Гера (еж.-грек тілінде Ἥρα, микен. e-ra[1][2]; таб. 'қорғаушысы, ханым') -ежелгі грек мифологиясында неке қиюдың құдайы және әйел босанатын кезде қорғап тұрады. Олимптің он екі құдайының бірі, Зевстің әйелі мен қарындасы. Мифтер бойынша, Гера билеушілік, қаталдық және қызғаншақтық мінезімен ерекшеленеді. Гераны римдіктер – Юнона құдайы деп атаған.
Мифтар
Гера, Кронос пен Реяның үшінші қызы, Зевстің әйелі, Деметраның, Гестияның сіңілісі, Аидтың және Посейдонның қарындасы.
Өзінің ағасы Зевстің әйелі – Метида мен Фемидадан кейінгі үшініші әйелі. Бірақ, олардың жасырын байланысы той болмастан бұрын басталды және Гераның өзі оның ішінде белсенді роль атқарды.
Зевс, Гераны қыз болған кезде сүйіп қалған. Зевс, Гера ұстап алған кішкентай құсқа айналды. Коккигион тауында, Арголидта Зевстің ғибадатханасы бар, оның жанында Прон тауында Гераның ғибадатханасы бар. Зевс пен Гераның некесі 300 жылға дейін құпия болды. Зевс пен Гераның неке қию салтанатты кеші Кносс жерінде, ғибадатхана тұрған, Ферена өзенінен алыс емес жерде рәсімделген.
Балалары - Аргу мен Ангелу. Оленнің Гераға арнап жазған өлеңінде, Гераның Орлар тәрбиелеген балалары - Арес пен Геба туралы айтылады