Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,34 Mb.
#6057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Арғынбай БЕКБОСЫН:

депутат бола жүріп, мыңға тарта заң актілерін 

қабылдауға қатыстым. Ол заңдар тәуелсіз елдің 

бүкіл тіршілігіне қатысты құжат болатын. Ал заң 

дегеніміз – өмір нормасы. Заңның өзі Ата Заңның, 

яғни Конституцияның аясында ғана қабылданады. 

Ата Заңға ешбір заң титтей де қайшы келуге тиіс 

емес. Ол - мемлекеттің құрылымы, оның өмір 

нормасы,  мақсат-мүддесі  және  мемлекеттік 

сипаты.  Конституцияда  менің  де  қолтаңбам 

бар  деуге  болады.  Естеріңізде  болса,  қазіргі 

қолданыстағы Ата Заң - тәуелсіздіктен кейінгі 

екінші Конституция. 1995 жылы жалпыхалықтық 

референдум арқылы қабылданған болатын. Ал 

референдумның алдында оның жобасы барлық 

ақпарат құралдарында жарияланып, халықтың 

талқысына түскен. Сол талқылау кезінде мен 

жобаның 5-бабының 4-ші тармағын көргенімде, 

сондағы жазылған сөздер көзіме оттай басылды. 

Онда  (сөзбе-сөз емес) «саяси партиялар мен 

қозғалыстарды  шетелдік  заңды  тұлғалар  мен 

жеке    азаматтардың  қаржыландыруына  жол 

берілмейді» деген мәтін бар. Осының ең әуелгі 

авторы өзіммін деп айта аламын. Айта кетсем, сол 

1995 жылдың бас кезінде біз Жоғарғы Кеңесте 

қоғамдық бірлестіктер туралы заңды талқылап 

жатқанбыз. Ол ел үшін қатерлілеу, алмағайып 

уақыт еді. Елде «сепаратизм» деген сұмдықтың 

белгілері әр жерден көрініп жатқан. Мәселен, 

Шығыс Қазақстан жақта «Правобережная при-

иртышская  автономная  русская  республика» 

дегенді құрайық дейтіндер болды. Тіпті оған 

қажетті дайындықтар да жүріп жатқан сияқты 

еді. Лысаковск, Риддер, Степняк, Рудный секілді 

отыз шақты шағын қалаларда мәслихаттардың 

ассоциациясы құрылып, олар да зиянды бағыт 

ұстанды. Міне, осындай дүрбелеңнің алдындағы 

жағдайға Мәскеу жақтан ресейлік шовинистер, 

империяшыл-ұлы державашылдар  жел беріп 

отырды. Мұндай арам ниетті іске асыру үшін 

не қажет? Ұйым қажет. Тармақталған бұқараға, 

өзінің тілектестеріне тұрақты түрде ықпал жа-

сай отырып, оларды көтеру үшін ол ұйымдарға 

қаржы  керек.  Қаржыны  беретіндер  шет  елде 

көп. Ол кезде Қазақстанның  тәуелсіздігін елдің 

бәрі  бірдей  қалап  отырған  жоқ.  Жері  толған 

байлық, оны көкпардың додасына салғандай, 

қолы жеткен алып кетуі мүмкін. Қазақтың өзін 

айдалада қалдырып, мемлекеттігінен айыруға 

ниеттенгендер  аз 

емес  еді.  Осындай 

қ и ы н   ж а ғ д а й д а 

сырттан  келетін 

қаржы  тасқынына 

заң жолымен қатаң 

тосқауыл қою керек 

болды.  Осыны  ой-

лап  мен  қоғамдық 

бірлестіктер туралы 

заң  қаралған  кез-

де  арнайы  жобада 

мүлдем  жоқ  «сая-

си  партиялар  мен 

кәсіподақтарды, 

басқа  да  қоғамдық 

бірлестіктерді  шет 

ел  азаматтары  мен 

заңды тұлғаларының 

қаржыландыруына 

тыйым  салынады» 

деген ұсынысымды айттым. Дауысқа қойылды, 

бірақ  әріптестерімнің  бірталайы  мағынасын 

түсінбеді  ме,  түпкі  себебін  ұқпады  ма,  «Бұл 

демократиялық принципке қайшы келеді» деген 

сияқты кертартпа жауаптар айтып, қолдау тап-

пады. Және ол ортада да пікірі Қазақстанның 

мүддесіне сай келмейтін адамдар жоқ емес еді. 

Тәуелсіздік деген біз үшін теңдессіз 

бақыт. Есі түзу азамат оған енжар, 

немқұрайлы қарауға тиіс емес.

1932-33  жылғы  ашаршылық    та 

осының  нақты  тарихи  дәлелі  бола 

алады.  Сонда  қазақтың  жартысы-

нан  астамы  қырылған.  Тұтастай 

ұлт ретінде жойылып кетуге сәл-ақ 

қалдық.  Міне,  бұл  ретте  біз  Тұрар 

Рысқұлов секілді қайраткер ағамыздың 

еңбегін ұмытпауымыз керек. Сол кезде 

тірі қалған қазақтың жартысы да, со-

лардан тараған ұрпақтар да Рысқұлов 

рухының алдында бас июге парыздар-

мыз.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

АлАҢ


7

Бірақ сол күні  сессия отырысына Президент 

Нұрсұлтан  Назарбаев  қатысып  отырған  еді. 

Елбасы мәселенің түп-төркінін көре біліп: «Де-

путат А.Бекбосыновтың осы ұсынысын мынадай 

редакцияда қайтадан дауысқа салуды сұраймын»- 

деп,  мен  айтқан  ұсынысты  аздап  жетілдіріп, 

кеңейтіп  дауысқа  қойғызды.  Қабылданды… 

Міне,  сол  ұсынысым  кейін    толықтырылып 

Конституцияның 5-ші бабының 4-ші тармағы бо-

лып енді.  Бұл арқылы мен еліміздің тәуелсіздігіне 

аздап та болса өзімнің үлесімді қостым ғой деп 

ойлаймын. Өмір бір орнында тоқтап тұрмайды. 

Ал заң сол өмірдің ағысына жауап беруі керек. 

Заң алға басқан аяқты шалмай, қайта қолдап 

отыруы қажет. Елдің бәрі әулие емес. Келешекті, 

алдағы  10,20,50 

жылды  болжай  са-

лып,  соған  сәйкес 

заңды  бұрқыратып 

шығара  салатын. 

Нақты  бір  жағдай 

кезінде қабылданған 

заңның  келесі  бір 

уақыт белестерінде 

дамуға  септесудің 

орнына кедергіге ай-

налуы әбден мүмкін. 

Сондықтан заңдарға 

толықтырулар  мен 

өзгертулер  жиі-жиі 

енгізіліп  жатады. 

Бұл - заңды құбылыс. 

Тілейтініміз, тек сол 

өзгерістер  қалың 

бұқараның,  түптеп 

келгенде,  мемлекеттің мүддесіне толық сай келсе 

екен дейміз. 



- Арғынбай аға, ҚР Президенті жанындағы 

Жоғарғы Тәртіптік Кеңесте және  Сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі 

мемлекеттік комиссияда мүше болып, талай 

мәселеге араластыңыз. Тәуелсіздік алғаннан 

кейін, тіпті соңғы жылдары жемқорлықпен 

күрес жұмыстары күшейді. Осы жұмыстардың 

нәтижесіне іс жүзінде көңіліңіз тола ма?

- Толмайды. Адамзаттың сорына қарай обыр 

(рак)  деген  дерт  бар  ғой?..  Әлі  соның  нағыз 

дауасы табылған жоқ-ау деймін. Тапқан адамға 

Нобель сыйлығын береміз деген де әңгіме бар. 

Бірақ Нобельді алған ешкім жоқ әлі. Ол дерттің 

бір сұмдығы - тамырланып кетеді екен. Алғаш 

пайда  болғаннан  кейін  тарау-тарау  тамыр 

жайып, адамның ағзасын талқандай бастайды. 

Жемқорлықты  ойласам,  ойыма  бірден  осы 

дерт келеді. Біздің қоғамда да осылай тамыр-

ланып кетті ғой деймін. Пара беру, мемлекеттің 

қазынасына қол салу секілді қара ниетті жолға 

түсіп, әбден машықтанғандар көзге түсе қалған 

жағдайда құтылып кетудің жолдарын да меңгеріп 

алған сыңайлы. Сондықтан да  қоғамдағы, ел 

өміріндегі  ең  бір  күрмеуі  қиын,  шешуі  одан 

да қиын түйін - жемқорлыққа қарсы күрес пе 

деп ойлаймын. Әуелі кім күреседі? Күресуге 

тиіс адамдардың өзі сол жолмен кетсе, қойды 

қасқырға баққызғанмен бірдей ғой. Оның зардабы 

тіпті қазіргі ғана емес, келешек ұрпаққа да тие ме 

деп қорқамын.  «Ұяда не  көрсең,  ұшқанда соны 

ілесің» дейді қазақта. Бұл дерт ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғаса берсе, біз кім боламыз? Жемқорлардың 

елі атанамыз ба?!.. Жемқор болғанда кімді жейді? 

Қазақ өзін, бірін-бірі жейді. Бұдан артық қандай 

қасірет болады?!.. Өмірдің өзі қатаңдықпен болса 

да осы сұраққа орнықты жауап берсе, еліміздің 

ертеңі үшін үлкен еңбек сіңірер еді.



- Сіздің Омар Һаямды, Пушкинді, Лермон-

товты,  Есенинді  аударғаныңызбен,  жал-

пы  әдебиетіңізбен  халық  жақсы  таныс. 

Біздің қазақ әдебиетінде көптеген салмақты 

шығармалар Кеңес үкіметі тұсында жазылды. 

Тіпті ол кездегі Шәмші мен Нұрғисалардың 

әндері  қандай  еді?!  Тәуелсіздіктен  кейін 

ондай ірі шығармалар некен-саяқ. Әндер де 

арзандап  кетті.  Еліміздің  экономикасын 

дамытқанымызбен, рухани дәрежеміз қандай 

өсімде?

- Бұның бәрі өз алдына үлкен-үлкен әңгімелерге 

арқау  болатын  құндылықтарымыз  ғой.  Мен 

р а с ы н д а   қ а з і р г і 

әндердің  көбісін 

қабылдай алмаймын. 

Қанша дегенмен мен 

өзімді ХХ ғасырдың 

адамымын  деп  са-

наймын. Өйткені  ХХ 

ғасырдың  сонау  37 

жылы  туылғанмын. 

Белсенді    өмірімнің 

бәрі сол ғасырда өтті. 

Мен ХХІ  ғасырдың 

мейманы секілдімін. 

Мейман  көп  оты-

ра  ма,  аз  отыра 

ма,  әйтеуір  кетеді 

ғой.  Және  мейман 

белсенді шаруаға ара-

ласпайды ғой. Әдеби 

шығармаларымды 

айтпасам, өмірде мен де сол мейман секілдімін 

(күліп)… Сондықтан мен үшін бүгінгі көп әндер 

тыңдауға ауыр. Басыңды біреу таяқтап жатқандай 

даң-дұң. Оған елдің бәрі, шал да, кемпір де, бала 

да ербеңдеп, секеңдеп билеп кетеді. Әлде соны 

көпшілік  өзі  жоғары  жетістікке,  мәдениетке 

жеттім  деп  санай  ма?..  Жоқ,  мәдениет  олай 

емес. Оны жабайылық деп айтар едім мәселен. 

Кәдімгі афро-америкалықтар  секілді. Ән болсын, 

әдебиет болсын, кез келген өнер туындысының 

жақсысы  адамның  бірінші  жүрегіне  жетуі 

керек. Опера, балет, кино болсын-  оны халық 

жүрекпен қабылдау керек. Мәселен, бұрынғы 

халық  әндері.  Қазір  оны  кішкене  бөліңкіреп, 

дәстүрлі  әндер  деп  айтып  жүр  ғой.  Олардың 

орындаушыларын да шеттетіп қойған сыңайлы. 

Жарқ-жұрқ еткен жарық та эстраданың тізелері 

дірілдеп билеген шалапайларына  түсетін секілді, 

сахналардың үлкені де солардың еншісі секілді. 

Ал енді ортаға домбыра алып шығатын, нағыз 

халықтың  әндерін  айтатындардың  тынысы 

тарылып қалған тәрізденеді маған. Сахна өз ал-

дына, ол біраз жұрттың, ауыр айтсам ғафу етер, 

ақымақтығынан. Асыл менен жасықты ажырата 

алмауынан. Абайдың да күйінетін сөзі бар ғой 

«Саудыраған сары алтын, саудасыз берсең алмай-

ды» деген. Немесе  жөнді сөзді түсінбейтіндерге 

«Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне» 

деп айтатыны да бар. Сол сияқты, ең бір асыл 

нәрсені айыра алмай, бағаламау - ол бізді ұшпаққа 

шығармайды. Әдебиет те үлкен тақырып. Мәселен, 

шығармалардағы  кеңестік  кезеңді  суреттеу. 

Мұны уақыттың фоны деп қана қарайық. Ондағы 

кейіпкерлердің жан-жүрегі қалай бейнеленген? 

Ізгілік қаншалықты алға шығарылған? Арамдық, 

зұлымдықпен  күрес  қаншалықты  белсенді? 

Ол күрестердің бейнеленуі сізді толқыта ма?.. 

Шығармалардың  көркемдік  шындығы  осы 

сұрақтарға нақты жауап іздейді. Ал енді фонды 

алып тастаңыз. Онсыз шығармалар да жазыл-

майтын, жазылса жарияланбайтын да еді. Тек 

көркемдік шеберлік, шындық қандай деңгейде 

шешілген?..  Соған  назар  салуымыз  керек. 

Әндерде де сондай. Қазір бізде дара талант иесі 

Шәмші мен Нұрғисалар секілді композиторлар 

бар ма? Бүгінгі даң-дұңмен оларды алмастыруға 

да, салыстыруға да болмайды халыққа. 



-Тәуелсіздіктен  кейін  елімізде  халықтың 

мүддесіне орай бірталай өзгерістер орын алды. 

Ал тәуелсіздік сіздің көзқарас бойынша 2 мың 

жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарына 

қандай өзгерістер алып келді?       

-Қалаға үлкен өзгеріс алып келді. Өткенге бір 

шегініс  жасасақ,  Дінмұхамед  Қонаев  ағамыз 

Горбачевтің  әмірімен  25  жылдық  басшылық 

қызметінен  кеткеннен  кейін,  ол  кісі  туралы 

басылымдарда жамандау тасқыны басталған бо-

латын. Жоқ нәрседен жазықты еткен  мақалалар 

үсті-үстіне жазылып жатты. Солардың бірінде, 

«Известияның» Қазақстандағы меншікті тілшісі 

Владимир Ардаевтың «История с фотографией 

или фотография с историей» деген мақаласы 

жарияланып,  сонда  Димекеңді  жерден  алып, 

жерге салған. Сол тұста «Д.Қонаев Алматыда 

Арасан моншасын салдырды, оның керегі не?» 

деген де сын тағылды. Бір монша салғаны үшін 

және ол жеке өзінің моншасы емес қой, бүкіл 

Алматыға, бір республиканың астанасына жөні 

түзу монша салғаны үшін сол кездегі елдің бас-

шысын айыптап отыр. Ол отаршылдықтың ең 

бір жиіркенішті көрінісі ғой. Бір ел, осыншама 

байлығы бар ел өзіне жөні түзу монша сала алмай  

ма сонда?.. Міне, тәуелділіктің кезінде жағдай со-

лай болатын. Не саласың, не жасайсың, барлығы 

жоғары жақтан шешілетін. Мәскеудің ықпалында. 

Жамбыл  қаласында  ол  кезде    пәлендей  ірі 

құрылыстар  салынған  емес.  Құрылыстың 

бірі - Бектұрғановтың кезіндегі темір жолдан 

өтетін көпір мен қазіргі облыстық әкімшіліктің 

орнындағы  облыстық  партия  комитетінің 

ғимараты болатын. Сол салынды. Басқа ешқандай 

сәулетті ғимараттар болған 

жоқ. Халық қаланы барынша 

таза ұстауға тырысты. Еңбек 

күші тазалыққа бағытталып 

отырды. Тараз сол кездері 

республикадағы ең бір таза 

қалалардың  көш  басын-

да  саналып  жатты.  Ол  да 

ағаш  отырғызып,  әктеп-

сырлаған елдің бейнетінің 

арқасында  еді.  Ал  арнайы 

қаржы  бөлініп,  зәулім 

ғимараттар салуға ол кезде 

жол берілмейтін. Елдің еркі 

жоқ болатын. Ал тәуелсіздік 

алған соң, әркімнің өз қолы өз аузына жететін 

болды.  Қаржысына  қарай  жеке  меншіктер  

түрлі-түрлі  ғимараттар  салып  жатыр.  Оның 

кейбірі қала көркін арттырғанымен, кейбірі сын 

садағында. Мәселен, бізде мейрамхана бизнесі 

шешек атып тұр!.. Көшеде солардан аяқ алып 

жүре алмайсыз. Бізде «құрбақаның тойындай» 

тойлар көп. Сұраныс болғаннан кейін, қаптап 

мейрамханалар да салынып жатыр. Ал жалпы 

мәдениетті  елдерде  той  бұлай  өтпейді.  Мен 

біраз шет елдерде болдым, кафелері шағындау, 

қуаныштарына ең жақындарын ғана шақырады. 

Бізде тойлардан демалып қайтудың орнына, руха-

ни шаршап қайтасың. Осы секілді мәселелер бол-

маса, шаһарға әр беретін ғимараттар баршылық. 

Кейінгі жобамен «Астана», «Бәйтерек»  мөлтек 

аудандары  салынды.  Қазақ  хандығының  550 

жылдық  мерейтойы  да  біздің  шаһарымызды 

көтеріп тастады. Нәтижесінде қаншама жолдар, 

гүлзарлар, ескерткіштер жөнделіп, жаңадан бой 

көтерді. Айтпақшы, ескерткіштерді де бір жерге 

шоғырландыру қала көркіне нұқсан келтіреді. 

Мәселен, мен Батыс Германияда болғанымда, 

жолдан 3-4 шақырым жерде бір төбе тұр екен. 

Төбенің басында  бір ескерткіш тұр. «Мынау 

не?»  деп  немістерден  сұрасам,  «ол  Кайзер 

Вильгельмнің  ескерткіші»  дейді.  Айдалада, 

төбенің басына қойған. Керек адам басына барып 

көреді. Бірақ өте көрнекі, төңірегі жап-жасыл. 

Бізге әлі де сол, қала мәдениетін жақсарту ке-

рек. Бұрын біздегі №4,5,7 мөлтек аудандарды 

бөліп  тұратын  жұрт  серуендейтіндей  жасыл 

жолақ, ағаштар бар еді. Қазір ол жер базарға 

айналып кетті. Басқа да мөлтек аудандардағы 

тұрғын үйлердің арасында осындай дүкендер 

қаптап соғылуда. Қазіргі Алматының не қасіреті 

бар?  Жел  соғатын  жер  қалдырмады  ғой.  Көп  

ғимараттар көлденең шоғырланған. Құрылысты 

бастарда ауа ағысына қарсы келмейтіндей етіп, 

Тараздың болашағына нұқсан келтірмеуді назарда 

ұстауымыз керек. 



-Қазанатқа қамшыдай тиетін кемшіліктерді 

де, нәтижелерді де жіпке тізіп өттіңіз. Енді 

биылғы  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығында 

талай  нәубетті  басынан  кешсе  де  рухын 

құлатпаған, санасына сызат түсірмеген ел 

ұрпағына қандай кеңесіңіз, ағалық айтарыңыз 

бар? 

- 25 жыл деген – ширек ғасыр ғой. Жаңа туған 

бала 25 жылда мықты жігіт болады мәселен. Не-

месе бойжеткен аруға айналады. Әлі кемеліне 

келмесе де, адам ретінде қалыптасудың бастау 

кезеңін бастан кешіреді. Күш-қайраты толыса-

ды. Міне, біздің ел де сол тәрізді. Қазір әлемге 

танылып  жатырмыз.  Бірақ,  менің  ойымша, 

біз  тек  қазба  байлықтарымызбен  ғана  емес, 

рухани байлығымызбен де танылуымыз керек. 

Ескіміздің өзін жарқыратып, қайтадан жаңаласақ, 

артықтық  етпейді. Ру-

хани байлықты молайту 

және оны әлемге таныту 

бағытына  басымдылық 

берілсе  деген  уәжім 

бар.  Сонда    ол  елдің 

мәртебесін  сенің  қазба 

байлықтарыңнан  гөрі 

артығырақ  өсіреді. 

М ә с е л е н ,   Ш ы ң ғ ы с 

А й т м а т о в   ә л е м г е 

танылғанша,  Қырғыз 

елін кім білетін еді? Он-

дай  елдің  жер  бетінде 

б а р - ж о ғ ы н   ж а л п ы 

адамзаттың жүзден бірі ғана таныды деп айтудың 

өзі қиын. Ш. Айтматовтың қалай «Жәмиладан» 

бастап  шығармалары  әлемді  шарлап  кетті, 

қырғызды  жаһан  біле  бастады.  Міне,  нағыз 

руханияттың  күші.  Әйтпесе  Қырғызстанда 

қандай қазба байлық бар?.. Ал рухани байлық 

тазалық  болған  жерде  ғана  жасалады.  Оның 

қайнар көзі де – қоғамның тазалығы. Тазалық 

бар  жерде  руханият  гүлденіп,  шешек  атады. 

Мұның бәрі - қазақ елінің келешегіне қажетті 

дүниелер. Мен өз елімнің азаматы ретінде осы 

қажеттіліктердің  өзіне  тиісті  орнын  тауып, 

бағасын алғанын тілеймін, тілеп өтемін де!

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Нұржан СеРІКХАНҰЛЫ.

Пара беру,  мемлекеттің қазынасына 

қол  салу  секілді  қара  ниетті  жолға 

түсіп, әбден машықтанғандар көзге 

түсе  қалған  жағдайда  құтылып 

кетудің жолдарын да меңгеріп алған 

сыңайлы. Сондықтан да осы қоғамдағы, 

ел өміріндегі ең бір күрмеуі қиын, шешуі 

одан да қиын түйін – жемқорлықпен 

күрес  пе  деп  ойлаймын.  Әуелі  кім 

күреседі? Күресуге тиіс адамдардың 

өзі сол жолмен кетсе, қойды қасқырға 

баққызғанмен бірдей ғой. 

Рухани байлық тазалық болған 

жерде  ғана  жасалады.  Оның 

қайнар  көзі  де  –  қоғамның 

тазалығы. Тазалық бар жерде 

руханият  гүлденіп,  шешек ата-

ды. Мұның бәрі - қазақ елінің 

келешегіне қажетті дүниелер.


8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

ҚоҒАМ

рӘміздЕрді ілу дЕ, білу дЕ міндЕТ

Индира БАЙҚОНЫС

Осы орайда Мемлекеттік рәміздердің белгіленген 

стандарттарға сай келуі мен орналасу тәртібін 

ұдайы қадағалайтын қала әкімдігі жанындағы 

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 

кезекті отырысы өтті.

Алқалы  жиынды  қала  әкімінің  орынбасары                                                                                                     

Кенжебек Олжабай ашып, жүргізіп отырды. Модера-

тор өз сөзінде әрбір Қазақстан азаматы Мемлекеттік 

рәміздерді көзінің қарашығындай сақтау керектігін 

және ел ішінде Елтаңба, Гимн, Туды құрмет тұтуға  

үгіттейтін іс-шаралар тоқтамауы тиіс екенін баса 

айтты. 

Бұдан соң қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі 



басшысының  міндетін  атқарушы  Ұлана                                  

Сламбекова Тараз қаласы әкімдігі бөлімдері мен 

жоғары және арнаулы оқу орындарының Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайда-

лану және қолдану барысына жүргізілген зерттеу 

жұмыстарының нәтижесі турасында хабарлама 

жасады.

Хабарламашы көне шаһарда  рәміздерді на-



сихаттау  және  олардың  мәртебесін  көтеру 

мақсатында жыл басынан бүгінге дейін 87 іс-шара 

ұйымдастырылып, оған 10 000-ға жуық адамның 

тартылғанын жеткізді. 



 

„

 гүл өңдес нәзіктігі мен күн тектес жылылығы 



төгілген  аяулы аруын ардақтаған халықпыз. 

Шаңырағына шаттық ұйытып, ел ертеңін тербеткен от 

аналарымыздың жүзіне кірбің түспесе екен. 

Жылы ұяңыз жайлы болғай

 

„

мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. 



мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ 

арманы мен асыл мұраты. Оны біліп, көңілге түйген бір бөлек, ал мемлекеттік 

рәміздерді дұрыс орналастыра білудің жөні басқа.

тараз қаласының әкімі Н.С.Календеровтің

2016 жылдың ақпан айында қала тұрғындары алдында

өткізген есепті кездесулері барысында көтерілген 

ұсыныстар негізінде

қабылданған іс-шаралардың орындалуы туралы

АҚПАРАт

 

        



 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары 

оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу ту-

ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы  

№190 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-10 ақпан аралығында қала 

әкімі тұрғындар алдында 2015 жылы атқарған жұмыстары бойынша есепті 

кездесулерін өткізді. 

Қаланың 11 аумақтық округтерінде өткізілген есепті кездесулерге барлығы 

2701 адам қатысты. Олардың ішінде, 43 азамат сөз сөйлеп, жазбаша түрде 

түскен өтініштерді қосқанда 113 ұсыныс пен пікір айтылды. Кездесулер 

барысында 37 сұраққа дер кезінде жауаптар қайтарылып, өзге 76 мәселе 

әкімдік бөлімдерінің басшыларымен бақылауға алынған.

Осы көтерілген мәселелердің ішінде түпкілікті шешімін табу үшін 

қосымша қаражат пен уақытты талап ететін 11 сұрақ сарапталып, негізгі 

6 бағытқа топтастырылды. Бұл сұрақтардың шешімі бақылауға алынып, 

қала әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы №79 қаулысымен іс-шаралар 

жоспары бекітілді.

Бүгінгі күнге бақылауға алынған 11 мәселеден 10-ы шешімін тапты. Олар:

1. К.Әзірбаев көшесіне сыртқы жарықтандыру желілері жүргізілген;

2. №54 автобус бағыты бойынша, 2016 жылдан бастап қосымша                                        

4 кесте қосылып, қозғалыс арақашықтығы 25-30 минуттан 15 минутқа 

дейін қысқарған; 

3. Шалғай Қарасу көшесіне сыртқы жарықтандыру желілері жүргізілген;

4. Байзақ батыр көшесі, №146 үй аумағындағы 11 ағаштың бұтақтарын 

санитарлық кесу жұмыстары жүргізілген;

5. Мердігер «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 

88,8 млн. теңгеге ұзындығы 3,2 км болатын 1, 2, 3-ші Қарасу көшелерін 

орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген;

6. «Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданы, №9 үйге қарама-қарсы және сау-

да орнындағы «Жібек жолы» аялдамасын абаттандыру, ретке келтіру 

жұмыстары жүргізілген;

7. Айша бибі көшесі, №44 үйдің тұсына жол белгісі орнатылған;

8. «Солнечный» алқабы, №58 үй аумағындағы жол бөлігіне жол белгісі 

орнатылған;

9. Тараз қаласының батыс бөлігіндегі «Алматы-Шымкент» тас жолының 

бойына 2 жерге жаяу жүргіншілер жолағы тиісті жол белгілерімен бірге 

орнатылған;

10. Тынышбаев көшесі, №2/8 тұрғын үйді электр қуатымен қамтамасыз 

етуші жинақтық - трансформаторлық қосалқы станциясына қатысты ағымды 

жөндеу, техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілген.

Қалған 1 мәселе бақылауға алынған. 

- Бөлім тарапынан тексеру жұмыстары тоқтаған 

емес.  Осындай  тексеріс  барысында  бірқатар 

заң бұзушылықтар  орын алғаны анықталды. 

Мәселен, қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 

ғимаратының сыртындағы Мемлекеттік Тудың  

кірленіп, ұштығы сынса, қала әкімдігінің  тұрғын 

үй инспекциясы бөлімі ғимаратының сыртында 

Мемлекеттік Ту, Елтаңба орнатылмаған, - деді 

Ұлана Сламбекқызы. 

Бұл  келеңсіздіктердің  үнемі  қайталанып 

тұратынын  айтқан  қала  әкімінің  орынбасары 

оларға қатаң жаза қолдану керектігін тілге тиек 

етіп, мекеме атынан жиналысқа қатысып отырған 

азаматтарға олқылықты жоюға қазан айының 15-не 

дейін уақыт берілетінін қаперлеріне салды. 

- Енді ешкімге кешірімділік танытпаймыз. Заң 

бойынша тиісті жазаларыңызды аласыздар.  Ішкі 

саясат бөліміне олқылыққа жол бергендердің 

тізімін  жасап,  арнайы  мониторинг  жасауды 

тапсырамын. Өздеріңіз білесіздер, 2017 жылы 

Елтаңба  өзгеретіндіктен,    оған  дайын  болуға 

тиіспіз. Оның үстіне, келесі жылы Астанада өтетін                                 

«ЭКСПО-2017» көрмесіне сырттан көптеген мей-

мандар келеді.  Міне, осы уақытқа дейін  орын 

алған барлық кемшіліктерді ертерек түзетуге                                                                                   

кірісіңіздер, - деді Кенжебек Мамашбайұлы.

Бұдан кейін қаладағы жоғары және арнаулы 

оқу орындарында Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану 

бойынша атқарылған жұмыстар жайында Тараз 

инновациялық-гуманитарлық университетінің 

тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі про-

ректоры Гүлшат Құлабекова, Жамбыл медициналық 

колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары Ләззат Қуанышбекова, №12 «Тараз» 

колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орын-

басары Бауыржан Есенов баяндама оқыды. 

Үш баяндамашы да өздері қызмет атқаратын оқу 

ордаларында студент жастарды патриоттылыққа               

баулуда,  әсіресе,  Мемлекеттік  рәміздерді 

құрметтеуге үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. 

Отырыс  барысында  комиссия  мүшесі,  Та-

раз мемлекеттік педагогикалық институтының 

Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс 

департаментінің басшысы Оңғар Сәлімбаев жоғары 

және арнаулы оқу орындарында дүйсенбі күні 

Мемлекеттік Гимнді студенттердің жаппай орын-

дауы керектігін және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 

орай, яғни ұлық мейрамға дейін Әнұранды 25 рет 

орындау акциясын қоғам болып жүзеге асыру 

мәселесін ұсыныс ретінде жеткізді.

Оңғар Сәлімбайұлының ұсынысын бірауыздан 

қолдаған Кенжебек Олжабай әкімшілік тарапынан 

елге игілігі мол акцияны қолға алу қажеттігін айтты.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет