Олардың арасында III топ мүгедегі Үмбеткалиева Меңсұлу апай да бар екенін хабардар ете отырып , қызы Ихсанова Бұрыш II топ мүгедегі заңды қабілетсіз болғандықтан жиені Ихсанова Асел екеуіне қамқоршы болып тағайындалған, осы отбасында қызының азаматтық некедегі жолдасы Абулхайыров Мержан бірге тұрады. Оның үнемі арақ ішуі байқалады. Үйлерінің санитарлық жағдайы нашар, талапқа сай емес.
Назаралина Гулжанат пен Кабулов Алишер және Дарменова Назгул мен Шайдуллин Асылбектің үйлерінің тұрмыстық жағдайларының санитарлық –гигиеналық талаптарға сай еместігінен, яғни үйлерінде тазалық болмау себебінен есепке алынған. Осы аты аталған отбасыларды Қоғамдық кеңес отырысына салып, балаларының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаулары үшін ауыл әкімшілігімен бірлескен жұмыстың болу қажеттілігін назарыңызға бергіміз келеді.