Адаптивті білім беру технологиялары (инклюзивті оқыту) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту кезінде пәнді табысты игеру үшін мынадай бейімделген білім беру технологиялары қолданылуы мүмкін:
- қашықтықтан (ақпараттық-коммуникациялық) білім беру технологиялары;
- бағдарламаланған оқыту технологиясы (арнайы құралдардың (бағдарламаланған оқулық, арнайы оқыту машиналары, компьютерлер және т.б.) көмегімен алдын ала әзірленген оқыту бағдарламасы бойынша дербес жеке оқыту технологиясы);
- пәнге бағытталған технологиялар (мақсат қою процесі, яғни мақсаттар білім алушылардың іс-әрекеттерінде көрсетілген олардың нәтижелері арқылы қалыптасады);
- тұлғаға бағдарланған технологиялар (мысалы, есту қабілеті бұзылған білім алушылар компьютерлік техникамен, аудиотехникамен, бейнетехникамен, электрондық тақтамен және т.б. оқитын оқу аудиториясының жабдығы);
оқу материалын игеруге көмек көрсету үшін білім алушылармен қосымша жеке консультациялар өткізу.
4 Құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелері / Компетенции и результаты обучения
4.2 Оқыту нәтижелері / Результаты обучения Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық нституттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.