Группы крови



бет1/3
Дата12.10.2022
өлшемі1,52 Mb.
#42462
  1   2   3
  • Тынысалу жүйесінің физиологиясы.
  • Тыныс алу – организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір-бірімен тығыз байланысқан үш процестен тұрады. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат. альвеолус — ойма қуыс, науа).
  • Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе.
  • Сыртқы тынысалу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады.
  • Адам демді ішке тартқан кезде инспирация еттері жиырылады да, көкірек қуысын кеңейтеді: көкет (диафрагма) жиырылады, оның күмбезі жазылып 1,5 см төмендейді. Сөйтіп көкірек қуысы жоғарыдан төмен қарай кеңиді, сыртқы қабырғааралық және шеміршекаралық еттер тартылып, қабырғаларды жоғары қарай көтереді, осы кезде төс алға қарай ығысады да солдан оңға, оңнан солға және арттан алға қарай көкірек өлшемдері ұлғаяды, сөйтіп көкірек кеңейеді. Өкпе альвеолалары серпімді тіндерге бай, осыған байланысты олар жазылып ұлғаяды да, көкірек қуысын кернеп, түгелдей жайлап алады. Осы сәтте альвеолаларда қысым азаяды да сырттан тартылған ауа өкпеге қарай ойысады. Одан әрі инспирация еттері босап қабырғалар мен төс әдеттегі орындарына түседі, іле-шала көкет күмбезі томпайып, жоғары қарай көтеріледі де көкірек қуысы тарылады, өкпенің аумағы кішірейеді.
  • Көкірек қуысының тарылуы экспирация (демшыгару) еттері, яғни ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты. Дәл осы кезде альвеолаларда ауа қысымы күшейеді де, мұндағы ауа өкпеден сыртқа қарай ығысады. Қаттырақ, яғни терең дем алған сәтте, қосымша (көмекші) тынысалу еттері бұл үрдісті күшейте түседі. Бұл еттер үлкен және кіші кеуде еттері, алдыңғы тіс тәрізді еттер. Ал демді қатты шығару тура, қиғаш, көлденең жолақты құрсақ еттерінің жиырылуына байланысты.
  • Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет