ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ: Бұл курс ғылыми-зерттеу туралы, ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамасы туралы түсінік береді, зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен кезеңдерін сипаттайды, зерттеулердің көкейтесті тақырыптарын бағалау және таңдау; зерттеудің мақсатын қою және әдістерін негіздеуді қарастырады; аналитикалық және эксперименттік зерттеулер жайында ақпараттар береді; алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және ақиқаттылығын бағалау тәсілдері мен жолдарын қамтиды.
ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдерімен, әдіс-тәсілдерімен, түрлерімен тәртібімен және реттілігімен таныстыру; ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде материалдарды іріктеу, жинақтау, алынған нәтижелерді талдау т.б. практикалық дағдыларды дамыту.