Группа: эф-22-2к Орындаған: Ермекова Меруерт Қабылдаған: Карибаев Сарсебай



Дата09.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#100006
Байланысты:
Глоссарий Ермекова Меруерт


Группа:ЭФ-22-2к
Орындаған:Ермекова Меруерт
Қабылдаған:Карибаев Сарсебай
1. Палеолит- ерте тас дәуірі. Бұл термин б.з.б. 40-35 мың жылдыққа жатады.
2. Мезолит- орта тас дәуірі. Бұл термин б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
3. Неолит- жаңа тас дәуірі. Бұл термин б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың жылдық басын қамтиды.
4. Тұрақ- ежелгі адамдардың қоңыстанған мекені болып табылады.
5. Матриархат-аналық рулық қауым. Бұл термин кейінгі палеолит заманында қалыптасқан.
6. Патриархат - аталық рулық қауым. Бұл термин матриархат формациясының құлдырауынан кейінгі оны ауыстырған формация.
7. Тобыр – белгілі бір ортақ мүддемен уақытша топтасқан адамдар жиыны болып табылады.
8. Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
9. Этнография - қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Бұл термин қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
10. Этногенез-әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
11. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан болып есептелінді. Бұл термин түркі мемлекет билеушілеріне тән лауазым.
12. «Шад» — түмен (10 000 адам) басы болып есептелінеді.
13. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.
14. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.
15. Жарғы – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі «иар» – әмір беру, билік айту мағынасындағы сөзден шыққан.
16. Ақсүйек -қазақ қоғамының жоғарғы тобы: хан, сұлтан, бек, билеушілердің өкілдері, әр түрлі дәрежедегі әкімдер мен төрелер, яғни Шыңғыс хан ұрпақтары мен дін иелері саналған қожалар.
17. Атабектер – хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы.
18. Жабғу (ябғу) – Оғыз мемлекеті билеушісінің лауазымы.
19. Жеті жарғы – Тәуке хан билігі кезінде (1680-1715) қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып ережелері мен заңдарының жинағы.
20. «Жүз қырықтың қалыңы»- жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен
билердің қызының қалыңы.Бұл термин «Есім ханның ескі жолы» заңыңдағы ережелер
21. «Жүз жиырманың қалыңы» - жүз қой, жиырма қара деген кесім одан
кейінгі орташа қызының қалыңы. Бұл термин «Есім ханның ескі жолы» заңыңдағы ережелер.
22. «Қырық жетінің қалыңы» - жеті қара, кырық қой деген кесім
(байлардың, билердің «қатын үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы).Бұл термин «Есім ханның ескі жолы» заңыңдағы ережелер
23. «Он екі қара» - «дөңгелек қалың» (қатыны өлгендердің кедейдің қызын
айттырғанда төлейтін қалыңы).Бұл термин «Есім ханның ескі жолы» заңыңдағы ережелер
24. «Сегіз қара» - (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы)
25. Айыр - шөп, сабан, егін жинауға арналған құрал.Бұл термин егіншілікте қолданылған дәстүрлі құрал саймандар.
26. Ат соқа - ат жегілетін соқа. Бұл термин егіншілікте қолданылған дәстүрлі құрал саймандар.
27. Ат тырма - топырақты майдалау үшін қажетті
құрал-сайман.Бұл термин егіншілікте қолданылған дәстүрлі құрал саймандар.
28. Кетпен - топырақты жазу және шабу үшін
жұмсалатын қол құралы.Бұл термин егіншілікте қолданылған дәстүрлі құрал саймандар.
29. Күрек - жер қазуда, күреуде қолданылатын құрал.
30. Соқа - жер жырту үшін қолданылатын құрал.
31. Әскери кәсіп - батырлар үшін ата кәсіп саналып, көп жағдайда әкеден
балаға мұра болған. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери
кәсіпппен айналысып ел үшін соғысқа аттануы міндетті.
32. Қоян қашты – өздері әдейі қашып, бөлініп қуған жауды қоршап алып, жойып жіберу.
33. Тұлғама - жауды қоршап алып, қоршаудағы жауға не оның тылына шабуыл
жасау.
34. «Жүре соғыс» – негізгі қол бір-екі күндік кейде одан да ұзақ жерге жүріп кетеді. Арттарынан қуған жауларға әр жерден садақшылардан тосқауыл қойып кетеді. Тосқауылдағы садақшылар жауды тосып алып, біраз шығынға ұшыратып, негізгі қолға келіп қосылады. Жау жағы осындай бірнеше тосқауылға кез болып, арасы сиреп шығынға ұшырайды.
35. «Дода соғыс» - нағыз кескілескен соғыс. Бұл соғыс қылыш пен шоқпар және айбалтаның ғана соғысы болады. «Дода соғысында» қару сілтеу тәсілдері қолданылады.
36. «Қоян қолтық соғыс» – бұл соғыстың «дода» соғысынан айырмашылығы – мұнда қазақ жауынгерлері жұбын жазбай соғысады. Бұл соғыста да қару сілтеу тәсілдері қолданылады.
37. Шоқпар- ертеден пайда болған басы мен сабы тұтас, ағаштан жасалған соғыс қаруы.
38. Күрзі- бастары металлдан жасалған қарудың ауыр түрі.
39. «Он екі қара»- бас сабына қайыспен не шынжырмен жалғанған шоқпар.
40. Ту – қолбасылық лауазымның белгісі болып есептелінеді.
41. Байрақ- әскербасылық және батырлық дәрежені білдірген.
42. Жалау- әскер бөліктерінің айыру нышаны болған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет