3
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
УДК 341.1/8
ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫНЫҢ
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Абуов Н.А., Оспанова А.М., Джасанов А.Б.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
ҚР-дың Конституциясы мемлекеттіліктің құқықтық негізі – биліктің бөлінуін,
Конституция
қалыптары
мен
ұстанымының
тура
әрекеттері,
күнәсіздіқ
презумциясының,жоғары құндылық ретінде адам құқықтарын, сонымен қатар осы
ұстанымдарға сәйкес келетін мемлекеттік билік жүйесін қамтамасыз ететін бірқатар
мызғымас ұстанымдарды белгіледі.
ҚР Конституциясы қоғам мен мемлекеттегі адамның ерекше орнын, оның
конституциялық қатынастағы құқытары мен бостандықтарын анықтап, оның
құқықтары мен бостандықтарын ұстаным, ретінде ұсынады. ҚР Конституциясының 1
бабына сәйкес «...адам, оның құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылық болып
табылады. Адамның құқықтары мен бостандығын мойындау, сақтау және қорғау –
мемлекеттің міндеті». Бұл контитуциялық ахуалды дамыту жеке тұлға құқығының
кепілін жүзеге асыру мен қорғаудағы жұмыс істейтін механизмдердің болуымен
нақтылануы тиіс.
Әр адам өзінің барлық негізгі құқықтары мен бостандығын пайдалану
мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекет болса, өз есебінен аталмыш құқықтар
мен бостандықтардың өзінің барлық қол жетімді құралдары арқылы нақты жүзеге
асырылуына кепілдік беруге міндетті. Құқықтар мен бостандықтарға кепілдік берілуі –
бұл билікті шектеудің өзіндік ерекше ішкі механизмі. Осыған байланысты билікті теріс
пайдалануға қарсы құқықтық сипаттағы жаңа механизмдер жасау және
қолданыстағыларын жетілдіру қажет. Азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау
биліктік құрылымдары арасындағы барлық қарым-қатынастар кешенінің құрамдас
бөлігі және толық мәнінде тек құқықтық мемлекет тұрғысында ғана мүмкін болмақ. ҚР
Конституциясы адам және азаматтық құқықтарды анықтайды: «Қазақстан
Республикасында адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік
қорғауға кепілдік беріледі. Әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы
келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы».
ҚР адамның бостандығын, ары мен намысын қамтамасыз ету мен билік
құрылымдары жұмысында теріс бетбұрыстардан қорғаудың тәжіриеблік құралы болып
табылатын құқықтық мемлекет құру жүріп жатыр. Ең алдымен бар күшті құқықты
құрметтеуді қалпына келтіруге, заңдылық ұстанымдарын бекітуге, жеке тұлғаның
құқығын сақтауға шоғырландыру қажет. Саяси ортада түбегейлі өзгерістерге қол
жеткізу тек өзінің заңды құқықтарын түсінетін және оларды жүзеге асыруда нақты
саяси-құқықтық кепілдікке зәру демократиялық типтегі жеке тұлға болғанда ғана
мүмкін болмақ. Барлық бүгінгі таңдағы демократиялар құқықтары мен бостандықтары
ажыратылмайтын азат жеке тұлғаға арқа сүйейді. Мемлекет, оның құрылымдарының
адам құқықтарына көзқарасы – саяси құрылымның жүзеге асуының жарқын көрінісі.
4
Сондықтан адам құқығы қағаз бетінде емес, іс жүзінде басым болмайынша, жоғары
құндылық болып есептелмейді, мемлекет барлық биліктің шектеушісі деп танылмайды,
қоғам демократиялық деп, ал мемлекет құқықтық деп сипатталмайды. Жарияланған
тіпті соған сәйкес заңмен бекітілген құқықтар және олардың нақты жүзеге асырылуы
арасында міндеттерді түсіндірумен қатар, оларды шешуді ұйымдастыруда да
қашықтық бар
Бүгінде бұрынғы кеңестік мемлекеттер қоғамында құқықтық бедерсіздік, заңды
құрметтемеу, өз міндеттеріне немқұрайлы қарау жаппай сипат алып отыр. Бұл ТМД
мен Балтия елдері омбудсмендерінің баяндамаларында атап көрсетіледі.
Қоғамды демократияландырумен қатар, қылмыстың өсуіне де қанат жайды. Адам
құқықтары бойынша өкіметті ұйымдар азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтарының,
әсіресе жеке тұлғаның дене және психикалық құқығына қол сұғуға қатысты заң
бұзушылыққа назар аударуда. Азаматтардың көпшілігі құқықтары бұзылған жағдайда
жақсы кезеңдерге дейін күте тұрғанды жөн санайды. Заңгер кәсібін, қылмыскер кәсібін
таңдаған жас ұрпақ тәрбиеленіп шықты. Қылмыстық түйсіктің, қылмыс әлем, мафия
алдындағы үрейдің қалыптасуына өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдары
септігін тигізді. «Крыша», «Стрелка» секілді қылмыстық лексика, «контрольный
выстрел» секілді қылмыстық ортаға тән терминдер ой-сананың белгісіне ие болды.
Телевидение ондағы қолданылатын қылмыстық істер, оның әдістері мен тәсілдері,
зорлық, зомбылыққа толы фильмдерге толыққан. Егер кейбір ресейлік телеарналарды
қарасақ, олардың адамға психологялық тұрғыда зиянды ықпал ететінін көреміз.
Бұқаралық ақпарат құралдарында алькоголь ішімдіктерін жарнамалау жалғасуда,
қатігездік пен зорлық жасырын түрде үгіттелуде. Осының барлығы адамның
психологиялық денсаулығында өз ізін қалдырады. Азаматтарда заңдылық пен
әділеттіліктің салтанатына деген сенімсіздік, олардың құқықтары бұзылған жағдайда
тығырыққа тірелу және шарасыздық пайда болады. Бұндай жағдайда «адамның
құқықтары» жайлы кез келген әңгіме теріс қабылдануы мүмкін. Міне, сондықтан біздің
ойымызша, құқықтық сауат ашу мәселесіне кең көңіл аударылуы қажет. Балабақшадан
бастап, одан әрі мектепте, институтта, жұмыста, мемлекеттік қызметте және т.б.
азаматтардың конституциялық құқықтары мен оны қорғау әдістері жайлы қол жетімді
сабақтар жүргізілуі қажет. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар балаларын өмірде, әсіресе
«біздің кезімізде» олар осылай болуы керек деген оймен «басқыншылық» зорлық
рухында тәрбиелеп, зорлықтың аяғы кез келген мемлекетте заңмен қудаланатыны
жайлы еш ойланбайды.
Құқық және бостандық мәселелері бойынша құқықтық білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары құқықтық ағартушылық және білім
берудің ұлттық жүйесін құруда жан-жақты мемлекеттік қолдау, білім берудің
академиялық, жоғары оқу орындары, жалпы білім беру секторларын біріктіру; бұл
саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту, халықаралық қатынастарды жетілдіріу
болып табылады.
Адам құқықтары мен бостандықтары саласында мемлекеттің кепілдік беруші
ретіндегі рөлін күшейту мемлекеттік жүйе негізінде құқықтық болжауды құруды,
азаматтарды құқықтық ағарту мен білім берудегі басым бағыттарын жүзеге асырудың
бағдарламалық – мақсатты әдістерін, ең алдымен республикалық мақсатты
бағдарламаларды дамытуды көздейді.
Мәселенің анағұрлым кең көлемде түсіндірілуі «Қазақстан - 2030» бағдарламасы
негізінде құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау
тұжырымдамасын қабылдау ұсынылуы мүмкін.
Тұжырымдамада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын олардың
сақталуы мен мемлекеттік және жергілікті ұйымдардың құрметтеуін кепілдік беруді
5
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатттың маңызды бағыттары мен
ұстанымдары тұжырымдалуы мүмкін.
Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәрбібі мен механизмін
жетілдіру – кез келген демократиялық мемлекеттің маңызды міндеті. Азаматтардың
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заң ережелерінің айқын болмауы, қайшылық
туғызуы, о кей уақытта болмауы, құқықтық және демократиялық мемлекет құру
барысының ұзаққа созылатындығын көрсетеді. ҚР Конституциясының ережелері
мемлекеттің өзін демократиялық және құқықтық деп нақтылағанын, яғни сондай
болуға ұмтылысын көрсетеді.
Барлық бұрынғы кеңестік мемлекеттердегідей елдегі бүгінгі әлеуметтік
экономикалық жағдай демократиялық институттарды толық көлемде қалыптастыру
жолындағы кедергілер болып табылады. Сонымен қатар адамның құқықтарын қорғау
және қамтамасыз ету – бұл ауыспалы кезеңдегі міндеттерді тиімді шешудің,
демсократяилық дамуға кепілдік берудің қалыптастырудың шешуші факторы.
Сондықтан негізгі назар әлемнің көптеген елдерінде сәтті қызмет атқарып келе жатқан
омбудсмен институтына бөлінеді. Бұрынғы кеңестік мемлекет жерінде орналасқан
мемлекеттер тоталитарлық жүйені бұза отырып, адам құқықтары бойынша өкілетті
лауазымс белгілей бастады. Әлем мойындаған бұл институт біздің мемлекеттің назарын
өзіне аударды.
Аталмыш институтты жасақтаған мемлекеттерде омбудсмен үлгісіне назар
аударулары азаматтардың құқықтатын мемлекеттік органдар тарапынан құқық
бұзушылықтан қорғауға деген, азаматтардың бюррократиялық жүйе алдындағы
қорғансыздық сезіммен әлсіретуге деген тілегінен туындайды. Бұл институт
азаматтардың заңды құқықтарын мемлекеттік басқару органдарының озбырлығы мен
шенеуліктер тарапынан өкімет билігін асыра пайдаланудан қорғау механизмдері
арасында маңызды орын ала бастады.
Адамға деген қызығушылық, жеке тұлғаның ары мен намысы мәселелері бүгінгі
қоғамдағы демократизмның негізгі көріністерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік
алғанан кейінгі демократиялық қайта құруларға деген ұмтылысын ҚР білдіре бастады.
Бұл бағыттағы адымдарының бірі 1998 жылы ҚР Үкіметінің ЕҚҚҰ-ның адам
құқықтарымен демократиялық институттар бойынша бюросымен ара қатынасы жайлы
меморандумға қол қою болып табылады. Соған сәйкес Қазақстанда омбудсмен кеңесін
құру үшін техникалық көмек көрсету жобасы жүзеге асырылуы қажет. Адам
құқықтары бойынша ұлттық институттар жұмысының негізгі ұстанымдары 1991 жылы
Парижде халықаралық конференцияда белгіленді. Өкілеттілік қызметі ешқашан құқық
қорғау органдарының қызметін ауыстырмауы және тоқтатпауы қажет. Омбудсменді
сот немесе прокуратураның баласы деп қарастыруға болмайды. Адам құқықтары
бойынша өкілеттілік бүгінде қызмет атқарып отырған сот емес, құқық қорғаушы
институттарды толықтыру мақсатында жұмыс істейтін құқықтық институт. Бүгінгі
таңда ҚР оған төмендегідей органдар жатады: прокуратура, ҚР Конституциялық кеңес,
ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша комисия, әділет министрлігі және
т.б. министірліктер, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары. Аталмыш ұйымдар мен
адам құқықтары бойынша өкілеттілік арасында юрисдикция (хұкім) тұрғысында
қайшылықтарды болдырмау қажет.
Омбудсмен институтының құрылтайшы елдері тәжірибесі көрсеткеніндей, ең
алдымен соттар мен прокуратура жүзеге асыратын маңызды қызметтерді атқара алады.
Соттар бірқатар қалыпты – заңды талаптармен байланысып, заңды-заңсыз деген
ұстаным бойынша шешім шығарады. Олардың ақпарат қабылдау мен шешімін
қалыптастыруда таңдаулары аз болыды, олар куәгерлердің сөзін тыңдап, таразылауға
сәйкес қатаң ережелермен байланысты. Фактілер нақтыланған соң шешім заң
6
ережелері негізінде шығарылады. Азаматтар көптеген үстірт тәртіп пен уақыттың
босқа кетуінен шаршайды. Сот дауларын жүргізу шығыны талап етіледі. Мұндай үстірт
әрі қатаң тәртіп міндетті күші бар шешім шығаруда сот құзіретінің құны болуы мүмкін.
Омбудсмен қызметі анағұрлым үстірт, ол тек заңдылық тұрғысынан, сонымен
қатар әділеттілік туралы өзінің ұстанымын жетекшілікке алады. Жоғары әкімшілік
инстанцияларға әрқашан мәселенің оң шешілуіне ықпалын тигізбеуі мүмкін. Ең
маңыздысы омбудсмен институты икемді, ең демократияшыл әрі қол жетімді, жедел,
тегін. Омбудсмен қатаң ережелермен байланысты емес және мәселені қарастыру
барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге қатысты өкілеттілігі кең көлемді. Істі
қарастыру барысында ол хат-хабарды телефон арқылы түскен хабарды және басқа
тәсілдерді қолдануы мүмкін. Осындай икемділік заңдарды өзінше пайымдаумен
қолдану үрдісін міндетті түрде жүргізу талаптарының шешім қыбылдауда
қолданылмауымен белгіленеді. Омбудсмен әділеттілік жайлы ойша пайымдауын
басшылыққа алады десек те болады.
Омбудсмен өз құдіреттілік шегінде ұйымдардың қызметіне түскен шағымдар
бойынша тергеу жүргізетін тәуелсіз, турашыл үшінші тарап болып табылады.
ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша комиссия елдегі адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша толық мәнінде ұлттық мекеме болып
табылады.
Құрылу және қызмет атқару механизмі бойынша коммисия елдегі адам
құқықтары жағдайын, адам құқықтарының дамуындағы оң немесе теріс қарқынды
бағалайтын кеңес беру – кеңесу ұйым ретінде өзінің қорытындылары мен президентті
хабардар етіп отырады, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
тәжірибе жүзінде қорғау тұрғысына мұндай мекеме қызметінің тиімділігі омбудсмен
қызметіне қарағанда анағұрлым төмен. Осылайша, президент жанындағы адам
құқықтары бойынша коммисиясы (адамның құқықтары мен бостандықтарын дамыту
мен қолдау саясатын жүзеге асыру саласында қажетті ақпараттар және ұсыныстармен
мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасын қамтамасыз ететін сараптау, кеңесу қызметі
бар кеңес беру – кеңесу ұйымы және адам құқықтары бойынша өкілітте институт
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жария билік
тарапынан бұзылуынан қорғау бойынша нақты қызметтерді жүзеге асыратын
конституцияға немес заңға сәйкес құрылатын ұлттық мекеме) арасында айырмашылық
бар.
Әдебиетте омбудсмен және омбусман деген екі термин қолданылып жүр, бірақ
ғылыми әдебиетте басым түсетіні омбусмен заң жобасы бір ұлттық омбусмені бар
обусмен институтын құруды көздеуіне қарай ОБСЕ ұлттық обусман орнына (ағылшын
тілінде «a national ombusdman» орнына «the national ombudsman») ұлттық омбудсман
тіркесін қолдана отырып лауазымның орысша-ағылшынша жазылу болжамын өзгертуді
ұсынды.
2000 жылдың қаңтарындағы ҚР Президенті әкімшілігі жетекшілігінің өкіліне
сәйкес ҚР ұлттық омбусман туралы (адам құқықтары бойынша өкілетті) заң жобасын
дайындаған, құрамына Ж.М. Әбділдин, Б.К. Байқадамова, М.С. Башимов,
С.К. Жүрсенбаев, А.Н. Котлов, Е.К. Нұрпейісов, З.Л. Федотов енген жұмысшы топ
құрылды. Заң жобасын дайындауда ол кезде ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін
атқарған И.И. Рогов көп көмек көрсеті. Қазақстанда бүгінде жұмыс істейтін құқықтар
негізінде жобаны жасаушылар институттың халықаралық стандарттарға атап айтқанда,
Париж ұстанымына мейлінше жақындатуға ұмтылды.
Париж ұстанымдары мемлекеттерде адам құқықтары бойынша құрылып жатқан
мемлекеттік мекемелердің тиімді жұмыс істеуін бағалау қызметі өлшемі қызметін
атқаратын олар омбудсмен институты конституция немесе арнайы заңға сәйкес
7
құрылып, тәуелсіз, юридикциясы (хұкімі) мен нақты белгіленген, қол жетімді, басқа
ұйымдармен өкіметтік емес. Құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық қатынаста
жұмыс істейтін, жедел әрі есеп беретін мекеме болу керек деп анықтайды. Тәуелсіздік
жеке дамуының қаржылық жағы арқылы да анықталады. Заңнамада қаржыландыру
көздері мен табиғаты бюджетте жеке қарастырылуы нақты белгіленуі қажет.
2000 жылы мамыр айында заң жобасы үкіметке, нақтырақ айтқанда әділет
министрлігіне ұсынылды, сол жерде адам құқықтары бойынша өкіметі туралы деген
атауға ие болды. Мемлекеттік биліктік басқа органдармен келісімінен соң 2001 жылдың
аяғында әділет министрлігі заңнамадағы ҚР ұлттық омбудсмен заң жобасынан алынған
ережелердің бір қатарын қалдырды, бірақ түбегейлі және маңызды ережедердің бір
тобына орын табылмады.
2001 жылы ҚР Парламентінде халықаарлық конференциялар өтіп, онда сөз
сөйлеген мәжіліс спикері Ж. Тұяқбай аталмыш институттың құрылу қажеттілігін атап
көрсетті.
2002 жылдың сәуірінде адам құқықтары бойынша өкілеті туралы заң жобасы
үкіметтен парламентке енгізілуі керек. Заңнама адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының қорғауы бойынша адам құқықтары бойынша өкілетінің құқық
қорғау қызметінің ұйымдастыруыынң дәрежесін, өкілін және негізін анықтайды.
Үкімет заң жобасы 1 бабының 1 п-не сәйкес: «адам құқықтары бойынша өкілеті
адам, және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуының қадағалауды
жүзеге асыраты, азаматтардың арыздары және өз бастамасы бойынша мемлекеттік
органдар, басқа да ұйымдар мен органдардың лауазымды тұлғаларыныңшешім және
әрекет (әрекетсіздігі) қызметтерін тексеруге өкілетті, сонымен қатар адам және
азаматың құқықтары мен бостандықтарының бұзылыуын қалпына келтіру бойынша
шара қолданатын лауазымды тұлға». Президент әкімшілігі сақтаған жұмысшы
тобының заң жобасында сәл басқаша тұжырым ұсынылады: «Ұлттық омбудсмен –
адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылау үшін таңдалған
(тағайындалған) және мемлекеттік, және жергілікті атқару органдары лауазымды
тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлердің шешімі мен әрекетіне байланысты
азаматтардың өтініштеріне тексеріс жүргізуге өкілеттік берілген. Сонымен қатар, адам
құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қалпына келтіру үшін шара қолданатын
тәуелсіз лауазымды тұлға». Адам құқықтары бойынша қазақстандық халықаралық
бюросы омбудсмен адам және азамат құқықтарын қорғауды тек мемлекетпен,
мемлекеттік органдармен және лауазымды арадағы қатынас барысында ғана
қамтамасыз етуі қажет деп есептейді.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының 30.08.1995ж республикалық референдумда қабылданған
Конституциясы, 21.05.2007ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2.
«Адам мен азамат құқығы туралы» 10.12.1948 жылы қабылданған жалпыға ортақ декларация
3.
«Адам құқығын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы» 04.11.1950 жылы қабылданған
Конвенция
4.
«Нәсілдік дискриминацияның барлық нысандарын жою туралы» 07.03.1966 жылы
қабылданған халықаралық конвенция
5.
«Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы» 19.12.1966 жылы қабылданған
халықаралық пакт
6.
Адам құқықтары. туралы халықаралық билл. –Алматы.; Рауан, 1998. -241б.
Достарыңызбен бөлісу: |