мектептегі шешім қабылдауға байланысты іс-әрекетті бағыттайды.
Мектеп тұжырымдамасы мынадай 3 кезеңнен тұрады деп айтуға болады:
дайындау кезеңі;
тұжырымдау, қалыптастыру кезеңі;
дамыту, бақылау кезеңі.
Тұжырымдамада мектепті дамытудың стратегиялық бағдары мен ондағы педагогикалық үрдістерді жетілдірудің нақты бағыттары айқындалады. Ол нормативтік құжат міндетін атқармаса да қазіргі заманғы білім берудің тиімді деген инновациялық идеяларын мектеп мүмкіндігіне сай игерудің, іске асырудың жобалық (прогностикалық) көрінісін береді. Міне, осы жұмыстар негізінде мектепті басқаруды бағдарлау, перспективалық, ағымдық жоспарлаудың алғы шарттары жасалып олар мектеп дамуының стратегиялық бағдарымен сәйкестендіріледі, мақсаты мен міндеттері айқындалады, сөйтіп оқу-тәрбие құрылымының барлық буындардың біртұтастығы қамтамасыз етіледі.
Жоспарлаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі механизмдердің орындалуы міндетті болады:
мектепішілік ақпараттық қызмет. Қандай да болмасын басқару ұжым басқарылып отырған үрдіс туралы ақпаратпен үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі басқару қызметінде әдістеме бірлестіктері, аттестациялық комиссия, педагогикалық кеңестер, директор және орынбасарлары жанындағы кеңестер мәліметтері тек басшылар үшін ғана емес, ұжым мүшелеріне де жеткілікті түрде таныстырылады;
басқарудың барлық буындарының жалпы ортақ мақсатқа бағытталғандық және үйлестірілгендік сипаты білім беру үрдісіне қатысушы тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінен көрініс табады.
түрткі жасаушылық сипаты-(мотивация). Түрткі (мотив)-адамды іс-әрекетке бастайтын қозғаушы күш, сондықтан әр адамның әрекеттеріне жетекшілік жасайтын белгілі бір ішкі мотивация болуы қажеттігі міндетті түрде ескерілді.
мектепішілік демократиялық-құқықтық жағдайдың болуы. Басқару үрдісіне қатысушы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас, қабылданатын шешімдердің үйлесімділігі, әр деңгейдегі демократиялық заңдылықтардың орындалуы, әр құрылымның өз құзырындағы мәселелерді шешуге құқықтылығы және міндеттілігі қатаң сақталды.