Гуманитарлық білім беру факультеттің деканы Р. Айдарбаева


Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі



бет8/10
Дата10.04.2023
өлшемі53,68 Kb.
#81205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.


11. Емтихан сұрақтары

  1. Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.

  2. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.

  3. Психологияның әдістері.

  4. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде.

  5. Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру.

  6. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив..

  7. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы.

  8. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.

  9. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.

  10. Эмоционалдық интеллект.

  11. Психологиядағы ерік түсінігі.

  12. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.

  13. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).

  14. Стресс түсінігі, түрлері, даму кезеңдері, белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.

  15. Темперамент анықтамасы, типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

  16. Темперамент пен мінездің ара қатынасы.

  17. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы.

  18. Тұлғаның қабілеті және нышандары.

  19. Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы.

  20. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар.

  21. Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде.

  22. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары.

  23. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.

  24. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар.

  25. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары.

  26. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы

  27. Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы.

  28. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары.

  29. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде.

  30. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.

  31. Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері.

  32. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары.

  33. Тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктері.

  34. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері.

  35. Көшбасшылық және жетекшілік.

  36. Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде.

  37. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс.

  38. Психологиялық әсер етудің мәні, түрлері, механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру.

  39. Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ-тағы манипуляция.

  40. Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері.

  41. Коммуникациядағы цифрлық технологиялар.

  42. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары.

  43. Коммуникативтік рөлдердің мәні және қажеттілігі.

  44. Коммуникативтік кедергілер (кәсіби, мағыналық, ұйымдастырушылық, тұлғалық-психологиялық және т.б.).

  45. Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктері.

  46. Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері, түрлері.

  47. Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары.

  48. Конфликтінің даму сатылары, қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары.

  49. Конфликтінің функциялары мен зардаптары.

  50. Конфликтіні болдырмау технологиясы.

  51. Конфликтідегі рационалды мінез-құлық технологиялары. Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары.

  52. Конфликтілерді шешу көп сатылы процесс ретінде.

  53. Манипуляторлардың типтері. Негізгі манипуляциялық техникалар.

  54. Манипуляция процесіндегі тұлға. Манипуляция жасырын хабарлама ретінде.

  55. Келіссөздер - конфликтіні шешудің тәсілі ретінде.

  56. Тиімді коммуникация ұғымы.

  57. Тиімді коммуникация технологиялары және қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері, шарттары.

  58. Әлеуметтік интеллект.

  59. Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну.

  60. Имидж қалыптастырудың технологиялары.

  61. Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде.

  62. Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет