Тренинг №6
Тақырыбы: Мектепте ізденушілік-зерттеушілік қызметті ұйымдастыру
Мақсаты: Қатысушыларды өз әрекеттерін зерттеуге үйрету арқылы мектеп басқарудағы проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарын іздестіруге үйрету.
Жоспары:
Мектепте ізденушілік –зерттеушілік қызметті ұйымдастыру.
Тренинг-2с.
Әрекетті зерттеу-кәсіби өсудің басты жолы. Практикум- 2с.
Тренинг материалдары
Педагогтардың зерттеушілік қызметі арқылы кәсіби өсуін көрсететін факторлар:
өз пәні және оған байланысты әдістемесі бойынша туындап жүрген кәсіби проблемаларын анықтай алуы және оны шешу жолдарын, нәтижелерін белгілей білуі;
өзінің педагогикалық тәжірибесін терең талдай алуы, өз бойындағы педагогикалық әлеуетін бағалай алуы;
теориялық деңгейінің тереңдігі және білім берудегі өзінің философиясы мен айқын мақсаты болуы;
өз ізденісі үшін жєне оқушыны ізденістік жобаларға тарту үшін өзекті пролемалармен айналысып, оны зерттеудің жолдарын анықтай білуі;
мектептегі әдістемелік жұмысқа өзгерістер ендіре алуы және тың идеялар ұсынуы.
Осындай семинарлар, өз әрекетін талдауға мүмкіндік пен жағдай жасау өз нәтижесін береді.
Мектеп бойынша өткізілетін әдістемелік және ғылыми-ізденіс жұмыстары:
педагогикалық ізденіс конференциялары;
педагогикалық оқулар;
жаңа жобалар бойынша семинарлар;
проблемалық тақырыптар бойынша семинар-тренингтер;
әдістеме бірлестіктерінің тақырыптық отырыстары;
шығармашылық сайыстар мен конкурстар;
"Жыл мұғалімі", "Жыл тәрбиешісі", "Жыл сынып жетекшісі" сайыстары;
оқушылардың ізденіс конференциялары;
мұғалімдердің шығармашылық есептері т.б.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың тиімділігі ұжымдық бірегей ұстанымды қалыптастырудан, мұғалімдердің рефлексиялық әрекеттерін талдаудан да көрінеді. Мұғалімнің рефлексиялық жұмыстары нәтижесі олардың қызметтерінің әлсіз жақтарын да айқын көрсетіп, тиісті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Практикум
Жеке мұғалімдердің және ұжымның рефлексиялық жұмысын ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері:
1) ұжымның педагогикалық деңгейінің көтерілуіне себеп болады.
оқушылар мен мұғалімдер арасынан түрлі кәсіби, шығармашылық сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындар алушылар көбейеді;
мектептегі мұғалімдердің және мұғалім мен оқушы бірлескен әрекеттерін, интеграциялықты қажет ететін шаралар деңгейі көтеріледі;
оқушылардың қала бойынша жетістіктері молаяды;
мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу-ізденіс жұмыстарына қызығушылықтары мен белсенділіктері артады;
шығармашылық еркіндік пен ынталылық деңгейі жоғарылайды;
2) педагогикалық үрдістегі субъектілер арақатынасы жүйелі ұйымдастырылады. Олар:
оқушылардың өзін өзі басқару палатасы жұмысы;
ата-аналардың үйлестіру кеңесі;
мұғалімдерден құрылған шығармашылық топтардың іс-әрекеттері;
әдістеме бірлестіктерінің шығармашылық дамуы;
3) мектептегі психологиялық ахуалдың жайлылығы,оның мұғалім-басшылар, мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана қарым-қатынастарынан көрінеді.
4) тұлғалық бағдарлы технология негізінде жүргізілетін әдістемелердің ата-аналар кеңесі, оқушылар парламенті, әр деңгейлі және бір деңгейлі жастағы оқушылардың бірлескен шараларына ықпалы:
диалогтық өзара қарым-қатынасы;
интерактивтік жұмыс түрлері;
рефлексиялық толғанысты тиімді пайдалануы;
өз әрекетіне, тәртібіне, біліміне өз жауапкершілігінің қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |