«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің басты мақсаты – білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзыреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
математиканы оқыту барысындағы педагогикалық процестің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтарын, тенденциялары мен даму болашағын оқып үйрену;
жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін оқып үйрену;
математиканы оқытудың педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан туындайтын әдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру;
математиканы оқыту процесінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып үйрену;
математиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін оқып үйрену;
мектеп математика курсын ізгілендірумен, саралаумен және оқу процесін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру;
білім алушылардың математика мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық және зияткерлік сапаларын дамыту.