Группы крови


мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі1,52 Mb.
#42462
1   2   3
мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады.
  • Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетін көрінеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
    • Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған а л ь в е о л а л а р мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
    • Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
    • Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады.
    • Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық, аралас немесе кеуделі-қарындық. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар балада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минутта жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22-20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет