Үшінші
түсіндірме:
Пайғамбар
хадистерін
риуаят
етушілерге қарап Тауатур, Хасан, Ахад т.б. хадис деп бөлінеді.
Бүлардың ішінде шындығы жағынан ең қуаттысы Тауатур
хадистер. Толық пайғамбардың айтқаны ма, әлдө басқа
біреудің айтқаны ма деп мүшриктер күдік туғызбас үшін, Ислам
ғалымдары «Сахих тауатур», «Мағынауи, Рухани тауатур» - деп
екіге бөлген. Бүлардың екіншісің әзі екіге бәлінеді.
Біріншісі: «Сукути» деп аталады. Араб тілінде бүл сөздің
мағынасы: «үндемеу, мақүлдау, бір нәрсенің дұрыс екендігін
ыммен білдіру» - дегенді білдіреді. Мәселен бір топ жамағаттың
ішінде бір адам, сол жанағатқа бір оқиғадан хабар берсе, ол
жамағат үнсіздікпен «дұрыс» деп қабылдаса, «Сукути хадис»
деп аталады. «Мағнауи, Рухани тауатурдің» «Сукутиден» басқа
екінші түріне толық атау берілмеген. Оны былайша түсіндіруге
болады.
Пайғамбардың мұғжизаларынан: «Бір аяқ тағамға екі жүз
адам тойып тамақтанды» деп хабар берілсе. Ол оқиғаны он
адамнан кем емес, әр түрлі адам айтып, сездер басқа-басқа
болғанымен бәрі бір мағынада болса, ол ең анық қуатты хадис
болып саналады. Кейбіреулер хадистің риуаятына қарап
«Зайф», шындығы жағынан «элсіз хадис» деп атайды. Ол
дүрыс емес. Бұл мәселен жэнінде Қарымсақов Ақыт Ұлімжіұлы
болсын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болсын ондай мәселе
қозғамаған.
„
_______
Тертінші түсіндірме:
Пайғамбардың болашақты болжап
айтқан хадистері, мұғжизалары бар. Оларды жеке-жеке дәл
уақытымен анықтап айтпаған. Мәселен бірнеше жылда, бір
ғасырда
немесе
жарты
ғасырда
қайталанып
тұратын
оқиғаларды жалпылай айтқан. Мысалы «Мәһди» туралы әр
түрлі риуаяттар бар. Бұл туралы халық арасында мынадаи
түсінік кездеседі. Ақыр заман болғанда «жерден Мәді шығады,
кәктен Иса түседі» деген. Осындай риуаяттарды әркім әр түрлі
түсініп жүр. Әр дәуірде мұсылмандардың иманын сақтаитын,
179
әрі
аласапыран
адасқандық
заманда
күндікке
түсуден
қорғайтын ұлы адамдар болатынын айтқан.
Пайғамбар әр ғасырдың даму деңгейіне сай дінді толық
түсініп меңгерген ізбасарлары, Хожа Ахмет Иасауи, Мәшһүр
Жүсіп, Ақыт Ұлімжіұлы тәрізді әулие адамдар келетінінен хабар
берген. Біз мұндай адамдарды жай ақын, жазушы ретінде емес,
олардың әулиелік қасиетін алға қойуымыз қажет.
Бесінші түсіндірме:
Құран Кәрімде: «Лә иа’ламу әл-ғайба
иллә Аплаһ» деп аталатын Алланың адам баласына қойған
маңызды қағидасы бар. Ол: «келешекті, болашақты тек бір
Аллаһ ғана біледі. Алладан басқа ешкім білуі мүмкін емес»
деген ұғым. Сондықтан біреу өз ойымен, ақылымен келешекті
болжап айтса, ол өте кешірілмес күнә болады. Осы ережеге сай
Пайғамбар ғалаһиссалам өз ақылымен ғайыпты болжап
айтпаған. Оған ғайыпты Аплаһ ғана білдірген.
Бүл мәселе жөнінде Құранда: Бақара-33 аят, Әнғам-59,
Ағраф-188, һүд-123, Нахыл-77, Кәһф-26, Мәрям-78, Фурқан-6,
Нәміл-65, Лүқман-34, Сәбә-48, Фатыр-38, Ясин-11, Хұжрат-18,
Қапам-47, Тәкуир-24 аяттарында баяндалған.
Мысалға айта кетер болсақ,
бақара сүресі
33-ші аятга
Аллаһ тағаланың хазірет Адам Атаға былай бұйырғаны бар:
«Аллаһ:
Әй Адам! Оларға (періштелерге) мыналардың
атауларын баян ет» деді. Сонда Адам ғ.с. оларға заттардың
аттарын айтқан сәтте, Аллаһ: «Сендерге кектер мен жердің
ғайыптарын, (құпиясын шүбәсіз мен ғана білдіремін дедім емес
пе? Және сендердің көрсетіп, анық және көрсетпей жасырын
істегендеріңді мен білемін деді».
Әнғам сүресі
59-шы аятта: «Ғайыптың кілттері Оның
жанында. Оны Ол өзі ғана біледі. Қара жердегіні де, теңіздегіні
де біледі. Бір жапырақ түссе де біледі...»
Ағраф сүресі
188-ші аятта: Пайғамбардан ақырзаманның,
қиямет қайымның қашан болатынын кәпірлер сұрағанда,
«осылай жауап бер» - деп түскен аят. Ол аят мынадай:
«(Мұхаммед) Оларға: «Аплаһ қаламаса, өзіме пайда, зиян
келтіретіндей қасиетке ие емеспін. Егер ғайыпты (біздің
ақылымыз жетпейтін нәрселерді) білген болсам, әрине
жақсылықты кәбейтіп алар едім. Мен иман еткен
елді;
қорқытушы, қуандырушымын» - деп айт».
180
һүд
сүресі
123-ші
аятта
Аллаһ
сенушілер
мен
сенбеушілерге ескерту берген. «Көктер мен жердің ғайыптары
(құпиясы) Аллаға тән. Істің бәрі оған қайтады (есеп беру бар).
Ендеше, оған құлшылық қылып, Оған тәуекел ет. Сенің Раббың
жасаған және жасайтын істеріңнен хабарсыз емес (бәрін
біледі)».
Нахыл сүресі
77-ші аятта: «Көктердің және жердің
құпиясы Аллаға тән. Қиямет сағаты (уақыты) кірпік қаққандай,
тіпті одан да жақынырақ...».
Меккеліктер Пайғамбардан қияметтің қашан болатынын
сұрай берген. Сол уақытта осы аят түскен. Ғайыпты бір Аллаһ
ғана біледі. Өз өмірлеріңе сапыстырып Қияметтің уақыты ұзақ
екен деп ойламаңдар. Ол кірпік қаққан сәттен де жылдам келуі
мүмкін делінген.
Кәһф сүресі
26-шы аятта: «Ей Пайғамбар оларға:
«Олардың қанша жатқанын Аплаһ жақсы біледі. Көкгер мен
жердегі ғайыптарды тек Ол ғана біледі. Ол толық көруші,
естеуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол өз үкіміне
ешкімді ортақ қылмайды» - деп айт» делінген.
Бұл сүреде «Асхабы Кәһф» яғни үңгірде үш жүз жыл
ұйықтағандар туралы сұраққа жауап берілген. Адамның ақылы
шектеулі екенін, бір мөлшерден ары ойлауға ақылы жетпейтіні
баяндалған.
Біз кейбір нәрселерді естігеніміз бойынша
қабылдауымыз керек. Оған мысал: Аплаһ тағала, періштелер,
жын шайтандар және өзіміздің рухымьіз. Адам өзінің рухының
бар екеніне сенеді. Бірақ оның қай мүшеде, жүректеме,
бастама орналасқанын және түрін, түсін, пішінін, салмағын біліп
айта алмайды. Бұл Апланың көзге көрінбейтін құдіретін
дәлелдейтін дәлелдердің бірі.
Мәриям сүресі
78-80-ші аяттарда: «Ол ғайыпты білдіме?
Немесе Алладан уәде алды ма? Әсте олай емес. Оның
айтқанын жазамыз Оған азапты арттырған сайын арттырамыз.
Оның айтқанына (мал-мүлкіне, балаларына) біз ие боламыз.
Ол бізге жалғыз келеді».
Бұл аятта Меккелік, тәкаббар, дінді қабылдамаи қарсы
шыққан
бір
адам
туралы
айтылған.
Ол
адам
дінді
қабылдамағанымен қоймай: «Сіздер мені адасушы және азапқа
тартыласың десеңдер де, мен бәріңнен баймын, ұлдарым көп»
181
- деп мақтанады. Сонда ол адамның байлығы мен ұлдарының
мәңгі емес екенін, келешекте не болатын білмейтінін айтқан.
Фурқан сүресі
6-шы аят: «(Мұхаммед ғ.с.): «Құранды
көктер мен жердің құпиясын білетін Аллаһ түсірді» деп
айт.
Күдінсіз Аллаһ өте жарылқаушы, аса мейрімді».
Кәпірлерден бір топ адам: «Мұхаммед Құранды өзі
шығарады, ол бұрыңғылардың аңызы, оны бұл жаздырып
алды» деп орынсыз жала жабады. Сол уақытта осы аят түседі.
Нәміл сүресі
65-ші аят: «(Мұхаммед ғ.с.): Көктер
мен
жердегі құпияны Алладан басқа ешкім білмейді. Олар
қашан
тірілтілетіндерін де білмейді».
Лүқман сүресі
34-ші аят: «Қияметтің уақытының мәліметі
Алланың
жанында.
Жаңбырды
ол
жаудырады,
жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі
ешкім қай жерде өлетінін де білмейді. Күндіксіз Аллаһ толық
білуіші, хабар алушы».
Сәбә сүресі
48-ші аят: «Оларға: «Раббым еш күдіксіз
(менің жүрегіме) ақиқатты орнапастырады. Ол ғайыпты толық
білуші» деп айт».
Фатыр сүресі
38-ші аят: «Шүбәсіз Аллаһ көктер мен
жердің құпиясын біледі. Шындығында Ол көңілдегіні (ойлаған
ойды) да біледі».
Ясин сүресі
11-ші аят: «Шын мәнінде сен, зікірге (Құранға)
еріл, ғайыб әлем мен Рахманды (Алланы) көрмей-ақ қорыққан
кісілерге ескерте аласың. Ал, оларды жарылқау, құрметті
сыйлық пен қуант!».
Хұжрат сүресі
18-ші аят: «Расында, Аллаһ көктер мен
жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңнің бәрін
көруші».
Қалам сүресі
47-ші аят: «Ғайыптың кілті (жасырын ғылым)
олардың жанында болып, олар соны жаза ма? (жазып
отырма?)».
Бүл аяттағы сұрақ Пайғамбарға қойылған. Негізінде
пайғамбарға қарсы шыққандардың жайын баяндайды. Яғни,
«көзіңізге жабылған перденің арғы жағын қалай көріп қойдыңыз.
Сонымен бірге, Алланың Расулін біздің тарапымыздан
тағайындапғанын және оның сіздерге баяндаған ақиқатының
қате екенін қайдан оқып білдіңіз?».
182
Тәкуир сүресі
24-ші аят: «Мұхаммед ғ.с. ғаиып туралы
берілген хабарларды кемітпеді».
Расул Алладан алған хабарлардың ешбірін жасырмай
сіздерге жеткізіп берді. Оның ішінде: Алланың заты, сипаттары,
өлімнен кейінгі өмір, қиямет, ақирет, жәннат, жаһаннам
жайында ешбірін азайтпай, жасырмай баяндап берген.
Құран Кәрімдегі осы түсіндірмелердің бәрі, ғайыпты
Алладан басқа ешкім біле алмайтынын баяндаған. Шариғат
заңы бойынша, егер кімде-кім ғайыпты және болашақты болжап
айтса, ол Ислам дінін ұстанатын адам деп саналмайды. Бұл
мәселелерден абай болған жөн.
Бұл мәселе жөнінде Пайғамбардың хадистері өте кеп.
Мысапы: Бұхари, Мүслим, Наса-и, Имам Ахмед, Ибн Жәрир,
Ибн Әби Хатим тәрізді данышпан ғалымдар Айша радиаллаһу
анһадан мына хадисті риуаят еткен. Аллаһ былай бұйырды.
«Еи Расулім!»:
«Көкгерде және жерде ғайыпты және
керінбейтін
құпияларды
Алладан
басқа
білетін
ешбір
жаратылыс жоқ» деп айт».
Біз жоғарыда айтқанбыз, Пайғамбар әпенді өзіндігінен
ғайыпты білмеген. Оған Аллаһ Тағала есіне салып білдірген.
Сосын ол керек кезінде мұғжиза ретінде адамдарға жеткізген.
Аллаһ тағала кейбір жағдайлардың ғайып болып, құпия
сақталуын қалаған. Оның бірнеше себептері бар.
Бұл дүниеде адамға ұнамайтын, қорқынышты жағдайлар
бар. Ондай оқиғапардың емерде болуынан бұрын білу өте
қиын.
1 Өлім, ажал жасырын.
2 Адамның басына келетін қайғы- қасіреттің бәрі құпия.
Егер ажалдың қашан келетінін адам білер болса, онда
ажалдың уақыты жақындағанда жүреге жарылар немесе уақыт
жақындаған сайын өмірдің мәні, берекеті кетер.
Қайғы-қасіреттің
қашан болары белгілі болса, бұл
өмір
сынақ алаңы болмас еді. Аллаһ адамды сынау үшін,
көлденеңнен қайғы, аяқ астынан байлық, атақ-даңқ береді.
Алтыншы
т ү с і н д ір м е :
Пайғамбар ғалайһиссаламның
өмірбаяны адамзат тарихы ретінде ғана баяндалған. Сөздің
қысқасы, оның ©міріндегі барлық мүғжизалары суреттеліп
айтылмаған. Себебі пайғамбардың өмірін кез келген адам
оқиды, қызығады, зерттейді де «бүлай белуы мүмкін емес, бұл
183
тек аңыз, ертегі» деп қорытынды шығарады. Оның басынан
өткен муғжизаларды химия заңы, биология заңы, физика заңы,
жалпы пән ғылымдары заңына салып, салыстырар болсақ
мүмкін емес нәрселер.
Мәселен хазірет Мұхаммед сахарада құмнан жүргенде ізі
түспеген. Бірақ тастың үстінен жүргенде ізі қалған. Осыған
мысал ретінде, қазіргі таңда ізі түскен екі тас бар. Екеуі де
Осман
империясы
дәуірінде
Стамбулға
әкелінген.
Бірі
«Топкапы» сарайында, екіншісі «Әииуб әл-Әнсари» кесенесінде
сақталынған. Бұны Қарымсақов Ақыт Үлімжіұлы былай
суреттеген:
. -
Ф
«Нұр Мүхаммед он сегіз келді жасқа
Артықша сипат біткен қаламқасқа.
Апланың шын хабибі пайғамбарым
Балқиды аяқ басса қара тасқа».
Пайғамбар тағылымы
Бірін Ғали, екеуін Ғұсман алды.
Біреуі бір орынды жерге барып,
Жалғыз-ақ Фатимадан мирас қалды.
Жеткенде қырық жасқа Құран еніп,
Хақ пайғамбар екенін хақ ғәләм білді.
Жәбрейіл пайғамбарлық алып келіп,
Иқра Бисмиллаһ аяты ендірілді.
Әуелі Хадиша анамыз иқрар қылды,
Онан соң хазіреті Әли дінге кірді.
Одан соң Әбу Бәкір ислам тауып,
Осы дін соларменен көтерілді.
Онан соң Зәйд ибн Хәрс дінге кірді.
Сонан соң мәрте-мәрте келе берді.
Пайғамбарлық келгеннен былай қарай,
Тағыда Әбу Жәһил күндеп жүрді.
Халықты пайғамбарға иландырмай,
Айнытып Жәһил ләғнет бұза берді.
Тағыда Жәһил ләғин дұшман,
Бір сапар әжғит ере берді.
Әбу Бәкір, Омар мен Әли жолдас,
Соңынан ертіп алы п.....
184
Мұсылман күннен-күнге көтеріліп,
Шарагіатын Расул көзі көрді.
Сол уақытта жолдас үш жүз кісі,
Баршасы пайғамбар деп сене берді.
Бір күні Жәбрейіл келді жетіп,
Пайғамбар Әминаның(үмуһіннің) үйінде еді,
Келіпті уахи жалғыз Хақтан,
Қонаққа әз қасыма келсін депті.
Достым бүған мінсін деп жіберіпті,
Бір Парақ алып келді ол ұжмақтан.
Екеуі сол мезгілде жәнеліпті,
Қашпа Тәңірің берген бақтан.
Көз ашып жүргенінше Құдіске барып,
Мұхаммад нәфіл намаз оқып шықты.
Жақсының кекке шыққан ізіменен,
Ғаршыға қарсы қарай Барақ аттан.
Жеті қат көктен өтіп ғарш барып,
Сарайын сегіз ұжмақ аралатқан.
Сегіз ұжмақ ішінде хор қыздарын,
Хақ Расул тамашаға көп қараған.
Барыпты оннан өтіп .....
Аппақ(апақ) деген орында Хақты тапқан.
Тоғыз мың тоқсан ауыз сөз сөйлесіп,
ішінде барша нахтидің барып қайтқан.
Қайтіп келсе жылуы басылған жоқ,
Жылуы төсегінің түнде жатқан.
Құманның тамшысы басылмайды,
Шүмектен құйғандағы тамып аққан.
Есіктің күршегі сылдырлап түр,
Манағы шығарында ашып жапқан.
Бір сағат деп айтуға келмейді өзі,
Айтсам да бір минут деп күнә табман.
Таң намазын оқырда жиылыпты,
Халыққа миғраждың жәйін айтқан.
Сол жиылған халайықтың ортасында,
Түр екен Әбу Жәһил тәңірі атқан,
Кейі нанып, кейбірі күмән кәріп,
Ешбірі сөйлемеді жамағаттан.
Үндемей көп жамағат отырғанда,
Сөйлейді Әбу Жәһил анажақтан,
Иә, Мұхаммад, сөйлейсің несін депті,
Нанар деп отырмысың мені депті.
Жеті көктен ары өттім дерсің,
Келеме бұл сөзің жөні депті.
Тағыда басқа жерде сөз қып сөйлеп,
Екінші айтамысың мұны депті.
Бұл сөзбен бірталайы бұзылады,
Жамағат қойыңыз бұны депті.
Оянбай бір сағатта ұшып барып,
Көрдім деп отырмысын аспан, көкгі.
Ол өзі бір жәдігөй сиқыршы деп,
Онан да өтірігі асып кетті.
Жәһилге қарсы қарап хақ пайғамбар,
Уаллаһи бұл сөзім рас депті.
Қоймаймын деп айтуын қараңдар деп,
Ақырып Әбу Жәһил айғайлапты.
Бұл қалайша пайғамбар болады деп,
Ішінен жұрттың барып күмән етті.
Бір сиқыр істесін деп біліп,
Бір сиқыр мунафиқ ... кетті.
Иә, Аллаһ өзің нандыр осыған деп,
Ішінен пайғамбарым қайғы жепті.
Пайғамбар үйге таман келе жатса,
Алдынан Әбу Бәкір қарсы кепті.
Жәһилде жақын екен сол арада,
Пайғамбар миғраждан сөз сөйлепті.
Хақ Расул миғражды айтқан сайын,
Иә, Расулаллаһ тақсыр депті.
Достына мұның бәрі хажет емес,
Нанбаған осы сөзге кәпір депті.
Иланбаған халықтың көңілін басып,
Сол жерде Әбу Бәкір тамаша айтты.
Әбу Бәкір Сыдықтың сөзін естіп,
Қайғырып Әбу Жәһил есі кетті.
Сөйледі Әбу Бәкір дәлел бірлан,
Білмеңіз өтірік деп мұны деген.
Сол жерде көп халайық жиылып,
Манағы жол қойың бәрі қайта келген.
186
Тамсанып мысал сөзді кітап аитар,
Халыққа Әбу Бәкір жауап берген.
Жәбрейіл бір күндерде сыр қылып,
Көктен жерге жетпіс мың періштемен келіп
қайтар.
Жәбрейіл пайғамбарың досты болып,
Хажетім бір апармақ оны деген.
Жәннәты қараңыздар өзлер туған айға,
Не қылса хажет емес бір Құдайға.
Жер мен көк жүзі алпыс ұлық дүр,
Кетеді көз ашқанша алды қайда.
Көз ашып жұмғанша мың жылдық,
Жүреді сыр қылып алыс жолды.
Пайғамбар шариғаттың нұры болса,
Ғажаб па бұ жүрмегі әнбиәға.
Субхәнәл ләзи -деген аят.
Құранның қараңыздар аятынан.
Таныман ыдырыс мухси көк... шықты.
Ғажабы бір бармаққа Расулға,
Азар дін дәрежесі артығырақ.
Жарқырап нұрын шашқан бұ ғәләмға,
... дүние кезер көз ашқанша.
Жер мен көк екі арасы әлде қанша,
Ойласаңыз Расул онан қалай.
Ғажабы Жәбрейіл алып барса,
Жын, пері көкке шығып дүние кезген.
Бұл дәлел осылайша миға салса,
Адам өлсе тәнінен жаны шығар.
Ғарышқа бір минутта барып тұрар,
Құрмет үшін жаратқан бұ ғәләмды.
Ғажабы барып қайтса ол ...,
Көзіңнің ішіндегі қарашығы.
Жырақтағы жер менен көкті көрер,
Пайғамбар бұ жәһәнның нұры болса.
Бүған кім не керді деп күмән қылар,
Шайқы ерегін самнақ бір әулие.
Бір сағатта мың жылдық жолға жүрер,
Таң намазын сүннетін үйінде оқып.
Парызын Кағбада тамам қылар,
187
Күн шықанша жүз жиырмашылық жерге жүріп.
Орнына күн шыққанда қайтып барар,
Олардан да бұл Расул артығырақ.
Мумин құл тамаша қылып,
Осылай Әбу Бәкір тамаша қылды.
Ойланбай Әбу Жәһил жүре берді,
Көңлі айтқанына қайта орнығып.
Бірталай мұнафиқтар дінге кірді,
Миғраждың мүғжизасын көргізсе де.
Қастықпен Жәһил ләғнет аңдып жүрер,
Сүплейін пайғамбарың шеге жатын.
Пәлелін білгенімше айту затын,
Пайғамбар бұл мағына дәлел қылған.
Айтайын сол тақсырыңың шарапатын,
Неше түрлі көрмей көрседағы.
Қоймаған Әбу Жәһил иланбайтын,
Нүсқадан тәржімалап қасир қылдым.
М... ақбар дейтін дарында деген жерде
кәпірлерге,
Бір күні көрсетіпті мұғжизатын.
Бір мың бес ж үзге..................
... деген жерде...,
Отырды бір маслихат кеп құрысып.
... пайғамбарды сөз қылдырар,
Мұны ол соған айтып қарай қойып.
Сол жерге Әбу Талибты алдырдылар,
Жәһил айтты бір сөз бар Әбу Талиб.
Мұхаммад бұзып отыр елді барып,
Бұрынғы атамыздың дінін бұзды.
Егер ол мәжнүн болса қараталық,
Иә, болмаса діннен егер қайтса.
Тоқтатсын бар қалаған қазына алып,
Оны егер ел бұзғызбай жүргізсең.
Өзіңнің айтқаныңша бұл бір өлік,
Егер бұған көнбесе рұқсат бер.
Жабылып өзін бір күні өлтірелік.
Шақырып Әбу Талибты келгеннен соң,
Осылай сөзін айтты барша халық.
Ол саған осы күні бала боп тұр,
188
Бұ сөзді тағайындап айтса барып.
Талиб айтты дұрыспа мына сөзің,
Айтпаймын оны қой деп менің өзім.
Не десе де жауабын өзі берер,
Шақыртып ал олай болса оның өзін.
Біздердей көңілдегі сөзіңді айтып,
Естіп кел өз аузынан айтатын сөзін.
Шақырды Мұхаммадті хабар салып,
Шақырған жиын жерге келді алып.
Пайғамбар бөгелместен келді жетіп,
Бұларда айтар сөзін тұр ойланып.
Бәрінде білгенше жанап жоғары өрлеп,
Отырды ең жоғарғы терге барып.
Еш біреуін кезге іліп қарамады,
Қорықпасын ісі бәрінен білді аңғарып.
Бұл неге сәлем беріп сөз қатпады деп,
Сөйлейді Әбу Жәһил тұра қалып.
Жиылған осы араға бір мың кісі,
Меккенің өңкей ұлысы.
Қарттарға сәлем беріп қарамайды,
Бар еді тәкәпарлық қылған ісі.
Мен-мендік пайғамбарға болама екен,
Ұқсар ма пайғамбарға бұл жұмысы.
Хақ Расул ортасына келгенен соң,
Сөйледі бағанағы ... жасын.
Пайғамбар айтты ... алмаймын,
Сендердің айтқаныңды қылапмаймын.
..... сәлем берме деген,
Бір Тәңірін ұлықтай біле алман.
Бұйрығын бір Тәңірдің еткізбекке,
Сол үшін қой дегенге тіл алмаймын.
Бұл Қүран - жаратушы Хақтың сөзі,
Жасырып оны ешкімнен қойалмаймын.
Қайтпаймын өлсемдағы бұл жолымнан,
Танмаймын өпгенімше мен мұныменен.
Сендердің табынғаның Құдай емес,
Пұт, бұрқан жасайсыңдар қолдарыңнан.
Өлгенде шіріп етің, орның тозақ,
Қорқыңдар жаратушы Құдайыңнан.
189
Құдай бір, Құран шын, пайғамбар хақ,
Аллаһтың - мен елшісі ойла бірақ.
Ішінде от пен жылан, шаяндар бар,
Орыны жуһутларның жеті тозақ.
Жолына дін исламның көнген жанға,
Бар дейді мәңгі бақи сегіз ұжмақ.
Құдай бір, Құран шын білемісің,
Тамуққа отқа салып қылар ғазаб.
Махшарда барша жанды тірілтеді,
Апарар ғарыштағы бәрін жинап.
Сол жерде Тәңірім өзі қади болып,
Тексерер барша жаннан сауал сұрап.
Өз денең өзіңе куә болып,
Тіл мен көз баршасына болады айғақ.
Жаратқан барша жанды Жаббар Құдай,
Мақшарда күллі жанға қади болмақ.
Сендердің табынғаның тас пен ағаш,
Жасатып аласыңдар қолменен-ақ.
Мизан менен таразы құрылады,
Күнә, сауап - баршасын өлшеуге алмақ.
Егер де күнә жағы ауыр келсе,
Апарып жәһәннәмға оны салмақ.
Үстінде жәһәннәмның қыл көпір бар,
Еңкейсе, қылдан нәзік, мүздан тайғақ.
Періште күрзі менен ұрып соғып,
Еріксіз, ықтиярсыз онда айдап.
Жығылып мүшрик жуһуд кетер сонда,
Үстінде тозақ оты түрған қайнап.
Түбінің тереңдігі мың жылдық жол,
Сонда жанып жатады соры қайнап.
Он сегіз мың ғаламды кім жаратты,
Қарашы миға салып оны ойлап.
Ойлашы сені, мені кім жаратты,
Жарық жұлдыз, ай мен күн жаратты.
Бұ ғаламды жаратты Аллаһ,
Бір өзінен басқаны жұп жаратты.
Мен Пайғамбар, Қүран шын, Қүдай жалғыз.
Жолында дін исламның көніп айтты.
Өз жаныңа өздерің қылма қастық,
190
Әмірім менің айтқан жөн деп айтты.
Сол жерде Жәһил ләғнет түрегелді,
Бұ сөзге қарсы қарап жауап берді.
Пайғамбар болсаң, бізге белгі көрсет,
Бастасаң тура жолға тамам елді.
Бұрында пайғамбар болып еді,
Оларға Таурат , Инжил келіп еді.
Ол Мұса пайғамбардың кереметін,
Бани Исраил қауымы да көріп еді.
Ферғауын Мұсаменен қарсыласып,
Дарияға ғарқ батып өліп еді.
Осындай кереметін көргеннен соң,
Көп қауым айтқанына көніп еді.
Ол тиісті көрсеткен мұғжизасын,
Соныменен пайғамбар деп сеніп еді.
Пайғамбар айтты сонда, не сұрайсың,
Тағы да айтқан сөзден бұзыларсың.
Жаратқан жалғыз Аллаһ берер өзі,
Құдіретін бір Аллаһ аңғарарсың.
Бар еді даран тауда бір үлкен тас,
Сол тастан там бойы боп шықсын ағаш.
Бұтағы жапырақты болсын өзі,
Басына жеміс шықсын оған жанас.
Сол ағаш айтқанымдай өсіп шықса,
Қылмалық сонан кейін саған талас.
Ол ағаш босқа өспес қатты болсын,
Жемісі басқалардан тәтті болсын.
Ауруларға шипа болсын,
Көзсіздер көзді, тілсіздер тілді болсын.
Осындай кереметті анық көрсет,
Хапықтың саған рас көңілі сенсін.
Бұл Мұхаммад хақ пайғамбар болса өзі,
Жамағат кереметін анық көрсін.
Не айтсақ сонымызды істеп төз,
Мұның да айтқанына жұрты көнді.
Егер мұны қылмасаң бәрі жалған,
Халықты бекер бұзбай жәйға жүрсін.
Жарайды деп осыған қылды уағда,
Тілесем Жаббар аян берер деп.
191
Аллаһдан төмен қарап хажет тілеп,
Тілек тілеп пайғамбар біраз отырды.
Бір сағат пікір қылып отырғанда,
Жәбрейіл сол арада жетіп келді.
Иә, Мұхаммад, қайғырма мұның үшін,
Бір Аллаһ тілегіңді берді дейді.
Аллаһдан (Аплаһтан) уахи алып келдім дейді,
Хажетің бәрі даяр болады дейді.
Адамды жаратпастан екі мың бұрын,
ішіне осы тастың ендітім дейді.
Осы айтылған ағашың даяр тұр,
Міне кізлеп сол уақытта тұрдым депті.
...қ будағы періштелер жазған екен,
Осындай сұрамағын біліп елдің депті.
Не қылсаң да ықтияр бір өзіңде,
Жеті қат көк, жеті қат жердің депті.
Ол Расул қолын жайып дұға қылды,
«Бисмиллаһ» - деп ол тасты сипап еді.
Аплаһның (Аллаһтың) әмірімен тас жарылып,
Ішінен ағаш өсіп шыға келді.
Жапырағы көкпеңбек жеміс шығып,
Сол жерде айтқанындай бәрі көрді.
Жемісін жеген ауру шипа тауып,
Көзсіздер көзді, тілсіздер тілді болды.
Иә, Мұхаммад, Құдайың тілеуіңді алса,
Ішіне осы тастың қайта енгіз депті.
Ішінен хақ пайғамбар тілей берді,
Тастан шыққан ағашты қайта ендірді.
Көк болмаса, жердегі бәрі сиқыр,
Біздерге көктен мұғжиза көрсет дейді.
Шаһарға күні батып түні болсын,
Орныннан ай айналып, қайта толсын.
Ай туып, қараңғы жұлдыз шығып,
Тағыда әрберіден соң күндіз болсын.
Көкте сиқыр жүрмейді деген сөз бар,
Осындай мұғжизаңды халық көрсін.
Хақ Расул көкке қарап дұға қылды,
Күн батып жұлдыз шығып түні болды.
192
Батқан күн, күн шығыстан қайта туды.
Бір емес барш а........
аяр болып,
Күллі жүрт көкке қарап ғажап болды.
Жәһил айтты бір іске көңіл сенсін,
Бүл айды қолыменен екі бөлсін.
Бірісі көк жүзінде түрып қалып,
Бірісі көктен келіп қойнына енсін.
Қайтадан он төртінен жарық болып,
Дәл көкгің ортасына барып түрсын.
Билігін көк пен жердің Тәңірім берді,
Сонда ай отызынан бітіп еді.
Он төртінен туғызды айтқанындай,
Айдың отыз күні біткені жүртқа мағлум еді.
Толған ай ортасынан хақ жарылып,
Хақ Расул қолын көкке сілтеп еді.
Жартысы көк жүзінде түрып қалып,
Жартысы көктен келіп қойнына енді.
Қойнына еніп қайта шықты — дағы,
Көтеріліп көкке қарап жүре берді.
Қосылды барып сонда жартысына,
Күллі жүрт тамаша етіп бәрі көрді.
«Лә иләһә иллә аллаһ мухаммад
Расулаллаһ»- деп,
...... жан жағына өзі келді.
Сиқыры Мүхаммадтің көкке үшты деп,
Айғайлап Жәһил ләғнет жүре берді.
Бір патша Мәлик Жабып деген,
Сол жерде иман айтып дінге кірді.
Жолаушы қасындағы бір жүз кісі,
Мүхаммад хақ, пайғамбар шын деп білді.
Дүние төрт бүрышына ат шаптырып,
Жәһил ләғнет білдірмей қүр үялып тамам
елден.
Бүл мұғжиза жер жүзіне болған екен,
Көп яһуд кәлимә айтып дінге кірді.
Хақ пайхамбар жер жүзіне білінген соң,
Ислам діні осынан һәм көтерілді.
Аз елде иман иесі болмаған соң,
Айтқанын Жәһил ләғнет керіп жүрді.
193
Мүсылман көтерілді бүрынғыдан,
Дүниеге кірген кәпірлер үнамаған.
Хақ пайғамбар екенін білсе -дағы,
Жәһил ләғнет айтқаны бар болмаған.
Бар досты пайғамбар көбейген соң,
Ит Жәһил өлтіруге ой ойлаған.
Орынсыз пайғамбарды ренжітіп,
Бұрын да талай жерде қастық қылған.
Он үш жыл набуаттан бұрынырақ,
Меккеден көшпекке әмір болған.
Жәбрейіл пайғамбарға келді жетіп,
Тез көшіп Мәдинеге жөнел деген.
Әбу Бәкір Сыддықты қасына апып,
Бір түнде сапар қылып жолға жүрген.
Екеуі таң атқанша тынбай жүріп,
Жасырынып таңға жақын ғарға кірген.
Аузына бір көгершін ұя салып,
Өрмекші пердесін тоқи салған.
Ішінде бұ ғарьіның үш күн жатсын,
Бәкір ұлы Ғабдулла келіп жүрген.
Хабарын халайыққа естіртіп,
Алып кеп екеуіне тамақ берген.
Үш күннен соң шығып ғардан,
Тоқталмай Мәдинеге тез жөнелген.
Кез болып жоп үстінде пайғамбарға,
Ғамар деген сахаба жолдас болған.
Меккеден екі күндік жер еді,
... деген орынға келіп қонғән.
Бегелмей онан кейін суыт жүріп,
Қаба деген ауьілға жетіп келген.
.... ұлы Омарға болды қонақ,
Дүйсенбі күні келіп үш күн қонған.
Жұма күні ол арадан сапар қылып,
Бани салим орында намаз қылған.
Мәдина жамағаты сол уақытта,
Хақ пайхамбар келуінен хабар білген.
Көп халайық қүрметтеп қарсы шығып,
Алдынан желмаялар алып келген.
Үстіне желмаяның тақты құрып,
194
Құрметтеп пайғамбарды алып жүрген.
Пайғамбарды мен қонақ қыламын деп,
Бәріде сахабаның үміттенген.
................... қоябер деп,
Жәбрейіл сол арада жетіп келген.
Бұ түйе қайда шөксе сонда тоқта,
Ешкімді ренжітпе бүгін деген.
Сонда жамағатқа хақ пайғамбар,
Түйе шөккен жеріне түсем деген.
Келіпті Мәдина қақпасына,
Тазалап көшелерін қүрмет етті.
Қызығып түйе бұған шөкпек деп,
Әркімдер жем қойыпты жол басына.
Қақпаның ешбіріне тоқтамастан,
Масжид харам орнына барып түсті.
Бір шөгіп бұл арада демін алып,
... жердегі мубаракке барып жатты.
Бір шөгіп орнынан және тұрып,
Айюб Ансар үйіне жетіп кепті.
Алланың досты үйіме келді ғой деп,
Айюб Ансар мың қайтара қүлдық етті.
Айюбтың екі көзі жоқ атасы бар,
Сол бейшара қол қусырып зарлық етті.
Жасынан екі көзі ғайып болған,
Бір шипа болар ма екен бүған депті.
Мубәрәк ақ жүзіңізді бір көрдім деп,
Ол ұстап пайғамбардың қолын үпті.
Пайғамбар «Бисмиллаһ» - деп сипап еді,
Ол пақырға дүние жарық болыпты.
Оны көріп көп халық дінге кірді,
Жазылып екі көзі нұрға толды.
Иншаллаһ арманым жоқ мен көрдім деп,
Аллаға соны айтып шүкір қылды.
Мекке, Мәдинеде Расул тұрды,
Естіп күллі ғәләм атын білді.
Аллаһдан уахи апып пайғамбарға,
Бір күні Жәбрейіл жетіп келді.
Құдайың сәлем айтты сансыз көп,
Соғысқа, иә Расул, бар енді депті.
195
I
Бадарның ғазасына барыңыз деп,
Алпаһдан алып келіп хабар берді.
Енді соғыспаққа болады рұқсат,
Иншалла көтерерсің дінді депті.
Ақыры шаттық насрат болар сезем,
Өзіңе қаратасың елді депті.
Аллаһ бұйрық қылған соң тұрсын нағып.
............... сахабалар енді.
Бадарның соғысына бармақ болып,
Отыз үш мың сахаба атқа мінді.
Ол жақтан Әбу Жәһил .... тартып,
Екі мыңдай әскерін жиып кепті.
Сол жерде екі жақта көп жиналды,
Даяр боп соғыспаққа хабар салды.
Бәдір деген бір жалғыз құдық еді,
Жәһилдер келіп соны қармап алды.
Біз енді суды қайдан ішеміз деп,
Сол күні сахабалар қайғыланды.
Намазға Хақ пайғамбар тұрған шақта,
Су тілеп достысынан қол көтерді.
Ғажайып сонда көктен бұлт шығып,
Үстіне көп әскердің құйды ....
Баршасы намаз оқып таһарат алып,
Су ішіп сахабалар мейірі қанды.
Сап түзеп екі әскер майдан құрды,
Даурасбай бір-біріне қарап тұрды.
...қба шайба уали баслыға екен,
Шығар деп жекпе-жекке қарап тұрды.
Бұ жақта Әли, Хамза, Убайда,
Олар да ілгерірек жақын жүрді.
Ол жақтан ер Убайда қарсы шықты,
Ит кәпір балуан еді аса мықты.
Ол жақтан ат ойнатып шыққаннан соң,
Бұл жақтан батыр Хамза қалқан тұтты.
.............найза көтеріп жетіп келді,
Ол ер Хамзаға найза сұқты.
Найзасын көкіректен салған шақта,
Бірақ қағып батыр Хамза сындырыпты.
Қайта айналып шоқпармен үрған,
196
Батыр Хамза ұрып жықты.
Жіп тағып мойнына асты сүйретіп,
Алдына пайғамбардың алып кепті.
Меккеде жүрген шақта бір күндерде,
Жүзіне пайғамбардың түкіріпті.
Ішінен Расулымның қалмайды екен,
Құдайға мың мәртебе шүкір қыпты.
Иә, Аллаһ, бергеніңе сабыр құлдық,
Н... уафи қылар уақыт жетті.
.... сонда қарап хақ пайғамбар,
Иә, Әли, бұл малғұнды өлтір депті.
................ тұрушы еді пайғамбарға,
Бар еді арт жағымда жас балалар,
Мен өлсем солар жетім қалар депті,
Жетімдік өз басыңнан кешіп еді,
Рахым қылмас ба оған депті.
Иә ... жәһәннәмның көсеуісінен,
Ол отгы жандыруға уақытың жетті.
Ол сенің ұл, қыз, қатының,
Жәһәннәм оты азырақ болар депті.
Ол Әли дүл-дүлінен түсе қалып,
Сол жерде бас кесіп өлтіріпті.
...... боздайғып бетін жыртып,
Бұйрығын пайғамбардың орнына келтіріпті.
Ол зұлым — Аллаһның шын дұшпаны.
Жаны тура жәһәннәмға барып кірді.
Ашумен Әбу Жәһил қарсы шапқан,
Ғамари деген барыпты біздің жақтан.
Мағазбан қамар деп айтады екен,
Батыр еді талайды түбтей атқан.
Бапуандығы ғаламға машһур еді,
Күрескен де талайды домалатқан.
Жәһилге батыр Омар барды жетіп,
Екі жақ қарап тұрды тамаша етіп.
Үстінде текеуері көкке қарап,
Ит Жәһил жетіп келді жер күңірентіп.
Жүгіртіп келген қарсы бетіменен,
Омарды ұрып кетті өтіп.
197
Басында болат қалқан, белде шоқпар,
Омарда қатты ұмтылды екпіндетіп.
Шоқпармен батыр Омар бұда салды,
Тигізбей Әбу Жәһил қағып қалды.
Қимылын ер Омардың көрген жандар,
Көрмедік деп айтады мұндай .. ..
Бірін-бірі ұрады кезекпенен,
Сонда да бірі күштеп жығапмады.
Қайсарып батыр Омар бір болмады.
Найза, қылыш, шоқпарға болмаған соң,
Жәһилдің жағасынан ұстай алды.
Екеуі айдаһардай алысыпты,
Сол жерде көрген жандар таң қалды.
Пәре- пәре болыпты үсті басы,
Қарап тұрған адамдар....
Екеуі жағаласып тұрған кезде,
.................... жетіп барды.
Шоқпармен екі қолдап ұрып еді,
Есі ауып Жәһил аттан құлап қалды.
Омардың інісі еді бірге туған,
Шыдамай ағасына шоқпар ұрған.
Убайда, батыр Хамза, хазірет Әли,
Жібермей кеп мушрикті қайта қуған.
Муғазбен Омар мен ирғафәр,
Екеулеп ит Жәһилді байлап алған.
Жіп тағып мойнына итше сүйреп,
Алдына пайғамбардың алып келген.
Екеуі иттей сүйреп алып кепті,
Пайғамбар басьін кесіп өлтір депті.
Сол жерде хазіретті Әли келді жетіп,
Тіліңді кәлимаға келтір депті.
Тіліңді кәлимаға келтірмесең,
Басыңнан бұ дәуренің етер депті.
Жәһил айіты мен қорқып тіл алмаймын,
Ләт манақдан басқаны білалмаймын.
Өлтірсең өлтіре бер мейлің білсін,
Сендермен ел болып мен жүралмаймын.
Сонда да Әлименен ерегесті,
198
Кәпірлер жаннан қорқып қайғы жесті.
..... нан өлем деп арман қылып,
Дінге кірмей өліп жаннан кешті.
Жарлық қып хақ пайғамбар бұйырған соң,
Сол жерде ибн Масғуд бас кесті.
Төрт батыр Хамзаменен аттан түсіп,
Бөлектеп мүшелерін кескілепті.
Сол жерде екі әскер қарсы шапты,
Бұл жақтан мұсылмандар қойды атты.
Убайда, Әли, Хамза батыр, Ғаббас, хазірет
Омар,
Бес жүзді бір сағатта қырып сапты.
Үш жүз он сахаба келіп еді,
Шаһид боп он сахаба қаза тапты.
Өтірік қосқаным жоқ мұны мақтап,
.... мұсылманды Қүдай сақтап.
Убайда, хазірет Әли, батыр Омар, Хамза,
Ғаббас,
Қуыпты кәпірлерді екі жақтап.
... қылалмай кәпірлер қырғын тауып.
Бес жүз он, бес кісі өлді,
Қалғаны дінге кірді есін танып.
Сонан кейін Мекке халқы бағыт берді,
Күндерде... тамам елді.
Аллаһдан анық хабар болғаннән соң,
Хақ Расул патша боп таққа мінді.
Көп жұртты мұсылманға көндірмекке,
Жиырма жеті мәртебе ұрыс қыпты.
Тағыда ұрысқапы Әли барды,
Бет қойып барған жердің бәрін алды.
Көп жұртты күшімен қырып еді,
Тамам жұрт .... дінге салды.
Иман нәсіп болмағаны - дін дұшпаны,
Мұсылман болмай Жәһил өліп қалды.
Осындай риуаят бар пайғамбардан,
Құтқарар мұсылманды тәмуғ нардан.
Өз бетіммен бұ сөзді жазғаным жоқ,
Көріп жаздым ... ақбардан.
199
Исламға жиырма үш жыл жарық болып,
Алпыс үш жасында дүние салған.
Онан соң төрт ... жар патша болып,
Кейінгі үмметіне мирас қалған.
Он үш жыл Мекке халқын дінге салып,
Онан соң Мәдинеде он жыл түрған.
«Әл ияум әкмәлту» деген аят,
Бақиға бү фәнидан сапар қылған.
Хақ Расул қандай еді,
Сөйлесе жарық болған ... еді.
Исламға нүр шәкілі нүрын шашқан,
Бір атқан мүсылманға таңдай еді.
Бірінен-бірі тәтті айтқан сөзі,
Ләззат, шекер, балдай еді.
Ол Расул дүниедегі нұрлы жүзді,
Сөйлесе өзі әдепті шырын сөзі.
Ө зі... сымбатты, ұзын бойлы,
Ат жақты, қиылған қас, қой көзді.
Расулың көлеңкесі болмас еді,
Үстіне бүркесен тонбас еді.
... іші-тысы бәрі жарық,
Пақыр мен мискиндерге жолдас еді.
Ол Расул шариғ сөзді, нұр сипатлы,
Сөйлесе бек мүләйім балдан тәтті.
Бір Алладан басқадан қорықпаған,
Өзі жомарт ғәдп, мархаметті.
Аманатқа қиянат қылмағаннан,
Қойыпты жаһудтар Әмин атты.
Сабырлы, тәуекелшіл, меһірбанды,
Әр жерде қысылғанға шапағатты.
Неше мың кәпірлерден қашпаушы еді,
Не қиын іс болсада саспаушы еді.
Жаудан қорқып еш бетін қайырмаған,
Бір қадам кейін аяқ баспаушы еді.
Ғұмырында бір ихтилом болған емес,
Үстінде қылшық түзелік тұрған емес.
Ішінде пұт бұрқанның осы дағы,
Көзін салып, бір мойнын бұрған емес.
Ұйықтаса, оң жағымен жатар еді,
200
Ұжмақтың тағамынан татыр еді.
Білінбес жұмсақ жерге басқан ізі,
Ғұмырында тамар... жұрер еді.
Ғұмырында ешбір қатты бір күлмеген,
Жымиып тісіменен күлер еді.
Ояу шақда батылмен қандай білсе,
Ұйықтағанда һәм сондай білер еді.
Анық көзбен қараса бір қарауда,
Мағриб пен машриқны көрер еді.
Басын бір ақ бұлт сая болып,
Қайда өзімен бірге жүрер еді.
Ғұмырында көзі дұшпан қарамаған,
Анықтап мойнын бұрып қарар еді.
Не қажет десе өз құлдарға,
Қайта ауру болса көңілін сұрап келер еді.
Бір нәрсе қараңқыда түсе қалса,
Жүзінің сәулесімен көрер еді.
Намазға таң сахардан тұрушы еді.
Бір жерде мәжіліс қып көп отырса,
Орнында жұпар исі қалушы еді.
Ғұмырында еш нәрсе қорламады,
Адамға жауыздық еш қылмады.
Арада трмашалар толып жатыр,
Қаһарланса еш бір жанды тыңдамады.
Жауырында пайғамбарлық мөр бар еді,
Ішінде аят жазған сөз бар еді.
Ішінде қалың топтың отырғанда,
Бір қараса бойы бек болар еді.
Түкірген түкірігі жерге түссе,
Қатық берсе шипа болар еді.
Егерде су қажет бола қалса,
Бармақтан тарам-тарам су ағызар еді.
Ғұмырында ешбір жалған сөйлемеген,
Адамды бір-бірінен кем көрмеген.
........... ...................................................................................................................................................................................................................................................................................
Бар дейді бір әулие Мансур деген.
Азғана шып-шып терлеуші еді,
Шыққан терде жұпардың исі қалған.
201
Пақырлық дәрежесін қылар еді,
Шат болып мақтануды еш білмеген.
Ісі болса бір Аллаһдан білер еді,
Башмағын аяғына жамап киер еді.
Сөйлесе әдеппен сөйлеп,
Ғұмырында ешбір қатты сөйлемеді.
Жүгініп отырады тізе бүгіп,
Адамды ғайбат қылмас ешбір сөгіп.
Егерде бір нәрсеге көп қуанса,
Жымиып күлер еді көзін жұмып.
Сөз айтып шала сөйлеп қойған емес,
Баяндап бітіреді тамам қылып.
Азғана пайғамбарды ауызға алдық.
Тағы бірлен қадірі хал ... салдық.
Бұ жамиғны ахбар м ен........
Тәржәма оқып көріп қабарландық.
Тағыда пайғамбарның хикаяты,
Кеткен соң еске түсіп жазып алдық.
Көрсеткен көп халыққа муғжизаны,
Хақ Р а сул ............................................
Патша боп тұрғанында хақ Расул,
Бар екен бір сахаба Жаббар атты.
Достарыңызбен бөлісу: |