Гуианигарлық серия серия Гуманитарных наук 87



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі185,81 Kb.
#9633

Ш ЖЩ рИкШ Ы 

[ііш ш пнім ік

 

ІГЯІГУ


ГУИАНИГАРЛЫҚ 

СЕРИЯ


серия 

Гуманитарных наук

87

оқырман  оқып  зерделенсін  деген  мақсатпен  жинаған 

қүжаттарымның шетімен таныстырдым.

ү

УДК 929.522(574)

УАҚТАР  ШЕЖІРЕСІ

Ж.Е.  Нұрахметова 

С.  Торайвыров  атындааы  Павлодар 

мемлекеттік университеті

В статье рассматриваются некоторые вопросы, связан- 

ные с шежире уаков.

Бул  маңалада  уақтар  шежіресіне  байланысты  кейбір 

мөселелер қарастырылады

1п  Іһе агіісіе аге оЬхетегі яоте диеяііопз,  соппесіесі \*’ііһ 

1)ак"5 зһегһіге.

Уақтар шежіресі толық зерттелмеген, көптеген сүрақ- 

тар  келіспеушілік  туғыздырады.  Мөселен,  ІАталардың 

шежіресі I бойынша [1] бірінші ата-Ғажам; екінші -  Анас

үшінші -  Зермардан; төртінші -Ғакаша; бесінші -  Мөлік, 

алтыншы -  Мағаз;жетінші -  Сағыл, яғни Сейіл. Бүдан екі 

бала:  бірінші  Аламан;  екінші -  Асан түқымынан  монғол 

халықгары тарайды  екен.  Аламанның үш баласы болған. 

Соның  екінші  оғылынан  -   Сейілхан,  одан  Алаш туады. 

Алаштың Сабиян  деген  баласынан екі  бала  болады.  Бірі 

Қарақалпақ; бүдан өзбек халқы таралады делінеді. Екінші 

оғлы -  Айырқалпақта екі баласы болады біріншісі Созақ, 

екіншісі Қазақ. Созақган - Қырғыз тарайды. Қазақтан үш 

бала болады. Біріншісі Ақарыс. Мүны Үлы жүз деп атап- 

ты, басқаша айтылмаған делінеді.  Қазақтың екінші оғлы 

Бекарыстан.Үшінші оғлы -  Жанарыс. Мұны Кіші жүз деп



88

Вестиик ПГУ М 4,2007

атапты.  Қанжығалы  шежіресінің  мәлімдемесі  бойынша

[4]. Қазақтан үшеу туады: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс.О- 

ларды  Байшора,  Жаншора,  Қарашора  деп  те  атайды. 

Ақарыстың ұрпақтары  12 тайпадан 40 таңбалы Үлы жүз 

бірлестігін  құрған.  Ал  қазақгың  ортаншы  ұлы  Жанары- 

сан жеті арыс ел тарайды. Бұл жеті арыс 32 таңбалы Орта 

жұз деп аталады. Бекарыстан 25 таңбалы Кіші жүз тарай- 

ды  делінеді.  Ал  Кіші  жүз  шежіресі  бойынша  [5].  Алаш 

қартайған  кезінде үш баласын шақырып,  барлық малын 

төргке бөліп еншісін бермек болады, алайда алдымен қой, 

түйені  бөлісіп  жылқыны  бөлісу  кезінде  балалары  өзара 

келіспей  қалады.  Дауласудан  шаршаған  үшеуі  әкесінің 

айтқанына көнбек болып алдына келеді.  СондаАлаш : 

Жүз жылқыны айдап салып күн шығысқа 

Айтыпты Ақарысқа алшы сен деп,

Шығарып Арқа бетке жүз жылқыны 

Беріпті Жанарысқа егелен деп.

Кенжесі Бекарысты қасына алып,

Жүз жылқыны беріпті ал деп сен түгендеп. 

Осылайша  таласқа  шек  қойған  Алаш  өрқайсысына 

үлесі мен батасын беріп, кенжесі “Үлкен шаңырақ” болғ- 

ан жөн деп кіші баласының қолында қалды делінеді.

Осының барлығын салыстыра келе сұрақтуады: Апаш 

Қазақтан ерте туды ма? Ерге туса шөбере болып келе ме? 

Осыған қоса бір [3] мөліметтерде Майқы биде Қазақ, Созақ, 

Үзақ деген үш ұл болған.Созақтан -  Қарақалпақгар, Үзақ- 

тан қыргыздар мен хақастар таралған. Келтірілген шежіре- 

де  алты  түркі  халқының  аты  аталады.  Әлемде  барлығы 

қырықтан аса түркі тілдес халық тұрады.

Генеологиялық аңыз бойынша,  Қазақтың үш баласы 

болыпты:  Ақарыс,  Жанарыс,  Бекарыс.  Қазақ  қартайған 

шағында ұлдарын жеке шаңырақтарға шығарып, мұрадан 

тиесілі  үлестерін  таратып  беретін  болған.Өзінде  қалған



серия 

Гумаіштарных наүк

89

үлесті  Қазақ  бөлінбейді  деп,  “қонақасы”атаған,  яғни  ол 

қонақтардың  үлесі  болған  деп  жазылған  Осыдан  Қазақ 

пен Алаштың үқсастығына  қарай,  олардың бір  адам  бо- 

лып шығуы  мүмкін бе?

Майқы би -ХП-ХШ ғасырларда өмір сүрген атақгы қазақ- 

тың биі, шешені. Абайдың айтуы бойынша, Майқы би Шың- 

ғыс ханның замандасы, оны хан көтеруші он екі бцдің бірі. [4] 

Үлы жүз шежіресінде Ақарыста Жүмабай (кей нүскадаТүмен- 

бай) деген  жалғыз ұлы болыпты,одан  Кейкі  би,  одан Төбей 

би туады.Төбейдің балалары: Майқы (кейінен Майқы би деп 

аталады) ,  Қоғам,  Мекіре,  Қойылдыр.  Майқыдан -Үйсін, 

Ойыл туады делінеді делінеді.  Ойсыл үрпағы -Сіргелі.

Қазбек бидің айтуымен Майқы дөуірі төңірегін өз ту- 

ысқандары -қазақтары қоршаған бейқүт заман болыпты. 

Арыстың Ақ балаларынан бала қалмаған. Ендігі Жан, Бек, 

Бал, Бол баларынан:

Жан деген  кісіден  Ар,  Қүн,  деген  екі  бала  болыпты- 

.Ардың Су, Ау, Қаз:  Құнның Шылап, Мас, Хат деген  ба- 

лалары болыпты. Қазіргі Арғын деп жүргеніміз -  осы екі 

ұлы адамның алты баласынан тараған  ұрпақ.

Бектен Алшын деген жалғыз ұл  қалыпты.  Одан  Бай, 

Дөй,  Жете,  Әлім.  Қазіргі  кіші  жүздер  -осы  төрт  ұлдың 

одаққа бөлінген тұқымы.

Болдан -Қып, Шақ, Қоң, Рат. Қыігган Осқы, Тор, Мал, 

ал Шақган Ер, Үр, Жие, Төк деген балалар больппы.

Балдан -  Уақ, Керей, Нау, Ман. Уақтан -  Нір, Ере. Қазіргі 

наймандар осы бес атаныңтұқымы. Бал мен Бол үрпақтары 

Ақ, Жан мен Бек тұқымына туыстығы бірдей болса да, кей- 

інірек Жан тұқымына бейімделіп, Орта жүз қосын қүрды.

Жоғарыда  Қазақтың  үш  баласы  болғаның  айтып  кег- 

кенбіз. Соның [3] органшысы -Жанарыс.  [1] Жанарысган- 

Алшын, Жаппас. Бекарыстан бірінші -  Ақган қожа; екінпгі -  

Қарақожа; үшінші -  Дайырқожа; төргіншісі -  Қосымқожа.



90

Вестник ПГУ ЛЬ4, 2007

Қосымқожадан: бірінші -Ошыбай, екінші -Жаубасар. 

Жаубасардан  -У ақ  тарайды  екен.  Ошыбайдан  -   Керей. 

Дайырқожадан  Қоңырат  еяі  тарайды.  Қарақожадан сан- 

сыз көп  Қыпшақ тарайды  екен.  Ақтанқожадан  - Ақжол. 

Ақжолдан -  Аргын;  Арғынның баласы -  Момын тарай- 

ды  деп  айтылады.  Бірақ та  кейбір мөліметтер  бойынша

[5] Баласы алтау дейді Жанарыстан, үлкені Момын қожа 

қойды  есімін.Төртіншісі  Қосымқожа  жалғасы  үшін, 

Қосымнан -  Жаубас, одан Керей, Уақ.

Мәшһүр шежіресінің өзге шежірелерден  өзгешелігі 

[6 ], ол өрбір аталарды  баяндағанда , сол аталардың өз 

түсында  болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ер- 

тегі- аңыздарды қоса айтады. Мөшһүр “Орта жүздің ата- 

лары  алты  қожа”  дей  түра,  неге  олай  аталуын  мына 

төмендегідей баяндайды: “қазақтың бір баласы Жан Ары- 

стың  үйіне  мейман  болып  тәшкенттік  алты  қожа  келе 

қалады.  Олардың  өдейі  іздеп  келдік  дегеніне  Жанарыс 

қуанып, зор қүрмет көрсетеді.  Соған риза болған қожа- 

лар “алты үлың болсын”деп бата береді де, артынан алты 

үлын  көрген  жан  арыс  бөріне  де:  “Қара,  Ақтамберді, 

Дара,  Момын,  Ысмайыл,  Қосым” деп,  ат  қояды.  [4.  19 

бет.]  Бөйбіше  баласы  Қарақожадан-Арғын  тарайды, 

Аққожадан -  Найман,  Ақтанқожадан  -  Қыпшақ,  Дара- 

қожадан -  Қоңырат. Тоқалдан туған Есімқожадан -  Ке- 

рей, Қасымқожадан -  Уақ тарайды деп баяндалады. Ал, 

жазушылар Ақселеу Сейдімбеков, Медеу Сөрсекеев жа- 

рия еткен шежірелерде Жанарыстан Қарақожаны туды- 

рады, Қарақожа үш әйел алған адам дейді. Бірінші өйелі 

Әлимадан Нүржан  атты  қыз, Тарақты  есімді ұл туады  . 

Екінші  әйелінен  Арғын,  Найман,  Қыпшақ  ,  Қоңырат 

туса керек. Үшінші өйелінен Керей мен Уақтуыпты-мыс 

дейді.  Орта жүзге жататын жеті арыс  елдің арғы  атала- 

рының есімдері әр шежіреде өртүрлі.



ІАрғыннның өрі  барсаң адасасың,

Ми жетпес көп дүниеге  шатасасың.

Ол кезде сенде жоқсын,  мен де жоқпын,

Несіне шежіреге талассасың?

Деген  екен  Орта жүздің  шежірешісі  Мөшһүр  Жүсіп 

Көпеев.


Тағы бір шежіре нұсқаларында [4.20-21 бет] Ү ш Ары- 

стың  ортаншысы  )Қанарыстан  Дана  би  туады,  оның  үш 

баласы: Қоянбай, Жарғақ жөне Тарғақ екен.  Қоянбайдан 

Сары  Керей,  Жарғақтан Қара  Керей, Тарғақтан  Уақ Ке- 

рей  тараған  деседі.  Келесі  бір  шежіреде Сары  Керейден 

Абақ жөне Ашымайлы Керейді таратады.  Енді бір шежі- 

реде  Найманның  бес  жасында  өкесі  өліп,  үлкен  атасы 

Сарының тізесінде отырыпты-мыс.

Еп арасында тараған  аңыз бойынша Уақгың анасы  ері 

Жаубасар қайтыс болған соң, ата жолымен оның ағасы  Ке- 

рейдің өкесі  Ойшыбайға тиеді. Сондықган да Уақ керейдің 

інісі болып есептеледі. Кейін олардыңүрпақгары да жайлауы 

ортақ, өрісі бір бсшып, көрші қонып, аралас-құралас жүреді.

Шежіре деректеріне қарағанда Уақ дүниеге келгенде 

денесі шағын болғандықтан Уақ аталып кеткен. Уақ дүни- 

еге келгенле денесі шағын болғандықтан Уақ аталып кет- 

кен.  Уақ тайпасы:  Шоға,  Сарман;  Байназар,  Сарыбағыс, 

Сіргелі,  Еренпгі,  Әлімбет,  Бидалы,  Жансары,  Баржақсы, 

Шөйкөз руларына  бөлінеді.  Мұның соңғы төргеуін таң- 

баларына байланысты ІЕргенекті уақ I атанған дейді. Қад- 

ірберді мен Ақ Орда өмірі Едіге арасындағы ұрыста ? Ир 

Кукча, батырь татарский, велик суще телом и силой? ер- 

лікпен  қаза тапқаны айтылады.

Жазушы-академик  С.Мұқанов  Уақ  туралы  былай 

өңгімелейді:? Біздің жыл санауымыздан бұрын өмір сүрген 

Қаңпы хандығының замманында одан жаппа шеккен Уақ 

руынан қалды деген мынандай өлең бар:

ссрия 


Гумашіпшрііых наук 

91


92

Вестник ПГУМ4, 2007

Қаңлыдан алтау келді деп,

Уаққа зорлық қылмаңыз.

Уаққа зорлық қылсаңыз,

Буырылғыға көшсе жат болар,

Қылыш шапса мерт қылар.

Орта  жүз  құрамындағы  тайпалардың  бірі  -   Уақтан 

тараған ұрпақ онша көп емес. ХҮШ ғасырдың жетпісінші 

жылдары Уақ тайпасы Ресейге қосылғанда ондағы ер аза- 

маттар саны бес мыңдай екен. Ал, XIX ғасырдың бірінші 

жартысында Орта жүздегі Уақтар алты жүздей шаңыраққа 

жетіпті. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде тек Павло- 

дар уезінің Тереңкөл болысындағы Уақтар бір мың төрт 

жүздей шаңырақ саналыпты.

Біздің  бүл  шежіреде  тарататынымыз  Уақтың  осы 

өңірдегі  қоныстанған аталары.

Шежірешілер Уақ аталарының бірі ретінде [6. 381 бет.] 

XIV, XV ғасырларда өмір сүрген атақты халық батырлары 

Еркөкше мен оның баласы Ерқосайды атайды. Бұл екі ба- 

тыр туралы қисса дастандар жазылған. Бұл батырлардан 

Уақтың Сіргелі, Еренші, Сарман, Байназар, Шоға, Бүйда- 

лы,  Жансары.  Баржақсы,  Шайкөз т.б.  атиалары  тарайды. 

Бүлардың соңғы төртеуі Ергенекті Уақ деп аталады.

Орта  жүз  тайпапарының  танбалары:  көз  (екі  бүйірі 

біріккен қос дөңгелек 

0)- 

Арғындардың, қос өліп (тік қос 

сызық || ) -  Қыпшақтардің,  босаға (П -өріпіне ұқсайды)- 

Қоңыраттардың,  тік  қосылған  сызықтар-  Керейлердің, 

тарақ -  Тарақтылардың,  бақан,  ашамай  -Уақтардың,ба- 

қан, босаға,  шөміш -  Наймандардың ру тайпалық белгі- 

лері  деп  саналады,  Найман тайпасының ішіндегі  рулар- 

дың таңдалары:  Қаракерейдікі -  мүйіз, Матайдікі -  бері, 

Қаптағайдікі -босаға, бөрі. Сарыжомарттікі -  ергенек (Н- 

өріпіне  ұқсайды),  Бағаналынікі  -   бақан,  Балталынікі  -  

балта.


серия 

Гумапитарных наук

93

Орта жүз тайпаларының жауынгерлік үрандары:  Ар- 

ғындікі  -ІАқжолІ, Наймандікі  -  ІҚаптағайІ,  Қыпшақтікі  - 

ІойбасІ,  Қоңыраттікі  -  ІАлатауІ,Керейдікі  -  ЮшыбайІ, 

Уақтыкі- 1ЖаубасарІ,Тарақтынікі -  ІЖауқашар. I

Осылайша, біз қазақтың Уақ деген тайпасының шеж- 

іресіне  қысқаша  шолу  жасадық.  Мені  бүл  тақырыптың 

қызықгыруыныңтағы бірсебебі мен өзім деУақпын, оның 

ішінде Шоғамын,  оның  ішінде  Кенжеғара.  Жалпы  өрбір 

қазақ өзінің руын  білу  міндет,  өйткені  өрбір адам  өзінің 

шыққан  тегін  білмесе  ол  қазақ  айтқандай  “жеті  атасын 

білмеген жетесіз” болады.

Сондықтан,  біздің,  жас  үрпақты ң  міндетіміз  -  өз 

еліміздің  тарихын,  оны  мекендеген  ру-тайпларадың  ор- 

наласуын, этникалық құрылымын оқып-білу. Мөселе тай- 

па-тайпаға  бөліну  емес,  керісінше,  қазақгардың  үлттық 

намысын,  рухын  күшейтуде.

ӘДЕБИЕТ


1.  Д.  Шопанүлы  Жөдігер:  Мақалалар,  шежіре,  ауыз 

өдебиетінің үлгілері. Алматы:  Информ-А 2003, б. 23.

2. Маданов X. Кіші жүз шежіресі Алматы  1994, б.  14-15.

3. Павлодар өңірі тарихы туралы очерктер. Павлодар 

ЭКО: 2004, б. 64.

4.  Қанжығалы  шежіресі.  Еңсебаев  Т.А.  Павлодар: 

ЭКО 2004, б. 7-8,19, 20-21, 30-31.

5. Шежіре қазақтың рутайпалық құрылысы. Алматы: 

Рауан  1994, б 46-47

6.  Қазақ  қауымы:  тарихтық  жөне  этнографиялық 

шолу. Алматы: Ана тілі,  1995, б 20.

7.  Жаманбалиев  М.  Әйгілі  аудан  Ертісім.  Павло- 



дар,1998,. б. 381.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет