Губкалар(Spongіa немесе Porіfera) – омыртқасыздардың бір типі. Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді.
Жасыл түсі — балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.
Губкалар типі үш класқа бөлінеді:
ізбесті Шынылы Кәдімгі губкалар
Губкалардың денесі 3 қабаттан тұрады.
1.Сыртқы қабаты (эктодермалық қабат) эпителий клеткаларынан; 2.Ішкі қабаты (энтодермалық қабат) – талшықты-жағалық немесе хоаноцит клеткаларынан тұрады;
3.Аралық қабат – кілегей тәрізді болады. (Колленциттер)
Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары жақсы дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, тірек қызметін орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да құрайды.
Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден кұралған. Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше скелет түзуші клеткалардан — склеробластардан дамиды.
Көбеюі және дамуы Жыныссыз көбею
Жынысты көбею
Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы губканың құрылысына ұқсас. Ол өсе келе аналық губканың денесінен бөлініп, субстратқа бекініп жеке тіршілік ете бастайды.Көп жағдайда бүршіктер денеден үзілмей, анальқпен қарымқатынасын сақтап — колония түзеді.
Жынысты жолмен барлык губкалар көбейеді.
Губкалардың басым көпшілігі гермафродиттер.
Жыныс клеткалары мезоглея қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады. Аталық гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сыртқы су ортасына
шығады.
Ішекқуыстылар ( лат. Coelenterata) – нағыз көп жасушалылардың (клеткалылар) бір типі. Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасады, олар ересек дарабастарында айқын сақталып, эктодерма және эндотерма қабаттарын құрайды.
Ішекуыстылардың құрылысы
1.Сыртқы қабаты ( эктодерма) 2.Ішкі қабаты ( энтодерма) 3.Ішкі қуысы
4.Ауыз тесігі
Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйедегі жүйке жүйелерінен жүйке түйіндері түзіледі. Мұндай жүйені ең алғаш ішекқуыстылардан ғана кездестіреміз.
1- тапсырма Аралық қабат, кәдімгі губкалар, табақшатәріздестер, жүйке жүйесі, денесі 2 қабатты, денесі 3 қабатты, колленциттер, ізбесті, гидратәріздестер, шынылы, ішек қуысы,медузалар осы сөздерді кестемен сәйкестендіріңіз.
Губкалар типі
Ішекқуыстылар типі
Аралық қабат, кәдімгі губкалар, денесі 3 қабатты, шынылы, ізбесті, колленциттер.
Табақшатәріздестер, жүйке жүйесі, денесі 2 қабатты, гидратәріздестер, ішек қуысы, медузалар
2-тапсырма. Астындағы сөздерді орнына қойыңыз.
1.Губкалар – бір типі.Олар заттарға бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі селбесіп тіршілік етуіне байланысты. Губкалардың басым көпшілігінде жақсы дамыған. Олар
қабатында орналасып, дене пішінінің, қызметін орындап, жүйесінің қабырғасын да құрайды. Минералды қаңқа деп аталатын инелерден кұралған.
Ішекқуыстылар - нағыз бір типі. Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі
дамуы барысында тек екі қалыптасады, олар ересек дарабастарында айқын сақталған. Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, бар. Жүйедегі жүйке жүйелерінен түзіледі.
Балдырлармен, спикула, жүйке жүйесі, мезоглея, жүйке түйінділері, саңылаулар, табаншасымен, тірек, омырқасыздардың, ұрық жапырақшалары, көп жасушалылардың, қаңқалары, онтогенездік,
омыртқасыздардың
табанымен
балдырлармен
қаңқалары
тірек
саңылаулар
спикула
көп жасушалылардың
онтогенездік
ұрық жапырақшалары
жүйке жүйесі
жүйке түйінділері
мезоглея