Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі275,7 Kb.
#148

Ш ЖЩ рИкШ Ы 

[ііш ш пнім ік

 

ІГЯІГУ


ГУИАНИГАРЛЫҚ 

СЕРИЯ


серия 

I'уманитирпых паүк

31

УДК 94 (574.25)



СЕМЕЙ  ОБЛЫСЫ,  ПАВЛОДАР  УЕЗІНЕ 

ҚАТЫСТЫ  1916  ЖЫЛҒЫ  ҰЛТ-АЗАТТЫҚ 

КӨТЕРІЛІСТІҢ  АЛҒЫШАРТТАРЫ  МЕН 

СИПАТЫ

Ә.Қ.  Елемесоө 

Павлодарский  государственный 

университет  им.

  С. 


Торайгырова

В данной стапіье даются сведения об восстаний очагах 

крестьям Павлодарского уезда, которые быяи против Імиро- 

вой войны, а также нротив «июньского» указа 1916 года «об 

инородцах».

Атаулы мақалада Патшаныц Ід.ж.. согысқа және 1916 ж.

«маусым» жарлыгы бойынша буратана халықты крра жумы- 

сқа алуга қарсы Павлодар уезіне қатысты шаруалардың көтер- 

ілістері мен ошақтары жөнінде мәліметтер беріледі

Іп Іһіх аііісіе аге діуеп таіегіаіх аһоиі иргізіп% ап(і сепігез 

о / 


РаУІоеІаг иуегіі реазаШз,  ү/һо  ү/еге ацаіпхі  ІУогМ  Фаг I, ах 

у/еіі а$  'Жпе ’ Аесгее о / 1916 уеаг аЬоиі  '/отцнегз ‘.

X X   ғасырдың I   жартысы  қазақ  халқының  ауыртпа- 

шылық  кезеңдерді  басынан  кешіп,  бостандық,  азаттық 

үшін  ботадай  боздап  келген  аумалы-төкпелі  уақытпен 

алмасып отырды. Солардың бірі 1916 жылғы үлт-азаттық 

көтеріліс. Басты себептерініңбірі - Ресей самодержавиесі 

бүған дейін халқымызды I  жарым ғасырдан астам қолас- 

тына бодандық, қалаберді отаршылдық қыспағына алға- 

нымен қоймай, озбырлық өрекетінің өрістей түсуі.

1914 ж.  1 тамызда басталған бірінші дүние жүзіліксо- 

ғыс барысында, ер азаматтарды бірінен соң бірін әскер қата- 

рына немесе тыл жүмыстарына мобилизациялау кесірінен

32

Веспишк ПГУМ4.2007

ауыл  шаруашылығы  жұтап, тез арада  егістік  жерлердің 

көлемі қысқарады. Онымен қоса бар қалған шұрайлы жер- 

лерінен қазақтарды ығыстырып, өзге ұлт өкілдеріне үлест- 

іру де жалғасын тауып жатты. Соғыс ауыртпалықтарының 

Қазақстанда жумысшы және шаруалар қозғалысының өрле- 

уінетүргкі болып, соғысқа, қымбатшылыққа жөне жақын- 

дап келе жатқан ашаршылыққа қарсы шығуына себеп бол- 

ДЫ.


Осындай өңірлердің бірі Далалық генерал-губернатор- 

лығына  қарасты  Семей  облысының,  Павлодар уезіндегі 

көтеріліс ошақтары. Көтеріліс болған аймақтарды көбінесе 

Семей  облысы  мен Омбы  генерал-губернаторлығы  ара- 

сындағы  жүргізілген  іс-қағаздар  (баяндама,  жеделхат, 

анықтама т.б.) арқылы білеміз.

1914 жылдың  14 сәучрінде Семей облысының согыс- 

губернаторы  Чернцоетың  Омбы  орталыгына жіберген 

баяндамасында: «Далалық генерал-губернаторына қаты- 

сты Павлодар уездінің Далба болысында қазақтар, уездік 

өкімшілікке қарсы шабуыл жасап, қару-жарақтарын тар- 

тып алып жатыр. Ең белсенділік танытқан Екібастұздық 

жөне Екібастұз-Ермак темір жол жұмысшыларының ере- 

уілдері  болды.  Жұмысшылардың мұндай  өрекеттеріне 

қарсы оларды жұмыстан босатып, дөрекілік жөне көтері- 

ліске  қатысқаны  үшін,  олардың  құжаттарында 

«құрметсіздік» атты белгі-жазумен таңбалап отырмыз» деп 

жеткізеді. Бұл жерден біз Қазақстанның өзге де аймақта- 

рындағыдай  еңбекшілер  мүддесінің  ескерілмей,  жұмыс 

уақытының ұзартылып,  өлеуметтік  езгінің күшейгенін 

байқауға болады [1, 242 б).

Екібастұз кені штерінің еңбекшілер ереуілі 1915 жылғы 

маусым айына дейін жалғасын тапқан болатын [2,142 б].

Көтерілістің  шығуының  басты  себебі  өлеуметтік- 

экономикалық  жөне  саяси  сипаттағы  факторлар  еді.

Қазақстан тарихы очеріктеріндесол кезеңге байланыс- 

ты:  «1916  ж.  ортасына  таман  қазақ  халқынан  тартып 

алынған  жерлердің  көлемі  45  млн.  десятинаға  жетті. 

Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың жөне басқа ма- 

териалдық байлықтардың орасан  зор мөлшерін жүтып 

жатты» деп жазылуы, шынында мөселе төңірегі шегіне 

жеткенін көрсетеді  [3, 288 б].

Патшалық Ресейдің саясаты мен оның жақгастарының 

жүргізіп отырған айла-амалдарына, қарапайым шаруа ха- 

лықтың  ашу-наразылығы  1916  жылғы  25  маусымдағы 

«Патша жарлығына» сай ушыға түсті.  Жарлық бойынша 

қарапайым  бұратана  халық  ішінен  19  бен  43  жас  аралы- 

ғындағы ер-азаматтарды қара жұмысқа алу белгіленді.

Дала өлкесінің генерал губернаторы Сухомлинов ма- 

усым  айында  патша  жарлығы  қабылданысымен  Семей, 

Өскемен, Павлодар қалаларынан мобилизациялық шақы- 

ру пунктерін ашты [4 ,2 б].

Ер азаматтарды қара жүмысқа шақыру жарлығы шық- 

қан соң, артын ала Өскемен уезінде, кейін қазақ ауылда- 

ры  қоныстанған аймақтарда кең түрде көтерілістер етек 

алды. Атап айтсақ Зайсан, Өскемен, Қарқаралы жөне Се- 

мей  облысы, Ақмола жөне Атбасар облыстары,  Том  гу- 

берниясы, Бииск уезі, Қос-Ағаш ауданындағы толқулар.

Тамыз айында Далалық генерал-губернаторлықта, сол 

уақытта Семей облысы бойынша уездер (Семей, Өскемен, 

Қарқаралы,  Бұхтырма,  Зайсан,  Павлодар)  19 бен  31  жас 

аралығындағы қазақ азаматтарынан 85479 адам алынуға 

тиісті  болса,  күзге қарай осы  тізімнің аз ғана  бөлігі  1/3, 

шақырылып, қалғандары мойын ұсынбады  [5,40 б].

1 9 1 6   ж ы л г ы   18  шілдеде  Семей  согыс  губерна торы  

Ф .Ф .Ч е р н ц о в т ы ң   далалық  генерал-губернаторы  (Омбы 

қ .)Н .А .  Сухомлиновке к ө те р іліс тің  бастамасы ж ө н ін д е гі 

ж е д е лх а ты н д а :

 «Қарқаралы мен Павлодар уездерін ара-

34

Веспшнк ПГУ ЛМ, 2007

ллғанда 

ачггш 

әсерім  мен телеграф арқылы түсіп жатқан 

хабарлар бойынша жалпы жағдай мынадай деп хабарлау- 

ды  міндет санаймын:  барлық  қырғыз халқының толқуы 

күшті, өсіресе облыстың оңтүстік жөне шығыс жақтарын- 

да  белен  алуда.  Мұның  арты  немен  тынарын  болжау 

қиындау.  Жоғарғы  шенеуніктер  мен  кей  ақсақалдар 

көтерілісті болдырмауын түсініп жоғарғы үкіметке бағы- 

нуға шақырғанымен, бірақ көп жағдайда бұхара халыққа 

бұлардың күші жеткіліксіз» деп, көтеріл ісшілерді жабайы, 

өрі тұрпайы іс-әрекеттерімен жеткізеді. Тез арада шаруа 

казак  қоныстарының  қауіпсіздігі  үшін  арнайы  шаралар 

қолданып, әр аймақта казак әскери бөлімдерінің құрылу- 

ын  сұрай  келе Семей  облысының сол  сәттегі  жағдайын 

қысқаша баян етеді: «Бүған дейін Зайсан уезінің шекара- 

сында жөне қаланың өзінде жасақ бөлімшелері бар жөне 

олар өз орындарында қалуын нақты сұраймын. Өскемен- 

дегі  көтеріліске  жартыжүздік  Семейден  шыққан  болса, 

жартысы қалдырылды. Ендігі кезекте жолға шыққан жар- 

тыжүздік  әскерилерді  Қарқаралыға  аттандырып,  жар- 

тыжүзін мүмкіндік болса Павлодарда қалуын сұраймын. 

Егерде жасақтар орыс қоныстарының қауіпсіздігіне қажет 

болмаған күннің өзінде, жергілікті басшылар мен дөрігер- 

лердің жеке  басының  қауіпсіздігі  үшін  қажет  деп  таба- 

мын» дегендей орыс шаруаларының қауіпсіздігін ескеруді 

жіті қадағалайды [6, 550 б].

1916  жылы тамыз айының аяғы  мен  қыркүйек айы- 

ның  15  күні аралығындағы Омск өскери округінің штаб 

бастығы  А.А.Таубенің  көтеріліс  барысын  Семей  жөне 

Ақмола облыстарында 7 шілде мен 6 қыркүйек аралығын 

қамтыған анықтамада:

«Тыл жұмыстарына шақыру жөнінде жоғарыдан үкім 

29 маусымда келіп түсті. Қара жұмысқа шақырылғандар 

ішінен көп бөлігі Семей жөне Ақмола облыстарынан бол-

ды. Осы аймақтарда көтеріліс бола қалған жагдайда, оны 

басу үшін патша өскерилерінің ара қашықтары едәуір алыс 

еді. Осы мақсатта қазақтар арасында бірге өмір сүріп келе 

жатқан  казак  жасақтарын  пайдалану  көзделді»  деп 

жеткізді.  Орыс  халқын  қазақ  көтерілісшілерінен  қоргап 

қарсылық көрсететіндер  қатары  негізінен Сібір казакта- 

рынан түрганды.  Ауылдық  елді-мекендердегі  көтеріліс- 

шілерді басып жаныпггау үшін  жер-жерде казак  өскери- 

лерінен  жүздіктер  құрылса,  осындай  жүздіктер  қатары 

Көкпекті, Қарқаралы, Баянауыл, Павлодар, Ақмола жөне 

Атбасарда жасақталынады [5,490 б].

Ақмола,  Семей  облыстарындагы  көтерілісшілерге 

қарсы генерал Ягодкин басқарған 2 атты жүздік, күшейт- 

ілген II  жаяу өскер ротасы жіберілді [7, 242 б].

Жүздіктердің қүрылуының арқасында қазына шығы- 

ны  едәуір  азайды.  Себебі  алыстан  әскер  жинап  өкеліп 

орналастыру  біршама  қиындық  туғызатыны  хақ. 

Жергілікті жүздіктерден алынған казактар әскер қүрамы- 

на шығынсыз еңгізілді [5,492 б].

1916 ж.  шілденің  19-да Далалық өлкенің генерал-гу- 

бернаторы  Сухомлинов  көтеріліске  қатысқандардың  іс- 

қағаздарын өскери сотқа өткізіп және оларды өлім жаза- 

сына кесуді хабарлайды. Колониялды өкімет үлттың жо- 

ғарғы табын өз жақтарына қарату үшін мобилизациядан 

болыстық, селолық жөне ауылдық басшылар, атқамінер- 

лер, молла, имам, бай, кіші полейцейлік шендердің адам- 

дарын босатуды көздеді.

Мобилизация барысында болыс басқарушылары ша- 

руа халықты еш бақылаусыз тізімін саудаға салып, халық- 

тың наразылығын өршіте түсті [4,41 б].

Қазақ арасында ол кезде тууы туралы куөлік болмай- 

тын, баланың туған уақыты тіркелмейтін. Мүның өзі бай- 

лар  мен  болыстардың  басқа  да  қызмет  орындарының

серия 


Гүманшнарных наүк

 

35



36

Вестник ПГУ УЫ, 2007

төртіпті бұзып, халыққа жәбір жасауына соқтырды. Олар 

пара алып, бай балаларын солдатқа алудан босаггып, олар- 

дың орнына  кедейлердің жасы  жетпейтін  балалары  мен 

жасы асқан көрілерін салып жіберді. Сонымен қатар бай- 

лар өздерінің балалары мен жақын тумаларының орнына 

кедейлерді  жалдап алуға ерікті болды.  [5, 499 б.]  Мөсе- 

лен,  60  жастағы  кедей  шалдары  30  жаста  болып,  25-30 

жастағы  бай  балалары  50 жастағы  болып жазылады.  [8, 

266 б.] 26 шілдедеСемейдің соғыс губернаторы Ф.Ф. Чер- 

нцовтың  Омбығы  жіберген  жеделхатының  бірінде  Пав- 

лодар уездінің Мұздыкөл болысында қазақтар хатшыны 

соққыға алып, тізімді жоюды сұрағаны жөнініде баянда- 

ма алғанын жазады [5, 553 б].

Қазақ еңбекшілерінің ашу-ызалы толқуы өздерін қана- 

ушыларға  қарсы  көтеріліске  ұласты.  Қолына  не тұссе, 

сонымен қаруланған ызалы халық патша өкімдерімен бо- 

лыстарға, старшиналар мен стражниктерге қарсы тұрды. 

Көтерілісшілер  әсіресе  жек  көрінішті  болған  шенеунік- 

тердің  үйлерін,  болыс  кеңселерін  өртеп,  іс  қағаздарын, 

солдатқа алынғандарын тізімін жойып жіберді. Мысалы, 

шілде айының өзінде-ақ Павлодар уезінің Ақмола уезімен 

шектес екі болысында көтеріліс бұрқ етті. Ақкөл болысы- 

ның көтерілісші қазақтары 1916 жылы тамызда болыс ке- 

ңесінің іс-қағаздары мен тізімді жойып жіберіп, болысты 

оның  писарі  мен  старжникті  тұтқынға  алған.  Көтеріліс 

сарыны  ел  ішінде  кең  қанат жайды.  Тамыз  айының  бас 

кезінде  Осипов  купецтің тұз  кәсіпшілігі  жұмысын  тоқ- 

татты. Баянауыл ауданы территориясындағы гидротехни- 

калық ұжымның жұмысшы қазақтары, Екібастұз бен Май- 

қайынның кеншілері де үн қосты.  [4, 2 6 .]

Қара жүмысқа алу қатары кейінге шегерілсе де, осы- 

ған  қарама-қайшы  көтеріліс  толқулары  өрі  өрши  түсті: 

көтерілісшілердің талабына сөйкес  25  маусымдағы  пат-

ша жарлығы өз күшін жою керек болды.  Зайсан өңірінің 

уезд басшысының айтуы  бойынша:  «Еш  бір  қазақ көзге 

түспеді,  барлық  шақырылғандар  тығылып  немесе 

Қытайға көшіп жатыр Баянауылдықтар Павлодар уезіне 

қарай ағылуда».

Павлодар уезінде қазақтар тұзды кемеге артуды тоқ- 

татқандықтан Том жөнеТобыл губерннялары тұзсыз қалу 

қауіпі  бар.  Сонымен  қатар  гидротехникалық  жұмыстар 

Баянауыл ауданында тоқтатылады. [5,499 б.]

Патша үкіметі көтерілісті басудың жедел шараларын 

қарастырды.  Сол  жылдың  20  тамызында  жазаланушы 

жүздік құру үшін Омбыдан жасауыл Щестаков келді. Пат- 

ша үкіметі шын берілген казак таңдауларынан құрылған 

жазалаушылардың  кешікпей  жергілікті  халық  күшімен 

қақгығысуына тура келді.

19 16 ж ы л ы  қыркүйектің 25

 -  

де Омск өскери округінің 

ш та б  басшысы  А.А.Таубенің  Семей  ж әне Ақмола  облы- 

сындагы  көпгерілістің  даму ж о нінд е  генерал  ш т а б  бас- 

шысы П .И . Аерьяновңа ж ібер ген теллеграммасы:

Омскіден Петроградқа

Осы хатта жазылғандай Павлодар уезінде Семей  об- 

лыстық қазақгардың толқулары күшейді, Баянауылға жібе- 

рілгендер қазақтармен қоршалып сандары шамамен 4 мың 

шамасында.

50 шақгысына 5 рет оқ атуға тура келді. Ішінде жара- 

ланғандары бар, бірақ олардың санын біле алмадық. Бая- 

науыл төңірегінде қырғыздар (қазақтар) орманды өртеу- 

де, Баянауылда тағы да 50 адам жинауға тура келді [сон- 

да, 497 б].

Қыркүйек  айында  1916  ж.  Хасен  Ташенов  және 

Әшірбек Шодарбаевтардың басшылығымен 200 далалық- 

тар Павлодар уезінің, Ақкелін болысындағы Шорманов- 

тар ауылының 4 мың бас жылқы үйірлеріне шабуыл жа-

серия 


Гүманипшрных наүк

 

37



38

Вестннк ПГУЛІ/4,2007

сады. Павлодар уезінің 5 учаскесі бойынша Шорманов өз 

рапортында  шаруа  басшысына  былай  деп  хабарлады: 

«Мен  өз  дүниеме  қауіп  төніп тұрғанға  аландаудамын, 

көшпелі  халықтың  көңіл-күйі  нашар,  менің  жұмыскер- 

лерім бөрі кетіп қалды. Мен тіпті жүмыскерлерсіз қалып, 

қазіргі таңда мап басы белгісіз қырғыз-қазақтардың талан- 

таражына түсіп жатыр».  [5,40 б.]

Савиновтың  мақаласында  бүл  уақиға  былай деп  ба- 

яндалады:  1916  жылғы  17  қыркүйекте уездегі  ықпалды 

байлардың бірі Нүркеш Шорманов уездік басқармаға бы- 

лай деп хабарлады:  17 қыркүйек күні сойыл, шоқпармен 

қаруланған  екі  жүздей  адам,  бірінші,  төртінші  ауыл 

тұрғындары Хасен Тасжановтың, Әшірбек Чоларбаевтың, 

Жақия  Жанғожайұлының,  Көкі  Кереевтің,  Жөнәбіл  Ба- 

қаевтың, Сасынай Досбековтың, Жұмабек Айнабековтың 

бастауымен Садуақас, Жөміл, Қабыш, Аспандияр, Зында 

Шормановтар жылқысына тиіп,  төрт  мыңдай  жылқыны 

айдап  кетті.  Осыны  хабарлай  отырып,  сізден  жағдайды 

Семей губернаторына хабарлап, бұдан былай Шорманов- 

тар мүлкіне шабуыл жасауды тоқгатуды сұраймын. Егер 

дер кезінде қатаң жаза қолданбаса өзіңіз басқарып отырғ- 

ан  участоктағы  болыстар  мен  көрші  ауылдарда  жаппай 

талан-тараж басталып кетуі мүмкін. [2, 2 б.]

Павлодар  уезінің  Қызылтау  болысында  Ағыбай 

Көкібаев  басшылығымен  80  жігітті  Торғай  өңірінде 

бірлесіп шабуыл жасауға жөне бірігіп күрес жүргізуе ат- 

тандырмақшы болды. Бірақ оның жасақтарына сол арада, 

Павлодардан келген жазалаушы отряд көтеріліске қатыс- 

пақшы ақкеліндіктерді таратып жіберіп, бірнеше жігіттерін 

өлтіреді [4,40 б].

21  қыркүйек пен 3 қазанда жазалаушы отрядтармен 

қанды  ұрыс  Алабас  елді  мекенінде  жөне  ірі  қақтығыс- 

тар  Қаратор  елді-мекенінде  болды.  Кейін  қыркүйектің

29 -да  көтеріліс  Ақкелін, Далба  болыстарында  жалғас- 

ты.  Савиновтың  аудармасында:  «Садуақас  Шорманов- 

тың үйіне түскі  уақытта жеке-жеке топ  болып  шабуыл 

жасады. Бір тобы шамасы  1500 -  дей адам Ащы өзеннен 

өтіп,  Шорманов  үйінің  батыс  жағына  екі  шакырымдай 

жерге жайғасты. Екінші топ шығыс жақтағы биік төбеге 

жиналды, үшінші топ  оңтүстік батысқа Садуақас  Шор- 

мановтың екі қыстауын паналай орналасты. Төртінші топ 

Шормановтар  бейіті  жағынан  қалың  жылқыны  алдына 

айдап жылжып келеді.  Сағат үштің шамасында қылыш, 

мылтықтан,  айбалта  шоқпар,  сойылмен  қаруланған  екі 

жақ қатардағы  топтар  шашырай  жайылып,  Шорманов- 

тың үйіне лап  қойды.  Прапоршик Чукреевтің команда- 

сымен бірнеше қайтарып оқ атылғаннан кейін Оңтүстік 

Шығыс жақгағы топ жаралылары мен өлгендерінің алып 

кейін серпілді.  Осыдан кейін алдына жылқы салып келе 

жатқан солтүстік шығыс жаққа оқ жаудырылды. Тоғыз 

адам, бес жылқы өлді.  Бұдан кейін шабуылшылар кейін 

шегінді.  Шорманов усадьбасының  алды,  артына  бекін- 

гендерге оқ атылып, шабуыл тойтарды. Көтеріліс күшпен 

басылғаннан кейін жазалаушылар отряды белсене қаты- 

сқандарды  тұтқындап,  қазақтарды  майданның  қара 

жұмысына  жөнелтумен  шұғылданды.  Бұл  іске  байлар, 

билер мен молдалар көп көмек көрсетті. Шорман тұқы- 

мының байлары әсіресе белсенділік көрсетті. Солардың 

айтуымен  Ақ  келін,  Далба,  Баянауыл  болыстарының 

көтеріліс басшыларының көбі тұтқындалды».

Қазақгардың қару-жарақтарынан айбалта, кейбіреуі- 

нде аң аулайтын немесе бердан жүйесіндегі мылтық қару- 

лары болды [2 ,2 б].

Көтерілісшілер қолбасшысын қазақ-жасақтары арасы- 

нан  өздері  сайлайды.  Олардың  кейбіреуі  ұсталғанымен 

кейбіреуі қашып үлгерген [5,493 б].

серия 


Гуманитарных наук

 

39



40

ВестмнкІІГУЛМ, 2007

Жалпы  саны Қазақстанда 40000 адам  мобилизация- 

лауға ұшырады. Бір ғана Павлодар уезінде шамамен 4 мың 

қазақтар көтеріліске қатысты. [4, 41  б.] Қазақ халқының 

осындай реакциялық өрекеттері С.Мұқановтың «Ботагөз» 

романында орын алған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс 

жеңіліс  тапқанымен,  патша жарлығының  орындалуына 

кедергі болды. Кереку-Баян өңірініңсол кезеңдегі шиеле- 

ністері таптық қайшылықтармен ұштасып сипатталынды. 

Азамат соғысы жылдары шаруалар күресі Кеңес үкіметі 

жағында өрі қарай жалғасаты.

«Күрделі оқиға жөне белгілі бір ретте қайшылықты 

болған Қазақстандағы 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының 

ұлт-азаттық қозғалыстар жылнамасының жарқын пара- 

қтарының бірі. Ол әлемдік империалистік соғыстың ши- 

еленіскен уақытында, Ресейде шаруалар мен жұмысшы- 

лар  қозғалысының  белең  алған  уақытында  өтті»  -  деп 

Ж.О.Артықбаев өз еңбегінде түйінге қосады [9,117 б].

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мария Тереник. Павлодар: это нашей истории стро- 

ки. Часть 

1. (1720-1945 



гг.)2-е издание. -  Павлодар. НПФ 

«ЭКО», 

2001  Г.-292 



с.

2.

 Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. -  Адматы: 



Қазақстан, 

1994,192 



б.

3.  Қазақстан тарихы  көне заманнан  бүгінге дейін. 

(Очерк) Алматы «Дөуір» баспасы. 1994. 446 б.

4.

 Савинов О. Хапық қаһары. // Қызыл ту. №2,1970 ж.



5. Шевченко С. Очерки истории Павлодарского При- 

иргышья. Часгь-П. XX -  век. Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 

2000 г. -  240 ст.

6.

 Восстание 

1916 


года в средней Азии  и Казахстана. 

Сборник  документов.  Издательства  Академии  Наук 

СССР., Москва, 

1960 


г. 

560 


ст.

ссрия 

Гүмапитарных паук

41

7.  М.А.  Асылбеков,  Қ.  Алдабергенов.  X IX   ғасырдың 



екінші жаргысы мен X X  ғасыр басында Ресей империясы- 

ның Қазақстанда жүргізген  отарлау саясатының зардапта- 

ры. Павлодар: «У нверситет баспа оргалығы», 2003 -  369 бет.

8.  Ибрагимов  Ж.  1916  ж.  Үлт-азаттық  қозғалысы: 

(Хандық билік мәселесі.) // Ақиқат -  1999, №9, - 87 б.

9. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (90 сұрақ жөне 

жауап). Астана, 2004. -  147 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет