Организация противоэпидемиологических мероприятий в очагах



жүктеу 385.49 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.12.2016
өлшемі385.49 Kb.

УДК

 637.07.574.21 



 

ОРГАНИЗАЦИЯ ПРОТИВОЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИХ МЕРОПРИЯТИЙ В ОЧАГАХ       

БЕШЕНСТВА В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

 

 

Ибрагимов  П.Ш.  –

 

д.в.н.,  профессор,  генеральный  директор



Республиканская  ветеринарная 

лаборатория

 

Туякова  Р.К.  –

 

к.в.н.,  доцент  кафедры  ветеринарной  санитарии,  Костанайский 

государственный университет им. А. Байтурсынова

 

Мусатова  Д.У.

  - 

магистрант,  Костанайский  государственный  университет  им.  А. 

Байтурсынова

 

Нургалиева  Д.Т.

 



 

студент,  Костанайский  государственный  университет  им.  А. 

Байтурсынова

 

 

В  статье  рассмотрена  эпизоотическая  и  эпидемиологическая  ситуация  по  бешенству. 

Современная  ситуация  в  Казахстане  по  бешенству  –

 

это,  в  основном,  эпизоотия  природного 

типа.  Заболеваемость  животных  бешенством  характеризуется  периодичностью,  с  подъемом

 

через  3  года.  С  2006  по  2011  год  лабораторно  подтверждено  171  случай  бешенства  среди 

животных.  Заболеваемость  бешенством  среди  животных  распределялась  следующим  образом: 

сельскохозяйственные животные –

 

32,16%, дикие животные –

 

16,9%, собаки –

 

44,5%, кошки

 



 5,2%, 

прочие животные –

 

1,2%. Профилактические мероприятия включают систематическую плановую 

борьбу  с  бешенством  среди  животных    на  основе  массовых  профилактических  прививок, 

уничтожение  бешеных  и  бродячих  собак  и  кошек,  правильное  содержание  домашних    животных  и 

кошек.  Проводится  постоянный  эпидемиологический  надзор  за  данной  инфекцией.  В  связи  со 

сложной  эпизоотической  и  эпидемиологической  обстановкой  по  бешенству  в  республике  был 

введен  ежеквартальный  мониторинг  проводимых  мероприятий  по  профилактике  бешенства  в 

районах  и  городах  области.  Проводимые  противоэпидемические  мероприятия,  мониторинг  за 

мероприятиями  по  профилактике  бешенства  в  разрезе  города  и  районов,  обеспечивают 

стабилизацию  эпидемической  ситуации,  недопущение  возникновения  заболеваний  бешенства  у 

людей,  позволяют  проводить  эпизоотический  прогноз  на  ближайшую  перспективу,  оперативно 

принимать меры по ее улучшению. 

 

Ключевые  слова:  бешенство,  эпизоотологический  мониторинг,  противоэпидемические 

мероприятия, периодичность заболевания бешенством.

 

 

ORGANIZATION ANTI-EPIDEMIC MEASURES IN THE OUTBREAK OF RABIES IN KOSTANAY 

REGION 

 

Ibragimov  P.Sh.  -  Doctor  of  Veterinary  Science,  professor,  General  Director,  Republican  Veterinary 

Laboratory 

Tuyakova  R.K.  -  candidate  of  veterinary  Sciences,  docent  of  veterinary  Sciences,  Kostanay  state 

university named after Baitursynov A. 

Musatova D.U.  



 undergraduate, Kostanay state university named after Baitursynov A. 

Nurgaliyeva D.T. 



 student, Kostanay state university named after Baitursynov A. 

 

The  article  considers    the  epizootic  and  epidemiological  situation  on  rabies.  Modern  situation  in 

Kazakhstan on rabies - is basically a natural epizootic type. Incidence of of animal rabies is characterized by 

periodicity, with the rise in 3 years. From 2006 to 2011, 171 laboratory-confirmed case of rabies in animals. 

Rabies  in  of  animal  distributed  as  follows:  Agriculture  animals 



  32,16%,  wild  animals 



  16,9%,  the  dog 



 

44,5%, cats - 5,2%, other animals 



 1,2%.

 

Prophylactic measures include a systematic scheduled control of 



rabies among animals on the basis of mass prophylactic vaccination, destruction and of rabid stray dogs and 

cats,

 

proper maintenance of pets and cats. Held a permanent epidemiological surveillance of given infection.



 

Due  to  the  difficult  the  epizootic  and  epidemiological  situation  on  rabies  in  the  republic  was  introduced 

quarterly monitoring of interventions for the prevention rabies in regions and cities of the region. Conducted 

antiepidemic  measures,  monitoring  of  the  measures  on  prevention  of  rabies  in  the  context  of  cities  and 

regions, provide stabilization of the epidemic situation, preventing the occurrence of rabies in  people, allow 

for the epizootic forecast for the near future, take prompt measures to improve it. 

Key  words:  rabies,  epizootological  monitoring,  antiepidemic  measures,  periodicity  the  disease  of 

rabies. 

 

ҚОСТАНАЙ

 

ОБЛЫСЫНДА ҚҰТЫРЫҚ (ҚҰТЫРУ) ОШАҒАНЫ ҚАРСЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ 

ІС

-

ШАРАЛАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

Ибрагимов

 

П.Ш.  –

 

в.ғ.д.,

 

профессор,  Республикалық

 

ветеринарлық

 

зертхана

 

басты 

директоры

 

Туякова  Р.К.  –

 

в.ғ.к.,  доцент,  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университеті

 

Мусатова  Д.У.  –

 

магистрант,  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университеті

 

Нургалиева Д.Т.

 



 

студент, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

Бұл жұмыста  құтырықтың

 

эпизоотикалық және эпидемиологиялық  жағдайы қарастырылды. 

Қазақстанда

 

құтырық бойынша осы заманғы ахуал –

 

бұл, негізінен, табиғи сипаттағы –

 

эпизоотия 

(індет).  Жануарлардың  құтырықпен  ауыруы  кезеңділікпен  сипатталады,  әрбір

 

3  жыл  сайын.  2006 

жыл  мен  2011  жыл  аралығында  ветеринарлық  қызметтің  көмегімен  жануарлардың  171

-

інде 

«құтырық»  зертханалық  түрде  анықталып,  расталды.  Жануарлар  арасында  құтырықпен  ауыру 

түрі  мына  жолдар  бойынша  бөлінді:  32,16%  ауылшаруашылығы  малдары,  жабайылар  –

  16,9%, 

иттер  –

 

44,5%,  мысықтар  –

 

5,2%,  өзгелері  –

  1,2%. 

Ауруды  алдын

-

алу  шаралары  жануарлар 

ортасында  құтырықпен  күрестің  жүйелік  жоспарлық  жұмыстарының  жаппай  алдын

-

алу  екпелерін 

жүргізу негізінде, сонымен қатар құтырған қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою, үй жануарлары 

мен  мысықтарды  дұрыс  күтіп  ұстау  негізінде  атқарылады.  Республикада  құтырық  бойынша 

эпизооттық  және  эпидемиологиялық  жағдайдың  күрделілігіне  байланысты  облыстың  аудандары 

мен  қалаларында  құтырықтың  алдын

-

алу  шаралары  бойынша    жүргізілетін  іс

-

шараларының 

квартал  сайынғы  мониторингі  енгізілді.  Аурудың  ауырлығы,  ең  бастысы  оның  зардабы,  бізді 

талдаулар  жүйесін  жүргізуге  және  ветеринарлық,  санитарлық

-

эпидемиологиялық  қызметтер 

арасында  құтырықпен  ауырған  жануарлар  мен  адамдар  оқиғасы  жөніндегі  ақпараттарды  жинай 

отыра  эпизоотологиялық

-

эпидемиологиялық  бақылауды  ұйымдастырып,  жүргізіп  отыруға  және 

берілген инфекцияны  үнемі эпидемиологиялық бақылауда ұстауға мәжбүрлейді.

 

Негізгі  ұғымдар:  құтырық,  эпизоотикалық    мониторинг,  эпидемиологиялық



 

қарсы  шаралар, 

құтырық аурудың оралымдығы

.  

   


Құтырық

 

ауруының  клиникалық  бейнесін  (Lyssa,  Hydrophobia,  LaRage,  Rabies)  –



 

біздің 


эрамыздың  1

-

ші  ғасырында  тұңғыш  рет  Авл  Корнелий  Цельс  сипаттап  берген  болатын,    ол  бұл 



ауруды  судан  қорқу  (құтырық)  ауруы  деп

 

атады.Бұған  дейін  бұл  ауру  түрі  адамдарды  хайуандар 



қапқаннан

 

кейін  белгілі  болды.



 

1885  жылы  Л.Пастер  адамдарды  осы  аурудың  қозуынан  толық 

сақтандыру  мақсатында  құтырыққа  қарсы  вакциналарды  дайындап  шығарды.

 

1906  жылдан  бастап 



Еуропада    құтыруға  қарсы  вакциналарды  егетін  пастерлік  бекеттер  жұмыс  істей  бастады.

  XIX 


ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында    В.Бабеш  пен  А.Негри  құтырықтан  өлген  жануарлардың

 

нейрондарындағы өзіне тән эозинофилді (түйіршікті лейкоциттер) қосындыларды сипаттады.



 

Құтырық


 

 



жыртқыштардың

 

тісі  мен  сілекейінен  түзіліп,  бас  пен  жұлын  нейрондарының 



азғындауы    арқылы  берілетін  вирустық  жұқпалы  ауру.

 

Жүйке  жүйесінің  бұзылуына  тән  белгілер:  сал 



ауруына  ұшырау  мен  өліммен  аяқталатын  қозушылық,  агрессиялық,  ақыл

-

есі  кемдік  аурулар  орын 



алады.

 

Қоздырғыш



 

 



РНК

Lissavirus  тұқымдастары



 

Rhabdoviridae  геномдық  вирусы.

 

Ол  таяқша 



немесе  оқтың  көлеміндей  болады.  Вирустың  екі  түрі  белгілі:  жануарлар  табиғатының  ортасында 

кездесетін  көшелік  (жабайы),  және  құтырыққа  қарсы  дайындалған  вакцинаның  тиянақталған  түрі.

 

Қоздырғыш  төменгі  қысымға  жақсы  шыдас  береді,  бірақ  қайнаған  суда,  қатты  кебуде,  ультракүлгінді 



сәулелердің әсерімен, хлораминнің 2% ерітіндісінде, лизола және карбола қышқылын қолданғанда тез 

жойылып  кетеді.

 

Инфекцияның  резервуары  мен  қайнар  көзі



 

 



ауру  жұқтырған  жануарлар  (түлкілер, 

қасқырлар,  иттер,  мысықтар,  жарқанаттар,  кеміргіштер,  аттар,    ұсақ  және  ірі  қара  мүйізділер  және 

т.б.).  Вирус  қоршаған  ортаға  ауру  басталуға  8

-

10  күн  қалғанда  сілекей  арқылы  тарап  жұқпалы  түрге 



айналады [1].

 

Қостанай



 

облысы  Қазақстанның  солтүстік  өңірінде,  Тобыл  және  Торғай  өзендерінің  жағасында 

орналасқан. Облыстың оңтүстік өңірі Ырғыз ауданының (Торғай аймағы) «Тосын

-

Құм» шөлейтімен, ал 



оңтүстік

-

шығысы  Солтүстік  Ұлытау  жотасымен  шектеседі.  Облыстың  солтүстігі  Оңтүстік



-

Орал 


қырқасына  жақын  орналасқан.  Облыс  аумағы  солтүстіктен  оңтүстікке  дейін  650  шақырымға  және 

батыстан  шығысқа  дейін  420  шақырымға  созылады.  Қостанай  облысы  Қазақстан  Республикасының 

ШҚО,  Ақмола,  Қарағанды,  Ақтөбе  облыстарымен,  Ресейдің  Орынбор,  Челябі,

 

Қорған  облыстарымен 



шектеседі. Облыстың жалпы аумағының көлемі –

 

196 мың кв. км. Жануарлар әлемі әртүрлі. Жыртқыш 



аңдардың  25  түрі  мекендейді.  Облыс  аумағында  мынадай  аңдардың  түрлері  кездеседі:  қасқыр, 

жабайы ит, жанат тәрізді ит, түлкі, жабайы шошқа, елік, бұлан, бөкен, қарсақ, сасықкүзен, қоян және 

т.б.

 

Құтырық



 

ауруы бүкіл әлем мен Қазақстан Республикасында күрделі проблемалардың бірі болып 

қалып  отыр.  Әлемде  құтырық  ауруы  150  мемлекетте  тіркелген,  жыл  сайын  55000  адамның  өмірін 

жалмайды,  орташа  есеппен

 

10  минут  сайын  құтырықтан  1  адам  өледі  екен.



 

Құтырықпен  ауырған 

55000 мың адамның жұқтырғыш көзінің 99%

-

ы иттер болып отыр.



 

Жыл  сайын  әлемде  15  млн.  адам  құтырыққа  қарсы  вакциналарды  қабылдайды,  бұл  шара 

327 


000 адамды құтырық ауруын жұқтырудан сақтайды. Нәтижесінде денсаулықты сақтау мақсатына, 

ағымдағы  профилактикаға,  құтырық  ауруын  жұқтырған  адамдар  мен  жануарларды  бақылауға 

жұмсалатын шығын шамасы

 

400 млн. АҚШ долларынан асады



.  

Соңғы  жылдары    Қазақстанның  қалалары  мен  елді  мекендерінде  бақылаусыз  қалған  қаңғыбас 

иттер  мен  мысықтардың  аса  көбейіп  кетуіне

 

және  иттерді  ұстау  ережелерінің  өрескел



 

бұзылуына 

байланысты құтырық ауруының кеңінен етек алуы қатты алаңдатушылық туғызуда.

 

Жыл  сайын  елімізде  адамдар  арасында  құтырықпен  ауыратын  15  жағдай  тіркеледі,



 

уақыт  өте 

келе 100 мың халқы бар елді мекенде аурудың көрсеткішетері төмендер емес, 

200ж. –



 

0,04 жағдай,  

2011  ж.  –

 

0,4  жағжай  тіркелген.



 

Жануарлардың  тісінен  зақымданған  адамдар  саны  2005  жылы  45 

мыңнан  асса,  ал  2011  жылы  67  мыңға  дейін  жетіп  отыр,  олардың  ішінен  99,6%

-

ы  құтырыққа  қарсы 



екпені  қабылдаған  (2000

-

2011  жылдары  құтырықпен  ауыру  жағдайының  талдауы,  «АСУ  құтырық» 



бағдарламасы).

 

Қазақстанда



 

құтырық  бойынша  осы

 

заманғы  ахуал  –



 

бұл,  негізінен,  табиғи  сипаттағы  –

 

эпизоотия  (індет).  Қазақстанда  індеттің  негізгі  табиғи  аймақтық  ошағы  –



 

Оңтүстік


-

Қазақстан,  Шығыс

-

Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстары болып табылады.



 

2005 жылы құтырық ауруы бойынша сәтсіз 

жағдайлар Қазақстан Республикасының 39 бекетінде тіркелген, ал 2011 жылы берілген көрсеткіш 144 

бекет


 

орнын  құрайды.  Оңтүстік

-

Қазақстан  облысы  індеттің  аса  қауіпті  ошағы  болып  саналып  отыр. 



Республика  өңірлерінің

 

соңғы  5  жылда  тіркеген  есебі



 

бойынша,  адамдар  арасында  құтырықпен 

ауырған  44  жағдайдың  30

-

ы  (68,2%)  Оңтүстік



-

Қазақстан  облысында  анықталды,  демек  бұл  өңір 

құтырық ауруының негізгі ошағы болып табылады.

 

Құтырықпен ауырған 44 адамның 16



-

ы (36,4%) 14 

жасқа дейінгі балалар және 2

-

еуі (4,5%) жасөспірімдер.



 

Гидрофобиямен ауырған 44 адамның 40

-

ының


 

(90,9%)  ауруы  құтырған  иттерден  жұққан,  3

-

еуі  (6,8%)  –



 

мысықтан,  және  1

-

еуі  (2,3%)



 

 



түлкіден 

жұқтырған.

  

Құтырықпен



 

ауырған  44  адамнан    өлген  8

-

і  (18,2%)  медициналық  көмекке  ит  қапқаннын  кейін 



біраз  уақыттан  соң  ғана  барған.  Олар  құтырыққа  қарсы  иммуноглобулин  мен  құтырыққа  қарсы  «0», 

«3»,  «7»,  «14»  екпелерін  қабылдады,  алайда  алған  төрт  екпелері  олардың  өмірлерін  сақтап  қала 

алмады. 

 

Қостанай



 

облысында құтырықпен ауырған адам оқиғасы 1985 жылы тіркелді.

 

Әйелді


 

үй мысығы 

тістеп алған, бірақ ол өз уақытында құтырыққа қарсы емді

 

қабылдамаған.



 

1967 жыл мен 1985 жылдар 

аралығында  адамдардың  құтырық  ауруынан  қайтыс  болғаны  туралы  7  жағдай  тіркелді.

 

Зардап 



шеккендердің  4

-

еуі  жабайы,  ал  3



-

еуі  үй  жануарларынан  зақымданған.Үшеуі  медициналық  көмекке 

жүгінбеген,  2

-

еуі  тағайындалған  екпеден  бас  тартқан,  ал  2  адам  медициналық  көмекке  уақытында 



барған, бірақ оларға құтырыққа қарсы вакциналар тағайындалмаған.

 

Облыс халқының жануарлардан зақымдалуының жиілігі республикада ең жоғары көрсеткішке ие 



болып  отыр,  2007

-

2011  ж.ж.  бұл  көрсеткіш  100  мың  халқы  бар  елді  мекенде  340,2



-

409,6  адамның 

көрсеткішін  құрады.

 

Бірақ



 

бұл  тіркелгені  ғана,  шындыққа  жүгінсек  нақты  көрсеткіш  бұдан  да  жоғары 

деуге негіз бар, өйткені зардап шеккендер құтырыққа қарсы

 

егілетін вакцинаның көмегін аса қажет деп 



санамайды.

 

Жануарлардың  құтырықпен  ауыруы  кезеңділікпен  сипатталады,  әрбір  3  жыл  сайын.  2006  жыл 



мен  2011  жыл  аралығында

 

ветеринарлық  қызметтің  көмегімен  жануарлардың  171



-

інде  «құтырық» 

зертханалық түрде анықталып, расталды. Жануарлар арасында құтырықпен ауыру түрі мына жолдар 

бойынша бөлінді: 32,16% ауылшаруашылығы малдары, жабайылар –

 

16,9%, иттер –



 

44,5%, мысықтар 

 

5,2%, өзгелері –



 1,2%. 

2006  жыл  мен  2011  жыл  аралығында    жануарлар  арасында  құтырықтың  171  оқиғасы

 

зертханалық  түрде  анықталып,  расталды.  Жануарлар  арасында  құтырық  жалпы  облыс  бойынша 



тіркеледі,    бірақ  кейбір  аудандарда  құтырық  ауруы  жыл  сайын  тіркеліп  отырады.

 

Құтырық  ауруымен 



ауырған  жануарлардың  жалпы  санын  алып  қарасақ  осы  кезеңде,  Меңдіқара

 

ауданына  18,1%, 



Қарабалыққа  5,3%,  Әулиекөлге  5,3%,  Денисов

 

ауданына  6,4%,  Қарасуға  5,8%,  Ұзынкөлге  5,3%



Қостанай


 

ауданына 18,1%, Қостанай қаласына 13,5% пайыздан келеді

 [2]. 

Аурудың  ауырлығы,  ең  бастысы  оның  зардабы,  бізді  талдаулар  жүйесін  жүргізуге  және 



ветеринарлық,  санитарлық

-

эпидемиологиялық  қызметтер  арасында  құтырықпен  ауырған  жануарлар 



мен  адамдар  оқиғасы  жөніндегі  ақпараттарды  жинай  отыра  эпизоотологиялық

-

эпидемиологиялық 



бақылауды  ұйымдастырып,  жүргізіп  отыруға  және  берілген  инфекцияны    үнемі

 

эпидемиологиялық 



бақылауда  ұстауға  мәжбүрлейді.

 

Ауруды  алдын



-

алу  шаралары  жануарлар  ортасында  құтырықпен 

күрестің  жүйелік  жоспарлық  жұмыстарының

 

жаппай  алдын



-

алу  екпелерін  жүргізу

 

негізінде,  сонымен 



қатар  құтырған

 

қаңғыбас  иттер  мен  мысықтарды  жою,  үй  жануарлары  мен  мысықтарды  дұрыс  күтіп 



ұстау негізінде атқарылады.

 

Қаңғыбас



 

иттер  мен  мысықтардың  жалпы  санын  реттеп  отыру  мақсатында  қалалар  мен 

аудандарда 39 арнайы бригадалар ұйымдастырылды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін 2011 жылы қала 

мен  аудандардың  бюджетінен

 

17587610  тенге  бөлініп,  оның  16507694  теңгесі  (93%)  игерілді.  2011 



жылы 8462 иттер, 165 мысықтар, 43 жыртқыш аңдар жойылды. 

 


Республикада  құтырық  бойынша  эпизооттық  және  эпидемиологиялық  жағдайдың  күрделілігіне 

байланысты  2004  жылдан  бастап  облыстың  аудандары  мен  қалаларында  құтырықтың  алдын

-

алу 


шаралары  бойынша    жүргізілетін  іс

-

шараларының  квартал  сайынғы  мониторингі  енгізілді.



 

Бұл 


мониторинг  құтырықтың  алдын

-

алу  жағдайын  бақылап  отыруға,  қиындап  кеткен  жағдайда  шұғыл 



түрде  көмекке  келу жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

 

Құтырықтың  алдын



-

алуда санитарлық

-

насихаттау  жұмысы  маңызды  рөл  атқарады.



 

Зардап  шеккен  адамдарды  тексергенде    адамдардың 

хайуанның  тісінің  қаншалықты  қауіпті  екенін,  құтырық  дегеннің  не  екенін,  одан  қалай  қорғануға 

болатынын  білмейтіндіктері  анықталды.

 

Облыстың  санитарлық



-

эпидемиологиялық  қызметінің 

мамандары  құтырықтың  алдын

-

алу  жөнінде  ұйымдастырушылық



-

әдістемелік  жұмыстарды  жүргізді.

 

Сонымен, 2011 жылы қала мен аудандардың СЭС мамандарының бастамасымен құтырықтың алдын



-

алу мәселесі бойынша әкімшіліктердің 10 шешімі қабылданды, 462 дәрігерлер мен 1616 орта білімді 

медициналық  қызметкерлер  қатысқан  49  семинар  болып  өтті,  166  дәрістер  оқылды,  145 

радиолекциялар  жүргізілді,  көпшілікті  ақпараттық  құралдарда  22  мақала  дайындалып,  жарияланды, 

113 санитарлық бюллетеньдер шығарылды,  теледидарда 13 түрі көрсетілді

 [3]. 


 

Қорытынды

:  

Эпидемиологияға  қарсы  жүргізілген  іс



-

шаралар,  қалалар  мен  аудандарда  құтырықтың  алдын

-

алу  жұмыстарының  мониторингі    эпидемиялық  жағдайларды  тұрақтандыруды,  адамдардың 



құтырықпен ауруына жол бермеуді, келешекте эпизооттық болжамды жүргізіп отыруды, оны жақсарту 

мақсатында  шұғыл  шара  қолдануды  қамтамасыз  етеді.  Құтырықтың  алдын

-

алу  жұмысындағы 



кемшіліктер

 

іс



-

шараны  қаржыландырудың  жетімсіздігі,  бөлінген  қаржыны  толық  игермеуі,  оны  тиімді 

пайдаланбауы,  үй  жануарларын  ұстау  мәселесінде  құқықтық  базаның  және  оның  есебінің  болмауы, 

құтырықтан  сақтандыру  шараларының  жүргізілмеуі,  үй  жануарлары  иелерінің  оларды  күтіп

-

ұстау 


ережелерін дұрыс сақтамауы болып табылады.

 

 



Литература:

 

1.  


Заволока А.А. О бешенстве / А.А. Заволока //

VetPharma. 

 2013.- 


№ 4 (15). –

 

С. 24



-31. 

2.  


Печенка А.М. Эпидемиологическая и эпизоотологическая ситуация по бешенству в Украине и 

мире.  Бешенство  у  животных  /  А.М.  Печенка,  А.И.  Глей.  //  Клиническая  инфектология  и 

паразитология.

- 2013. - 

№ 1 (04). –

 

С. 96



-109. 

3.  


Осипова  Н.И.  Меры  борьбы  с  бешенством.  /  Н.И.  Осипова  //  Ветеринария.  Реферативный 

журнал. –

 2008. - 

№ 3. –


 

С. 776.


 

References: 

1. Zavoloka A.A. O beshenstve / A.A. Zavoloka // VetPharma. 

 2013. - 



№ 4 

(15). 


 S. 24-31. 

2.  Pechenka  A.M.  Jepidemiologicheskaja  i  jepizootologicheskaja  situacija  po  beshenstvu  v  Ukraine  i 

mire. Beshenstvo u zhivotnyh / A.M. Pechenka, A.I. Glej. // Klinicheskaja infektologija i parazitologija.- 2013. 

№ 1 (04). –



 S. 96-109. 

3.  Osipova  N.I.  Mery  bor'by  s  beshenstvom.  /  N.I.  Osipova  //  Veterinariya.  Referativnyy  zhurnal. 

 

2008. - 



№ 3. –

 S. 776. 



 

Сведения об авторах

 

 

Ибрагимов  П.Ш.  –

 

доктор  ветеринарных  наук,    профессор,  генеральный  директор  

Республиканская ветеринарная лаборатория, Астана



 

пр. Республики 50/1

 

Туякова Р.К. –

  

доцент кафедры ветеринарной санитарии  Костанайского государственного  

университета

 

им.  А.Байтурсынова,  Костанай,  ул.Маяковского  99/1,  тел.

  8-705-603-20-61,  e



mail: 

tuyakova_64@mail.ru 

Мусатова  Д.У.

 



магистрант  кафедры  ветеринарной  санитарии  Костанайского  

государственного    университета    им.  А.  Байтурсынова,  Костанай,  ул.  Маяковского  99/1,  тел.

  8-

771-482-91-91,e



mail: dinara.musatova@mail.ru 

Нургалиева  Д.Т.

 



 

студент  кафедры  ветеринарной  санитарии

 

Костанайского  

государственного  университета 

 

им.  А.  Байтурсынова,  Костанай,  ул.  Маяковского  99/1,  тел.  8

-

777-493-12-91,e- mail: dinara_2805@mail.ru 

 

Ибрагимов  П.Ш.  –в.ғ.д.,

 

профессор,  Республикалық

 

ветеринарлық

 

зертхана

 

басты

 

директоры,

 

Астана, Республика даңғылы

 50/1 

Туякова  Р.К.  –

 

А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетті



ветеринарлық  санитария кафедрасының доценті,Қостанай, Маяковский көш, 99/1, тел.8

-705-603-

20-61,e



mail: tuyakova_64@mail.ru 

Мусатова  Д.У.  –

 

А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетті



ветеринарлық  санитария кафедрасының магистранты ,Қостанай, Маяковский көш, 99/1, тел.

  8-

771-482-91-91,e



mail: dinara.musatova@mail.ru 

Нургалиева  Д.Т.

 



 

А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетті, 

ветеринарлық    санитария  кафедрасының  студенті,Қостанай,  Маяковский  көш,  99/1,  тел.8

-777-

493-12-91,e



mail: dinara_2805@mail.ru 

 

Ibragimov  P.Sh.  -  Doctor  of  Veterinary  Science,  professor,  General  Director  of  RSE  on  PVC 

"Republican Veterinary Laboratory", Astana, prospectus of  the Republic 50/1 

Tuyakova R.K. 



 docent of veterinary sanitation of Kostanay state university named after Baytursinov 

A., Kostanay, street of 

Маяковского

 99/1; phone: 8-705-603-20-61, e



mail: tuyakova_64@mail.ru 

Musatova  D.U.   



  Undergraduate  of  the  department  of  veterinary  sanitation  of  Kostanay  state 

university named after Baytursinov A., Kostanay, street of 

Маяковского

 99/1; phone : 8-771-482-91-91, e



mail: dinara.musatova@mail.ru 

Nurgaliyeva  D.T. 



  student  of  veterinary  sanitation  of  Kostanay  state  university  named  after 

Baytursinov 

A., 

Kostanay, 

street 

of 

Маяковского

 

99/1; 

phone 

8-777-493-12-91,e



mail: 

dinara_2805@mail.ru 

Каталог: files -> nauka -> materialy konferencii
nauka -> Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
nauka -> Әож 619: 613. 287. 5 СҮТ Өнімдерінің антибиотиктермен ластануы
nauka -> Творчества в данной статье раскрыты основные вопросы о музыкальном наследии Абая Кунанбаева и рассмотрено их значение в учебно-воспитательном процессе
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
nauka -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы
materialy konferencii -> КӨркем прозада фразеологизмдер мен мақал мәтелдердің Қолданылуы
materialy konferencii -> Профилактика и меры борьбы
materialy konferencii -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет