- Асклепий (ежелгі рим мифологиясында Эскулап, көне грекше: Ἀσκληπιός, «ашылған») — ежелгі грек мифологиясындағы әр түрлі науқастарға дауа беретін дәру-шипа тәңiрісі.[1]. Аполлонның көптеген ұлдарының бірі.
- Асклепийға табыфну б.з.б. 5 ғасырдан басталды. Эпидавр қаласына, онан кейін басқа қалаларға кең тараған. б.з.б. 3 ғасырда Римге жайылда. Мұнда оның атын Эскулап деп атаған.
- Асклепий ғибдатханаларының шипалы ем орындары бар деген даңқы шықты.
- Асклепийдің атымен қазіргі медицинада көптеген терминдер байланысты: оның қызы Гигиея ("Гигиена") - денсаулық, тазалық санитарияның белгісі; Ясо (емделу тәңірі), Акесо (жазылу тәңірі), Аглея (сұлулықтың тәңірі), Панацея (барлық нәрсенің емшісі).
- Гиппократты және Аристотелді Асклепийдің тікелей ұрпағы деп саналады.
Асклепий таяқшасы
Асклепий таяқшасы
Көбіне Асклепий қолына шырмаланып оралған жыланы бар таяқшасымен бейнеленеді. Бұл Асклепий таяқшасы туралы миф бар. Асклепий келе жатқанда таяқшасына жылан оралған. Асклепий жыланды өлтірген кезде басқа жылан, аузына шөп ұстап келіп, өлген жыланға беріп тірілтіп алады. Асклепий осы шөпті тауып алып, адамдарды тірілтетін дәрі тауып шығарған.
Осы асклепий таяқшасы - қазіргі медицина белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |