ХАБАРШЫ № 5
1. ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ӘОЖ 81'366-512.1"11/13
РАБҒУЗИДІҢ
«ҚИССАС-УЛ-ӘНБИЯ»
ЕСКЕРТКІШІ
ТІЛІНДЕГІ
СӨЙЛЕМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Ф.ғ.д. Досжан Р.А.
магистрант. Сабыржан Р.М.
Рабғузидің «Қиссас-ул-әнбия» ескерткішінің тілі сӛйлем тҥрлері жағынан
қисса, дастандарға тән қысқа, кҥрделі жай сӛйлемдерден де, қҧрмалас сӛйлемдерден
де тҧрады. Жай сӛйлемдер жалаң әрі жайылма, есімді, етістікті болып келе береді.
Мысалы: Аны артурды. Оның (беделін) арттырды (ҚӘ 1090). Аласы һәм мусилман.
Аласы да – мҧсылмандар (ҚӘ 1610). Бу күн айға он үш күн. Бҥгін айға он ҥш кҥн
(ҚӘ 1337). ‘Асалдин татлығ йағдин йумшақ муздин савуқ алуан түрлүк ни‘матлар
била таж һуллалары а‘заз уа акрамлары бизникдур. Балдан тәтті, майдан жҧмсақ,
мҧздан суық алуан тҥрлі нығметтер (дәмдер), киімдер мен тәж, ғиззат қҧрметтер,
игіліктер біздікі (ҚӘ 1670). Сегизинчи байқуш. Сегізінші, байғыз (ҚӘ 1187). Берілген
сӛйлемдер қҧрылысы жағынан да, қҧрамы жағынан да қазіргі сӛйлемдермен сәйкес
келеді. Сӛз қолданыстарының кейбіреулері болмаса, кӛпшілігі ҧқсас мағынада
қолданылады. ‘Асалдин татлығ, йағдин йумшақ сияқты сӛздердің тіркесіп келуі мен
байланысу тәсілдері де ҧқсас. Тек ҥшінші сӛйлемнің мағынасы «Бҥгін айға он ҥш
кҥн» емес, «Бҥгін айдың он ҥшінші кҥні» болу керек.
Жай сӛйлемдер бір сӛзден де, сӛйлем мҥшелерінің кҥрделеніп келуі арқылы
бірнеше сӛзден де қҧралады. Фақирлық уа шикасталықдин йахшы нимерса йоқдур.
Пақырлық пен бейшаралықтан жақсы ешнәрсе жоқ (ҚӘ 134). Аны үчүн он нимерсага
кирифтар қылдым. Сол ҥшін он нәрсеге кіріптар еттім (ҚӘ 993). Амма аларны йүз
мың күнаһ бирла бала барқаларыдин жада қылмайдур. Оларды жҥз мың кҥнәсі бола
тҧра бала-шағаларынан айырып бӛлектемейді (ҚӘ 1850). Баяндауыш қызметінде
есім сӛздер де, етістіктер де қолданылады, дегенмен ескеретін жағдай: тіліміздің
қазіргі синтаксистік қҧрылысында баяндауыш қызметіндегі сӛздерге қосылмайтын
кейбір қосымшалар сӛйлемдердің баяндауышына қосылып келе береді. Мысалы,
жиі кездесетін жоқ, бар сӛздерінің және етістіктердің –дур қосымшасымен келуі.
Жай сӛйлемдер тек хабарлап қана қоймай, айтайын деген ойға қатысты әртҥрлі
кӛңіл-кҥйлерін де білдіріп отырған. Мысалы: Лажарам алтмыш мыңда бу
мартабага йетти. Әрине, (ол) бҧл мәртебеге алпыс мың жыл дегенде жетті (ҚӘ
43). Үчүнчи қарлуғач кә сураһан Хаширни оқуған үчүн. Ҥшінші, қарлығаш, «Хашир»
сҥресін оқығаны ҥшін (ҚӘ 1177). Үчүнчи һәр иш қылың ахирини ойлаб қылғыл.
Ҥшіншіден, қандай іс қылсаң да, ақырын ойлап қыл (ҚӘ 1823). Жай сӛйлемдердегі
қыстырма сӛздердің қолданылуы жағынан қазіргі тілмен сәйкес. Тек ескерте
кетерлік бір нәрсе: әдеби шығармалардың тілінде сӛйлемнің үшін шылауымен
аяқталуы – сирек кездесетін жағдай, онда да ерекше бір эмоцияға қҧрылған
сӛйлемдерде болуы мҥмкін.
Сӛйлемдердің қҧрылысы жағынан да айырмашылықтар кӛп байқалмайды, яғни
ескерткіштің тілі тілімізге жақын. Дегенмен толықтай сәйкес келеді деуге
болмайды.
Кейбір жай сӛйлемдердің ҧзақтығы сонша, қҧрмалас сӛйлем деп те санауға
болатындай. Алайда бҧл сӛйлемнің қҧрамындағы ҥтірмен ажыратылып отыратын
компоненттері жай сӛйлем бола алмайды. Себебі әр сӛйлемге қажетті
баяндауыштары жоқ, барлық бӛліктер бір ғана баяндауышқа бағына байланысқан.
Сондықтан біз бӛлік деп атаған әрбір компонент қаншалықты ҧзақ болғанмен,
бірыңғай сӛйлем мҥшесі қызметін атқарып тҧр. Адам ‘алайһи-с-салам байан қылған
атларны уа ишларни уа йамғурларни қатрасыны һәмма махлуқат уа
маужудатларны түкларини асмандағы йулдузларны уа йердаги елдизларни ‘адды уа
хисабыны биттилар. Адам алайһи-с-салам баян еткен аттар мен істер, жаңбыр
тамшылары мен барлық мақҧлқат, жәндіктер тҥктерінің сандары, аспандағы
жҧлдыздар мен жердегі ӛсімдіктердің есеп-қисабы толық жазылды (ҚӘ 527).
Мысалдардан байқалғандай, жай сӛйлемдерден гӛрі жайылма сӛйлемдердің
қатары әлдеқайда кӛп. Әсіресе бірыңғай мҥшелердің кӛптеп жҧмсалуы сӛйлемдерді
кҥрделендіріп жіберген. Мисал нафс шайтан уа һауас хатун уа фарзанд уа ауқат уа
дост уа йар уа харис дүнйиа мундин бөләк чандан мани‘лары бардур. Мысалы,
нәпсі-шайтан, қатынқҧмарлық, перзент, тамақ, дос пен жар, дҥниеқҧмарлық, бҧдан
бӛлек кӛптеген кедергілер бар (ҚӘ 192).
Осы сынды кӛптеген сӛйлемдердің қатарын бірыңғай сӛйлем мҥшелері кеңейте
тҥскен. Андин һәмма дүнйиауи йал уа мал ат тиуа қой калладар ‘илим уа амал
‘ашиқ уа мухаббат ‘иззат уа акрам хорлық уа зорлық касиб уа һунар
сипаһигарчилик диһқанчилиқ тамам зәр уазиуар дурр уа жауаһир һәммасыны
бандаларни алдыға қойды. Осыдан кейін дҥниедегі барлық байлық пен мал, жылқы,
тҥйе, қойды, парасат, ғылым мен амалды, ғашықтық пен махаббатты, қҧрмет пен
ғиззатты, қорлық пен зорлықты, кәсіп пен ӛнерді, жаугершілік пен диқаншылықты,
алтын, жарқыраған тастарды, маржан мен гауһарларды – барлығын пенделердің
алдына қойды (ҚӘ 1707). Қиссаның тілі бірыңғай сӛйлем мҥшелерінің кӛптеп
қолданылуымен де ерекшеленеді деуге болады.
Эпостық әңгімелерге, ертегілерге тән ерекшелік мҧнда да сақталған. Сӛйлемдер
қҧрамы жағынан ыңғайлас, сӛздері әрі тектес, әрі тҧлғалас сӛйлемдердің қатарын
қҧруы мҥмкін. Мысалы: Көп тәң қылды начар өтүп кетти путлары булғанды. Кӛп
қыстады, ақырында нашар (ҥлкен дәрет) ӛтіп кетті, бҧттары былғанды (ҚӘ 926).
Сӛйлем ҥш жай сӛйлемнен қҧралған. Әр жай сӛйлемнің баяндауыштары тҧлғалас,
жедел ӛткен шақтың жҧрнағымен аяқталып тҧр. Сӛйлемдердің қҧрамы да шамалас,
екі-ҥш сӛздерден қҧралған. Яғни бірнеше сӛйлем тҥрі жағынан бір сипатта болып,
ҥндесіп, ҥйірлес болып келеді. Елдизи күмүшдин ерди шахлары алтундин барглары
зубаржаддин ерди. Сабағы кҥмістен, мҧрттары алтыннан, жапырақтары
зҥбаржадтан еді (ҚӘ 1231). Бҧл сӛйлемді де ыңғайлас, тҧлғалас сӛйлемдердің
қатарына жатқызуға болады. Еді кӛмекші етістігі әр жай сӛйлемге тиесілі болып,
осы етістік арқылы ой аяқталып тҧрғанмен, әр компонент ӛз алдына жеке есімді
сӛйлем бола алады.
Қарасы көп ақы аз шарабқор зинакар, ғайбатқой судхар йетим хақыны алғучы
ата анасыға азар бергучи уғры уа қарақчы кардан киши мутакаббир уа хасадчы
анча кабира қылғучылар ерди. Қарасы кӛп, ағы аздар – шарапқор, зинақор, ӛсекшіл,
сотқар, жетімнің ақысын жеуші, ата-анасына азар беруші, ҧры, қарақшы, тәкаппар,
қастандық етуші, ауыр қылмыс жасаушылар еді (ҚӘ 1611). Сӛйлемде әрбір
бірыңғай мҥше бір-біріне бағынбай, әрқайсысы ӛз бетімен, бірақ ӛзара байланысты
тізбек ретінде еді (ерди) кӛмекші етістігіне бағынған. Қиссада жалғаулықсыз
бірыңғай мҥшелер кӛптеп қолданылады. Бҧл ойды шҧбалаңқы етпей тҧжырымдау
ҥшін, екіншіден, тарамдап талдау ҥшін қажет.
Ол заман Хақбихана уа та‘ала лиқад карамна бини Адам тажини башларыға
қойды тахт ‘али үстида олтурғузды қолларыға аңшатырин халафат салды. Сол
мезетте Хақбихана уа тағала жақсылыққа тола бини Адам тәжін басына кигізді, биік
тақ ҥстіне отырғызды, қолына халифа белгісін салдырды (ҚӘ 505). Алар күнаһ
қылурлар арқасыдин тоба қылурлар. Олар кҥнә жасайды, соңынан тобаға келеді (ҚӘ
183). Бҧл сӛйлемдердің барлығы жалғаулықсыз салалас қҧрмалас сӛйлемдер. Мҧнда
қимыл-әрекет бірінен кейін бірі орындалып, ыңғайлас, тҧлғалас болып тҧр.
Сондықтан олардың компоненттері баяндап тҧрған жағдайлардың арасында
мағыналық байланыс бар. Компоненттердің арасын байланыстырып тҧрған да осы
мағыналық байланыс.
Қиссаның тілі ауызша туған шығармалардың тіліне ҧқсамайды. Сӛйлемдердің
ҥндестігі, кҥрделілігі, қҧрмалас сӛйлемдердің кӛптеп қолданылуы – қиссаның
жазылуы барысында қалыптасқан ерекшеліктер. Прозалық стильге тән қасиеттер
кӛрінеді. Мҧнда белгілі бір оқиғаларды, қимыл-әрекетті баяндап айтуға кӛңіл
бӛлініп қана қоймаған, сӛйлемдердің қҧрылысына да мән берілген.
Қисса тіліндегі жай сӛйлемдерді топтастыруда тіл біліміндегі дәстҥрлі
заңдылықтарға сҥйендік. Алайда сӛйлем тҥрлерінің бәрін бірдей қамтуды мақсат
етпедік. Қисса тіліне тән сӛйлемдердің қҧрылымдық, стильдік, мағыналық
ерекшеліктерін айыруға тырыстық. Сӛйлемдерді айтылу мақсаты мен дауыс
ырғағына қарай лепті, бҧйрықты, сҧраулы сӛйлемдер деп айырып кӛрсетуге болады.
Ескерткіштердің тҥп нҧсқасында тыныс белгілері қойыла бермейді, дегенмен
сӛйлемдердің мағынасына, эмоциялық-экспрессивтілігіне байланысты, әртҥрлі
кӛңіл-кҥйді білдіруіне қарай сӛйлемдердің айтылу сазын айыруға болады. Мысалы:
Ай йер көп нала қылмағыл ким сендин бир нимерсани алдуқ. Ей, жер, кӛп нала бола
берме! Сенен бір нәрсе алдық (ҚӘ 267). Бҧл дәуірлерде мҧндай сӛйлемдер диолог
тҥрінде емес, тӛл сӛз, автор сӛзі тҥрінде берілген. Мысалы: Адам ‘алайһи-с-салам
айдылар: Ай бар Худайа ол төрт йарыны нуры һәм елигимга келса дедилар. Адам
„алайһи-с-салам: “Ей, бар Қҧдай-ау! Ол тӛрт досының нҧры да саусағыма келсе”, -
деді (ҚӘ 728). Хазрат Мика‘ил айдылар: Ай бар Худайа мени фараш қашыға
йибарип неким қарныға һәмма михнат ташларыны уа белига машақат тағларыны
бағлабдур. Хазрет Мекаил айтты: “Ей, бар Қҧдайым! Мені жер-тӛсекке жібердіңіз.
Ол қарнына барлық михнат тастарын және беліне машақат тауларын байлап
алыпты” (ҚӘ 239).
Ескерткіште сҧраулы сӛйлемдер кеңінен қолданылған. Мысалы: Худай та‘ала
хазрат Хауаны ұйқу била ойғақлық арасыда йаратмақыға хикмет не ерди. Қҧдай
тағаланың хазірет Хауаны ҧйқылы ояу аралығында жаратуының хикметі не еді?
(ҚӘ 755). Жан тәнга кирарда асанлық била кирди чықарда не ҥчҥн душуарлық била
чықар. Жан тәнге оңай кірді, шығарда не ҥшін қиналады? (ҚӘ 450). Мика‘ил
‘алайһи-с-салам келіп айдилар: ай хак дарднак көңлүңда һиш арзуң бар му. Мекайіл
алайһи-с-салам келіп айтты: Ей, сырқат жер! Кӛңіліңізде қандай шағым бар? (ҚӘ
235).
Сӛйлемдер сҧрақ-жауап тҥрінде диологқа қҧрылған. Мысалы: Фаришталар бу
уақи‘аны тегидин бихабар айдылар кә: Аллаһи аны йаратмақны ба‘ысы недүр.
Періштелер бҧл оқиғаның тҥпкі мақсатынан хабарсыз еді, (олар) айтты: “Ей, Алла,
адамды жаратуыңыздың себебі не? ” (ҚӘ 114). Ай шайтан мал‘ун шум мен сеңа
нима қылып ердим мени бу халға қойдың деп ачығлар ердилар. “Ей, шайтан малғҧн,
сҧм, мен саған не жасап едім, мені мҧндай кҥйге тҥсірдің?” - деп ашуланатын (ҚӘ
935). Йана Адам ‘алайһи-с-салам сурдылар кә: буларны ба‘зылары көрбис уа чолақ
уа ба‘зыларны нукус не ба‘исдин мундағдурлар. Адам „алайһи-с-салам сҧрады: тағы
бҧлардың бағзы біреулері кӛр соқыр, яки шолақ, бағзы біреулері мҥкіс, не себепті
мҧндай? (ҚӘ 1624).
Мәтін баяндау тәсілімен беріліп отырғандықтан, сҧраулы сӛйлемдердің ӛзі
кӛбінесе автор сӛзінің ішінде алынған. Адам ‘алайһи-с-салам айдылар: Илаһи ол
йерни билмасмән. Қайдадур. Адам алайһи-с-салам айтты: «Ей, Алла, ол жерді
білмеймін. Қайда?» (ҚӘ 1238). Һабил қаны дерлар. “Әбіл қайда?” - деді (ҚӘ 1427).
Ол насибалар шоларға му екан йаки бизларга һәм болур му екан деп мутараддад
болыб турдилар. “Осы айтылған сӛз соларға ғана (арналған) ма екен, әлде
(жақсылығы) біздерге де болар ма екен ?”, - деп жабырқап жҥрді (ҚӘ 143). Сурды
кә: ай та„ир жалил кимдурсән. Сҧрады: Ей, қҧрметті қҧс, кімсің? (ҚӘ 853). Сҧрау
есімдіктерінің ішінде не, нима есімдіктері мен му сҧраулық шылауы жиі кездеседі.
Бҧйрық мәнді сӛйлемдер ӛзге сӛйлемдердің тҥрлеріне қарағанда жинақы,
шағын, кейде тіпті қысқа, келте қайрылады. Мысалы: Баң һайбатлық урарсыз.
Қаһарлы дауыс шығарарсыз (ҚӘ 247). Халайықларыға улуғлуғларыны ашкара
қылғыл. Оның ҧлықтығын халыққа жария ет (ҚӘ 1865). Бҧйыру мәнді –ғыл
қосымшасы –ғын тҥріне ауысқан.
Ай фаришталар Адамны шол тахт уа бахты била көтарип һәмма асманларны уа
беһиштларны хамлан ‘Арш уа байан Курсини субухйиан мала‘ила а‘лани айлантуруп
алып барып ‘Арш ‘азимға қойыңлар. Ей, періштелер, Адамды сол тағы бақытымен
қоса кӛтеріп, бҥкіл аспандар мен пейіштерді арқалап тҧрған Ғарышты, жоғарғы әлем
періштелері табынатын орын – әйгілі Кҥрсіні айландырып алып барып, Ҧлық
Ғарышқа қойыңдар (ҚӘ 519). Бҧйрық мәнді сӛйлемнің ӛзі де кҥрделенген сипатта
берілген. Оған себеп болып тҧрған – ойдың кҥрделілігі, бірнеше тапсырманы
қамтитын қимыл-әрекетпен және кҥрделенген сӛйлем мҥшелерінің болуымен
байланысты. Мени бир уа барлығымны ‘иззат уа жалалымны билдүргил уа мендин
қорқутғыл. Менің бар екендігімді, біреу екендігімді, қадыр-қасиетімді,
ҧлылығымды халыққа білдір және мені айтып қорқыт (ҚӘ 1657). Бірыңғай
мҥшелердің жалғаулықсыз тҥрінен кейін уа жалғаулығымен келген тҥрі кӛп
қолданылады.
Заман ӛткен сайын тілдік дәстҥр де, тілдік жҥйе де дамып, ӛзгерістерге ҧшырап,
жаңарып, толығып отырады. Жазба тілде қалыптасқан тілдік норма да қатып қалған
нәрсе емес, ол да шыңдалып, жетіліп отырады. Біз сӛз еткен сӛйлемдерге тән
ерекшеліктер сол дәуірдің қалыптасқан тілдік нормасы болу керек.
Резюме
В данный статье рассматриваются смысловые особенности, пути образования видов предложений
в памятнике Рабгузи «Қиссас-ул-анбия» описываемые особенности данных предложений
являются сформировавшейся нормой употребления средневековья.
Summary
This article is considered the semantic features and the ways of formation kinds of sentences in the
monument Rabguzi « Kissas-ul-Anbia» described features of the given sentences are formed normal use
of medieval.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Досжан Р.А. Ескі қазақ әдеби тілінің тҥсіндірме сӛздігі. І том. Астана. – 2011. – 208 б.
2. Досжан Р.А. Ескі қазақ әдеби тілінің тҥсіндірме сӛздігі. ІІ том. Астана. – 2011. – 304 б.
ӘОЖ 81'366-512.1"11/13
ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Фил. ғыл. док. Досжан Р.А.
магистрант Рысқұлова С.
Кӛмекші сӛздер тақырыбына арнайы зерттеу жҥргізген тҥрколог ғалым М.
Оразов «Кӛмекші сӛздердің зерттелуі туралы жазған қысқаша мәліметінде» осы
тақырып тӛңірегінде қалам тартқан XIX ғасыр тҥркітанушыларына тоқталады.
Кӛмекші сӛздерді айырып кӛрсетуде жіберілген кемшіліктерді сӛз ете отырып, XIX
ғасырдың аяқ кезінде жазылған және қазақ тілінің материалына негізделген қҧнды
еңбектің бірі ретінде П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматикасы» еңбегін
атайды. «Автор кӛмекші сӛздерді орыс тіліндегі предлогтармен салыстыра отырып,
оларды екі топқа бӛледі. Бірінші топқа ӛздерінің дербес мағыналарын сақтай алған
кӛмекші сӛздер: «К предлогам обыкновенно относятся некоторые слова в сущности
самостоятельные слова, как например, алд (перед), арқа (спина),арт (зад), уст
(верх), аст (низ), - дейді. Ал екінші топтағыларға: «Другие послелоги
самостоятельного значения не имеют, присоединяясь исключительно к каким-
нибудь падежным формам, ставятся после слова, к которому относятся», - деп
анықтама береді [1, 13 б.].
П.М. Мелиоранский кӛмекші сӛздердің қызметіне кӛбірек кӛңіл аударған.
Сондықтан да кӛмекші сӛздерге талдау жасағанда кӛбінше тіркескен сӛздермен
байланыстырады. Мысалы, жоғары, тӛмен сӛздерін кӛмекші сӛздердің қатарына
жатқызады да, оларды барыс септігімен тіркеседі дейді. Кӛмекші сӛздердің барыс,
жатыс, шығыс септіктермен тіркесетіндігін де кӛре білген. «Краткая
грамматиканың» бірінші бӛлімінде біз кӛмекші есімдер деп жҥрген сӛздердің ілік
септікті сӛздермен тіркесіп келетіндігін, ӛздерінің тәуелденіп барып септелетіндігін
де кӛрсетеді. Мысал ретінде қазақтың арасында, жер үстінде, жер астында
сияқты сӛздерді келтіреді. П.М. Мелиоранский қазақ тілін жақсы білгенімен, ӛз
дәуірінің жіберген кейбір қателерін қайталайды. Мысалы, мұнда, бұрын, ары, бері,
жаны, тӛмен сияқты ҥстеулерді, -ша, -ше жҧрнағын кӛмекші сӛздер қатарына
қосады [1, 13-14 б.].
1897 жылы П.М. Мелиоранскийдің қатысуымен «Грамматика киргизского
языка» атты еңбек жарық кӛреді. Бҧл еңбекте П.М. Мелиоранскийдің алдыңғы
еңбекте айтқан қағидалары қайталанады. Кӛмекші сӛздердің есім сӛздерден кейін
келетінін айта келіп, оларды полилог деп атаудың дҧрысырақ екендігін айтады.
Ӛзіне дейінгі кӛмекші сӛздерге қалам тартқан авторлар сияқты П.М. Мелиоранский
де кӛмекші сӛздердің қатарын дҧрыс анықтай алмады.
Олардың қатарына мынадай морфемаларды жатқызады:
1. Барыс, жатыс, шығыс сепіктерін;
2. Кӛмектес септігінің (авторлардың терминінше творительный падеж) –менен,
-мен, -пен, -бен қосымшасы;
3. Ҥстеудің –ша, -ше жҧрнағын;
4. Сын есімнің –дай, -дей жҧрнағын;
5. Сайын сӛзін;
6. Ары, бері сӛздерін,
Сондай-ақ енді бір орында кӛмекші сӛздерге –сыз, -сіз (аяқсыз, құдайсыз)
кӛмекші сӛздердің жҧрнағымен бірге қасында, қасымда, орнына (орнуна),
сыртында, тысқарысында, ішінде (ишинде), ішіне (ишине), жанында, үшін (ушун),
кейін, дейін, артта, сыртта, артынан, басқа, қасына, ортада, ортасында,
арасында, үсті (усту), үстінде (устунда), т. б. [3, 122-123 б.] сияқты сӛздерді
кӛмекшілердің қатарына жатқызған. Мҧнда шылау сӛздерді, кӛмекші есімдерді
бӛліп қарастырмағандығы байқалады. Тағы бір айта кететін нәрсе, осындай
топтастырулар кейінгі зерттеушілерге әсер еткен сияқты.
Кӛмекші сӛздердің тҥрлерінің қызметтері жӛнінен біркелкі еместігі жӛнінде
жазылып жҥр. Сондай-ақ бҧл сӛздердің бір қасиетке ие еместігін ғалымдарымыз
дәлелдеп келеді. Кӛмекші сӛздердің табиғаты жайлы ҧзақ уақыттар бойы пікір ала-
қҧлалығы болып келді. Соңғы шыққан еңбектерге жҥгінсек, кӛмекші сӛздердің
табиғаты танылып, қатары айқындалған деуге болады. Ал тарихи тҧрғыдан
қолданылған кӛмекші сӛздердің қызметі мен даму жолы салыстырмалы тҥрде әлі де
зерттей тҥсуді қажет етеді.
«Шылауларды кӛмекші сӛздер қатарында кӛмекші есімдер мен кӛмекші
етістіктермен салыстыра қарастыру олардың табиғатын айқындауға мҥмкіндік
берері рас. Себебі кӛпшілік еңбектерде ара, ичра, уза, узила сияқты сӛздерді
шылауға жатқызса, біз бҧл сӛздерді кӛмекші есімдердің қатарында қарастырдық.
Шылау сӛздердің қатарына ӛтіп, қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан шылаулардың
барлығы бірдей тарихи тҧрғыдан қолданылған деп айта алмаймыз, себебі біршама
шылау сӛздердің қалыптасуы – кейінгі дәуірлердің жемісі» [4, 68 б.].
Шылаулардың зерттелуі жайлы сӛз болғанда, А. Байтҧрсынҧлы есімін айтпай
кету мҥмкін емес. Олай дейтін себебіміз, шылау жайлы алғаш пікір айтқан ғалым А.
Байтҧрсынҧлы болса, осы терминді ҧсынған да ӛзі.
Ғалым шылауларды 1. Ҥстеу; 2. Демеу; 3. Жалғаулық деп ҥшке бӛліп
кӛрсетеді. Демеу жайлы: «Демеу дегеніміз – екі сӛздің арасын, яки екі сӛйлемнің
арасын жалғастыруға демеу болатын сӛздер. Мәселен: «Мен де, сен де сонда
болдың». «Ол оқыды да, жазды да».
«Де», «да» деген сӛздер екі сӛздің арасындағы жҥйесін келтіріп, жалғастыруға
демеу болып тҧр» дейді [5, 33, 32 б.]. Демеулерге мҧнан ӛзге я, яки, ма, ме, ба, бе,
әлде, әйтпесе, немесе сияқты сӛздерді жатқызады.
«Демеу сӛздер қазақ тілінде аз. Оның кӛбі басқа сӛзден шыққан туынды
демеулер; мәселен, үйткені, сүйткені, үйтседе, бүйтседе, немесе – бәрі туынды
демеулер» деп, қҧрамдарының кҥрделі екендігін айыра білген.
Шылауларды қазіргідей тҥр-тҥрге ажыратып, жіліктеп бермегенмен, табиғатын
тҥсінген. Бҥгінде ҥстеу ӛз алдына толық мағыналы сӛз табы ретінде танылады.
Алғаш қазақ тіл білімі терминдері жасала бастағанда біраз пікір таластардың
болғаны рас. Тіпті сол алынған терминдерге қатысты сӛздердің ҧзақ уақыттар бойы
бір жҥйеге тҥспегендігі де белгілі. Қҧдайберген Жҧбановтың «Қазақ тілі жӛніндегі
зерттеулер» (ӛңд., 3-бас. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. –
608 б.) атты кітабының «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» бӛлімінде
алғаш «Ауыл мҧғалімі» журналының 1937 жылғы 1-3 сандарында жарияланған
материал толық берілген. Қ. Жҧбанов мҧнда ӛзінен бҧрынғы қазақ тіліндегі
грамматика авторларының бірқатар анықтамалары мен қолданған терминдерін
сынға алған.
«Тіл қҧралдың» ҥстеу деп атаған сӛздерінің бірқатары, мәселен, «сайын»,
«таман», «есе», «арқылы» сияқтылар әуелі-ақ «Тіл қҧралдың» ӛзінде бір жерде
ҥстеуге қосылса, екінші жерде жалғаулықтарға, ҥшінші жерде демеулерге қосылған.
Сӛйтіп, бҧларды қандай категорияға қосқанын «Тіл қҧралдың» ӛзі де біле алмай,
шатасқан. Сондықтан, бҧларды бірде ҥстеу, бірде жалғаулық, бірде демеу деген.
Әрине, бҧлай болуының мҥмкіншілігі жоқ. Бҧлар не ҥстеу, не жалғаулық, не демеу,
немесе басқа бір нәрсе ғана бола алады. Бҧлар тҧрған орны жағынан да, атқаратын
қызметі жағынан да, қай жағынан да бізде жалғауыш, ҥстеуіш деп аталған. «Тіл
қҧралда» әр жерде әртҥрлі аталып жҥрген топқа жататын сӛздер екен. Солай
болғансын, ҥстеу табынан бҧлар да шығарылады. А. Байтҧрсыновтың ҥстеу деп
атаған ҥстеу сӛздердің бірқатары – кӛсемшелер де, енді бірқатары – септеулі
есімдер. Әрине, бҧларды да ӛз ҥйіріне қосу керек болды. Сонымен, ҥстеу қатарынан
бҧлар да шығып, ӛздерінің дағдылы қалыбына, бірде кӛсемше, бірде есім болып
жӛніне кетті.
Сӛйтіп, А. Байтҧрсыновтың ҥстеу деп атаған категориясында қалып қойған
сӛздер «мана», «әлгі», «енді», «кешкі» сияқтылар ғана болды. «Әрі», «бері»,
«жоғары», «ілгері», «кейін» сияқты сӛздер де осы қатарға қосылады.
Қане, бҧл сӛздерді қалай деп атау лайық? Біздіңше, ҥстеу деп атаудың тҥк
мәнісі жоқ сияқты. А. Байтҧрсыновтың ҥстеу деп атағаны – орыстың наречие
дегенін (қазақшалағанда, сӛздің ҥсті деген сӛз) тікелей аударылып алған ғана
болады [6, 235 б.].
Шындығында, А. Байтҧрсынҧлының «Тіл қҧралы» еңбегіне сын айтып отырған
ғалымның пікірінде де шатасушылық бар екенін аңғаруға болады. Бҧл, әрине,
шылаудың табиғатының кҥрделілігімен тікелей байланысты болу керек.
Біріншіден, бҧл сӛздердің бәрінің табиғатын бірдей деп, бір қатарда алып
қарастырған дҧрыс емес, себебі «әлгі», «кешкі» сияқты сӛздер ҥстеу де, шылау да
бола алмайды, яғни қатыстық сын есімдер. Ал ӛзге сӛздерге келсек, А.
Байтҧрсынҧлы айтқандай, ҥстеу сӛздер.
Қҧдайберген Жҧбанов «Шылау деген термин де біз жасаған емес, бҧрыннан
бар-ды» деп айта келіп, шылаудың табиғаты жӛнінде жақсы талдау жасайды.
«Шылаулардың енді бір тҥрі қосымшалардай азып жетпеген. Сондықтан, бҧлар
тҥбір мҥшеге қосымшадай қатаң жабыспай-ақ, аулағырақ та тҧрып алады екен.
Бірқатары тҥбірдің алдында, бірқатары тҥбірден кейін, кейін болғанда,
қосымшалардан да кейін тҧра алады екен. Оның ҥстіне бҧлардың дені
қосымшаларша тҥбірдің дыбыс ықпалына кӛндігіп болмаған, сондықтан, олар
жуандық-жіңішкелік жағынан, кӛбіне тҥбірге ермейді екен. Бҧлардың енді бір
айырмашылығы – қосымшалардың бәрі де тҥбірден кейін ғана тҧра алатын болса,
бҧлардың бірқатары тҥбірден ілгері де тҧра алады екен. Оның ҥстіне, мҧндай
шылаулар осы кҥнде де жасалып жатады екен. Жасалғанда тҥбір сӛздердің
бірқатары ӛзінің негізгі мағынасынан ауысып, шылау мағынасына бейімделіп кетеді
де, бара-бара тҥгелімен шылау болып кетеді екен. Бірақ, бҧлардың бәрі бірдей
шылаудың бар мінезіне тҥсе бермейтін кӛрінеді. Мәселен, тҥбірлер қосымша жалғай
алу керек те, шылаулар қосымша жалғай алмау керек. Осылай бола тҧрып, қайсыбір
шылаулардың қосымша ертіп алатыны да бар. Мысалы, сияқты, дәл деген
шылаулар сияқтылар, дәлдеу болып қосымша ертіп алады. Міне, осы қасиеттері
шылаудың бҧл тҥрлерін тҥбірден де, қосымшадан да ӛзгеше бір сӛз мҥшесі қылып
шығарады. Сондықтан, бҧларды ӛз алдына бір терминмен атамасқа болмады.
Сондықтан, бҧларды қосымшадан айырып қосалқы деп атадық [6, 239-240 б.].
Термин жайына келсек, кейіннен А. Байтҧрсынҧлының шылау термині қазақ тіл
біліміне сіңісіп, қалыптасып кеткені белгілі. Қҧдайберген Жҧбанов қосалқының
жалғауға ҧқсап, ӛзін ерткен сӛзді басқа бір сӛзбен жалғастыру ҥшін
жҧмсалатындарын жалғауыш деп, қосымшадағы ҥстеуге ҧқсас, ӛзін ерткен сӛзге тек
мағына ҥстеп қана қоятындарын ҥстеуіш деп атаған [6, 240 б.].
Сӛз етіп отырған екі ғалым да – қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін
қалаушы аса кӛрнекті ғалымдары, қазақ тілінің майталман зерттеушілері. Бҧл
кезеңде қазақ тіл білімінің даму деңгейі тӛмен болатын. Сондай-ақ тҥркі тілдерінің
грамматикасын зерттеу енді-енді қолға алына бастаған, сондықтан кӛп дҥниелер әлі
шешімін таба қоймаған. Сондай кезеңдердегі ғалымдардың пікірі кейінгі
зерттеушілер ҥшін бағыт-бағдар беруші нағыз тҥп қазық, тҧңғыш теориялық еңбек
болғаны рас. А. Байтҧрсынҧлы тілдік терминдерді алғаш рет ҧлттық
болмысымызға, тҥсінігімізге лайықтап жасап, санамызда қалыптастырды. Қазақ тіл
ғылымы мен әліппесінің негізін қалады. Әрине, бҧған дейін де қазақ тіліне және
оның грамматикасына, жалпы тҥркі тілдеріне қатысты еңбектер болғаны
тҥркологиядан белгілі, алайда олар кӛпшілік оқырмандар ҥшін қолжетімді болған
жоқ. Әр еңбектің жазылу деңгейі әртҥрлі, мақсаты да әр басқа. Сондықтан «Тіл –
қҧрал» қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық қҧрылымын талдап,
жҥйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегі тҧңғыш ғылыми жҧмыстың басы, қазақ
тіл білімі атты ғылым саласының ана тіліндегі бастамасы және дҧрыс жазылған,
жақсы бастамасы [7, 21 б.].
Қазіргі қазақ тіл білімі тҧрғысынан шылау сӛздер біршама зерттелінген.
Шылау тек қана морфологияның зерттеу нысаны ғана емес, синтаксистік тҧрғыдан
да шылаулардың қызметіне қарай талданып, сӛз болатын тҧстары бар. Мәселен,
«Қазіргі қазақ тілі» (М. Балақаев, Т. Сайрамбаев) атты оқулықта «Бірыңғай
мҥшелерді байланыстыратын жалғаулықтар» тақырыбында жалғаулықтар жайлы не
айтатына тоқталып кӛрейік.
«Және (оның кҥрделі тҥрі және де) ежелден қолданылып жҥрген жалғаулық
болғанмен, кез келген бірыңғай мҥшелер арасына қойыла бермейді. Оның
жалғаулық мағынасы мен дегенмен әуендес болатындықтан, әдебиет тілінде ол
екеуінің қолданылуында едәуір стильдік айырмашылық бар. Мысалы, Асан мен Үсен
кӛп бӛгелген жоқ дегендегі меннің орнына және жалғаулығын қоюға болар еді,
бірақ ол бірыңғай мҥшелердің мағыналық байланысы бірдей болмайды.
Мен шылауы кӛбінесе біріне-бірі жуыспалы тҥрде, бірлестік мағынада айтылатын
бірыңғай мҥшелердің арасында қолданылады да, және бірыңғай мҥшелерді бірінен-
бірін бӛлектеп, олардың мағыналарын ерекше логикалық екпінмен айту ҥшін
қолданылады» [8, 193 б.].
Шылаулардың синтаксистік қызметі морфологиялық тҧрғыдан да айтылады.
Мысалы, «Қазақ грамматикасы (Жалпы ред. басқ. Е. Жанпейісов. – Астана: Астана
полигр., 2002. – 784 б.)» кітабында былай дейді: «мен, бен, пен, менен, бенен, пенен
жалғаулықтары әртҥрлі сӛз таптарынан жасалған сӛйлемнің бірыңғай мҥшелерін
байланыстырады» [9, 557 б.].
Орхон-енисей және орта ғасыр ескерткіштері тілін зерттеуші ғалым Ғ.
Айдаровтың тҥркология саласындағы еңбегі зор. Қай дәуірді зерттемесін, тікелей
мәтіндермен жҧмыс жасап, фонетикалық, лексика-грамматикалық тҧрғыдан талдау
жҥргізеді. Орхон-енисей және кӛне ҧйғыр жазба ескерткіштерінің тіліне арналған
еңбегінде «Шылаулар басқа сӛздердің мағыналарын толықтырып, сӛйлемдегі
сӛздерді ӛзара байланыстыру қызметін атқарады» дейді [10, 92-93 б.].
Ескерткіштегі шылауларды сӛйлемде атқаратын қызметі мен мағыналарына
қарай ҥш топқа бӛліп кӛрсетеді:
1.
Септеулік шылаулар
2.
Жалғаулық шылаулар
3.
Сҧраулық шылаулар
Септеулік шылауларға ӛз алдына дербес мағынасы болмайтын, белгілі бір
септік (атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс және кӛмектес) жалғауында тҧрған
сӛздермен тіркесіп келген сӛздерді жатқызады:
Үчүн – үшін
Тегі – дейін, шейін
Утру – қарсы
Кігін – кейін
Анта ӛтру – содан соң
Жалғаулық шылаулар ескерткіштер тілінде сӛз бен сӛзді, сӛйлем мен сӛйлемді
байланыстырып тҧрады. Олар: да, де, та, те, йана, йеме. Мысалы: Оғлы де қаған
болмыс ерінч – Ұлы да қаған болған еді.Іл йеме іл болты, будун йеме будун болты –
Ел және ел болды, халық және халық болды.
Демеулік шылаулар. Текстерде демеулік шылаулар ӛте аз кездеседі. олар: му,
мы, мі, гу, кук. Мысалы: Қаған мы қысайын? – Қағанды қысайын ба? [11, 92-93 б.].
Кҥлтегін ескерткіштерінің тіліне арналған еңбегінде Ғ. Айдаров шылаулар мен
шылау сӛздерге тӛмендегідей сӛздерді:
азу – немесе (КТм., 10)
йеме – және, тағы (КТб., 49)
те – және, тағы (КТб., 5),
ескерткіш тіліндегі шылау сӛздерге:
аны үчүн – сондықтан (КТб., 3)
анча – сонша (КТм., 7)
йана – және, тағы (КТб., 10, 20, т.б.)
жатқызады.
Жалғаулықтарға:
түгүл – тек (КТб., 6)
-гу, -ғу – сҧраулық шылау (КТм., 11)
сӛздерін жатқызады[12, 164 - 166 б.].
Кӛне тҥркі руникалық жазу ескерткіштері тіліндегі шылауларға арнайы ғылыми
еңбек арнаған К.К. Малгаждаров «Кӛне тҥркі тіліндегі шылау сӛздердің лексика-
грамматикалық сипаты» (Филол. ғыл. канд. дис. афтореф.: 10.02.06. – Алматы, 2000
– 28 б.) тақырыбында кандидаттық диссертация, «Шылау сӛз табының қалыптасу
тарихы» атты оқу қҧралын жазды. Осы еңбегінде ғалым шылаулардың қалыптасу
тарихы мен зерттелуіне тоқталады [12].
К.К. Малгаждаров кӛне тҥркі руникалық жазу ескерткіштер тілінде 20 шақты
шылаудың қолданылғандығын айтады [13, 18 б.].
Шылаулардың зерттелуін дәуірлерге қатысты сӛз ететін болсақ, Х ғасырда
жазылып, ХV ғасырда мәмлҥк қыпшақтарының тіліне аударылған «Китаб
Муқаддима Әбу Ләйс әс-Самарқанди» тілін зерттеуші Қ.А. Садықбеков еңбегіне де
тоқтала кеткен жӛн. Бҧл еңбекте де шылаулар ҥш топқа топтастырып берілген:
жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер [14, 28 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |