Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата30.12.2016
өлшемі1,73 Mb.
#788
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 


 
Хабаршы.  «Жас  ғалымдар»  сериясы.  –  Алматы,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық университеті, «Ұлағат» баспасы, - 2013. № 1. - 121 б. 
Вестник.  Серия  «Молодые  ученые».  –  Алматы,  Казахский  национальный 
педагогический университет имени Абая, типография «Ұлағат», - 2013. № 1. – 121 с. 
 
Бас редактор 
Филол. ғыл. кан., аға оқытушы С.А.Жиренов 
Главный редактор 
Кан. филол. н., ст. преподователь С.А.Жиренов 
 
Бас редактордың орынбасары 
Пед. ғыл. кан., аға оқытушы А.Сманова 
Заместитель главного редактора 
Кан. пед. н., ст. преподователь А.Сманова 
А.А.Сабитова_Ф.-м._ғыл._кан.,_аға_оқытушы_Г.Тюлепбердинова'>Редакция алқасы 
Пед. ғыл. док., доцент М.Абсатова 
Заң ғыл. док., доцент А.А.Сабитова 
Ф.-м. ғыл. кан., аға оқытушы Г.Тюлепбердинова 
Хим. ғыл. кан., аға оқытушы Ж.Қ.Қорғанбаева  
Пед. ғыл. кан., аға оқытушы А.И.Ибрагимов 
Редакционная коллеги 
Док. пед. наук., доцент М.Абсатова 
Док. ю. наук., доцент А.А.Сабитова 
Кан. ф.-м. наук., ст. преподователь Г.Тюлепбердинова  
Кан. х. н., ст. преподователь Ж.Қ.Қорғанбаева  
Кан. пед. н., ст. преподователь А.И.Ибрагимов 
Жауапты хатшы 
Аға оқытушы Р.Ж.Жүнісова 
Ответственные секретарь 
Старший преподователь Р.Ж.Жүнісова 
Журналдың көркемдеуші дизайнері 
Оқытушы Н.Е.Ажитаев  
Художественный дизайнер журнала 
Преподователь Н.Е.Ажитаев 
 

 
Редакцияға  түскен  ғылыми  мақалалар  рецензияланбайды.  Қолжазба  қайтарылмайды. 
Көшіріп басқан жағдайда «Хабаршыға» сілтеме жасау міндетті.  

 
 Жарияланған материалдардың нақтылығына авторлар жауап береді. 

 
 Ғылыми пікірлер мен толғамдар редакция көзқарасымен сәйкес келе бермейді. 

 
 Хабаршы  «Жас  ғалымдар»  сериясына  40  жасқа  дейінгі  жас  зерттеушілер  мен 
ғылымға бейімі бар студенттердің жұмыстары қабылданады.  
 

 
 Научные  статьи,  поступившие  в  редакцию,  не  рецензируются.  Рукописи  не 
возвращаются. При копировании материалов обязательная ссылка на журнал «Вестник».  

 
 За достоверность материалов ответственность несут авторы. 

 
 Научные отзывы и рецензии могут не соответствовать мнению редакции.  

 
 К  публикации  в  серии  Вестника  «Молодые  ученые»  принимаются  работы  молодых 
исследователей в возрасте до 40 лет и студентов, склонных к исследовательской работе.  
 
© Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
© Казахский национальный педагогический университет имени Абая 


 
М а з м ұ н ы 
С о д е р ж а н и е  
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР МӘСЕЛЕСІ 
ВОПРОСЫ ОБЩЕСТВЕННЫХ НАУК 
Сманова  А.С.  Қазақ  ұлттық  киімдерінің  дизайндық  ерекшеліктері  мен  даму 
кезеңдеріне сипаттама..............................................................................................4 
Байтурбаева  А.Т.  Политические  факторы  формирования  имиджа  лидера  в  
Республике Казахстан……………………………………………………………18      
Aldasheva A.A. Modern lines of development of tourism in Kazakhstan.................27 
Жиренов С.А. Тілдегі омонимдік-полисемиялық парадигмалар........................30 
Нұрсұлтанқызы Ж. Мақал-мәтелдердің гендерлік ерекшелігі..........................39 
Қасенов Е.С. А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі терминология мәселелері.........44 
Ибраимова  Ж.Т.  Қоғамдық-әлеуметтік  фактордың  қатысымдық  мағынаға 
ықпалы................................................................................................................49 
Әміржанова  Н.  Ұлттық  бірегейлік  және  қазақ  жазуының  мәселелері  (Латын 
графикасы негізіндегі жаңа қазақ жазуы туралы ойлар)....................................55 
Әшіров Ж.С. М.Мақатаев поэзиясындағы «от» концептісі................................63 
Мазибаева  Ж.О.  Лингвистикалық  терминдерді  қалыптастырудағы  алаш 
зиялыларының пікір-көзқарастары.....................................................................67 
Жұмаділұлы С. Қазіргі айтыстағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі.............71 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ МӘСЕЛЕСІ 
ВОПРОСЫ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК 
Тюлепбердинова  Г.А.  Сравнительный  анализ  численных  методов  решения 
одномерной обратной задачи акустики................................................................78 
Қорғанбаева  Қ.Ж.  Металдыфеофитиндердің  полимерлермен  комплекстерінің 
түзілуі......................................................................................................................88
 
 
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 
Ибрагимов  А.И.  Взаимосвязь  нравственного  и  эстетического  воспитания 
учащегося.................................................................................................................101 
Жүнісова  Р.Ж.  Студенттерді  зертханалық  сабақтарда  ғылыми-зерттеу  
нысандарымен жұмыс істеуге ынталандыру........................................................105
 
Ажитаев  Н.Е.  Көркем  -  педагогикалық  бiлiм  жүйесінде  ақпараттық 
технологияларды кәсіби тұрғыда қолданудың практикалық негіздері..............110 
 
БІЗДІҢ АВТОРЛАР. НАШИ АВТОРЫ............................................................118 
 
Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршы  «Жас  ғалымдар»  сериясының 
ғылыми мақалаларды қабылдау ережесі......................................................119 
Правила  приема  научных  статей  в  журнал  «Вестник  КазНПУ  имени 
Абая» серия «Молодые ученые».........................................................................120 
 


 
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР МӘСЕЛЕСІ 
ВОПРОСЫ ОБЩЕСТВЕННЫХ НАУК 
 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНІҢ ДИЗАЙНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ СИПАТТАМА  
 
Сманова А.С. – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушы, п.ғ.к 
 
Қазақ ұлттық киімдері жайлы қазіргі уақытта беріліп жатқан ақпараттар 
мен оның үлгілерін дайындаушылар саны күннен-күнге арта түсуде. Арине, 
бұл  жағдай  қуантарлықтай.  Дегенмен,  қазақ  ұлттық  киім  үлгілерін  бүгінгі 
күн  сұранысына  лайықты  етіп, күнделікті  тұтынуға  жеткізе  алмасақ  та,  осы 
сала  бойынша  еңбек  етіп,  зерттеп,  жобалап,  сәндік  әлемге  шығарып,  ат 
салысып 
жатқан 
өзіміздің 
отандық 
зерттеуші 
ғалымдарымыз, 
философтарымыз, 
өнертанушыларымыз 
және 
іс-жүзінде 
орындап, 
маусымдық  сән  апталықтарында  көрсетілім  жасап  жатқан  киім 
дизайнерлерінің үлесі орасан.  
Қазақ  ұлттық  киім  үлгілері  жайлы  мазмұнды  білім  мен  оның  тарихи 
нұсқаларын  ажырата,  түсіне  біліп,  ұлттық  киім  үлгісін  жобалау  болашақ 
киімнің орасандығын көрсетеді. Сондықтанда, қазақ ұлттық киім үлгілерінің 
даму  болашағы  оның  тарихы  мен  ерекшеліктерін,  әзірлеудегі  әрбір  бөлшек 
өңдеулерінің  практикалық  жағынан  тиімділігімен,  икемділік,  дизайндық, 
әсемдеу  мен  әшекейлеу  әдістерінің  дұрыстығы  мен  сән  талаптарына  жауап 
беретіндігінің  сақталуы  нәтижесінде  жобаланса,  қазақ  ұлттық  киім 
үлгілерінде  өзіндік  сипат  сақталары  сөзсіз  болмақ.  Себебі,  қазіргі  жас 
дизайнерлер  арасында  ұлттық  киім  үлгісін  жобалауға  келгендегі 
көзқарастарда  көптеген  құптарлыққа  келместей  жағдайлар  болып  жатады. 
Сондай  келеңсіз  болған  азды-көпті  қателіктер  ұлттық  киім  туралы  білімнің 
толыққанды  еместігінен  екені  көрініп  қалады.  Алайда,  соншама  еңбек  етіп, 
ұлттық  киім  үлгісін  топтама  ретінде  ұсынылуы,  киім  жобалаушылардың 
артуы еліміздің жеңіл өнеркәсіп пен халықтың сұранысы жағынан кішігірім 
болса  да  көрініс  тауып,  өз  ұлтымыздың  мәдениетіне  қосылып  жатқан 
үлестері  болып  табылады.  Осы  салада,  білім  беруде  болашақ  студент 
жастарымызға  қазақ  ұлттық  киім  үлгілеріне  деген  аялы  көзқарастары  мен 
мазмұнды  білімді  берудің  маңызы  ерекше.  Сол  себепті,  қазақ  ұлттық 
киімдеріндегі  дизайн,  оның  ерекшеліктері  туралы  ең  алдымен  халық 
арасындағы және тарихи деректемелердегі ақпараттар жайында айтуды жөн 
көрдік. Ең алдымен бүгінгі өнер саласында көп қырлы «дизайн», «дизайнер» 
ұғымдарына  түсініктеме  берейік,  заманауи  техника  мен  технологияның 
дамуы кезінде көп қолданыста айтылып жүрген дизайн ұғымы қазақ ұлттық 
киім үлгісіне тікелей қатысты.  
 «Дизайн»  -  ұғымы  XIX-XX  ғғ  ерекше  шығармашылық  іс-әрекет 
негізінде  пайда  болды.  Дизайн  жобалау  іс-әрекетіндегі  мәдениетті 
дамытудағы  жаңаша  бір  үлгі  болып  анықталады.  Дизайн    адамзат  рухани-


 
материалдық  талап-тілектерін  толыққанды  қанағаттандыратын,  жобалық-
шығармашылық іс-әрекеттер үрдісі болып табылады. Дизайн бағытына қарай 
әралуан.  Біздің  бағыт  киім  дизайны.  Ал,  дизайнер  маман  иесі.  Дизайн 
саласында  жұмыс  жасайтын,  заттық  материалдық  ортадағы  бұйымдардың 
тұтынушы  талаптары  мен  эстетикалық  жағынан,  сапа  тұрғысынан  жоғары 
болуына  жауапты  қамтамасыз  ететін  маман  иесін  –  дизайнер  деп  айтамыз. 
«Костюм»  -  адамға  басты  назар  аудара  отырып,  образды  тұрғыда  шешілген 
ансамбль.  Оның  ішінде,  ансамбль:  киімді,  аяқ  киімді,  шашты  гримді,  
тағыншықтарды  бірегейлендіреді  және  белгілі  бір  пайдалы  эстетикалық 
функцияны  атқарады.  Аксессуарлар,  костюмге  қосымша  сән  беретін 
бұйымдар жиынтығы.  
«Киім» -материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы, ол 
табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейпін, 
дәуірдің көрінісін бейнелейді [1].  
Қазақ  ұлттық  киімдерінің  дизайндық  ерекшеліктеріне  төмендегі 
мысалдар  дәлел  бола  алады.  Қазақ  ғұрпында  бас  киім  көріктілік  пен 
сәнділікті,  баршылықты  білдіретін  қасиетті  киім  саналған.  Қазақтың  «дос 
басыңа,  дұшпан  аяғыңа  қарайды»  дейтін  мақалы  осы  жайдан  қалыптасқан. 
Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа 
жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы 
бас  киімді  қастерлеуден  туған.  Қазіргі  уақытта  қоғамдық  орындарда, 
жиындарда  (діни  мейрамдарды  қоспағанда)  бас  киім  шешу  мәдениеттілік 
белгісі ретінде осы ертедегі этикалық дәстүрлерден келіп жеткен.  
Белдіктер мен күміс кіселерді сәндеу өнері де ежелгі салт. Қазақта «Етігі 
жаман  төрге  шыға  алмас»,  «Белдігі  жаман  мықынын  тірей  алмас»  дейтін 
мәтел  бар.  Бұл  сияқты  аталы  сөздер  адамның  кедейлігі  мен  жоқшылығын 
кемітіп  айтылған  деп  жорамалдау  әсте  дұрыс  емес  сияқты.  Мұнда  әр 
адамның өз бойын өзі түзеп, өз орнын өзі таба білуі абзал деген эстетикалық 
қағида, елдік дәстүр бар. «Кемер белбеу бел сәні, кемелді жігіт ел сәні» деген 
сөз де бізге осыны аңғартса керек.  
Көк  етік  –  көксауырдан  оюлап  тіккен  жеңіл,  үшкір  тұмсық  етік.  Оны 
көксауыр  етік  деп  те  атайды.  Көк  етіктің  қонышы,  ойындысы,  күлшіні 
оюланып,  кестеленіп  жасалады.  Көк  етікті  көбіне  серілер,  батырлар,  салдар 
киетін.  Қазақтың  «Көк  етікті  кез  келмей,  көн  етіктіге  бармай  отырған  қыз» 
дейтін мәтел сөзі осыдан қалған.   
Халықтың сұлулықты ерекше бағалауы олардың сәндік-қолданбалы өнер 
бұйымдарын  жасауда  әсемдік  пен  көркемдікті  бірінші  орынға  қоюынан 
көрінеді.  Осы  айтқанымызға  мына  мәліметтер  мысал  бола  алады:  Халық 
арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы 
жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес 
өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын тапқанша өте сәнді 
киініп  жүрген.  Кестелі,  зерлі,  жалтырауық  киімдерді  қадірлі  қарттардың  да 
үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп саналған [2].  
Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Мұндай 
көйлек  әдетте  ұзын,  кең,  оның  жеңінің  ұшы  мен  жағасы,  белі  бүрмеленіп, 


 
қатпарлы желбір салынады. Қазіргі өлшеммен алғанда бір қос етек көйлекке 
6-7  метрдей  мата  жұмсалады  [2].  Оның  үстіне  қос  етек  көйлек  ақ  түсті 
қымбат  жібектен,  асыл  матадан  тігіліп,  таза  жүннен  тоқылады.  Осыдан 
халықтың  сұлулық,  сәнділік  үшін  қаражатын,  малын,  қолында  барын 
аянбағандығын  көруге  болады.  Салтанатты  киiмдердiң  белдiгiн  жасау 
барысында тапсырыс иесi қымбат материалдар үшiн таршылық көрсетпеген, 
шеберлер уақыты мен iсмерлiгiн аянбаған. 
Сәукеле  әйелдің  бас  киімдерінің  ішіндегі  ең  әшекейлісі  де,  күрделісі. 
Сәукелені  ұзатылатын  қыздар  мен  сол  қызға  еріп  жүріп  сыңсу  айтатын 
нөкерлер  киген.  Қалыңдық  күйеудің  еліне барғанда  да сәукелесімен барған. 
Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, 
оның  орнына  бергекті  желек  киетін.  Сәукеле  төбесінің  биіктігі  екі  сүйем, 
кейде одан да биік болады. Оның өн бойын алтынмен, күміспен, меруертпен, 
маржанмен,  асыл  тастармен  өрнектеп,  алтын  жіппен  әшекейлейді.  Ертеде 
кіші  жүздегі  Байсақал  дегеннің  қызының  осындай  бір  сәукелесін  500  биеге 
бағалаған.  
Ұлттық  киімдерде,  оның  аксессуарлары  мен  әшекейлерінде  еретедегі 
халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар ететін сюжеттер де аз емес. Мысалы, 
І  Петрдің  Сібір  жинағындағы  (Олардың  бір  бөлігі  Қазақстан 
территориясынан  қазылған)  ескерткiштер  арасынан  үш  жануардың  күресi,  
жолбарыс пен түйе күресi суреттелген құйма түймелiктер табылған. Ат, түйе, 
батырлар  күресi,  аңшылар  көрiнiсi  суреттелген  бұйымдар  да  болған. 
М.Грязновтың  айтуы  бойынша  шеберлер  осындай  көрiнiстердi  бейнелеу 
арқылы түркi-монғол батырлар эпосынан үзiндiлер көрсетудi мақсат тұтқан. 
Археологиялық қазбалардан б.э.д IV-III ғғ. тиесілі өрнектелген екi қапсырма  
табылған. Бiрiнде - ағашты көлеңкелеген екi ер кiсi және сәукеле типтес бас 
киiмдi  жас  әйел  бейнеленсе,  екiншiсiнде  -  бiр  ер  кiсiнiң  ерттелген    аттарды 
жүгенiнен ұстап отырғаны, ал екiншiсiнiң әйелдiң тiзесiнде жан тәсiлiм етiп 
жатқан көрiнiсi суреттелген. Осы көрiнiсте ежелгi малшылардың өмiрi анық 
танылады. 
 Дерекнамаларда  осы  сюжеттер:  «Көшпелiлердiң  ағаш  түбiндегi  
демалысы»  немесе  «Салт  аттылар  ағаш  түбiнде»  деп  аталынған. 
М.П.Грязновтың айтуынша, осы көрiнiстер алтайлықтардың «Қозы Көрпеш» 
поэмасының  және  қазақтардың  «Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу»  поэмасының 
сюжеттерiне  ұқсас.  Аңыздың  қазақша  нұсқасында  Қозы  Көрпеш  өзiнiң 
қарсыласы  Қодардың  қолынан  қаза  болып,  ағаш  түбiнде  қайтыс  болады,  ал 
осы ағаш түбi оның Баян-сұлумен кездесетiн жерi едi. Көрпешке оның ағасы 
Айбас  пен  сүйiктiсi  Баян-сұлу  келедi,  Көрпешiнiң  басын  тiзесiне  қойып, 
оның  өлiмiне  қайғырады.  Осы  сюжет  аңыздың  ежелгi  және  соңғы 
нұсқаларында да кездеседi [2]. 
Қазақтың ұлттық киімдерінің дизайндық ерекшеліктеріне жасаған талдау 
оның  тәлім-тәрбиелік  мүмкіндіктерінің  жоғарылығын  дәлелдейді.  Мәселен, 
ұлттық киімдерде халықтың дүниетанымының, ой-түйсігінің, арман-тілегінің 
берілуін  және  оның  ерекше  эстетикалық  талғаммен  жеткізілуін,  сондай-ақ 
қаншама  ғасырлар  елегінен  өтіп  ұлттық  өнер  ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа 


 
мәдени мұра болып қалғандығын жете түсіну – студент-жастардың  ұлттық 
киімдерді  сақтауға,  оны  бағалауға  және  дамытуға  деген  ынта-ықыласын 
арттырады.  
Ұлттық  киімдер  тұлғаның  патриоттық  және  интернационалдық 
сезімдерін  қалыптастырудың  да  маңызды  факторы  болып  табылады. 
Өйткені  өз  халқының  тарихын,  мәдени  мұрасын  жете  тануы  арқылы  оған 
деген сыйластық қатынасы артады және басқа халықтың рухани мұраларына 
да құрметпен қарау дағдылары дамиды. 
Әсіресе,  ұлттық  киімдерді  әзірлеу  жеке  тұлғаның  адамгершілік 
сапаларын,  сұлулық  пен  әсемдікке  талпыныс  іс-әрекеттерін,  еңбек 
іскерліктерін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Өйткені  ұлттық  киім 
үлгілерін 
жасау 
процесіндегі 
адами 
қарым-қатынастар 
тұлғаның 
адамгершілік  сапаларын  (сыпайылық,  ізеттілік,  төзімділік,  жауапкершілік 
және  т.б.)  мен  құндылықтарын  (сыйластық,  сүйіспеншілік,  еңбекке  құрмет, 
өнерге құрмет, достық, ұжым және т.б.) қалыптастырады.  
Студент-жастардың  ұлттық  киімі  үлгісін  әзірлеуде  қол  жеткізген 
жетістіктері  олардың  өмірде  өз  күштеріне  сенімді  болуын  қалыптастырады. 
Олардың  бір  әрекеттен  жаңа  іс-әрекетке  көшу  қажет  болған  жағдайда 
батылдық, іскерлік, өткірлік таныта алады. 
Ертедегі халық  осы  өнер  түрін кәсіп еткен.  Ал,  «кәсіп  ету»  мен  «еңбек 
ету»  бір-біріне  жақын,  бірін-бірі  толықтыратын  ұғымдар.  Сол  себепті  де 
ұлттық киімдерді әзірлеу мен еңбек тәрбиесі өзара тікелей байланысты []. 
Ұлттық  киімдерді  жобалауға  жастардың  қатысуы,  бұйымдарды  өз 
қолдарымен  орындауы  негізінде  олардың  еңбек  ету  қабілеттері  артып, 
шеберліктері 
шыңдалатындығы, 
еңбекке 
оң 
көзқарасының 
қалыптасатындығы күмән тудырмайды.  
Ұлттық  киім  үлгісін  әзірлеудегі  еңбек  және  эстетикалық  тәрбиенің 
үйлесімділігі  олардың  тек  қана  ыңғайлы  емес,  сондай-ақ  көз  қуантатындай, 
көңілді  көтеретіндей  әсем  болуынан  аңғарылады.  Мәселен,  сәукелені  өте 
ісмерлігі  шыңдалған  тігінші,  кестелеуші  шеберлер  дайындаған.  Сәукеле 
орамалы  мен  таспасына  жуан  иректеліп  бұралған  әшекейлер  әр  түсті 
жіптермен  кестеленген.  Орамалдың  ортасы  мен  шеттері  «есілген 
кестелермен»  және  торлы  тігістермен  әрленген.  Сәукелеге  арналған 
алтыннан,  күмістен  және  қоладан  жасалған  салпыншақтар  мен  жапсырма 
белгілерді  зергерлер  құю,  шекілеу,  штамп  басу  әдістерін  қолдану  арқылы 
жасаған.  Ориенталистердің  Санкт-Петербургтегі  үшінші  конгресіндегі 
көрмеге  Ақмоладан,  Көкшетаудан,  Солтүстік  Қазақстан  облысынан  және 
Атбасардан    әкеліп  көрсетілген  сәукелелер  қымбат  тастармен,  інжумен, 
маржанмен,  алтынмен  әшекейленген,  жібекпен  жамылған.  Оларды  Шоқан 
Уәлиханов,  Мейрам  Жаңайдаров  және  Сандыбай  Шапанов  ұсынған. 
С.Шапанов ұсынған сәукеленi 600 сомға бағалаған. Ол отыз маржан жiппен, 
он бес iнжу жiппен әшекейленген, қызыл жiбекпен кестеленген және алтын 
жiптен тұратын шашақтармен көмкерiлген. Оның қаңылтыр белгiлерiнде өте 
қымбат  металдардан  асыл  тастар  орнатылған.  1893  жылғы  Нижегород 
көрмесiне  де  қойылған  сәукеле  өте  қымбат  тұрған.  Оның  екеуi  Атбасар 


 
аймағынан әкелiнген. Әдетте шебердің бір сәукелені жасауға бір жыл уақыты 
кеткен [4]. Мұндай мерзім уақыты адамның  шыдамдылығы мен төзімділігін 
шыңдайды   
Жастарды  ұлттық  киім  үлгісін  жасауға  қатыстыруға  баса  назар  аудару 
барысында  оның  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуының,  оларды 
бірлестірудің,  олардың  бойында  ұйымдастырушылық  пен  тәртіптілік 
сапаларын қалыптастырудың құралы екендігін естен шығармаған жөн.  
Ұлттық  киім  үлгісін  жобалау  процесі  –  практикалық,  өндірістік  іс-
әрекеттер, яғни еңбек ету арқылы жүзеге асады. Әсіресе ұлттық киім үлгісін 
жасаудың  тұтас  процесінің  немесе  оларды  дайындаудағы  бірқатар  жұмыс 
түрлерінің  қолдан жасалуына  байланысты  олардың  дене  тәрбиесіне  ықпалы 
зор. Ондағы әрбір жұмыс түрі – дене шынықтыру жаттығулары десек артық 
айтқандық болмайды.  
Мысалы,  тігу,  сыру,  кестелеу,  жапсырмалау,  қаптау  және  т.б.  –  қол 
жұмыстары.  Бұлар  қол  саусақтарының,  бұлшық  еттерінің  шынығуына 
септігін тигізеді.  
Қазіргі  уақытта  да  ұлттық  киімдерде,  қыз-келіншектер  әшекейлерінде 
өсімдік тектес және космогониялық ою-өрнектер кездеседі. Бұл адамдардың 
табиғатпен  үйлесімділігін  көрсетеді  және  оларға  сыйластық  қарым-
қатынастарын танытады.   
Материалдарды  ысырап  етпеу  үнемділікке  ғана  тәрбиелеп  қоймайды, 
жеке  тұлғаның  ақыл-ойының  тереңдеуіне,  ойының,  шығармашылығының 
шыңдалуына  да  септігін  тигізеді.  Мәселен,  алтындап,  күмістеп  тігу  сән-
салтанат  бұйымдарына  тән.  Бұл  үшін  көбінесе  барқыт,  пүліш,  атлас, 
қырмызы  сияқты  бағалы  материалдар  пайдаланылады.  Мұндай  тігістерге, 
әсіресе,  өзіне  арналып  жасалған  алтын,  күміс  түстес  жіңішке  жиек  зер 
қолданылды. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс 
жіптерін  санап  білу  керек.  Ал  жіптерді  санау  мен  есептеудің,  өрнектерді 
дұрыс шығарудың ойлылықты қажет ететіндігіне күмән тудырмайды.  
Сондай-ақ,  жастар  үнемдеп  пайдалануда  бірқатар  жаңа  жұмыс 
тәсілдерімен  де  танысады.  Бұл  олардың  ісмерлігін  арттырады.  Мысалы, 
қолмен  тоқу  өнерінің  үй  шаруашылығына  тиімді  тағы  бір  түрі  бар.  Ол 
бұрыннан  тоқылып  тігілген  заттардың  ескілерін  тарқалтып  пайдалану. 
Әдетте  киім  етегінен  жағасына  қарай,  аяқ  киім  қонышынан  басына  қарай 
тоқылады.  Сондықтан  оларды  тарқатқанда  жағасынан  етегіне,  басынан 
қонышына  қарай  және  олардың  әрбір  бөлшектерін  жеке-жеке  тарқатады. 
Тарқатып  отырған  жіпті  аса  қатты  тартпай,  домалаққа  төгеді.  Кейін  оны 
домалақтап  жай  шумаққа  төгіп  алады  да  жуады.  Келептенген  жіпті  жылы 
сумен  сабындап  жуып  шайқап  болған  соң,  бұрамай  сорғытып  кептіреді. 
Сорғыту  үшін  ілген  кезде  жиырылмайтындай  етіп,  оның  төменгі  жағына 
біраз салмағы бар не темір, не тас байлап қояды. Кепкен соң, оны қайтадан 
домалаққа  төгіп  қайтадан  тоқуға  кіріседі.  Осы  айтылғандар  балалар  мен 
жастарды қолда бар материалды әрі тиімді, әрі үнемді пайдалануға үйретеді.  
Қазақ  ұлттық  киімдерінің  мазмұнына,  түріне,  ерекшеліктеріне, 
атқаратын  қызметіне  жасаған  талдау  ұлттық  киімдердің  жеке  тұлғаның 


 
тәрбиесіндегі,  соның  ішіндегі  еңбек  тәрбиесіндегі  әлеуетінің  жоғары 
екендігін,  осы  айтылғандарды  негізге  ала  отырып  қазақ  ұлттық  киімдерінің 
үлгісін  әзірлеу  процесінің  тұлғаның  мамандығына  қызығушылығын 
қалыптастыруға тікелей ықпал ететіндігін негіздеуге мүмкіндік берді. 
Жоғарыда  көрсетілгендей  өзіндік  жіктемесі  бар,  атқаратын  қызметтері 
мен ерекшеліктеріне ие, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері жоғары қазақ ұлттық 
киімдерінің өзіне тән шығу және даму тарихы бар.  
Қазақ  халқының  киімі  басқа  ұлттардан  өзгеше  өзіндік  қасиетке  толы. 
Мұның  басты  себебі:  қазақ  халқының  табиғат  төсінде  өсіп,  еркін  ғұмыр 
кешуімен  байланысты.  Қазақтың  ұлттық  киімдері  негізінен  ертедегі 
көшпенділер  киімдерін  еске  түсіреді.  Қазір  өзіміз  күнделікті  киіп  жүрген 
бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға 
қаусыратыны  сақ  киімдерінде,  орта  ғасырларда  түріктерде  кездеседі. 
Көшпенділердің  киім  үлгілерінің  тігілу  мен  пішілу  тәсілінде  сабақтастық 
сақталған. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін 
ойлап  тапқан  кең  шалбар  мен  екі  өңірі  ашық,  қаусырылатын  кеуде  киімі  – 
шапанды  адамзат  өркениетіне  қосқан.  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдары  Ойыл 
мен  Сағыз бойын  мекендеген  қазақтардың  киім-кешегін палеоэтнологиялық 
деректермен  салыстыра  зерттеген  С.И.Руденко,  күпінің  қазаққа,  оның  ата-
бабасына  кем  дегенде  бұдан  екі  мың  жыл  бұрын  белгілі  болған  киім  үлгісі 
екенін дәлелдеген [4].  
Ұлттық киімдер қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дамуымен 
қатар дамыды. Сол себепті біз зерттеу барысында ұлттық киімдердің дамуын 
кезеңдермен сипаттағанда қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің шығуы мен 
дамуын  қарастыруда  Ұ.М.Әбдіғапбарованың  қазақ  тарихын  топтастырған 
тарихшы  ғалымдардың  (А.Қ.Ақышев,  М.Х.Асылбеков,  К.М.Байпақов, 
Ж.Қ.Қасымбаев  т.б.)  топтамасын  негізге  ала  отырып  белгілеген  кезеңдерін 
тірек еттік [5].  
Мұнда  қазақ  халқының  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  даму 
кезеңдері  қоғамның  барлық  саласына  қатысты  алынған.  Соның  ішінде 
мәдениеттің даму барысы да жан-жақты ашылуы себепті бізге қазақ ұлттық 
киімдері  түрлерінің  әрбірінің  осы  кезеңдерге  сәйкес  даму  жолдарын 
анықтауға мүмкіндік береді. Аталған топтама ірі бес кезеңді құрайды: 
1.
 
Ежелгі заман дәуірі (б.д.д. VІ ғ. дейінгі кезең ) 
2.
 
Орта ғасыр дәуірі (VІ ғ. бастап – ХVІІ ғ.) 
3.
 
Ресей империясы құрамында (ХVІІІ ғ. – ХХ ғ. басы) 
4.
 
Тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан  (1917-1991 жж.) 
5.
 
 Қазақстан  –  Егемен  тәуелсіз  мемлекет    (1991  жылдан  бастап  бүгінгі 
күнге дейін). 
Біз  зерттеу  барысында  аталған  кезеңдерге  сәйкес  қазақ  ұлттық 
киімдерінің    өзіміз  белгілеген  түрлерінің  даму  жолдарына  сипаттама  бар 
екенін анықтай аламыз.  
1.
 
Ежелгі заман дәуірі (б.д.д. VІ ғ. дейінгі кезең). 
Сақтар  ежелгі  заманда  өздерінің  салт-дәстүрлерімен,  жауынгерлік 
өнерінің  дәрежесінің  биіктігімен  танымал  болған.  Төзімді  сақтар  бірнеше 

10 
 
тәулік бойы аттың жалына бастарын салып ұйықтай алған. Сақтардың киіну 
мәдениеті  жөнінде  археологиялық  қазбалар  (Пазырық  (Таулы  Алтай), 
Шелекті  (Шығыс  Қазақстан),  Бесшатыр  (Қазақстанның  оңтүстік  шығысы) 
қорғандары) арқылы пайымдауымызға болады.  
Пазырық  қорғанынан  үлбiр  шекпеннiң,  екi  қабатты  киiз  жадағайдың, 
күдерi  шапанның    қалдықтары  да  табылған.  Бiр  жадағай  ұзын  және  кең,  ал 
басқасы жұқа киiзден жасалған қысқа. Қазақтың сырт киiмiнiң жеке түрлерi, 
мысалы  үлбiрлi  тон,  киiз  жадағайлар  Пазырық  қорғанынан  табылған 
киiмдерге ұқсас. Осындай ұқсастықтар бас жағы өрнектелген киiз байпақтан 
да   байқалады. Тығыз киiзден жасалған басы үшкiр тымақ бiздiң күнге дейiн 
қазақтар тұрмысында да қолданыстан шыққан жоқ. 
Әлемге аты әйгілі болған «Алтын Адам» жерленген 1969-1970 жылдары 
ашылған  Есік  қорғаны  сақтардан  қалған  ескерткіш  (б.з.д.  ІV  –  ІІІ  ғғ.).  Осы 
Есік  қорғанында  табылған  Алтын  киімді  бекзада  үйсін  қоғамына  тән  адам 
деген  болжам  да  бар.  Осы  қорғаннан  алтын  заттардың  көшірмелері  мен 
әсемделген киімдер, бас киімдер және аяқ киімдер үлгілері табылды.  
Сақ мәдениетіндегі ұлттық киім үлгілерін сақ тарихын зерттеу негізінде 
бейнелеген 
суретшілердің 
(Қ.С.Ахметжан, 
М,В.Баст, 
М.В.Горелик) 
суреттерінен аңғаруға болады. Осы суреттер киізден жасалған шошақ бөрік, 
теріден  немесе  қолдан  тоқылған  мауытыдан  тігілген  қаусырмалы  бешпенті, 
металл қаңылтырлар тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ 
киімдерінің  үнемі  ат  үстінде  жүретін  көшпелі  өмір  салтына  ыңғайлы 
болғанын көрсетеді. Киімге тағылған қаңылтырлар, сәндік қызметімен қатар, 
қорғаныш  қызметін  атқарған  болу  керек.  Әртүрлі  аң  стилінде  салынған 
қымбат  металдардан  тағылған  әшекейлер  сақтар  мәдениетінен  бізге  жеткен 
ең ірі мұралардың бірі.  
М.В.Бастың  суретінде  сақ  көсемі  жеңі  тұтастай  пішілген  өңіріне  алтын 
жаспсырмалар  қадалған  және  елтірімен  әдіптелген  қызыл  түсті  жарғақ 
қамзол  киген.  Ал  жеңі  түгел  сұр  былғарымен  оюланып,  кестеленген, 
белдігіне  теріден  тігілген  қалта-қоржыншаларды  іліп  жүретін  былғары  кісе 
белдік  тағынған.  Сарғыш  жарғақ  шалбарының  балағын  саптама  етігінің 
қонышына  қусырынған.  Шекпеннен  тігілген  желбегейі  өсімдіксал 
өрнектермен  әшекейленген,  ал  басына  құлақшыны  бар  қоңыр  киіз  қалпақ 
киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек 
киіп,  омырау  тұсына  дөңгелек  алтын  қапсырмалар  қадаған.  Беліне  жүн 
тоқымалы  белбеу  байланып,  оған  ағаш  тарақтарын  тағып  алған.  Көйлектің 
үстінен  иығына  ақ-қызыл  түстермен  қораздар  кейпінде  қиюластыра 
кестеленген  жүн  тоқымалы  жамылғы  жамылған.  Бас  киімі  де  өзгеше 
бөркімен және түтікшелі бұрым қабымен ерекшеленеді [6].  
Ғұндар  да  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқан,  ат  құлағында 
ойнаған  шабандоз,  ер  жүрек  жауынгер  халық  болған.  Ғұндардың  тұрмысы 
мен  шаруашылығы,  мәдениеті  басқа  да  көшпенді  тайпаларға  өз  ықпалын 
тигізген.  Ғұндардың  сырт  киімдерінің  үлгілерін  Нойн-ула  жәдігерлерінен 
көреміз. Ол киім үлгілері қазақтардың ұлттық аң терілерінен тігілген ішіктері 
мен  шапандарына  келеді.  Ғұндардың  тұрмысы  жөнінде  ежелгі  тарихшылар 

11 
 
былай  деп  жазған:  «Теріден  тігілген  киімдер  киеді.  Киіз  төсеніш  төсеп, 
киізден  жасалынған  жамылғы  жамылады».  Ғұндар  өз  ата-балары  сақтардың 
киім  кию  мәдениетін  лайықты  сақтап  қалған.  Шошақ  бас  киімдер,  асқан 
шеберлікпен  сәнделген  сырт  киімдер,  сырылып  тігілген  жейделер,  лақтың, 
құлынның  терілерінен  тігілген  шалбарлар,  былғары  етіктер  сапасы  жоғары 
материалдардан тігілген.  
Ғұндар  аққуды  отбасына    бақыт  әкелетiн  құс  деп  есептеп,  оларға 
табынған, аққуды атпаған. Ондай ұғым қазақтарда да сақталған. Персеполес 
сарайындағы бедерлерден және Пасаргадағы зираттардан ұзын шапандар мен 
үшкiр  басты  бөрiктер  киген  сақтар  бейнелерiн  көруге  болады.  Қытай 
дерекнамаларындағы 
жазбаларда 
«ежелгi 
орта 
ғасыр 
Қазақстан 
тайпаларының  киiмi,  мысалы  әскери  шекпенi,  пiшiнi  жағынан  сақтардiкiне 
ұқсас келедi» деген мәлiметтер де бар. Қазақтар сондай шекпендi «кебенек» 
деп атаған. Үшкiр басты қысқы үлбiр тымақтың  маңдайшасы бар, сондай-ақ 
желкенi, арқа бөлiгiнiң жоғарғы жағы мен мойынды жауып тұруға арналған  
кең және ұзын үш қалқаны болған. Осындай тымақ Әмудария қазбаларынан 
және Пазырық қорғанынан табылған. Әмудария тымағының түрi Маңғыстау 
және  Ақтөбе  облысы  қазақтары  тұрмысында  ұзақ  уақыттарға  дейiн  
қолданыстан шыққан жоқ.  
М.В.Бастың  археологиялық  материалдар  негізнде  қалпына  келтірілген 
киім үлгісінде ғұн ер адамы зер жіппен кестеленген, тік жағалы қызыл жібек 
жейде  киген.  Жейдесі  сарғыш  жүн  шалбарына  ышқырланған.  Оның  үстіне 
жасыл  жібек  торқадан  тігілген,  елтірімен  әдіптелген  шапан,  беліне  басы 
жылжымалы  тиекті  тоғысы  бар  кісе  тағылған.  Оның  жапсырмалары  мен 
тоғасы күмістен жасалған. Кіседегі арнаулы бауларға қызыл қынапты семсер 
мен  ағаш  қынабының  сырты  алтынмен  қапталып,  қызыл  түсті  әйнектастар 
және  маржандармен  айшықталған  қанжар  ілінген.  Өкшесіз  саптама  етігін 
тобығы  тұсынан  қап  сырмалар  таспамен  тартынған,  батырдың  қолында 
ғұндардікі  деп  аталатын  садақтың  күрделі  түрі  бар.  Басына  қызыл  асыл 
тастармен маржаннан көз салынған алтын тәжі киіп, мойнына күмістен алқа 
таққан.  Әйел  қарапайымдау  киінген  –  үстіне  жібектен  тігілген  ұзын  көйлек 
киген.  Жібекті  қытай  көпестері  жеткізген,  ол  кезде  Қытай  мемлекеті  өзінің 
Қытай  империясының  тыныштығын  сақтау  үшін  ғұндарға  үнемі  жібек 
торғын-торқалар  сыйға  тартып  тұрған.  Әйел  аяғына  қызыл  былғары  етік 
киген,  басындағы  қаңылтақ  алтыннан  соғылған  тәтісі  маржандармен  және 
үшбұрышты  салпыншақтармен  сәнделген,  ал  құлағына  жақұт  көзді  әдемі 
сырға  таққан.  Бай  әшекейленген  бас  киімі  мен  жібектен  тігілген  киім-
кешегіне қарағанда, олар да жаз – жайлауы, қыс – қыстауы және мыңғырған 
төрт түлігі сай шонжарлар санатына жатса керек  [5]. 
 Қаңлылар  да  қазақ  халқының  негізін  құраған  ежелгі  тайпалардың  бірі. 
Қытай,  парсы  жазба  деректеріне  сүйенсек  қаңлылар  біздің  жеріміздің 
оңтүстігін – Сырдария, Арыс, Бадам өзендерінің алқаптарында өз мемлекетін 
құрған.  Археологиялық  зерттеулердің  нәтижесінде  Өзбекстандағы  Курган-
тепе  обасынан  табылған  б.з.д.  І  –  ІІІ  ғғ.  Былғары  белбеудің  сүйектен 
жасалған деталінде салынған суреттер зерттеушілердің пайымдауынша тайпа 

12 
 
адамдарының  кескін-келбеттері,  киген  киімдері  және  әскери  адамдардың 
қарулары  жөнінен  мағлұмат  береді  [5].  Мұнда  батырлардың  сырт  киімдері 
қорғаныс  жарағы  қызметін  атқарғаны  көрініп  тұр.  Бастарына  киген 
дулығалары, сопақша формамен жасалған кіреуке сауыттың ішінен киген тік 
жағалы сырылып тігілген киімдері, балағы көтеріліп кетпеуі үшін табанынан 
ұстап тұратын балақ бауы бар тар шалбарлары барлық көшпелі халықтардың 
өнер ескерткіштеріне жиі ұшырасады [6].   
Үйсіндерден (б.з.д. ІІ – б.з.VI ғғ.) қалған ең құнды мәдени мұра Қарғалы 
диадемасы. Бұл диадемаларға түрлі ырымдық сурет, әшекей салынып, түрлі 
белгілер тағылған. Диадемалар жұмсақ теріге не матаға бекітіліп, екі ұшына 
бау тағылып, шашқа, не бас киім сыртына байлануы мүмкін.  
2.
 
Орта ғасыр дәуірі (VІ ғ. бастап – ХVІІ ғ.) 
Түрік  қағанаты  (VI  ғ.)  Иран,  Византия  мемлекеттерімен  сауда-саттық 
байланыстарын  жүргізді.  Жетісу,  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  қалалар 
саудаға  еркін  араласа  бастады.  Сол  кезде  қағанат  жеріндегі  адамдардың 
жібектен  тігілген  киім  кигендері  жөнінде  қаған  ордасында  болған  Қытай 
моанхы  Сюань  Цзянь  былай  суреттеген:  «Қаған  жасыл  жібектен  жебегей 
шапан  киген,  оның  жанында  жүрген  нөкерлері  де  қамқадан  желбегей 
шапандар жамылған, қандай там аша көрініс».  
Тараз базарында тауарлардың барлық түрлері сатылған. Ежелгі Русьтен 
бұл жерге қымбат бағалы аң терілері, мата түрлері, жарқырауық асыл тастар 
әкелген.  Византиядан  қымбат  барқыт,  алтындап  тоқыған  парша  маталар, 
Фландриядан сапалы мауыты, Үндістаннан кашемир, мақта маталар, маржан 
тастар,  Қытайдан  жібек  әкелінген.  Көшпенді  халықтар  қаракөл  терісін 
өңдеуді  меңгерген.  Төрт  түлік  малдың  терісінен  киіз  өнімдерін  жасап,  жүні 
жоғары  сапалы  мата  тоқыған.  Археологиялық  зерттеулер  кезінде  түріктер 
зираттарынан  жібек  киімдердің  қалдықтары  табылған.  Бұл  қағанат  жерінде 
жібек  өндірілмегенімен  сауданың  көп  жағдайда  айырбас  түрінде  болғанын 
көрсетеді.  
Орта  ғасырда  Қазақстан  территориясында  өмір  сүрген  түркі 
тайпаларының бас және сырт киімдері үлгілері Орхон-Енисей ескерткіштері 
мен тас мүсіндерде сақталып қалған.  
Қазақстан  территориясындағы  өнердiң    дами  түсуi  қыпшақ,  қарлұқтар 
және  т.б.  (VII-XIV  ғғ.)  тайпалардың  мәдениетiнде  көрiнiс  тапқан.  X-XII  ғғ. 
олардың  мәдениетi  арта  түстi.  Қыпшақтар  мен  басқа  тайпалардың  тұрмысы 
мен  мәдениетi  туралы  мәлiметтер  Орта  Азия,    араб  және  парсы 
дерекнамаларында  берiлген.  Қыпшақтар,  қаңлы  мен  наймандар  туралы 
жазбалар  Плано  Карпини  мен  Вельгельм  Рубрук  еңбектерiнде  кездеседi. 
Олардың айтуынша  үй  шаруасына қажеттi барлық  заттарды  және киiмдерiн 
әйелдер  дайындаған,  мысалы,  «ұзындығы  шынтаққа  тең»  әйелдер  бас  киiмi 
төртбұрышты немесе үшкiр басты болып келген, алтынмен немесе күмiспен 
әшекейленген  бас  киiмдерi  «бұқтас»  деп  аталған.  Қазақ  қыздарының 
тұрмысқа  шығарда  тойға  киетiн    бас  киiмi  –  «сәукеле»  қыпшақтардың  бас 
киiмiне  ұқсас.  Плано  Карпини  қыпшақтар  мемлекетiнде  қазақтардың 
«асмалдық»  деп  аталатын  затын  кездестiрген.  Бұл  -  терiден  жасалған 

13 
 
трапеция  пiшiндi  кiлемше,  онымен  үйлену  тойы  кезiнде  қалыңдықтың 
түйесiн  әшекейлеген.  Оның  айтуынша  қыпшақтар  қайтыс  болған  адаммен 
бiрге оның алтыннан және күмiстен жасалатын бұйымдарын,  өлiктi әкелген 
күймесiн және киiмдерiн көмген, сонан соң оның тұрған үйiн бұзып тастаған. 
Бұл  салттың  қазақтарда  бiр  бөлiктерi  ғана  сақталған,  қазақтарда  қайтыс 
болған адамның үйi қамшымен соғылып бұзылған. 
3.
 
Ресей империясы құрамында (ХVІІІ ғ. – ХХ ғ. басы) 
ХVІІІ  ғ.  –  ХІХ  ғасырдың  басы  қазақтың  ұлттық  киімдерінің  кеңінен 
өркен  жайған  тұсы  болды.  Біріншіден  ХІХ  ғ.аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында 
қазақтың  ұлттық  тарихи-мәдени  мұраларын  жинап-зерттеуге  арналған 
экспедициялар  жиі  ұйымдастырылды.  Екіншіден,  осы  этнографиялық 
мәліметтерге  қарағанда  киімнің  түрлері  оларға  безендірілетін  ою-өрнек 
атауларының молдығы осы кезеңге саяды.  
Қамзол  -  ХVІІІ  ғ.  –  ХІХ  ғасырларда  қазақ  халқы  арасында  кең  тараған 
ұлттық  киім.  Қамзол  туралы  мәліметтер  ХІХ  ғасырдың  ортасынан  бастап 
кездеседі.  
Қаттама тек кейінгі кезде басқа халықтардан енген киім үлгілеріне қарап 
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап пайда болғанға ұқсайды.  
Сәнді  кестеленген  белдемше  немесе  белшалғыш  қазақ,  қырғыздардың 
тұрмыс  құрған  әйелдерінің  сәндік  үшін  киетін  киімдерінің  бірі  ретінде 
ертеректе  пайда  болғаны  жөнінде  деректер  бар.  ХІХ  ғасыдың  аяғына  дейін 
әйелдер ойын-сауық кезінде көйлектерінің сыртынан киген.  
ХІХ  ғасырдың  орта  шенінен  бастап  орыстың  ала  бұлы,  шығыс  өңірде  
қытайдың  кездемелері  таралды.  Ертедегі  әйел  көйлегі  кимоно  пішімді,  екі 
бүйірі,  қолтық  тұсы  кең,  жеңі  түзу,  ұзын,  жағасының  төменгі  бөлігі  тілік 
(ашық) мойынды орап тұратын болған [7].  
Билік басындағы, жоғары текті қазақтың таңдаулы өкілдерінің салтанат 
киімдерінің символикасында ою-өрнекпен қатар түсі де үлкен рөл атқарған. 
Шапандары  қызыл,  қызыл  күрең,  ал  қызыл,  қоңыр  қызғылт,  қырмызы жұқа 
шұғалардан, барқыттан тігілген. Хан, сұлтандардың ХVІІІ ғасырдың соңына 
дейін  киген  ербала  киімдерінің  орнын  осы  ғасырдың  соңында  паршадан 
тігілген. Пішімдері күрделілеу, түстері де басқашалау шапандар ауыстырған. 
Бұл бір жағынан киімнің рәміздік белгісінің сапалық дамуының куәсі болса, 
екіншіден  қарапайым  көшпендінің  мұндай  киім  киетін  жағдайы  болмаған, 
тіпті оның мұндай киіммен адамдар арасында көрінуіне де құқығы болмаған, 
себебі бұл биліктің ғана рәміздік белгісін көрсеткен.  
Мысалы,  қосетек  салатын  дәстүр  ХІХ  ғасырдың  аяғына  таман  ғана  ене 
бастады  деген  мәліметтер  бар  [8].  Бұл  жәйттер  қазақтың қосетек көйлегінің 
ХІХ ғасырдың соңында пайда болғанын дәлелдейді.  
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  елінің  тұрмысындағы 
өзгерістерге  байланысты,  мәдени  өмірінде  де  өзгерістер  болды.  Осыған 
қарамай  жүздердің,  рулардың  дәстүрлерінің  сақталып  қалуы,  халықтың 
қоғамдық және мәдени өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүз бен рудың 
ерте заманнан келе жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталып қалды.  

14 
 
Бас  киімде  жиі  географиялық,  ру-тайпалық  ерекшелік  байқалады. 
Мысалы,  ұлы  суреткер  М.Әуезов  еңбектерінде  сегіз  сай  уақ  тымақ,  үш 
құлақты  керей  тымақ,  қаракесек,  адай  бөрік,  арғын  тымақ,  қыпшақ  тымақ, 
сырмалаған  алты  сай  найман  тымақ,  төрт  сай  аласа  тобықты  тымағы  деген 
біртекті  бас  киімнің  сан  алуан  түрлері  аталатындығын,  оны  суреткер 
мұрасын зерттеген доктор Е.Жанпейісов еңбегінде атап өтеді.  
Қазақтың  халықтық  киімі  өзіне  тән  ерекшеліктерін  сақтап  бізге  жеткен 
заттық  өндірістің  туындысы.  Дегенмен,  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ 
ғасырдың  басында  тауарлық  өндірістің  дамуы,  осы  негізде  капиталистік 
қатынастардың  өркендеуі,  көрші  халықтармен  экономикалық  және  мәдени 
қарым-қатынастардың нығаюы, орыстардың, украиндықтардың, немістер мен 
татарлардың, тағы басқа халықтардың көптен қоныс аударуына байланысты 
қазақ  тұрмысына  ене  бастаған  өзгерістер,  сол  сияқты  қалалық  моданың 
(сәннің) әсері халықтық киімге де ықпалын тигізбей қойған жоқ  [8].    
4.Тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан  (1917-1991 жж.) 
Бұл  кезеңде  де  ұлттық  киімдер  ізін  жоғалтпай,  әрін  тоздырмай,  әлі  де 
болса  халық  игілігіне,  әсіресе,  егде  тартқан  адамдарға  қызмет  етіп  келе 
жатқан 
тұрмыстық 
мәдениеттің 
түйіні 
іспетті 
болды. 
Тіптен 
көркемөнерпаздықты,  театр-концерт  ұйымдарын  былай  қойғанда,  әр  түрлі 
маталардан  тігілген  қаптал  шапан,  бешпент,  қамзол,  бағалы  аң  терілерінен, 
қаракөл елтірісінен, жұқа ақ киізден тігілген бөрік, тымақ, қалпақ секілді бас 
киімдер,  саптама  етік,  мәсі,  кебіс  республика  тұрғындары арасында  кеңінен 
танылып  келеді.  Қазақша  киімнің  қонымдылығын,  пішімінің  мұқият 
ойластырылғандығын,  келбеті  мен  әшекей  бірлестігін  дәріптейтін  игі 
дәстүрлер қазіргі киім үлгілеріне де кеңінен пайдаланылуда. Тіптен бұл кезде 
үйлену  салатанатына  киетін  тойлық  киімдер  де  өріс  ала  бастады.  Ал,  егде 
тартқан  азаматтардың  киім-кешегінде  жас  ерекшеліктерімен  байланысты 
еуропалық  үлгі  мен  халықтық  нұсқа  қатар  пайдаланылып  келе 
жатқандығының өзінде де үлкен мән бар.  
Әйтсе де, адамның жеке басына қажетті киімнің барлық түрлерін дайын 
күйінде  сатып  алуға  мүмкіндік  туғандықтан,  қазір  үй  жағдайында  қазақша 
киім  тігу  азая  түскенін,  тіптен  көп  жерлерде  бұл  кәсіптің  жойылып 
кеткендігін де айта кеткен жөн. Бұл кезде дала жағдайына қолайлы түйе жүн 
шекпен  мен  сеңсең  тонды,  күпі  мен  пұшпақ  ішікті,  түлкі  тымақ  пен  сусар 
бөрікті  тек  музейлерден  ғана  көріп  жүрміз.  Ал,  малшылар  киген  кебенек 
(Жетісуда  -  кебентай)  мүлдем  жоғалған.  Мұның  мәнісі  елімізде  халық 
тұтынатын тауарлардың молшылығына байланысты өнімсіз де, уақытты көп 
алатын киіз басып, түйе жүнінен шекпен тоқитын, зерлі оқамен кесте тігетін, 
былғары  илейтін,  алтын-күміс  соғатын  ісмерлердің  өнері  ығыстырыла 
бастағанында  болып  отыр.  Оның  үстіне  республикада  халық  шеберлерін 
ұйымдасқан  түрде  материалмен  қамтамасыз  ету,  олардың  ісіне  сауатты 
басшылық жасау жағы да әлі де болса жөнді жолға қойылмай келеді.  
Осы  жылдарда  ғылыми-техникалық  прогрестің,  жаңа  сәннің  әсерімен, 
сол  сияқты  қазақша  киімнен  ешбір  хабары  жоқ,  ұлттық  дәстүрлерге 
жатпайтын 
жалған 
элементтермен 
айналысатын, 
бірақ 
өздерінің 

15 
 
«туындыларын»  кино,  теледидар,  театр  қоғамы  мен  концерттік  ұйымдар 
арқылы,  тіптен  жергілікті  өнеркәсіп  жүйесі  арқылы  тықпалауға  мүмкіндігі 
бар  кейбір  суретші-модельерлердің  орынсыз  араласуынан  халықтық  киім-
кешектің  пішімінде  немесе  тігісінде  ғана  емес,  оның  материалында  да, 
әшекейінде де, тіптен бас киімге үкі қадауда да әр қилы өзгерістер пайда бола 
бастағандығы аңғарылады.  
ХХ 
ғасырдың 
20-жылдары 
Ресей 
империясының 
әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени,  саяси-идеологиялық  тегеуірінді  ықпалына  түскен 
қазақтар  енді  фабрикалық  киімдерді  тұтынды.  Нәтижесінде,  әсіресе, 
күнделікті тұрмыстық қолданыстағы киімдердің түрлері жаппай тұтыныстан 
ығыстырыла  бастады.  Екіншіден  көз  көрген  «кәріқұлақ»  қариялардың 
айтуына қарағанда, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары «қызыл қырғын» науқаны 
кезеңінде,  әсіресе,  аты  шулы  1928  жылғы  «ірі  жартылай  феодал-байлардың 
шаруашылығы  мен  мүлкін  кәмпескелеу»  деп  аталатын  қанқасап  шара 
кезеңінде «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген бір киімнің асыл 
(сән-салтанаттық, ғұрыптық, аңшылық, жекеленген кәсіби және т.б.) түрлері 
«қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» 
ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылды [9].  
5. Қазақстан – Егемен тәуелсіз мемлекет  (1991 жылдан бастап бүгінгі 
күнге дейін). 
Қолөнердің бай мұраларын жинап, заманымызға лайықты сапа, түр беру 
әдісімен  оларды  сақтап  қалу  және  дамыту  мақсатында  тәуелсіздіктің  таңы 
атысымен  көптеген  ұлттық  киімдеріміз  жан-жақты  зерттеліп,  жаңа  заман 
талабына сай жаңғыртыла бастады. Осы салада Қазақстан Республикасының 
халықаралық  деңгейдегі  беделін  көтеру  саласында  шығармашылық 
жұмыспен  айналысып,  қазақ  халқының  ұлттық  киімдерін  әлемге  танытып 
жүрген кәсіпорындардың бірегейлері: 
Қазақ  мәдениетінің  жаңару  кезеңінің  символындай  Қазақстандағы  ең 
алғашқы  қайталанбас  қазақтың  ұлттық  киімдерін  зерттейтін  және  тігетін, 
өзінің тауар маркасы бар өз бастауын 1947 жылдан алатын ғылыми орталық 
«Сымбат» сән Академиясы.  
Танымал кәсіпорынның бірі – 1997 жылы шаңырақ көтерген «Ерке-Нұр» 
фирмасы.  Негізгі  бағыты,  ұлттық  киім  және  ұлттық  киім  үлгілерінің 
негізінде, өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігеді. Бұл фирманың 
Республика  тігін  индустриясында  алатын  орны  да  ерекше.  Онда  тігілетін 
ұлттық  киімдердің  халықтың  сұранысына  ие  болып  жүргені  де  бізді 
қуантады. 
Осылайша  қазақ  ұлттық  киімдерінің  дамуын  тарихи  кезеңдермен 
қарастыру  бізге  ұлттық  киімдердің  қайсыбір  түрінің  қай  кезеңде  дамып 
жетілгенін,  қай  түрінің  басымырақ  дамығандығын,  қай  түрінің  қай 
кезеңдерде тоқырап қалғандығын айқындауға мүмкіндік берді.  
1.  Ежелгі  заман  дәуірінде  шекпен,  жадағай,  шапан,  үшкір  бас  киімдер, 
аяқ  киім  түрлері  дамыған.  Сақтар  өмір  сүрген  дәуірде  киімдер  негізінен 
киізден жасалған. Ғұндар тұсында сәнделген сырт киімдер, сырылып тігілген 
жейделер,  көйлектер,  шапанның  елтірімен  әдіптелген  үлгілері  пайда  бола 

16 
 
бастаған. Шекпеннің «кебенек» түрі кең дамыған. Қаңлыларда жауынгерлік, 
қорғаныс киімдері, тік жағалы сырылып тігілген киімдер, балақ бауы бар тар 
шалбарлар жиі кездескен. 
2. Орта ғасыр дәуірінде Түрік қағандығында жібектен, қамқадан тігілген 
желбегей  шапандар  пайда  бола  бастады.  Сауда-саттықтың  дамуына 
байланысты  Византиядан,  Фландриядан,  Үндістаннан  әкелінген  асыл 
маталар, Ежелгі  Русьтен алынған қымбат бағалы аң тәсілдері киім өнерінде 
кеңінен  қолданылды.  Қыпшақтардың,  қарлұқтардың,  наймандардың  киім 
өнерінде  сырт  киімдердің,  аяқ  киімдердің,  бас  киімдердің  түрлері  көбейген. 
Мәселен,  бас  киімдердің  «бұқтас»,  «сәукеле»  түрлерінің  пайда  болуы  осы 
кезеңге саяды.   
3.  XVIII  -  XIX  ғғ.  қазақ  ұлттық  киімдерінің  кеңінен  өркен  жайған  тұсы 
болды.  Киімнің  қамзол,  қаттама,  белдемше,  шапан  түрлері  дамыды.  Жібек 
шапандар  жұқа  шұғалар  мен  барқыттарға  алмастырылды.  XVIII  ғасырда 
парша шапандар, XIX ғ. аяғында қос етек көйлектер пайда болды.  
XIX  ғ.  екінші  жартысында  қазақ  елінің  тұрмысындағы  өзгерістерге 
байланысты  киім  үлгілерінде  географиялық,  жүздік,  ру-тайпалық 
ерекшеліктер  байқалды.  Бұған  үш  құлақты  керей  тымақ,  қыпшақ  тымақ, 
сырмаланған  алты  сай  найман  тымақ  т.б.  жатқызуға  болады.  Сауда-саттық 
жолымен  және  Ресей  империясының  құрамындағы  бірқатар  елдермен  қоян-
қолтық араласуы қазақ киімдері үлгілерінің көбеюіне септігін тигізді.  
Дегенмен,  XIX  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында  осындай  басқа  халықтар 
өнерімен  ене  бастаған  өзгерістер,  қалалық  сәннің  дамуы,  тауарлық  өндіріс 
пен 
капиталистік 
қатынастардың 
өркендеуі, 
көрші 
халықтармен 
экономикалық  және  мәдени  қарым-қатынастардың  нығаюы  халықтық  киім 
үлгілерінің дамуына кері әсерін тигізді.  
4.  Тоталитарлық  жүйе  жағдайындағы  Қазақстан    (1917-1991  жж.) 
кезеңінде  еуропалық  үлгідегі  фабрикалық  киімдердің  өріс  алуы  халықтық 
киім  үлгілерін  ығыстыра  бастады.  Әйтсе  де  елде  қарттардың  киетін  қаптал 
шапандары,  бешпент,  қамзол,  бөрік,  тымақ,  қалпақтар,  саптама  етік,  мәсі 
кебістер  сақталып  қалды.  Киім  үлгілерінде  қазақша  киімнің  пішімі  мен 
әшекейіндегі негізгі дәстүрлер кеңінен қолданылды. Той киімдері өріс алды. 
Фабрикалық  дайын  киімдердің  көбеюінен  қолмен  тігілетін,  жібек  жіппен, 
зермен,  оқамен  кестеленетін,  тігуде  ұзақ  уақытты  қажет  ететін  ұлттық  киім 
үлгілері сирек кездесетін болды.  
Ғылыми-техникалық 
прогресстің  дамуымен,  еуропаның 
сәннің 
ықпалымен,  қазақша  киімнен  хабары  жоқ  суретші-модельердің  орынсыз 
аралаусынан  ұлттық киім пішімінде, тігісінде, тіпті үкі қадауында да әр қилы 
өзгерістер болды.  
ХХ ғ. 20-30 жылдарда мүлікті кәмпескелеу кезеңінде ескінің көзі ретінде 
сақталып  келген  халықтың  бірқатар  сән-салтанаттық,  ғұрыптық,  аңшылық, 
кәсіби түрлері жойылды.  
1966,  1986  жылдары  ССРО,  ҚазССР  Кеңесі  Үкіметінің  «Халықтың 
көркемөнер 
туындыларын 
дамыту» 
қаулы-қараларының 
шығуына 
байланысты    археологиялық,  этнографиялық  экспедициялар,  ғалымдардың 

17 
 
зерттеу  нәтижелерінде  ұлттық  киімдердің  бірқатар  үлгілерінің  мазмұны 
талданып, жинақталды [11].  
5.  Елдің  егемендік  алуы  кезеңінде  ұлттық  мәдени  мұраларды  жинап, 
зерттеу  кейінгі  ұрпаққа  үйрету  мәселелері  қолға  алынды.  Ұлттық  киімдерді 
өндіретін  арнайы  киім  ательелерінде  («Сымбат»,  «Еркенұр»  және  т.б.) 
негізінен ұлттық киімдердің сахналық, үйлену той киімдері және шапан жабу 
дәстүрінің  сақталуына  байланысты  шапанның  түрлері  дамыды.  Шапанға 
безендірілетін ою-өрнек, кесте, әшекей түрлері өркендеді.   
Осы  жоғарыда  айтылғанның  бәрі  қазақтың  ұлттық  киімдері  түрлерінің 
көптігі  мен  алуан  түрлілігін,  оның  әлеуметтік  мәнінің  кеңдігін,  бірқатар 
ерекшеліктерге  ие  екендігін,  атқаратын  қызметтерінің  жан-жақтылығын, 
шығу,  даму  тарихының  тереңдігін,  қоғамдық  қатынастық,  тәрбиелік 
мүмкіндіктерінің жоғарылығын, құрастыру, әзірлеу технологияларының  сан 
түрлілігі  мен  көп  қырлылығын,  еңбек  операцияларының  қиындығы  мен 
күрделілігін, дизайнының мазмұндылығын аңғартады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет