливияның патшасы болған. Әйелі Тингис.[2] Антейдің күші ерекше жойқын болған және ол жерге денесі тиіп тұрса болды, жер құдайы Геядан (анасынан) шексіз күш-құдірет бойына сіміріп, ешкім оны жеңе алмайтын болған. Ол өз жерінен өткен адамдарды өзімен күресуге мәжбүрлеген және оларды өлтіріп, өз әкесі Посейдонға олардың сүйегінен бір ғибадатқана салуға тырысқан.
  • Грек батыры Геракл (Геркулес) Ливиядан өтіп бара жатып Антеймен күрескен екен. Антей әр рет жерге жығылғанда денесі жерге тисе болды жарасы қалпына келіп, қайтадан күші тасып шыға келген. Мұны байқаған Геракл оны биікке көтеріп, оның денесін жерге еш тигізбей қойған. Сөйтіп Антейдің күші сарқылып, тұншығып өлген.
  • Қазір адамдар Антей әңгімесінің мәнін "Рухани күш Материялық негізден ажырап қалмауы керек" дегенге келтіреді. Сондай-ақ, бұл мифология бір адам өзінің отанынан, тегінен, негізінен, тамырынан ажырап қалмауға тиіс, әйтпесе оның күші сарқылып, күйреп жоғалады деген мағынаны да емексітеді.
  • Ежелгі скульптурада Антей мен Гераклдің күресі негізгі тақырыптың бірі болған. Алиьгери Дантенің «Құдіретті комедия» еңбегінде де Антей образын Тозақтың тоғызыншы қабатын күзетуші жауынгер ретінде суреттеген. Генрих Гейне Антей туралы мифті өлеңмен жазған.
  • Грек мифологиясындағы Антей - Посейдон мифі мен Ливия - бербердің осы тектес мифі (грек. Änti деп аталған) сабақтасып жатқандықтан, тарих атасы Геродот Посейдонды ең алғашында Берберлердің мифі деп, кейін оны Гректер өз мифологиясына қосып алған деп жазады

Геракл мен Антейдің айқасы, Gregorio de Ferrari сызған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет