Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (31) 2013



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата24.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10288
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Список литературы 
1.Назарбаев  Н.А.  Главная  задача-улучшение  жизни  народа  через  расцвет 
экономик//Казахстанская правда.-06.12.2010г. 
2.  Концепция  перехода  РК  к  устойчивому  развитию  на  2007-2024годы// 
Казахстанская правда.-18.11.2006г. 
3.Повышение  потенциала  кадров  —  одной  из  главных  проблем  социальной 
ответственности 
фирм// 
МНПК 
„Модернизация 
социально-экономического 
образования:  проблемы  и  перспективы„,  посвященная  20-летию  РК  и  15-летию 
института Евразия, г.Уральск, 12-13 октября 2011 года 
4.  Социально-экономическое  развитие  РК  в  2007г.-  Астана:  Агенство  РК  по 
статистике, 2008г. 
 
Түйіндеме 
    Адам  капиталын  дамыту  мен  жетілдіру  мәселесі  инвестиция  салудың  маңызын 
айқындайды және оның қоғамдық маңыздылығы бүгінде өзектілігін көрсетеді.  
 
Summary 
          Human  capital  -  one  of  the  components  of  operating  assets  of  the  enterprise, 
operating in  conditions  of industrial-innovative  development.  He  not  only  brings income 
to the owner, a specific person, but also the organization, the region, the country as a 
whole. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

105 ~
 
 
УДК 330.1. 
Ж.М.Турегалиева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ САПАСЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  экономикадағы  адам  капиталының  рөлі  көрсетілген.  Бүгінгі 
таңдағы  адами  капиталдың  негізгі  мәселелері  берілген  және  оның  даму  жолдары 
ұсынылған. 
Негізгі сөздер: 
адам капиталы, экономикалық стратегия, Халықаралық адам 
институты, интеллектуалды ұлт 
 
Бүгінгі  таңда  адам  ресурсын  қолдану  мәселесі  өзектi  болып  отыр.  Қазіргі 
экономикалық  жағдайда  шешуші  рөл  адамдікі,  сол  себепті  адам  капиталын  жан-
жақты қолдану қажеттігі туындайды. 
Экономикалық  стратегияның  бағытын,  басымдылығын  таңдауда  жеткізуші 
мақсатты  қойылымды  анықтап,  әлемдік  тенденцияларды  ескеру  арқылы  қоғамдық 
өмір  мен  экономикада  не  болып  жатқанын  түсінген  дұрыс.  Қазіргі  таңда  қоғамдық 
дамудың  басты  факторы  ғылыми-техникалық  прогресс  емес,  адам  сапасы  болып 
отыр. 
ҚР  Президентінің  2012  жылғы  14  желтоқсандағы  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында  «Біздің  адам  капиталын  дамытудағы  ұзақ  мерзімді  салымдар 
саясатымыздың  арқасында  қазіргі  талантты  жас  ұрпақты  өсірдік»  деп  атап  өткен 
болатын [1]. 
Дамыған  АҚШ,  Еуропа  елдерінде  мемлекеттік  капиталдың  70-80  пайызын 
адам  капиталы  құраса,  қалған  бөлігі  табиғи  ресурстар  мен  жылжымайтын  мүлік, 
өнеркәсіптік  қорлардың  (зауыт,  фабрика,  ғимараттар)  үлесіне  тиесілі  екен.  Ал 
Қазақстанда  керісінше.  Еліміздің  мемлекеттік  капиталының  68  пайызын  табиғи 
ресурс  құраса,  21  пайызы  –  өндірістік  қорлардың  еншісінде.  Ал  адам  капиталы тек 
11  пайыз  екен.  Яғни  бұл  –  Қазақстанның  қарыштап  дамып  жатқаны  тек  табиғи 
ресурстардың арқасында деген сөз. Ал қай салада да дамытушы күш боп саналатын 
адам капиталының жағдайы мүшкіл. Бұл мәселеде өзге елдермен иық теңестіру үшін 
Қазақстанға  адам  капиталын  кем  дегенде  5-6  есе  өсіру  қажет.  Алматыда  өткен 
«Медиатехауыл» және «Адам капиталын дамыту бағдарламасы – жол картасының» 
тұсаукесерінде сарапшылар осылай деп мәлімдеген.  Сондықтан бірнеше жылдарға 
арналған  осындай  ауқымды  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  қажет.  «Халықаралық 
адам 
капиталы 
институтының» 
директоры 
Жанұзақ 
Әкімнің 
айтуынша, 
«Медиатехауыл» жобасының мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан ауыл 
тұрғындарын сапалы білім мен заманауи ақпараттық технологияларға қол жеткізуіне 
жағдай жасау керек.  
«Халықаралық  адам  институтының  директоры  Жанұзақ  Әкімнің  айтуы 
бойынша осы уақытқа дейін билік тарапынан түрлі реформа жасалып жатыр. Бірақ 
біз еліміздегі 7000-нан аса ауыл мен сол жерлерде тұратын ел халқының 45 пайызы 
экономиканың  дамуынан  қалып  келеді.  Қолға  алып  отырған  жоба  осы  ауылдарды 
көтеруге  арналған.  Ол  үшін  2013-2014  жылдары  2000  тұрғыннан  көп  халқы  бар 
ауылдар  мен  аудан  орталықтарында,  қалған  үш  жылда  өзге  ауылдарда  алдымен 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

106 ~
 
 
интернет-кафелерін  ашу  жоспарланған.  Содан  кейін  кітап  дүкендерін  ашу  мен 
кітапханаларды  жаңғырту,  кинозалдарды  қолға  алу  керек.  Ол  үшін  түрлі  салада 
жүздеген том кітап шығарылады. Осы төрт жылдың ішінде қаржы институттарының 
бөлімшелерін ашу да көзделіп отыр. Ауыл тұрғындары қаржы институттарынан алыс 
болғандықтан,  несие  алып,  кәсіпкерлікке  араласып,  ауылды  дамыта  алмай  отыр. 
Оларға ең бірінші жағдай жасау көзделіп отыр. Қазіргі кезде қолға алынып жатқан 
шаралар ауылдың жан-жақты дамуына тікелей әсер ете алмай, тек бір бағытта ғана 
дамытып жатқандықтан, кешенді шаралар қажет. 
Адам капиталын дамыту бағдарламасын еліміздегі 3 ғылым академиясы мен 
5  ұлттық  университеттің  мамандары  бірлесіп  жасады.  Ол  тек  ғылыми  зертхана 
деңгейінде  қалып  қоймай,  бірден  іске  асыру  жағдайларын  жасап  отыр.  Адам 
капиталы дамуы үшін елдегі білім деңгейін көтеру керек. Мәселен, Әлемдік банктің 
Қазақстанда  жүргізген  зерттеулері  бойынша,  мұнай-газ,  машина  өнеркәсібі,  кен 
орындарында  жұмыс  істейтін  мамандардың  60  пайызының  біліктілігі  төмен.  Ол  өз 
кезегінде өнеркәсіптің дамуына кедергі. Білім саласында түбегейлі өзгеріс жасайтын 
уақыт жетті. Зерттеулері бойынша, елімізге жаңа жүздеген мамандық бойынша кадр 
дайындауымыз  қажет.  Ол  –  басқару  жүйесі,  саяси  психология,  макроэкономика, 
молекуларлық  биология,  ІТ,  әскери  сала.  Ұлттық  компаниялармен  тікелей 
келісімшарт  орнатып,  жоғары  курс  студенттерін  жұмысқа  орналастыру  мәселесі, 
қашықтықтан  оқыту  жүйесі,  қоғамдық  институттарды  ашу  мәселесін  қамтитын 
кешенді  шаралар  атқарылмақ.  Жаңа  бастамалары  бойынша  кәсіпкерлер  де, 
атқарушы билік те қолдап отыр. Әлемдік тәжірибеде білім мен руханияттың дамуы – 
меценаттардың  арқасы.  Еліміз  де  осы  жүйеге  көшіп,  меценаттық  жасаған  кәсіп-
керлерге  салықтық  жеңілдіктер  беретін  заң  қабылдауымыз  қажет.  Тек  бюджетке 
қарап  отырсақ,  экономика  дамығанымен,  ауылдың  әлеуметтік  саласы,  руханият 
кенжелеп қалады [2]. 
«НұрОтан»  ХДП  төрағасының  орынбасары  Н.Нығматуллин,  ҚР  ҰҒА-ның 
президенті  М.Жұрынов,  «Самырұқ-Қазына»  ҰӘҚ  АҚ-ның  төрағасы  Ө.Шүкеев, 
«Қазэнержи» 
компаниясының 
төрағасы 
Т.Құлыбаев, 
«Атамекен» 
Одағы» 
кәсіпкерлер  қауымдастығының  төрағасы  А.Мырзахметов,  ҚХА  төрағасының 
орынбасары  Е.Тоғжанов,  «Ақжол»  партиясының  төрағасы  А.Перуашев,  «Азат» 
ЖСДП  партиясының  төрағасы  Ж.Тұяқбай  және  басқалар  Ұйымдастыру  алқасын 
құрып, төмендегі Бағдарламаны іске асыруға кірісті: 
1.  Мәдениетті  өркендетіп,  мемлекеттік  тілді  қоғамның  барлық  саласына 
енгізу; 
2. Адам капиталын дамыту: 
а) Адам капиталын дамыту механизмін дайындап қоғамға енгізу;  
ә) Экономиканы басқарудың қазақстандық моделін дайындау; 
3. Зерделі ұлт қалыптастыру және постиндустриальдық қоғамға өту. 
Бұл 
Бағдарламаның 
мақсаты 
постиндустриальдық 
қоғамға 
өтетін 
модернизацияны  ұлттық  мәдениет  (мемлекеттік  тіл,  дәстүр,  мораль)  негізінде 
дайындалған адам капиталын дамыту механизмі арқылы іске асыру [3]. 
Кез-келген  елдегi  бiлiм  беру  жүйесi  –  ұлттық  мәдениеттiң  және  танымның 
көрсеткiшi болса, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерiстердi көрсетiп 
қана  қоймастан,  өзгерiстерге  де  әсер  етедi.  Сондықтан  бүкiл  әлемде  бiлiм  тұлғаны 
әлеуметтiк-экономикалық үдеріске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор 
болып саналады және бiлiм беруге ерекше назар аударылады. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

107 ~
 
 
Жаңа  жиырма  бірінші  ғасыр  өзінің  әлеуметтік-экономикалық  кеңістігіне 
шықты,  оның  орталығында  өзінің  табиғи  және  жинаған  мол  қасиеттерімен,  атап 
айтқанда мүмкіндік, іскерлік, өмірлік мамандық тәжiрибесімен адам тұр. 
Ел дамуының стратегиясын дұрыс таңдап оны әрi қарай дұрыс жүзеге асыру 
кезінде және ең бағалы ресурсы – адам капиталын дұрыс қолдана алудан Қазақстан 
Республикасындағы экономикалық реформа нәтижесі мен болашағы шешіледі. 
2011  жылы    Елордада  «Нұр  Отан»  Халықтық  Демократиялық  партиясының 
бастамасымен  шет  елдік  инвесторлар  кеңесі  және  «Атамекен»  Одағымен»  бірлесе 
отырып «Тәуелсіздіктің 20 жылы: Қазақстан Республикасындағы адам капиталының 
сапасы мен оны дамытудың болашағы» деген тақырыпта халықаралық конференция 
өтті. 
Шетелдік сарапшылардың пікірінше «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында 
қол жеткізген табыстары орасан екенін, соның ішінде экономикалық жетістіктерімен 
қатар, адам капиталының бағасын түсінуде үлкен табыстарға қол жеткізгенін» атап 
өтті. Атап айтар болсақ ресейлік ғалым Юрий Адлер «Қазақстанның адам капиталы 
мәселесін  көтеріп  жатқанының  өзі  болашағы  зор  мемлекет  екенін  көрсетеді»  деді. 
Ұлыбританиядан  келген  сарапшы,  ғалым  Стефан  Джон  «бұл  пікірді  қостай  келіп, 
Қазақстанның  Орталық  Азиядағы  көшбасшы  ел  екендігі  дау  туғызбайтынын» 
көлденең  тарта  отырып,  «Сіздердің  Президенттеріңіз  жүргізіп  отырған  саясаттың 
арқасында мемлекет экономикасы табысты дамып келеді. Қазақстанда қол жеткізген 
жетістіктер  аз  емес.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамалары  бүкіл  әлемде  қолдау 
тауып,  жоғары  бағаланады,  адам  капиталының  жақсаруына  дұрыс  қамқорлық 
жасалынып  отырғандықтан  Қазақстан  экономикасы  қарқынды  дамып  келеді»  – 
деді[3]. 
Қорыта  айтқанда,  еліміздің  жандануы  ең  біріншіден  ұлтымыздың  мәдіниетін 
өркендетіп,  мемлекеттік  тілімізді  дамытып,  қоғамның  барлық  салаларына  ендіру. 
Екіншіден,  адам  капиталы  дамуының  ұлттық  механизмі  мен  экономиканы 
басқарудың 
отандық 
моделін 
дайындау 
болып 
отыр. 
Үшіншіден, 
постиндустриальдық 
қоғамға 
көшу. 
Төртіншіден, 
интеллектуальдық 
ұлт 
қалыптастыру 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  ҚР  Президентінің  2012  жылғы  14 желтоқсандағы  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
2. 
http://www.qazaquni.kz/15201.html
  - Қазақ үні газеті 15 АҚПАН, 2013. 
3.  «Тәуелсіздіктің  20  жылы:  Қазақстан  Республикасындағы  адам  капиталының 
сапасы 
мен 
оны 
дамытудың 
болашағы» 
халықаралық 
конференцияның 
материалдары. 
4. «Қазақстандағы адам капиталын дамыту» Бағдарламасы, ҚР «Халықаралық адам 
институты» Алматы, 2012. 
 
Резюме 
В  статье  охвачена  роль  человеческого  капитала  в  экономике.  Обозначены 
существующие проблемы и представлены пути развития человеческого капитала. 
 
Summary 
The article covered the role of human capital in the economy. Identified problems 
and presents the development of human capital. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

108 ~
 
 
ӘОЖ 070.1 
Р.Б. Абдулова, А.М. Джанибекова  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАНДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ  
РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҮРДIСТЕРI 
 
 
Аңдатпа 
Аталған мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі турасында сөз 
болады.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамға  қажеттiлiгi  олардың  тiкелей 
атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты.   
Негізгі сөздер: 
бұқаралық ақпарат құралдары, цензура, қоғам, саясат, мемлекет. 
 
Мемлекеттiк  тәуелсiздiк  жаңа  экономикалық  саясатпен  құқықтық  мемлекет 
құру  мiндеттерi  республика  ақпарат  кеңiстiгiне  де  үлкен  өзгерiстер  ала  келдi.  Ол 
мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап шынайы суреттеу 
мүмкiндiгiнен  соң  жүзеге  аспақ.  Егемендiк  алған  Қазақстан  үшiн  мемлекттiктi 
бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен проблемалар туды. 
Жаңа  мемлекеттi  құруды  мақсат  еткен  Қазақстан  ең  алдымен  ескi 
тоталитарлық жүйенiң басты  саяси  идеологиялық қаруы  болған  баспасөзге,  радио, 
теледидарға  т.б.ақпарат  тарату  құралдарына  цензурадан  бас  тартты.  Сөйтiп 
азаматтардаң әлеуметтiк саяси ақпараттардың кез- келгенiн еркiн таңдап қабылдау 
мүмкiндiгi туды [1]. 
  
Демократиялық,  құқықтық,  азаматтық  қоғам  құруды  баспасөз,  сөз 
бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Тәуелсiздiктiң 
алғашқы  жылдарынан  ақ  бұған  дейiн  тегiс  мемлекеттiк  болып  келген  ақпарат 
құралдары 
бiрте-бiрте 
либералдандырылып 
кооперативтiк, 
комерциялық 
жекеменшiк  басылымдар  шыға  бастады.  Жаңадан  көптеген  газет  журналдар  мен 
радио станциялар, телеканалдар ашылды. 
Қоғамдық  ақпарат  құралдарына  саяси  цензураның  алып  тастауынан 
батыстық  шетел  елдерiнен  көптеген  тиым  салынған  әдебиеттермен  кинофильмдер 
және  тағы  да  басқалар  Қазақстан  рыногына  ағыла  бастады.  Бұл  процесс  өтпелi 
кезеңде  азаматтардың  сан-саққа  бөлiнiп  кеткен  рухани  құндылықтарына  әр  түрлi 
әсер еттi. 
Мемлекеттiк  және  мемлекеттiк  емес  ақпарат  құралдарының    қаражатпен 
және  қажеттi  техникалық  жабдықтармен  қамтамасыз  ету  дәрежесiнде  бүгiнде 
айтарлықтай  айырмашылық  жоқ.  Мемлекеттiк  ақпарат  құралдарының  бұл  салада 
көрсеткiштерi  жоғары  болып  келгенiмен,  нарық  жағдайында  өзiне  де  көрерменін 
оқырманын  да  жоғалтпай,  экономикалық  қаражат  қиындығынан  шыға  бiлген 
меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi 
басым түсiп отыр [2]. 
Бұл  үрдiс  республикалық  ақпарат  кеңiстiгiнде  сөз  бостандығынан 
туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi. 
Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат  құралдарына мемлекет монополиясы 
жойылып  отыр.  Алайда  ақпарат  тарату,  тасымалдау,  байланыс,  транспорт, 
баспаханалық  жүйе  секiлдi  ақпарат  қызметiнiң  құрамдас  салалары  бойынша  ресми 
билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

109 ~
 
 
Тәуелсiз  Қазақстанның  демократиялық  ақпарат  кеңiстiгiн  қалыптастыру 
барысында  транзиттi  қоғам  басынан  өткерiп  отырған  мұндай  сапалық  жаңа 
өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық. 
Бұл жолда қаншама кемшiлiктер түсiнiспеушiлiктер кездесерi сөзсiз. Өйткенi 
қоғам  өмiрiн  демократиялық  трансформациялау  үзақ  уақыты,  күрделi  процесс. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  экономикалық,  саяси,  әлеуметтiк  жағынан 
жiктелуi  олардың  қоғамдық  пiкiр  қалыптастыру  арқылы  қоғам  мүшелерiне әсер  ету 
деңгейлерiнiң  әр  қилылығын  аңғартады  [3].  Қазақстан  үшiн  дамудың  тұрақты 
демократиялық  моделiн  таңдауда  қоғамды  еркiн  және  құқықтық  демократиялық 
үлгiде  трансформация  жолдары  мен  әдiстерiн  iздеу  обьективтi  шынайы 
ақпараттардың маңызы зор. 
БАҚ жаңа  жағдайда  қалыптасуы және  жұмыс iстеуiне  саяси-  экономикалық, 
мәдени-әлеуметтiк,  құқықтық  негiздерiнiң  саралануы  үлкен  ғылыми  iзденiстердi 
қажет  етедi.  Қоғамның  саяси  әлеуметтiк  өмiрiнде  жүрiп  жатқан  демократиялық 
өзгерiстер  оның  ақпарат  кеңiстiгiне  де  тән.  Сөз  бостандығы,  баспасөз  бостандығы, 
баспасөз  бостандығы,  пiкiрлер  плюрализмi  тәуелсiз  жеке  меншiк  ақпарат 
құралдарының  пайда  болуы  Қазақстандық  ақпарат  кеңiстiгiнде  демократиялық 
үрдiстердiң нәтижелерi. 
  
70-жылдан  аса  уақыт  бiр  идеологияның  шеңберiнде  дәрiптелiп  келген 
рухани  құндылықтардың  елеулi  бөлiгi  бүгiн  өздерiнiң  бар  мағанасынан  айырылуға 
мәжбүр  болды.  Қазақстан  халықтары  алдында  жаңа  жағдай,  жаңа  құндылықтарды 
қалыптастырды,  оларды  қоғам  өмiрiне  енгiзу  мiндетi  тұр.  Бұл  құндылықтарды  ең 
алдымен  республикамыздағы  халықтардың  мәдени,  тарихи,  рухани  қазыналарын 
бүгiнгi  уақыттың  күрделi  өзгерiстердi  талап  етер  жаңалықтарымен  сабақтастыра 
қарастырған  абзал.  Адамның  күнделiктi  өмiрiнiң  жаңғыруы,  жаңа  прогрессивтi 
жетiстiктерiне  жетуi  қоғамның  жалпы  мәдени  деңгейiне  байланысты.  Ал  қоғамның 
мәдениетiн  қалыптастырушы  өзгертушi  негiзгi  субьект  адам,  түрлi  халықтар  болып 
табылады. 
Мәдениет  әлеуметтiк  дүниедегi  терең  тарихи  құбылыс  және  оның  негiзгi 
өзектерi  бағыттары  салалары  әлеуметтiк  субьектiнiң  жетiлу  процесстерiмен 
негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар 
тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы 
қалыптастырып  қана  қоймайды,  халықтың  саяси-әлеуметтiк  белсендiгiне  де  ықпал 
етедi. Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке түсiнiгiн 
қалыптастырады.  Бұл  жеке  көзқарастар  қоғамның  басқа  мүшелерiнен  пiкiр  алмаса 
келiп  бұқараның  көзқарасына  ұласады.  Одан  әрi  сұраптала  келiп  ,  қоғамдық  пiкiр 
қалыптасады. 
Әлемдiк тәжиiрбеге  сүйенсек,  БАҚ  белгiлi-бiр  адамдар  немесе  ұйымдардың, 
органдардың  бақылап,  қажет  болса  басқарып  отыратыны  белгiлi.  Жекелеген 
адамдардың  меншiгiндегiнi  болмаса  коммерциялық  ақпарат  құралдарында  бұл 
мiндеттi  әлгi  меншiк  иелерi  атқарып  мемлекеттiк  ақпарат  құралдарында  онымен 
арнайы  мемлекет  органдары  айналысады.  Ал  қоғамдық  құқықтық негiздегi ақпарат 
құралдары  бұл  қызметтi  егер  баспасөз  құралдары  мемлекеттiк  заңдар  сақтап 
отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды. 
Әлемнiң  көпеген  елдерiнде  БАҚ  этикалық  нормаларын  және  заңдылықты 
сақтауын  жалпы  қадағалап  отыратын  арнайы  органдар  бар.  Мысалы  Франция 
коммуникация  құралдары  жөнiнде  жоғары  кеңес  жұмыс  iстейдi.  Ол  меншiк  түрiне 
қарамастан  елдегi  барлық  телерадиостанцияларының  жұмысын  қадағалап  қана 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

110 ~
 
 
қоймайды,  сонымен  бiрге  эфирге  шығуға  рұқсат  ететiн  мемлекеттiк  рұқсат  беру 
құқына ие. 
Қазақстанда  әзiрге мұндай демократиялық бақылау органдары қалыптасып 
үлгерген  жоқ.  БАҚ  қызметi  негiзiнен  мемлекеттiк  Конституциясы  және  Баспасөз 
туралы  заңға  ақпарат  құралдарының  жарғылық  бағдарламалық  құжаттарына 
сүйенiп жүргiзiлуде [3]. 
Әрине  бұл  айтылғандардан  бөлек  бiздiң  пiкiрiмiзше  өтпелi  қоғамда  үлкен 
рөль атқаратын фактор ақпарат құралдары өкiлдерiнiң түрлi басылымдар мен теле, 
радио  компанияларының  саяси  мәдениетi  мен  таным  деңгейi,  яғни  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  өзiн-  өзi  қадағалауда  ең  тиiмдi  әрi  демократиялық  түрi 
ретiнде саналады. Өкiнiшке орай қоғамдағы жаңа рухани мәдени құндылықтар мен 
саяси  әлеуметтiк  нормалардың  қалыптасып  үлгере  алмай  жатқаны  секiлдi  ақпарат 
құралдарында да бұл қадағалау жеткiлiктi болмауда. 
Қазақстанда орыс және қазақ тiлдерiндегi қатар таратылатын БАҚ ара тұра 
мәселеге  екi түрлi көзқараспен келуi, бiр- бiрiне мүлде кереғар түйiн түйiп, ұсыныс 
бiлдiрудiң  қоғамға  пайдасы  шамалы.  Бұл  мемлекет  iшiндегi  күрделi  мiндеттердi 
айқындау және оларды шешуге жұмылдырудағы бiрлiк пен өзара түсiнiстiктiң әлi де 
жетпеушiлiгiн аңғартады. 
Жас  егемендi  мемлекет  алдындағы  қоғамдық  дамудың  бүгiнгi  кезеңiнде 
өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтап ел ертеңi 
үшiн  тиiмдi  пайдаланудың  артықшылықтарын  халыққа  тарату.  БАҚ-ның  рухани 
танымдық қызметiне сұраныс тумақ. 
Қазiргi  кезеңде  халық  оқшауланған  күйде  өмiр  сүре  алмайды.  Себебi  жер 
шарының  барлық  түкпiрiне  хабар  ошар  бiрнеше  сағат  iшiнде  тарайтындай  бұл 
кезеңнiң  ең  қымбат  капиталы  ақпарат  болып  отыр  [4].  Республиканы  мекендейтiн 
халықтардың  рухани  бiрлiгi  демократиялық  құндылықтар  мен  мәдениетiнiң 
қалыптастырып, саяси -әлеуметтiк және этнос аралық тұрақтылықты нығайту болып 
табылмақ. 
Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл 
процесс  ескi  мен  жаңаның  күресiмен  ерекшеленедi.  Әрқашан  идеялық  саяси 
өзгерiстер алаңы саналатын ақпарат кеңiстiгi ерекше роль атқарып келедi әлi атқара 
бермек. 
Тарихқа жүгiнер  болсақ жалпы  мемлекеттiң  түрлi  қоғамда  саяси иституттар 
және  басқа  да  органдармен  қарым-  қатынасы  үнемi  мамыржай  толық  түсiнiстiк 
жағдайда  болмаған.  Мемлекет  басындағылар  iс  әрекетi  түрлi  заң  құқықтық 
нормалармен    мен  ережелерге  сүйенiп  қана  қоғамдық  процестердi  реттеп 
жүйелеуге,  басқаруға  бағытталады  [5].  Басқаша  айтқанда  билiк басындағылар  мен 
билiктiң  қол  астындағылар  арасындағы  саяси-экономикалық,  мәдени  құқықтық  т.б 
толып жатқан қарым- қатынастар  нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады. 
Қоғамның  саяси  институттар  қатарында  айрықша  мәнi  бар  басқалармен 
салыстырғанда  саяси  әлеуметтiк  билiгiмен  қызметi  бөлектеу  тұрғаны  бұқаралық 
ақпарат  тарату  жүйелерi  болып  табылады.  Бұл  жүйе  тiкелей  өндiрушi    сала 
болмағанымен  қоғамдағы  саяси  әлеуметтiк  ықпалы  жағынан  басым  болатыны 
белгiлi.  Қоғам  өмiрiнiң  қай  саласында  болсын  мемлекеттiң  ақпаратты  саясаты 
болады,  iшкi  және  сыртқы  саясаттың  күрделi  мiндеттерiнен  бастап,  күнделiктi  ауа 
райына дейiн ақпараттық қамтамасыз етпейiнше алдағы мақсатқа қол жеткiзу одан 
күткендей 
нәтиже 
тосу 
қиын. 
БАҚ-ның 
қоғам 
өмiрiндегi 
ақпараттық, 
коммуникативтiк,  танымдық,  қоғамдық  пiкiр  туғызушылық  қызметтері  мемлекет 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

111 ~
 
 
мүдесiн  қоғам  мүшелерiне  жеткiзiп,  олардың    ой-  пiкiрiн  байқатады,  қоғамдық 
институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамасыз етедi. БАҚ-ның пәрмендi саяси-
әлеуметтiк  ықпалымен,  мүмкiндiктерiн  осы  себептерге  байланысты  да  мемлекеттiң 
үнемi  пайдалануына  тура  келедi.  Бұл  екi  жақты  байланыс  ауқымы  және 
формаларына байланысты өзгерiп отырады. 
Тоталитарлық  қатаң  авторитарлық  саяси  режимдер  БАҚ  тұтастай 
мемлекеттiң  бақылауында  болады.  Ондай  қоғамдарда  ақпарат  кеңiстiгi  мемлекет 
идеологиясына сай сол бағытта қана қалыптасады. 
Баспасөз  бостандығы,  пiкiр  алшақтығы  болмайды.  Қоғамда  тек  мемлекеттiк 
ресми  көзқарас  таратылып,  қоғамдық  пiкiр  де  сол  бағытта  қалыптасады.  Ал 
демократиялық  мемлекеттерде  БАҚ-мен  мемлекет  арасындағы  қарым-қатынас 
заңдылық  негiзде  белгiленiп  барлық  мәселелер  тек  құқықтық  нормалармен 
ережелер бойынша шешiледi. Бұндай саяси режимде баспасөз бостандығы, пiкiрлер 
алшақтығы  және  көзқарас  еркiндiгiн  мойындайды,  сонымен  бiрге  ар-ождан 
бостандығы да сақталады. 
Баспасөз    бетiнде  ұлттық  кемсiтушiлiк,  елдiң  территориясымен  егемендiгiне 
қол  сұғушылыққа,  Конституцияны  бұзуға  тиым  салынады.  Мiне  осындай  негiзгi 
принциптердi    басқа  мемлекет   БАҚ-ның  қызметiне  араласуды  қажет  таппайды.  Ал 
осындай  ақпараттық  саясатты  жүргiзу  үшiн  белгiлi-бiр  басылымдармен  теле-
радиокомпанияларының қызметi пайдаланады. 
Мемлекет  пен  ақпарат  құралдары  арасындағы  қарым  -қатынастың  тағы  бiр 
өзiндiк формасы айқын байқалатын қоғам өтпелi кезеңдегi саяси жүйелер олардағы 
ақпарат  құраладарымен  арақатынас  сипаты  бiршама  өзгешелеу  демократиялық 
негiздеуге  бағыталғанымен  өтпелi  кезеңнiң  қиындықтарынан  шығу  жолында 
авторитарлық  форма  тәсiлдерiн  пайдалану  мүмкiндiктерiнде  жоққа  шығармайды. 
Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан тап осындай өтпелi кезеңдi бастан кешiрiп отыр. Ақпарат 
құралдарымен  мемлекет  арасындағы  байланыс  өзара  қарым  қатынас  формалары 
мен мазмұны құқықтық негiздерi даму үрдiстерi әлi толық қалыптасып үлгерген жоқ. 
Қәзiргi  экономикалық  қиындықтар  жағдайында  халықтың  санасында  үрей  
және  пессимизм  орын  алғандығы  белгiлi.  Еркiн  бәсекелестiк  принциптi  ұстанған 
ақпарат  құралдары  қәзiр  меншiк  төрiне  үстанған  әлеуметтiк  саяси  бағыты  мен 
экономикалық мүмкiндiктерiне қарай бейiмделуде. 
Ақпарат  құралдарының  қоғамдағы  әлеуметтiк  саяси  қызметтері  үнемi 
мемлекет  мүдесiне  сай  қызмет  ете  бермейдi.  Мемлекет  тарапынан  қаржылық 
қолдауға  ие  болғандары  билiк  басындағылардың  ресми  көзқарасын  жақтаса, 
тәуелсiз  жекеменшiк  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мемлекет  саясатымен  үнемi 
келiсе  бермейтiндерiн  аңғартады.  Қоғамдағы  демократиялық  өзгерiстердiң  өсуiмен 
бiрге  партиялар  және  қоғамдық  қозғалыстардың  олардың  әрқайсының  көпшiлiкке 
белгiлi  бiр  оқиғалар  жөнiнде  өз  көзқарасымен  пiкiрiн  бiлдiруге  талпынысын  
тудырады. Мемлекет қоғамдағы хабар ошардың негiзгi көзi бола отырып оның дұрыс 
түсiндiрiлуiн  мен  таратылуына  мүделi  болғандықтан  бұл  процесте  бейтарап  қала 
алмайды.  Ол  ақпарат  кеңiстiгiнде  түрлi  көзқарас  пiкiрлердiң  заңдылық  шеңберiнен 
шықпауы  ,  жаңа  мемлекеттi  нығайту  қатыстылығы  және  мемлекеттiң  саяси 
әлеуметтiк тұрақтылығына нұқсан келтiрмеу. 
Қазақстанда мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым қатынасты 
айқындайтын  құжат-  “Баспасөз  туралы  заңның”  қабылдануы  болды.  Ол  бойынша 
мемлекеттiң  ақпарат  құралдары  арадағы  қарым  -қатынасында  қажеттiлiгiне  қарай 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

112 ~
 
 
реттеушiлiк  қызметі  ғана  сақталынады.  Ақпарат  құралдарының  жұмысына  орынсыз 
қол сұғу, басқару, бұйрық беру т.б араласушылықтарға тиым салынған. 
Мемлекеттiң  ресми  саясатына  либералдық  демократиялық  көзқарастағы 
БАҚ-тары  оныммен  iшiнара  келiспеуi  де  мүмкiн  алайда  негiзiнен  алғанда  ашық 
жақтамайды  қарсылығын  да  бiлдiрмейдi.  Қоғам  дамуының  демократиялық 
заңдылықтарын  негiзге  ала  отырып,  өз  ұсынысы  пiкiрлерiн  көзқарастарына  ресми 
мемлекеттiк  басылымдар  мен  оппозициялық  бағытағылардың  арасынан  iздейдi. 
Мұндай  бағыттың  Қазақстан  секiлдi  транзиттi  қоғамда  үкiметпен  арадағы  қарым- 
қатынасты қалыптастыруда қолайлы тактикалық мәнi бар. Өйткенi саяси әлеуметтiк 
экономикалық  құндылықтар  мен  басымдықтары  саяси  күштер  ара  салмағы    толық 
айқындалып  үлгермей  жатқан  қоғамда  әлiптiң  артын  бағып,  оның  даму  үрдiстерiн 
бақылап  барып  қортынды  жасауға  мүмкiндiк  бередi  әрi  артық  кеткен  iс  әрекетен 
сақтандырады.  Өзiне  деген  мұндай  көзқарас  ресми  билiкке  де  қолайлы  Сондықтан 
да  олардың  арасында  қатынас  негiзiнен  алғанда  екi  жақты  қолайлылық  ахуалмен 
сипатталады.  
Ақпарат  кеңiстiгiнде  ресми  саясатқа  қарсы  оппозициялық  немесе  оның 
жекелеген  тармақтарымен  келiспейтiн  пiкiрлер  көзқарастар  жиынтығы  құрайтын 
бөлiгi мен мемлекет арасындағы қарым- қатынас өзiнiң күрделiгiмен не үнемi өзгерiп 
отыруымен  ерекшеленедi.  Оппозициялық  көзқарастағы  немесе  ресми  саясатпен 
келiспейтiн тәуелсiз ақпарат құралдары негiзгi айырмашылығы мынада:   
Экономикалық жағынан толық тәуелсiздiк. 
Кез-келген оқиғаға өз пiкiрлерiмен көзқарасын бiлдiру мүмкiндiгiнiң молдығы 
және  бiркелкiлiгi.  Ресми  билiктiң  саяси  ықпалына  мойынсынбау.  Қоғамдық  пiкiрдi 
қалыптастыру  тiкелей  әсерiнiң  жоғары  болуы.  Қоғамдық  пiкiр  ресми  саясат  пен 
мұндай  биресми  көзқарастың  арасындағы  өмiрдiң  обьективтiк  көрiнiсiн  iздейдi, 
оларда  салыстыра  отырып,  даму  заңдылықтары  мен  қиыншылықтарын  мән 
мағанасын түсiнуге тырысады. 
Қазақстан  қоғамдағы  демократиялық  процестер  БАҚ  қызметiн  түбегейлi 
өзгеруде.  Ақпарат  құралдары  тақырып  таңдауда,  оқиғаларға  баға  беруде  еркiн 
тәуелсiз бола түсуде [6]. 
  
Республикамызда  баспасөз  құралдары  заң  жүзiнде  құқық  обьектiсi  ретiнде 
мойындалған.  Ақпарат  құралдарының  еркiндiгi  тәуелсiздiгi  жайында  сөз  еткенде 
мәселенiң  экономикалық  жағы  ескермеуге  болмайды.  Абсолюттiк  мағанасында 
тәуелсiз  ақпарат  құралы  бола  алмайды,  әңгiме  салыстырмалы  тәуелсiздiк жайында 
болып  отыр.  БАҚ-  ның  бүгiндегi  нарық  кезеңiндегi  өмiр  сүрудiң  ең  негiзгi  үш 
факторы бар. 
Бiрiншiден  ақпарат кеңiстiгiндегi еркiн бәсеке де өзiнiң мүмкiндiгi мен орнын 
анықтап алуы. 
Екiншiден  өзгелермен  бәсекеде  өзiндiк  үстанымы  бағыты  бет  бедерiнiң 
болуы. 
Үшiншiден    қажеттi  техникалық  қаржылық  шығармашылық  мүмкiндiгiнiң 
деңгейi. 
Бұл  үшеуi  де  қоғамда  қалыптасқан  саяси  -экономикалық  жағдайға 
байланысты  дамиды.  Тәуелсiздiктiң  алғашқы  жылдары  көптеп  ашылған  тәуелсiз 
БАҚ-  ры  түрлi  экономикалық  қиындықтарға  төтеп  бере  алмай  бiртiндеп  жабыла 
бастады.  Олардың  iшiнен  өтпелi  қоғамдағы  экономикалық  және    творчествалық 
мүмкiндiгi барлары ғана өмiр сүру құқын сақтап қалды. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

113 ~
 
 
Қоғамдық пiкiрдi ақшаға сатып алуға болмайтыны секiлдi оны қолдан қысым 
жасап өзгертуде мүмкiн емес. Республика өзiнiң  мемлекеттiк тәуелсiздiк жариялаған 
кезеңнен  бастап  жаңа  саяси  экономикалық  жағдай  қалыптасты.  Алға  қойылған 
негiзгi мiндеттер ел экономикасын жаңа жағдайда қалпына келтiрiп одан әрi көтеру 
қоғамдық  саяси  тұрақтылықты  нығайтып  халықты  әлеуметтiк  жағынан  қорғау 
құқықтық  демократиялық  мемлекет  құру  болып  табылады  Алғашқы  кезеңде 
Қазақстанның  ақпарат  құралдары  тұтастай  алғанда  шын  мәнiнде  қоғамның 
демократиялық өзгерiстерге талпынуы мен тәуелсiз мемлекеттiлiгiн қалыптастыруға 
белсене  араласты.  Ақпарат  кеңiстiгiнде  мәдени,  рухани  жаңғыру  процесi  кеңiнен 
көрiнiс  тапты.  Бұл  процеске  түрлi  тiлдерде  шығатын  ақпарат  құралдары  қатысты. 
Өйткенi  тәуелсiздiктiң  эйфориясы  бұрын  жабық  саналып  келген  көптеген  жаңа 
тақырыптардың  көтерiлуi  сөз  жоқ  “төртiншi  билiк”  иелерiн  творчествалық  кәсiби 
қызығушылығын туғызғаны анық. 
Елдегi  бүгiнгi  саяси-  экономикалық  жағдайды  қалыптастырудың  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  атқарар  ролi  аз  емес.  Жаңа  қалыптаса  бастаған 
Қазақстандық  ақпарат  кеңiстiгiнде  түрлi  пiкiрлер  көзқарастар  ағынына  қарамастан 
түптеп келгенде қоғамды  дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптасты. 
Баспасөз  бостандығы  деген  ұғыммен  қатар  оның  жауапкершiлiгiн 
журналистикадағы  әдеп  мәселелерi  қатар  туындайды  [7].  Жоғарғыда  ақпарат 
құралдарының  абсолюттiк  мағанасында  еркiндiгiнiң  болмағандығын  экономикалық 
жағынан түсiндiрдiк. Дәл осы секiлдi демократиялық еркiндiктiң де шегi болады. Ақ 
түстi қараға бояудың қиындығы секiлдi ұлттық санаға түскен дақтан арылу жолыда 
тым ауыр. 
 Соңғы кездерi ақпарат құралдарыны ар-ождан сотында жиi тартылуы соның 
айғағы.  Бұл  тек  ақпарат  құралдарының  азаматтық  позициясы  мен  саяси 
обьективтiлiгiне  ғана  байланысты  БАҚ-ры  мен  ресми  билiк  арасындағы  қатынасқа 
нақты ықпал ете алар екiншi фактор саяси жүйенiң типi мен ондағы демократиялық 
өркениет ақпарат кеңiстiгiнiң қалыптасу мүмкiндiгiне байланысты өтпелi қоғамда бұл 
мәселенiң  кейбiр  ерекшелiктерi  айталық  мемлекет  тарпынан  қоғам  ертеңiмен  iшкi 
саяси  тұрақтылықтың  сақталуы  үшiн  экономикалық  реформаларды  шешушi  сәтiнде 
қоғамдық  пiкiрдi  бөлiп  жармау  мақсатында  кейбiр  ақпарат  құралдарын  саяси 
экономикалық  ықпал  етуге  тырысушылық  мысалдарын  өтпелi  қоғам  мүшелерi 
әртүрлi қабылдауда.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет