Х. С. Муханбеткалиев 20 ж



бет47/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#12086
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Танымдық қызмепі тұлғаның рухани дамуының негізі
ретінде мәдениет, табиғат, ноосфера туралы ғылыми
білімдерін игеру;

  • Әрекеттік-шығармашылық қызмет тұлғаның оқу, еңбек
    ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз
    мүмкіндіктерін жүзеге асыру, шығармашылық қабілетін
    қалыптастыру және дамыту;

  • Тұлғалық-рефлексиялық қызмет өзіндік санаға бағытталып
    рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік
    мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.

    Мектепті тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару педагогикалық бағдарламалардың мазмұнын да ішінара өзгертеді. Бұл жағдайда жаңа әдістемелерді қолданудың мәні мен ерекшеліктері, тереңдігі оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру арқылы игеріледі. Сондықтан мазмұндық компоненттің оқушы үшін көкейкестілігіне назар аудару, жаңа талаптар мазмұнының білім беру бағдарламасы, стандарттарымен үйлесімді кірігуін ескеру маңызды мәселе.

    Менеджмент негізінде тұлғалық бағдарлы басқарудың ерекшеліктері:

    білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделді;

    барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылар мен мұғалімдердің шаршатуын болдырмауды көздейді;



    оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі оған катысушыларды іріктеп, таңдап алу арқылы емес, педагогикалық ішкі резервтер мен мүмкіндіктерді пайдалану негізінде қол жеткізіледі;

    педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, субъектарлық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;

    басқарудың тұлғалык бағдарлы мазмұны білім беру үрдісіндегі тұлғалардың (оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана, әкімшілік) өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;

    Басқаруды менеджмент негізінде жүзеге асыру оның педагогикалық шарттарын белгілеп алуды қажет етеді. Өйткені, менеджменттің жоғарыда сипатталған ұстанымдары оларды тәжірибеде іске асыруға бағытталған арнайы шарттардың орындалуынсыз теория ретінде қалып, практикалық қолданбалы міндеттерді атқара алмайды.



    Басқарудың педагогикалық шарттары

    Педагогикалық үрдістегі өзара қарым-катынастар педагогикалық үрдісте, өзара қатынаста, ұжымдық катынаста, өзіндік қатынаста көрініс табады және оларды басқару үрдісіндегі "субъектаралық қатынастар", "ұжымдық-диалогтық қатынастар" және "тұлғалық-рефлексиялық қатынастар" деп аталатын педагогикалық шарттарға бөлінеді.



    Субъектаралық қатынастар шарттары. Тұлғалық бағдарлы басқару үрдісіндегі субъектаралық катынастар білім берудегі оқушы мен мұғалімнің арақатынасына ғана тән ұғымды білдірмейді. Басқару жүйесінің дәстүрлі түсінігіндегі баскарушылардың субъектілік, басқарылушылардың объектілік мазмұны өзгеріп, оқушылар, мұғалімдер, әкімшілік басқарудың және өзіндік дамытудың субъектілері болып табылады. Педагогикалық үрдістегі субъектаралык қатынастар шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады (С.И.Рубинштейн, Ш.А.Амонашвили). Оның мәні: тұлғаның өзін құндылык ретінде қабылдауға негіз болатын субъектаралық қарым-қатынас орнату: тұлғалық ерекшеліктерін түсіну, онын ой-пікірімен, арман-мақсатымен, проблемаларымен санасу. Оқушының жеке тұлға ретінде ата-анасынан, ұстаздарынан бөлек өзіндік әлеміне бойлау арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыру, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіру;

    Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары. Басқарудың ұжымдық-диалогтық катынас шарттары мұғалімдер ұжымына да, оқушылардың сыныпішілік, мектепішілік ұжымына да, әкімшілік топтарына да қатысты орындалады. Қандай ұжым болса да ол құрамындағы субъектілердің арақатынасына (интерсубъектілікке) негізделеді. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік топтағы диалогтық қатынасқа түсуі арқылы тұлғаның адамгершілік, рухани сапалары қалыптасады (А.В.Петровский). Соңғы кездерге дейін тұлғаның психологиялық мәні оның айналасындағы құбылыстарға қатысты объективтік тұрғыдан қарастырылып, оған өзіндік эмоциялық түрткі болатын субъектілік сапаларына аз көңіл бөлініп келді. "Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана "адамның адамдығы" өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады."(М.М.Бахтин). Оның ойынша диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі диалогтық қатынастар қалай алады, тұлғаның белсенділігі, өзін өзі үнемі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Олар оқушылар мен мұғалімдер ұжымдарындағы қызметте диалогтық қарым-қатынасты жүзеге асыру: өзге адамдармен жайлы қарым-қатынас, түсінісу, бірлесіп әрекет істеуге бейімділігін дамыту ұжымдық рефлексия арқылы бірлескен шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

    Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары тұлғаны педагогикалық үрдістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мумкіндіктерінің даму үшін қолайлы орта туғызуды көздейді. Тұлғаның өзіндік сапаларын дамыту, оны өз әрекетінің субъекті ретінде калыптастыру үшін өзіндік рефлексия кажеттігін көрсетеді. Ізгіліктік психология тұрғысынан "рефлексия" - субъектінің өз тәжірибесіне сыни көзбен қарау арқылы өз әрекеттерін, айналамен қарым-қатынасын қайта зерделеуі және қайта карастыруы деген сипаттама беріледі (А.Н.Леонтьев). Рефлексиялық қатынас арқылы басқару педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық т.б.) нәтижелі болуына олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны тұлғаның рефлексиялық әрекеттерінің субъектісі ретіндегі көзқарасын қалыптастыру: өзіндік рефлексия жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік кажеттіктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін рефлексиялық қажеттіктер негізінде пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.

    Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдык және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді. Сондықтан, менеджмент негізінде басқарудың педагогикалық шарттарының мазмұны былайша айқындалады:



    I) педагогикалық үрдістегі субъектаралық қатынастар:

    оқушының жақын даму аймағын анықтау және соған сәйкес педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру;

    оқушымен субъектаралық, диалогтық катынастар орнату;

    педагогикалық жаңалықтарды нәтижелі енгізу;

    оқушылар бойында адалдық, әділеттік, адамгершілік, белсенділік сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

    оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін диалектикалық байланыста орындау;

    оқу материалдарымен қызықтыра, ынталандыра алуы.

    2) ұжымдық-диалогтық қатынастар:

    педагогикалық үрдіске катысушылардың бірлескен әрекеттерінің ортақ құндылықтары мен ұстанымдарын, өз игі дәстүрлерін қалыптастыру арқылы өзара татулық пен шынайы қарым-қатынастық орта пайда болуы;

    жеке мұғалімдер мен жалпы ұжымда тұлғалық бағдарлы жаңашыл әдістерді, алдыңғы қатарлы жобаларды қабылдай, енгізе алатын деңгей пайда болып, проблемалық ізденіссіз, психологиялық-педагогикалық жаңғырусыз, озат тәжірибені меңгеру мен таратусыз жұмыс істеу мүмкін болмайтын жағдайға айналуы;

    педагогикалық қызмет барысындағы гуманистік, демократиялық бағыттар, диагностикалық әдістемелер, "субъект-субъекттік" қарым-қатынас қалыптасып, оқушылар мен мұғалімдер, оқушылар мен оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындагы байланыс интерактивтік, рефлексиялық, ұжымдык бірлік секілді жаңа сипат пайда болуы.

    3) тұлғалық-рефлексиялық қатынастар:

    тұлғанын өз еңбегінің белгілі бір нәтижелерін болжай отырып оған жетуге ынталылығы;

    өз рефлексиясы, оқушы, ата-ана рефлексиялары арқылы кемшіліктерін нақты көре білуі, жою жолдарын анықтай алуы;

    өзіндік дамыту мен білім алуға даярлығы;

    өз қажеттіліктерін нақты білуі;

    өз нәтижелеріне көңілі толмауы;

    өз пәні бойынша оқушылар білімін тексертіп отыруға және өзі тексеріп отыруға ынталылығы;

    өз пәні бойынша мектеп бітірушілердің жетістіктерін талдап отыруға тырысуы.

    Аталған қарым-катынастық шарттар негізінде басқару басқарушы (әкімшілік тобы) және басқарушылардың (окушы, мұғалім) өзара қарым-қатынасы негізінде төмендегі сипатқа ие болады: басқарылушының субъектілік қызметтерін кенейту, орындаушылық ролін өз әрекетін ұйымдастырушы ролімен алмастыру, белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызу мүмкін болады. Тұлғаның рефлексиялық қабілеті оны рефлексиялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлексиялық қажеттіктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады және оның сонғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы калыптасады.

    Аталған рефлексиялық сапалардың қалыптасуы педагогикалық шарттар ретінде белгіленген қарым-қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Оны төмендегі педагогикалық-психологиялық құрылым ретінде көрсетуге болады:

    Тұлға - оған қарым-қатынас арқылы ықпал ету --- субъектілік сапалардың ңалыптасуы

    Сөйтіп, адамның тұлғалық дербестігін қалыптастырудың негізі - сыртқы ортаның ықпалы мен ішкі өзіндік даму үрдісі. Менеджмент негізінде басқарудың бағыттары оқушылар мен мұғалімдердің өзара белсенді карым-қатынасын көздейді, бірлескен әрекеттерге негізделеді және өзара түсіністік пен рухани шығармашылық негіздерін калыптастырады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет