Н.Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген
сөзінде және 2012 жылғы жолдауында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру
мәселесіне қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе
де, латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген
елдер, соның ішінде посткеңістік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық
емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен
шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның плюстері
мен минустарын зерделеп алуымыз керек» деген-ді.
Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі латын графикасы
негізіндегі жаңа әліпбиге көшу шараларын А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институтының құзырына тапсырған болатын. Аталған институтқа
Философия
және
саясаттану,
Р.Сүлейменов
атындағы
Шығыстану,
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер және Экономика, Информатика институттарының ішінен ғылыми
қызметкерлер, орындаушылар тағайындалып, латын графикасы негізіндегі
қазақ әліпбилерінің жобалары талқыланды, жаңа әліпбиге кететін
экономикалық шығындар есептеліп, халық арасында түрлі әлеуметтік
сауалнамалар және шетелдік тәжірибелер қарастырылып, сараптамалар,
ғылыми негіздемелер жасалды. Алайда, қазіргі Қазақстан қоғамында өзекті
мәселе болып тұрған қазақ жазбасын өзгерту — әліпби мәселесі басы ашық
күйінде қалып отыр. Оның басты себебі — ғалымдар, қоғам, өнер
қайраткерлері арасындағы әртүрлі көзқарастар мен пікір қайшылықтары. Өз
ұстанымдарын негіздеуге тырысқан зиялы топ өкілдері бір тоқтамға келген
жоқ. Сонымен қазіргі қазақ қоғамында әліпби реформасын жасау мәселесіне
қатысты төрт түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші топ Орхон жазуына өту
керек десе, екіншілері А.Байтұрсынұлы реформалаған араб әліпбиі негізінде
жасалған төте жазуды қайта ұстануды қолдайды. Үшінші топты құраушылар
қолданыстағы әліпбидің кемшін тұстарын реформалау керек, ал басқа
әліпбиге көшу халықты сауатсыздандыруға жеткізетіндігін алға тосады. Енді
бір басым бөлігі қазіргі заман технологиясында қолдануға жеңілдігін, басқа да
артықшылықтарын санамалай ескеріп, латын графикасы негізіндегі әліпби
жүйесіне түпкілікті тоқталуды жөн санайды.
Бір айта кетер жайт, осы төрт топ өкілдерінің пікір қайшылықтары өткен
ғасырдың алғашқы ширегінде болған әліпби реформалауға қатысты қызу
тартыстарды еске түсіреді.
58
Көне түркі жазуы – түркі халықтарының, атап айтқанда, қазақ халқының
тілдік, рухани мұрасы. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларда
Орхон жазуына, араб графикасына көшу ұстанымын қолдайтын ғалымдардың
пікірі ауық-ауық көрініп қалады. Жазушы А.Сейдімбек «Қазақ әліпбиін
жаңғыртуға қатысты ойласатын мәселелер» атты мақаласында кез келген
әліпби компьютерге жат болмайтынын, қытай, жапон, араб, орыс, грузин,
армян сияқты елдер төл әрпімен-ақ әлемдік өркениеттен қалыспай келе
жатқанын айта келіп, төл руникалық әліпбиді қабылдауға ұсыныс жасайды [3].
Ә.Жақыпов, С.Сыпатайұлы, Аманқос Мектеп-тегі осы пікірге қосыла отырып,
қазірден бастап көне түркі жазуына белгілі бір саты бойынша көшуді
жоспарлау керек екенін атап көрсетеді. А.Мектеп-тегі: «Руна жазуы – әрбір
рудың қасиетті рулық таңбасының жиынтығы. Руна алфавитінің құрамында
қазақтың, башқұрттың, түрікменнің, татардың, ұйғырдың, түріктің қасиетті
рулық таңбалары бар. Сондықтан мемлекеттік тілдің баянды болуы үшін,
рухани тәуелсіздіктің кепілі – руна алфавиті, – деп айта келіп, – ақыры
әліпбиді өзгерту керек екен, мәңгі жазу үлгімізді – ежелгі түркі руникалық
әліпбиді тілімізге икемдеп алуға мемлекеттік деңгейде бүгіннен бастап қам
жасағанымыз лазым. Руника жазуын, яки бабатүрік төлтума жазу нұсқамызды
алар болсақ, орыс, ағылшын, қытай, араб т.б. өзге жұртқа мәдениетіміздің
ежелден дамығандығын іс жүзінде дәлелдейміз. Өзгеге жалтақтаған мінезден
арыламыз,» – деп түйіндейді [4].
Бұл пікірлер ұлтжандылық сезімнен шыққан көзқарас екені даусыз.
Алайда, кейбір маман ғалымдар пікірінше, көне түркі таңбаларының дыбыстық
мәнінің айқындалмаған тұстары көп.
Ғалымдардың көрсетуі бойынша, Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8
дауыстыдан, консонантизм жүйесі 16 дауыссыз дыбыстан тұрады. Осымен
байланысты Орхон әліпбиіне көшетін болсақ, тон сөзіндегі т дауыссызын бір
таңбамен, төн сөзіндегі [н']-ді басқа бір таңбамен белгілеуге тура келеді және 9
дауыстыны 5 әріппен, 16 дауыссызды 32 әріппен таңбалауымыз қажет. Орхон
«Әліпби» концептісімен байланысты кодқа салынған мұндай ақпараттар тек
филолог, тарихшы, шығыстанушы, қоғамтанушы және дилетанттардың тілдік
санасында білім алу жолымен жүйеленген. Ал өзге жұртшылықтың когнитивтік
санасында білім түрінде орныққан ақпараттар жеткілікті болмағандықтан,
мұрагері ретінде қайта жаңғыртып Орхон әліпбиін, қазақ әліпбиі ретінде алу
ұсынысы қалың жұртшылықта қолдау табатыны күмәнді болып қалды.
Ұсынылған жобалар жоқтың қасы, ғылыми-лингвистикалық тұрғыдан негіздеу,
мықты дейтіндей факторларды ашып көрсету жағы олқы болып келеді [5].
Сонымен Орхон-Енисей руналық жазуы бүгінгі заманның информациялық
қауырт та қарбалас талаптарын орындауға ыңғайланбағандықтан, оны
қабылдауға болмайтын тағы да басқа себептермен мамандар тарапынан көп
қолдау таба қойған жоқ.
Екінші топ өкілдері латынға да көшпей, кирил жазуында да қалып
қоймай, араб жазуына көшуді қолдайды. Шынында да, осындай шешуші сәтте
қайтадан ислам мәдениетімен табысу үшін, ата-бабаларымыз мың жылдан
астам уақыт бойы қолданып келген, қазақ тілінің барша дыбысын толығымен
59
кескіндеп, өрнектей алатын, жетілген, жаңғыртылған араб жазуына көшсек
қайтеді деген ой желісімен айтылған пікірлер баспасөз беттерінде оқтын-оқтын
көрініп қалады [6]. Араб жазуын қолдаушы Д. Елдесов өз тұжырымын:
“Латинский алфавит не является национальным, традиционным для тюркских
народов, как арабский или древнетюркский. Лингвисты заняты тем, чтобы
придать увядающей кроне языка европейскую, латинскую форму. Хотя за ней
для нас нет ничего ни литературы, ни истории, ни религии. Пробуждение
национального самосознания казахов, возрождение духовности и языка связано
с культурой и письменностью Степи-арабской и древнетюркской. Для начала
оздоровления языка необходимо ввести учебную программу казахских школ и
вузов изучение арабского алфавита и основы языка, древнетюрских
письменности. А также реформировать нынешней казахской алфавит (и
произношение названий букв) согласно фонетике языка Абая с учетом
алфавита Байтурсынова и привести в соответствие с ним заимствования или
заменить их казахскими эквивалентами. Это языковая и школьная реформа,
которая поможет развиттию языка– деп көрсеткен [7].
Әліпбиді өзгертуге байланысты пікірталастар негізінен соңғы екі
топтың арасында ерекше өтуде. Кирил негізіндегі әліпбиді жақтаушылар өз
негіздерін дәйекті дәлелдерімен көрсетеді. Атап айтқанда:
- кирил жазуы Қазақстандағы әлеуметтік барша салада этностар
арасында қарым-қатынастық қызмет атқару құралы;
- Қазақстандағы барлық тілдердің, тіпті қазақ тілінің өзін қосқанда,
бірыңғай жазу тілі;
- осы кезеңге дейінгі барлық баспалық өнімдер кирил жазуымен жарық
көрген;
- графиканы өзгерту – халықтың тоқырап қалып, сауатсыздануына әкеліп,
орта, аға буынның жас буынмен арасындағы сабақтастығы үзіледі;
- жас буын ұрпақтары мәдени құндылықтардан мақұрым қалып, латын
графикасымен білім алған жас буын үшін бұл мұралар қолжетімсіз болады;
- психологиялық, экономикалық жағынан тиімсіз болып саналады.
Аталған және басқа да проблемалар болғандықтан, латын жазуына өтудің
қажеттігі жоқтығын айтып, бұл мәселені Қазақстанда латын графикасын
енгізуге қолайлы жағдай болатын болашақтың үлесіне қалдырған дұрыс деп
ойлайды.
Жалпы графиканы өзгертуге қарсылық танытып, кирил жазуының
сақталып қалуына үн қосып жүргендер тобында О.Сүлейменов, Э.Төреханов
Е.Игенберлин А.Құлпатшаева Л.Дүйсембекова Ж.Асанов және т.б. ғалымдар
мен зиялы қауым өкілдері бар. Сонымен қатар, Қазақстанның әліпби
реформасына көрші Ресей ақпараттары да теріс көзқарастар танытып, өз
ықпалын жүргізуден айрылып қалу қаупінен қорқатындықтарын, отаршыл
пиғылдан арылмағандықтарын байқатып қалды. Осы пікір ағымындағы
жазушы Б.Нұржекеұлы мәселеге басқа қырынан келіп, мысал ретінде:
«...бақыт» сөзін «bagьt» деп таңбалаудың не артықшылығы бар, одан да
қолданып отырған әліпбиімізді реформалап, орыс тілінен енген таңбаларды
60
алып тастауға болады» – деп, жазу реформасын жасаудың өзінше тиімді
нұсқасын ұсынады.
Қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиге көшу қажеттігін мәселе ретінде
көтеріп жүргендердің шоғыры анағұрлым басымырақ. Осы ұстанымды
қолдаушылар да өзіндік дәйектерін көп аспектілік негізде ұсынып, қазақ
тілінің латын әліпбиіне көшуі Қазақстанның түркі халықтары әлемімен
жақындасуына мүмкіндік беретіндігін, ал бұл дегеніміз Қазақстанның
мәдениетін және ұлттық бірегейлігін нығайтуға септігін тигізетіндігін; латын
графикасына өту Қазақстанның Ресейдің империялық ықпалынан, сыналап
енген орыс мәдениетінен құтылудың жолы ретінде ұлттық бірегейліктің
ғұмырын ұзартатын, әлем қазақтарын біріктіретін құрал екендігін,
Қазақстанның өзінің дербес ұлттық жазуы болатындығын басты критерий етіп
көрсетеді.
Айта кетерлік жайт, бұрынғы посткеңістік түркі елдері дербестік
алысымен ұлттық бірегейлігін нығайту, ұлттық тілін дамыту, орыс тілінің және
әліпбиінің отарлық әсерінен құтылу мақсатында өткен ғасырдың 1990
жылдарында-ақ өз жазуларын латын әліпбиі үлгісіне түсірген болатын.
Әліпби ауыстыру мәселесі көтерілген 1990 жылдардың басында латын
графикасы негізіндегі әліпбиді енгізуге байланысты қарсы көзқарастардың көп
болуына қарамастан, Ә.Қайдаров бастаған қазақ ғалымдары осы ұстанымды
берік ұстанды.
Ғалым академик Ө.Айтбаев қазақ тіліне және бүкіл Қазақстанға латын
графикасын енгізудің принциптік мәні бар екенін айта келіп, бұл мәселеге
филологиялық тұрғыдан қарап, латын әліпбиі кирилге қарағанда қазақ тілінің
фонетикалық ерекшеліктеріне сай келетіндігін атап көрсетеді. Сонымен қатар,
оның пікірінше, латын әліпбиі қазақ халқының тілін, рухын, ділін сақтайтын
маңызды мәдени элемент [8].
Д.Исабеков
мерзімді
баспасөз
беттерінде
латын
графикасын
қолдайтындығын білдіріп келе жатқан қазақ жазушысының бірі. Оның
пікірінше, латын әліпбиі қазақтың дербес ұлт екендігін сездіретін, ұлттық
бірегейлікті бекітетін және өзінің ұлттық мүдделерін қорғауға мүмкіндік
беретін құрал.
Профессор К.Хұсайын тіліміздің өзге түркі тілдес халықтардан
ерекшелігі болғанымен, түріктік біртұтастықтың негізі ретінде жазуымыздың
латын әліпбиі негізінде болуын қолдайтындығын баса айтып көрсетеді.
Дегенмен, ғалым қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуын рухани
байлығымыздан ажырап қалмау үшін сатылап жүргізу қажеттілігін айтады [9].
Неміс ұлтының өкілі, жазушы, аудармашы Герольд Бельгер көп жылдар
бойы осы пікір ағымын қолдап келеді. Оның көзқарасынша, латын жазуы
түркі халықтарының жоғалған байланыстарын қайта қалпына келуіне себеп
болады [10].
Жалпы латын әліпбиіне өту, яғни әліпби реформасына байланысты нақты
дәйектер келтіріп жүрген ғалымдар: Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, Қ.Күдеринова,
А.Фазылжанова, З.Базарбаева, Р.Қадыржанов, А.Айтқожин, А.Мереке,
Д.Мыңжасарқызы,
А.Шананов,
И.М.Кушенов,
М.Жұрынов
М.Алтай,
61
Р.Бұласай, Б.Сарбалаұлы, Қ.Ғабитханұлы, А.Сейітұлы және тағы басқалар осы
мәселені әр қырынан талдап, жобаларын ұсынып келеді.
Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері, 1990 жылдардан
бастап қазақ тілінің ұлттық әліпбиін жасау үшін лингвистер, програмашылар
және тағы басқа сала мамандары өзіндік жобаларын ұсынып келеді. Ұсынылған
жобалардың көпшілігі лингвистикалық талаптарға, сонымен қатар ортақ әліпби
жүйесіне сәйкес алынбағандықтан, көпшілік ғалымдар тарапынан қолдау
тауып отырған жоқ. Айта кетелік, кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42
әріп автоматты түрде латын әрпіне түсіріліп берілсе, ендігі бір топ жобаларда
орыс тілінен енген кірме дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш
дыбыстары bh, fh, ch әріп тіркестерімі арқылы таңбаланған. Сондай-ақ қазақ
тілінің төл дыбыстары да осы жүйеге салынып, қ → kh, ұ → qw үлгісінде
алынған [11]. Орыс тіліндегі ч, ш дыбыстары sh және сһ қос әріп тіркесі
арқылы берілген [12]. Қазақ тілінің ө, ң, ғ секілді төл дыбыстары қосар таңба
арқылы таңбаланып, ө → ое, ң → нһ, ғ → gһ тұрпатымен ұсынылған [13].
Жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін болдырмауға мүмкіндік
беретін, тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, дамуына ықпалын тигізердей
деңгейде болып, түркі тілдес халықтардың қабылдаған әліпбилерімен ортақтық
сипатын сақтау басты алғышарт ретінде саналуы қажет. Ал жоғарыда
келтірілген екі әріп тіркесі арқылы бір дыбысты белгілеу, жазу тәжірибесінде
оңтайлы болмайды, қайта жазуды күрделендіре түсетіні сөзсіз. Ғалым Н.Уәли
осы мәселеге байланысты ұсынған жобасында қазіргі қолданыста жүрген
кирил әліпбиі мен жаңа латын әліпбиі арасындағы айырмашылықтарды
санамалап көрсетеді :
«Дәстүрлі» әліпбиде
-
әріп саны – 42
-
негізгі дыбыстың саны – 29
-
емле ережелері – 54 бап
-
жазу-сызу ұлттық сипатта емес.
-
шеттілдік сөздер орыс орфография сымен жазылады.
-
әліпбиді үйретуге көп уақыт кетеді
-
компьютерде қолданудың қиындығы көп
-
мәтін теріміне біршама көп уақыт кетеді
- негізгі әліпбиден Интернеттік нұсқа алшақ
«Жаңа» әліпбиде
-
әріп саны – 29 (28)
-
негізгі дыбыстың саны – 29
-
емле ережелері – 30 (34) бап
-
жазу-сызу ұлттық сипатта
-
шеттілдік сөздер қазақ тілінің заңдылығымен жазылады.
-
әліпбиді үйретуде аз уақыт кетеді.
-
компьютерде қолданылу қиындығы біршама аз
-
мәтін теріміне біршама аз уақыт кетеді
-
негізгі әліпбиден Интернеттік нұсқа алшақ емес
62
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері
(Ә.Қайдар, К.Хұсайын, Н.Уәли, Ә.Жүнісбек, З.Базарбаева, Қ.Күдеринова,
А.Фазылжанова) латын графикасына өткен Әзербайжан, Өзбекстан,
Түрікменстан мемлекеттерінің көшу тәжірибесін негізге алып, оның тиімді
және тиімсіз тұстарын зерделей отырып, ортақ түркі әліпбиі қорындағы
таңбалары бар жобалар ұсынды.
Ұсынылған қазақ жобалары мынадай принципке негізделіп жасалды:
- әліпбидегі әріптердің саны тілдің негізгі фонемаларынан алшақ келмеу;
- бір дыбысқа бір әріп жүйесін қолдану;
- басы артық графемаларды алмау;
- қазақ тілінің үндесім заңдылығына толықтай бағындыру;
- көзшалымға оңтайлы болуы;
- кірме әріптерді қысқарту;
- компьютер бағдарламаларына жеңіл графемаларды алу;
- түркі тілдес халықтар қолданып отырған әліпбимен жақындастыру;
- қазақ тілінің ұлттық әліпбиін жасау.
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
қызметкерлері жасап ұсынып отырған латын графикасына негізделген әліпби
жобалары өз кезегінде өткен әліпби тарихымызды саралап, түркі әліпбилерін
бірлестіру идеясы тұрғысынан зерделеніп жасалған үлгілер екендігін айтқымыз
келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Қайдар Ә. Латыншаға көшу – заманауи қажеттілік, бірақ ол – ұзаққа
созылатын процесс // Алматы ақшамы, –2006 ж. –2 қараша.
2.
Дөңгелек үстел «LATIN: Бір адым алға ма әлде екі адым кейін бе?» // Ана
тілі. – 2007. –18 қаңтар.
3.
Сейдімбек А. Қазақ әліпбиін жаңғыртуға қатысты ойласатын мәселелер
(келіп түскен хат).
4.
Мектеп А. Жаңа қаріпті ұсынушылар – ұлтты рухани дағдарысқа
итермеушілер // 50 де 50. –2006. – 3 қараша.
5.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ғылыми зерттеу
материалдары. Алматы, 2007. –194 бет.
6.
Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйти. Латынға Исраил көше ме? // Ана
тілі. –2006. – 9 қараша.
7.
Ельдесов Д. Что за графической основой языка? // Ана тілі. –2007. – 24
мамыр, (№ 21).
8.
Айтбаев Ө. Бұл мәселенiң пiсуi жеттi // Алматы ақшамы. –2006. – 2
қараша.
9.
Хұсайнов К. Тіл тынысын ашу үшін қазақ балабақшасын көбейту керек //
Алматы ақшамы. –2006. – 2 қараша.
10.
Бельгер Г. Біз бәрібір латынды таңдауға мәжбүрміз // Алматы ақшамы. –
2006. – 2 қараша.
11.
Диханбаев Н.Б., Диханбаева Н.Н., Диханбаева А.Н. // Казахский алфавит
Диханбай на основе латинской графике. – Тараз. – 1999.
12.
Бұласай Р. Қазақ алфавиті (келіп түскен хат)
63
13.
Тоқтарұлы Ө. Латын әліпбиі адам үркетін дүние емес//Айқын, –2006. –27
қазан.
Резюме
В статье рассматриваются научные проблемы современного алфавита как
одного из мощных иденфикаторов нации.
Summary
In article scientific problems of the modern alphabet as one of powerful idenfikator
of the nation are considered.
М.МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ОТ» КОНЦЕПТІСІ
Әшіров Ж.С. –
Абай атындаы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің аға оқытушысы
Концепт – қазіргі таңдағы гуманитарлық ғылым салаларының көпшілігінде
негізгі категория, түсінік ретінде қарастырылып келе жатқан ұғым. Терминнің
төл – латын тіліндегі (сonseptus) мағынасы – ой, ұғым, түсінік деген мағына
береді [1, 215]. Концептінің терминдік мағынасының тарихи дамуына көз
жүгіртсек, оның «ұғым» сөзімен мазмұндас болғанын байқауға болады. Алайда
лингвистиканың қазіргі сатысында концепт ассоциялар мен моделдердің,
танымдағы құбылыстардың жиынтық көрінісіне ие болып отыр.
Жалпы, тіл білімінде концепт туралы теориялық білім әлі тиянақталып
біткен жоқ. Концепт табиғатын зерттеуші ғалымдар оны әр түрлі сипатта
түсіндіріп келеді.
Орыс тіл білімінде концепт терминін 1920 жылдар соңында С. Аскольдов-
Алексеев алғаш қолданса [2], концепт, концептілік өріс ұғымдарының
тұрақталуы Д. Лихачевтың есімімен байланысты [3].
И.А. Стериннің пікірінше концепт сөзбен байланысты болуы міндетті емес,
өйткені сөйлесуде (мәтінде) концептінің коммуникативті-релевантты бөлігі
ғана тіл арқылы көрініс табады [4]. Бүгінгі таңда концепт пен концептілік
талдаудың бірізді жүйесі нақтыланбаған. Белігілі бір концептілердің табиғаты
туралы жазылған еңбектер мен ғылыми мақалалардан концептілік талдаудың
дефиринциялау, контекстік талдау, этимологиялық талдау, синонимдік
қатарларына қарай талдау, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, жекелеген
авторлық қолданыстағы номнацияны талдау сияқты түрлерін атап көрсетуге
болады.
Концептілік талдау зерттеушінің мақсатына тікелей тәуелді. Сол себепті де
концептілік талдаудың кемінде екі түрлі жолы бар деп айтуға болады. Олар:
когнитологиялық
және
мәдени-концептілік.
Когнитолог
ғалымдар
(Е.С.Кубрякова) концептіні санадағы ментальды құрылым, ақпараттық бірлік,
ал концептілік талдаудың мәні сөздің қолданыс ерекшелігін, санадағы
құрылымдарын тануда деп біледі [5]. Яғни тілге когнитивтік тұрғыдан келгенде
тіл ғылымы логикамен, психолингвистикамен, адам миының физиологиясымен
64
тығыз байланысты байланыста болады. Бұл тұрғыдан алғанда концептуалды
талдауға негізінен анкеталық әдіс, ассоциативті талдау әдістері алынады.
Концептілерді мәдени қырынан қараған ғалымдар концептілік талдауды
этимологиядан бастауды жөн көреді. Мәдени бағытта талдаушылар концептінің
ішкі формасын анықтауда концептінің пайда болу кезеңіндегі мәдени
құндылықтарға (архатиптер, дүниетаным, салт-жоралғы, дәстүр, ырым, т.б.)
баса назар аударады [6].
Қазақ тіл білімінде концептілерді танып-талдаудың үлгі-ұмтылыстары
Қ.Рысберген [7], А. Әмірбекова [8] сынды ғалымдардың еңбектерін көрініс
тапқан. А.Әмірбекова концептілерді екі топқа жіктеп таниды. Біріншісі –
танымдық: жалпы түсінік беру, ұғым беру қызметіндегі сөздер; екіншісі –
көркем концептілер: бейнелі сипат беру қызметіндегі сөздер деп жіктеп көркем
мәтінді концептілік талдаудың алгоритмін түзеді:
1.
Мәтіннің концептуалдық кеңістігін қалыптастыратын мәтінге
дейінді пресуппозицияларды анықтау;
2.
Шығарма тақырыбына семантикалық талдау жасау;
3.
Мәтіннің тірек сөздерін анықтау
4.
Тірек сөздердің арасынан жиі қайталанатын сөздерді анықтау
5.
Бір тақырып шеңберіне қолдана тұрып, әр түрлі экспресивтік мән
беретін сөздерді анықтау;
6.
Тірек сөздер қолданылған барлық контекстерді пайдалана отырып,
мәтіннің концептілік ортасын белгілеу
7.
Концепт орталығының құрылысын моделдеу [8, 80-81 б.].
Концепт және концептілік талдау мәтінге бағынышты, мәтін мазмұнына
тәуелді. Жекелеген тілдік бірліктердің қолданыстағы толыққанды сипатын
көркем әдеби туындылар арқылы тануға болады. Олай болатын себебі көркем
мәтіндегі әлемнің түзілісі, ондағы бейнелер мен автор ұсынған концепцияның
іргетасы жекелеген сөздердің концепілік өрісіне негізделіп құрылады. Осындай
тілдік бірліктердің бірі – от лексемасы. От – түркі халықтарының
шаруашылық, мәдени өмірінде ерекше маңызға ие. Көшпелі халықтың
тұрмыстық жағдайы үнемі отпен байланысты болып келді. Сол себепті де ұлт
санасында отқа байланысты отқа май құю, отпен аластау, сияқты ырым-
жоралғылар, От-Ана сынды тотемдік түсініктер қалыптасты. Оттың ұлт
ұғымындағы орны туралы Ш. Уәлиханов: «...барлық шамандық салттың iшiнде
отқа табыну қазақтарда әлi күшiнде. Қазақтар отты әулие деп санайды. Аса
жоғары құрметтеудiң белгiсi ретiнде, қазақтар монғолдар сияқты отты ана деп
атайды. Отта тазартушы қасиет бар деп түсiнедi, екi оттың арасынан өткiзiп
тазартады. Оны "аластау" дейдi. Қыстаудан көшкенде көштi екi оттың арасынан
өткiзедi» деп жазған болатын [9, 100 б.].
От сөзінің түркілік сипатын М. Қашқаридың сөздігінен көруге болады.
Қашқари сөздігінде отқа қатысты:
1.
От. Шөп өсімдік.
2.
От. Мал жейтін шөп.
3.
От. Дәрі, дауа.
65
4.
От. У, заһар деген мағыналар ғана көрсетіліп, от өнді, от іштім,
Бек оған от берді деген мысалдар келтірілген [10, 63-72 б.].
Көркем поэтикалық мәтіндерде от лексемасы «алтын оттай жайнау»,
«найзағай отындай жарқылдау», «оттай ыстық», «оттай гүрлеу», «оттай күю»,
«оттай қайнау», «оттай ойнақшу», «отша лаулау» сынды тұрақты теңеулер
түрінде кезедеседі [11, 228-230 б.].
Ұлттық санадағы ғаламның тілдік бейнесіндегі маңызды орынға ие
консептілердің бірі – от концептісі.
Ұлт танымында от концептісі табиғи (от – табиғи апаттардың бірі, тілсіз
жау) мифологиялық, діни-мистикалық (от-ана, тозақ оты), этнаграфиялық (отқа
май құю, отпен аластау т.б.) жүйелерден құралады.
Мұқағали Мақатаевтың шығарамаларында от концептісінің бойындағы
мағыналық реңктер сараланып, оттың сапалық (физикалық, химиялық)
қасиеттері, ассоциативтік ерекшеліктері, халықтық танымдағы құндылығы
көрініс тапқан.
От лексемасының ақын тіліндегі көрінісі ақынның аялық
білімін, этномәдени деңгейін, ақын танымының ұлттық санамен
байланысын көрсетеді.
Ақын танымында от ең алдымен сапалық қасиеттері арқылы анықталған
стеротиптік белгілерімен танылады:
Қып-қызыл оттан бозарып шыққан жалынға
Телміре бермей, ертерек бүгін дамылда [12].
М.Мақатаевтың дүниетанымы халықтық дүниетаныммен тығыз сабақтастық
танытады. Поэтикалық жүйедегі «от – ошақ – отбасы» ассоциациялық тізбек
этнос санасындағы от, отбасы, түтін түтету ұғымдармен, ғұрыптық
түсініктермен үндес.
Ұлттық танымдағы оттың қасиеттілігіне байланысты «отты аттама»,
«ошақты аттама » «отты өшірме» сынды тыйымдардың, «отың /шырағың
сөнбесін!», «түтінің түзу шықсын!» сынды тілек сөздердің түп мәні тотемдік
түсінікте жатыр. От - жылу, от бар жерде өмір бар, тіршілік бар. Ақын
танымында да от тоқтаусыз тіршіліктің бастауы ретінде танылып, төмендегідей
когнитивтік модельдермен өрнектеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |