Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Ключевые  слова:  педагогические  технологии,  учебный  процесс,  воспитание,  обучение,  обучающиеся 
технологии, воспитательные технологии, непрарывный процесс, учитель. 
 
Summary 
B.Auezov  senior lecturer, IKTU named after Kh.A.Yassawi, 
auezov76@mail.ru
 
 
Theoretical bases of pedagogical technologies 
This article deals with essence, structure, principles and value of pedagogical technologies in educational process. 
Pedagogical technologies include pedagogical, psychological and social knowledge, pedagogical practice and folk pedagogics. 
Pedagogical technologies are unique and complex process. Pedagogical technology is well-organized totality of actions, 
operations and procedures and the instrumental providing the achievement of the forecast result in the changing terms of 
educational process. 
Although there are many different learning technologies and their implementation only has two ways. Firstly, the theoretical 
performance, on the other - the result of experience. 
Keywords: pedagogical technologies, educational process, education, teaching technologies, upbringing technologies, 
educational process, teacher. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
85
 
ӘОЖ 373.211 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   
   
Э.Ж. Халилаева 

 аға оқытушы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 
tansholpan-2010@mail.ru
 
 
Бұл мақала мектепке дейінгі білім беру мекемесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану ерекше- 
ліктері мәселесіне арналған. 
 
Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім  беру  мекемесінің  педагогикалық ұжымдары  қарқынды  түрде өз  тәжірибе- 
леріне  түрлі  педагогикалық  технологияларды  ендіруде.  Педагогикалық  технологиялардың  мәні,  оның  жекелік- 
бағдарланған  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруында,  кәсіби  білім,  біліктіліктерді  қалыптастыру  және  дамытудың 
жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін ұсынуымен анықталады.
   
Мектепке дейінгі білімдегі педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарт- 
тарын жүзеге асыруға бағытталған.     
Педагогикалық  технологиялардың  маңызды  жағы  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  баланың  позициясы,  үлкендердің 
тарапынан балаға деген көзқарасы, қатынасы болып табылады. Мақалада мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 
қолданылатын  педагогикалық  технологияларға  қойылатын  талаптар  (критерийлер),  оның  құрылымы  мен  түрлері 
берілген.   
Түйін сөздер: заманауи педагогикалық технологиялар, оқу әрекеті, технологизациялау, парадигма, сұхбаттасушы, 
зерттеуші, фасилитациялаушы, эксперт-сарапшы.   
   
Егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл 
педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім 
беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
 
Бүкіл білім беру жүйесінің жаңару үдерісі мектепке дейінгі білім беруге жоғары талаптар қойып отыр 
және  осы  үдеріске  психологиялық-педагогикалық  жаңа  тиімді
 
жолдар 
іздестіруді  көздейді.  Мектепке 
дейінгі білім беруді дамыту, оның жаңа сапалы деңгейге көшуі инновациялық технологияларды жасақта- 
май жүзеге асуы мүмкін емес. Ал, инновация өз кезегінде баланың тұлғасына, оның қабілеттерін дамытуға 
бағытталған,  педагогикалық  тәжірибеде  пайдаланылатын  жаңа  әдістерді,  формаларды,  құралдарды, 
технологияларды айқындайды [1, 4б.].
 
Қазіргі кезеңде қолданыста жүрген жаңа білім стандарттарында көрсетілген талаптар мектепке дейінгі 
білім берудің мазмұнына, құрылымы мен оны ұйымдастыруға жаңа көзқарасты қалыптастыруға бағыт- 
талған. Бұл талаптарда мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, физикалық, 
интеллектуалдық  және  тұлғалық  сапаларын  дамытуға,  әлеуметтік  жетістіктерін  қамтамасыз  ететін  оқу 
әрекеттерінің алғышарттарын қалыптастыруға, денсаулығын сақтауға және нығайтуға ерекше көңіл бөлу 
ұсынылып отыр. 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесіндегі  болып  жатқан  динамикалық  өзгерістердің  түбі 
адамның  жағдайын  әлеуметтік-экономикалық  жағынан  жақсартуға  бағытталған.  Қазіргі  қазақстандық 
білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланы ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылық- 
тарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниканың абстракциялық білімін алып қоймай, 
өзінің  өмірінде  қолдана  білуге  дағдыландыру.  Мұндай  үлкен  міндеттерді  шешу  үшін,  дәстүрлі  оқыту 
жүйесінен  біртіндеп  қарқынды  даму  шеңберіне  жеткізе  алатын  жаңа  педагогикалық  технологияларын 
қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмұны ғана негізгі мақсат болмай, адамгер- 
шілік пен гуманистік бағыт басты нысан ретінде ұстанылуы керек. 
 
Жоғарыда  атап  көрсетілген  стандарт  талаптарында  көрініп  тұрғандай  қазіргі  мектепке  дейінгі  білім 
беруде  «сабақ»  сөзі  қолданылмайды,  оның  орнына  стандарт  талаптарына  сай  «ұйымдастырылған  оқу 
іс-әрекеті»  ұғымы  қолданыста.  Бұл  өз  кезегінде  теориялық-әдіснамалық  негіздерге  сәйкес  балалармен 
жұмыс ұйымдастырудың негізгі іс-әрекеттерінің қайсысының тиімді болатынын көрсетіп отыр.     
Бірінші  кезекте  ойынды,  ойын  іс-әрекеттерін  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жетекші  іс-әрекеті 
ретінде, сонымен қатар, коммуникациялық, қимыл-қозғалыстық, шығармашылық, танымдық-зерттеуші- 
лік, еңбек, музыкалық-көркем, көркем әдебиетті оқу (қабылдау) іс-әрекеттерін атауға болады.     
Сонымен,  мектепке  дейінгі  білім  берудің  ерекшелігі  оқыту  үдерісі,  шын  мәнінде,  «басқа  іс-әрекет 
барысында (оқыту емес) үйрену» үдерісі болып табылады
 [1, 5 б.]. 
 
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - 
қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.   

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
86 
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбие- 
леуде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.   
Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемесінің  педагогикалық  ұжымы  өз  жұмыстарында 
инновациялық  педагогикалық  технологияларды  қарқынды  түрде  ендіруде. 
Дәстүрлі  оқыту  әдістерінің 
орнына  баланың  танымдық  дамуын  белсендендіруге  бағытталған  оқыту  мен  тәрбиелеудің  белсенді 
әдістері келуде.   
Оқытуды технологизациялау үдерісі туралы ой-пікірді кезінде Я.А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика» 
еңбегінде анықтай отырып, оны барлығын барша нәрсеге оқытудың әмбебап өнері деп, технологияның 
маңызды бөлігін – нақты нәтижеге жету деп айтып өткен. Ол нәтижеге алып баратын оқыту механизмін, 
демек оқыту үдерісін «дидактикалық машина» деп атаған. Бұл үдерісте ең маңызды нәрсе ол: 
 
мақсатты айқындау; 
 
мақсатқа жету құралдарын айқындау; 
 
осы құралдарды пайдалану ережелерін айқындау; 
Сонымен,  білім  берудегі  технологияларды  пайдаланудың  келесідей  модульде  сипаттасақ  болады: 
мақсат – құралдар – оларды пайдалану ережелері – нәтиже. Бұл білім берудегі кез келген технологияның 
өзегі.   
Педагогикалық технологиялардың элементтерін И.Г. Песталоццидың да еңбектерінен табуға болады. 
[2,5б.].   
Заманауи  педагогикалық  технологиялардың  шетел  авторларына  Б.Блум,  Д.Брунер,  В.Коскарелли, 
Дж.Кэролл,  Д.Хамблиндер  жатады.  Ресей  ғалымдарынан  Ю.К.  Бабанский,  В.П.  Беспалько,                               
А.А. Вербицкий, П.Я. Гальперин, М.В. Кларин, А.Г. Ривин, И.Ф. Талызина, Н.Е. Щуркова, В.И. Андреев, 
С.И. Архангельский, М.М. Левина, Н.Д. Никандров, В.А. Сластениннің еңбектерін айтуға болады.     
Заманауи  педагогикалық  технологияларды  білім  беруде  қолдану  мәселелерімен  отандық  ғалымдар 
Д.М.  Жүсіпалиева,  Б.Ә.  Әбдікәрімұлы,  М.С.  Мәлібекова,  Г.Қ.  Нұрғалиева,  Қ.Қабдықайырұлы,                       
Ж.А. Қараев, Ш.Т. Таубаева, т.б. өз зерттеулерінде қарастырған [3,44 б.].   
Ф.Н.  Жұмабекова  өзінің  «Мектепке  дейінгі  кезеңде  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  әдіснамалық 
негіздері" атты монографиясында республика көлемiнде мектепке дейiнгi тәрбиенiң ғылыми-теориялық 
және  әдiстемелiк  мәселелерiн  зерттеген  еңбектерді  атап  көрсеткен.  Олар:  В.Андросова,  Р.К.Аралбаева, 
Б.О.  Арзанбаева,  Ә.С.  Әмiрова,  Б.Б.  Баймұратова,  Н.Б.  Баримбеков,  С.Г.  Бәтiбаева,  Л.А.  Давиденко,                 
М.С.  Сәтiмбекова,  Р.Ж.  Жұмағожина,  А.К.  Меңжанова,  Қ.М.  Меңдаяқова,  Г.Ж.  Меңлiбекова, 
Ф.Н.Жұмабекова,  А.Е  .Манкеш,  М.Т.  Тұрыскелдина,  Т.Ж.  Қалдыбаева,  Н.Д.  Храпченкова,                                   
Т.И.  Иманбеков,  Ж.А.  Исмайлова,  Ш.С  .Сапарбаева,  Т.А.  Левченко,  Ғ.З.  Таубаева,  С.Н.  Жиенбаева,                 
Г.М. Метербаева, А.Ж. Салиева, Н.С. Сайлауова, Л.Е. Румянцева, В.Я. Никитин, А.Т. Искакова. [4, 6 б.] 
Педагогикалық технология – бұл оқыту және тәрбиелеу үдерісінің процессуалдық жағын көрсететін 
және оның мақсаттары, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары мен нәтижесін қамтитын, нақты білім 
беру жүйесінің теориялық тұжырымдамасынан бастап білім беру практикасында жүзеге асыруға дейінгі 
біртұтас ғылыми негізделген жоба болып табылады. [2, 9 б.]   
Педагогикалық  әрекетті  жаңа  технологияларды  қолдану  негізінде  ұйымдастырғанда  барлық  күш 
педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады.   
Заманауи  педагогикалық  технологиялар  білім  берудің  жаңа  парадигмасын  жүзеге  асыру  жолдарын 
білдіреді. «Парадигма» - сөзі (грек сөзінен paradiegma – үлгі) берілген білімдер саласындағы белгілі бір 
тарихи  кезеңдегі  ғалымдардың  зерттеу  практикасы  соларға  қарап  ұйымдастырылған  негізгі  ғылыми 
жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі.   
[5,171б.]
   
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде келесі заманауи технологиялар қолданылып 
келеді:   
 
денсаулық сақтау технологиялары;   
 
жобалық әрекет технологиясы;   
 
зерттеуші әрекет технологиясы;   
 
ойын технологиясы;   
 
тұлғаға-бағдарлау технологиясы;   
 
тәрбиеленуші мен тәрбиешінің портфолио технологиясы;   
 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
;
   
 
ТРИЗ технологиясы
;
   
 
Монтессори технологиясы
 және т.б.
   

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
87
 
Жетекші халықаралық тәжірибе негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім берудің заманауи 
әдістерін  ендіреді.  «Балбөбек»,  «Қайнар»,  «Алғашқы  қадам»  (1-3  жас),  «Зерек  бала»  (3-5  жас),  «Біз 
мектепке барамыз» (5-6 жас) және т.б. білім беру бағдарламаларымен қатар Монтессори технологиясы,   
Н. Зайцев, Ф. Фребель жүйесі бойынша Вальдорфский педагогикасы (Штайнер әдістемесі) бойынша оқу 
материалдары қолданылады 
[
6,4 б.
].
   
Заманауи технологияларға басқа да жоғары технологиялар сияқты келесідей сипаттамасы болуы керек:   
 
ізгілік;   
 
ғылымилылық;   
 
тиімділік;   
 
әмбебаптық;   
 
кіріктілік.   
Мектепке  дейінгі  мекеме  тәрбиешілері  заманауи  педагогикалық  технологияларды  жүзеге  асыруда 
сұхбаттасушы, зерттеуші, фасилитациялаушы және эксперт-сараптаушы қызметін атқарады.   
Фасилитация – сөзі (ағылшын тілінде facilitate – себепші болу, жеңілдету, көмектесубасқа адамның 
белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдеті үдерісі
 [5, 230 б.].
   
Ф.Н. Жұмабекова тәрбиешінің инновациялық технологияларды пайдалана білу құзіреттілігін қалыптас- 
тыру үшін төмендегідей бірқатар талаптарды нақты шеше алуы тиіс екендігін атап көрсетеді:   
А. Балалардың ойын- зерттеу іс-әрекетін жүргізуде төмендегі ережені сақтай білу:   
1. Балаларды өз бетінше әрекет етуге үйрету.   
2. Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару.   
3. Талқылау кезінде балаға баға беруге асықпау.   
4. Білім алу барысында балаға көмектесу.   
- өз бетінше проблеманы шығару;   
- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;   
- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау:   
- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;   
- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну;   
5.  Балаларды  өз  идеяларын  ұсына  білуге  және  қате  пікірінен  бас  тартуға,  шыдамдылық  танытуға 
үйрету;   
Балалардың зерттеу әрекетін төмендегідей бірізділікте жүргізу көзделді:   
1. Зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау.   
2. Зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін анықтау).   
3. Зерттеу әдістерін анықтау.   
4. Зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент).   
5. Алынған материалды талдау және тарату (алынған материалды белгілі бір ережелер мен тәсілдерді 
қолдана отырып құру).   
6.  Қортындылау.  Есеп  беруге  дайындалу  (негізгі  түсініктерге  анықтама  беру,  зерттеу  нәтижелері 
бойынша хабарлама жасау).   
7. Презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру).   
8. Аяқталған жұмыс қортындысын талқылау. Рефлексия.   
Ә. Балалардың ойын-зерттеу іс-әрекетін жүргізуде мақсат, міндеттерді дұрыс қоя білу. Балабақша 
тәжірибесінде қарапайым зерттеу іс-әрекетін жүргізуде оның мақсат, міндеттерін айқындап алу тәрбиеші- 
нің  кәсіби  құзіреттігін  жетілдіруге  ықпал  етері  сөзсіз.  Мұнда  мектепке  дейінгі  жасағы  білім  мазмұнын 
жаңартуда алға қойылатын мақсат айқын және міндеттер нақты болуы тиіс.   
Мақсат:  зерттеу  жұмыстарын  теориялық  тұрғыдан  негіздеу,  білім  беру  мазмұнын  қандай  пәндер 
арқылы жаңартуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;   
Бұл мақсаттарды жүзеге асрыуда төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:   
- зерттеу тақырыптарын таңдау және жоспарын құру;   
- зерттеу әдістерімен балаларды таныстыру;   
- арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізу;   
- тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау дайындау;   
Бұл  міндеттерді  шешу  бағытындағы  жұмыстардан  мектепке  дейінгі  жастағы  балалармен  зерттеу 
жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері, мектепалды тобында – зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері, дербес 
зерттеулер жүргізутәрбиешілерге әдістемелік нұсқау, баланың балабақшадағы зерттеу тәжірибесінен үлгі 
сабақ  жоспарлары  дайындалды.  Баланың  зерттеу  қабілеттерінің  дамуы-бүгінгі  білім  беруді  маңызды 
міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндеттерді шешу, әрбір педагогикалық міндеттерді шешу тәрізді 
педагогикалық проблематиканың жалпы контекістінде қарау қажет.   

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
88 
Б.  Балалардың  ойын-зерттеу  іс-әрекетін  жүргізуде  төмендегі  зерттеу  әдістерін  тиімді  пайдалана 
білу: өздігінен дербес ойлану; басқа адамдардан сұрау; кітаптардан қарап көру; теледидардан қарау; бақы- 
лау жасау; эксперимент жүргізу; компьютерден немесе интернет арқылы ақпараттар жинау; мамандардан 
сұрап, байланыс жасау. [ 4, 173-174 бб.]   
Қазіргі таңда білім беру технологияларының жүзден астам түрлері бар.   
Педагогикалық технологиялардың негізгі талаптары (критерийлері):   
- концептуалдық;   
- жүйелілік;   
- басқарушылық;   
- тиімділік;   
- қайта жаңғыртылуы, қайталануы.   
Концептуалдық– білім мақсатының жетістіктері философиялық, психологиялық, дидактикалық және 
әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда негізделген, нақты бір ғылыми концепцияға сүйену.   
Жүйелілік – технологияда, жүйенің барлық белгілері болуы керек: үдерістің логикасы; оның бөлім- 
дерінің өзара байланысы; біртұтасстылық.   
Басқарушылық – нәтижелерді түзету мақсатында диагностикалық мақсат белгілеу, жоспарлау, оқыту 
үдерісін жобалау, кезеңдік диагностикалау, әдістер мен құралдарды түрлендіру. 
Тиімділік – нақты жағдайдағы заманауи педагогикалық технологиялар нәтиже бойынша тиімді және 
оптималды болуы керек, сонымен қатар оқыту стандартының нақты жетістігіне кепілдік беруі тиіс.   
Қайта  жаңғыртылуы,  қайталануы  –  білім  беру  мекемелерінде  педагогикалық  технологияларды 
қолдану мүмкіндігі (қайталау, технологияны қолданып отырған кез келген педагогтың (оның тәжірибесіне, 
еңбек өтіліне, жасына және дербес ерекшеліктеріне қарамай) қолында педагогикалық құрал ретінде кепілді 
түрде тиімді болуы керек.   
Педагогикалық технологиялардың құрылымы үш бөлімнен тұрады:   
-  Концептуалдық  бөлім  –  бұл  педагогикалық-психологиялық  ойлардың  технологияның  негізіне 
салынған ғылыми база.   
- Мазмұндық бөлім – жалпы, нақты мақсаттар және оқыту материалдарының мазмұны.   
- Процессуалдық бөлім – балалардың оқу әрекетінің формалары мен әдістері, педагог жұмысының және 
оның баланың материалды қабылдауды басқару үдерісінің формалары мен әдістері, диагностика. [7] 
Сонымен,  егер  де  қандай  да  бір  жүйе  технология  рөлін  атқарғысы  келсе,  онда  ол  жоғарыда  атап 
көрсетілген барлық талаптарға сай болуы керек. Мектепке дейінгі мекеменің ашық білім беру аймағын- 
дағы субъектілердің өзара қарым-қатынасы (балалар, қызметкерлер, ата-аналар) заманауи педагогикалық 
технологиялардың  негізінде  жүзеге  асырылады.  Педагогикалық  технологиялар  мектеп  жасына  дейінгі 
баланың дамуында және оның әрі қарай мектепте оқуда жақсы жетістіктерге жетуіне кепілдік береді.   
   
1.
 
Михеева Е.В. Современные технологии обучения дошкольников. 
– 
Волгоград:Учитель, 2014. – 4б.
   
2.
 
Атемаскина  Ю.В.,  Богославец  Л.Г.  Современные  педагогические  технологии  в  ДОУ.  –  СПб.:ООО 
«ИЗДАТЕЛЬСТВО «ДЕТСТВО-ПРЕСС», 2012. – 5б.   
3.
 
Ф.Н.Жұмабекова.  Инновациялық  педагогикалық  технологияларды  білім  беру  мазмұны  сабақтастығын 
қалыптастыруда пайдалану. // Білім-Образование. – Алматы,2006.    №2 (26). – 44б.   
4.
 
Ф.Н.Жұмабекова.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  әдіснамалық  негіздері. 
Монография. – Астана, 2010. – 6б.   
5.
 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі.  Педагогика  және  психология. 
– 
Алматы: 
«Мектеп», 2002. 
– 
171 б.
   
6.
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  тәрбиелеу-оқыту  жұмысында  инновациялық  технологияларды  енгізудің 
талаптары. // Әдістемелік ұсыным. – Астана, 2014, – 4 б.   
7.
 
Данилова Т.И.Современные образовательные технологии в ДОУ 
 
Резюме 
Э.Ж. Халилаева  старший преподаватель МКТУ им. Х.А.Ясави, tansholpan-2010@mail.ru   
 
Особенности использования современных педагогических технологий 
в дошкольных образовательных учреждениях 
Данная статья посвящена особенностям использования современных педагогических технологий в дошкольных 
образовательных учреждениях.
   
В настоящее время педагогические коллективы дошкольных образовательных учреждений интенсивно внедряют 
разнообразные педагогические технологии работы. Сущность современных педагогических технологий выражается в 
организации  индивидуально-ориентированного  образовательного  процесса,  предложении  новых  форм  и  методов 
формирования и развития профессиональных знаний и умений.
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
89
 
Современные  педагогические  технологии  в  дошкольном  образовании  направлены  на  реализацию 
государственных стандартов дошкольного образования. 
Принципиально  важной  стороной  в  педагогической  технологии  является  позиция  ребенка  в  воспитательно- 
образовательном процессе, отношение к ребенку со стороны взрослых. В статье также даны основные требования 
(критерии)  к  педагогическим  технологиям,  структура,  виды  педагогических  технологий  и  особенности  их 
использования в ДОУ. 
Ключевые слова: современные педагогические технологии, учебная деятельность, технологизация, парадигма, 
собеседник, исследователь, фасилитатор, эксперт-аналитик. 
 
Summary 
E.Zh. Halilaeva – senior teacher of A.Yassawi International Kazakh – Turkish University, 
tansholpan-2010@mail.ru
 
 
Pecularities of use modern pedagogical technologies in preschool educational instituions 
This article deals with peculiarities of use modern pedagogical technologies in preschool educational institutions. 
Nowadays  many  pedagogical  staffs  of  preschool  education  institutions  use  different  pedagogical  technologies  in  their 
professional activity. The  essence of pedagogical technologies is organization of  individual  – oriented educational process, 
offering of new forms and methods of forming and developing professional knowledge and ability. 
Modern  pedagogical  technologies  in  preschool  educational  institutions  are  directed  to  realization  of  state  preschool 
standards. 
Fundamentally important aspect in using pedagogical technologies is the position of the child in educational process and 
adults attitude to the child. The most important demands and criteria to the use of pedagogical technologies, the structure, forms 
and methods of pedagogical technologies application is given in this article. 
Key words: modern pedagogical technologies, teaching activity, paradigm, partner, researcher, facilitator, expert. 
 
 
ОӘЖ 373.2 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ   
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Ш.Исахова – аға оқытушы, 
shaki62@mail.ru
 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
Мақалада қазақ халық ертегілері арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Тұлғаға 
адамгершілік  тәрбие  беру  мәселесі  қоғам  дамуындағы  маңызды  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Балалардың 
әлемдік көзқарасы мен этникалық принциптерін қалыптастырудың ең қарапайым және қызықты әдісі – ол ертегі. 
Мектепке  дейінгі  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеу  болашаққа  жол  сілтеу  бүгінгі  қажетті  кезек  күттірмес 
мәселе. Адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерінің 
орны ерекше. Ертегілер - халқымыздың тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті 
үлгілерінің көлемді саласының бірі. Ертегілердің білім мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет