ДОН ПЕДРО КАЛЬДЕРОН ДЕ ЛА БАРКА ШЫҒАРМАЛАРЫ
Аннотация. Мақалада испан әдебиетінің көрнекті өкілі Дон Педро Кальдерон
де Ла Барка шығармалары қарастырылған. Әсіресе, Дон Педро Кальдерон
драматургиясындағы ерекшеліктер, дәуір көрінісін ашудағы ақын шеберлігі жан-
жақты сөз болады.
Кілт сөздер: драма, өнер, пьеса, интермедия, реалистік мазмұн, характер,
комедия, драмалық момент, барокко, лирикалық өлең, кейіпкер, образ, идея.
ХV ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған испан
монархиясы ХVІ ғасырда гүлденіп, ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында
дағдарысқа ұшырайды.
Англия мен Францияда жеке билік мемлекеттегі ұлттық бірлікті
қамтамасыз ету және оны экономикалық жақтан нығайту үшін күресіп
жатқан осы дәуірде, Испаниядағы король өкіметі мұндай жеңістерге қол
жеткізе алмайды. Жеке билік өзінің әділетсіз саясатымен мемлекеттің
дамуына кедергі болады. Монархтың сеніміне ие болған феодал
зодагондардың құқықтары шексіз еді. Әсіресе, Филипп ІV заманында (1621-
1665) граф Оливарес мемлекет байлығын тонайды, халықты аяусыз қанайды.
Әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы басталған көтерілістер жауыздықпен
бастырылады. Феодалдық-діни зұлымдықтар өрши түседі. Бұл дәуірде
«шіркеу жеке биліктің қолындағы ең қорқынышты қаруға айналған еді».
Христиан діні Испанияның саяси өміріне ғана емес, сонымен бірге оның
экономикалық жағдайына да ықпал етті. 6 миллион халықтың бір
миллионнан артығы діндарлар еді. Жердің төрттен бір бөлігі солардың
қолында болды. Мемлекеттің шаруашылығы толығымен күйрейді.
Жаугершілік саясат Испанияны ауыр жағдайларға алып келді. Испания
отарланған жерлерінен айрылып, ақырында әлсіз, екінші дәрежедегі
мемлекеттер қатарына қосылды. Бір ғасырдан да аз уақыт ішінде мемлекет
халқы екі миллион адамға кеміді. Инквизиция бірнеше он мыңдаған адамды
Хабаршы №3-2015ж.
157
құрбан қылады. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда 30 мыңнан аса адам отқа өртеліп, 300
мыңға жуық адам зынданда өлтірілді.
Мемлекеттің әлеуметтік тұрмысындағы маңызды оқиғалар сол
дәуірлердегі көркем әдебиетте өз көрінісін тапты.
ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінде үш әдеби бағыт айқын көрінеді.
Олар Қайта өрлеу реализмі, классицизм және барокко бағыттары. Антикалық
өнер мен халық ауыз әдебиеті жәдігерліктерін шебер ұштастыра білген Қайта
өрлеу реализмі Испанияда басқа мемлекеттерге қарағанда едәуір кеш пайда
болды. Оның ұсынған гуманизмі католиктік саясаттың қарсылығына
ұшырайды. Кейбір жағдайларда христиан діни танымдары жазушылар
шығармашылығына өз әсерін тигізіп отырды. Сондықтан, реалистік
әдебиетте барокконың жекелеген белгілері анық байқалады. Антикалық
әдебиеттің қағидаларын жалаң қабылдаған классицизм Испанияда өзінің
дамуына негіз таба алмайды, оны тек жеке ғалым-филологтар ғана қолдайды
және олар өздерін ежелгі мәдени мұраларды сақтап қалушылар деп санайды.
Мадрид академиясы мен кейбір профессорлар Лопе де Веганың реалистік
эстетикасына қарсы шығып, оның театрын «есуас халық» театры деп
кемсітеді.Соның үшін Лопе де Вега классицизмнің әрқандай қағидаларын
мойындаудан бас тартады. Бірақ классицистердің жақсы жақтары да болды.
Олар
әдебиеттегі
барокконың
бір
көрінісі
болған
гангоризмді
(культеранизмді) сынға алды. Классицист Бартоломэ Леонардо де Архенсола
(1562-1631) үш бірлік қағидасын ізшіл қорғаушы сипатында гангоризмді
сынап, шығармадағы тілдің тазалығы, анықтығы үшін күреседі. Испан ақыны
Гангора (1561-1627) шығарма мазмұнын күрделендіре түсетін ақсүйектік
әдісті туғызады. Ол қарапайым халық үшін емес, ал ат төбеліндей
«таңдаулылар», яғни нәзік талғамдағы «мәдениетті» жандар үшін
(«культенаризм» термині осыдан шыққан) шығарма жазу керек, дейді.
Сонымен бірге, гангорашылардың дүниетанымы да күрделі, түңілушілік
мазмұнда болды. Гангора сонеттерінде «өте тәтті у», «еркелеу пен зарлану»,
«ләззатты қасірет» сияқты қарама-қарсы теңеулер көп кездеседі. Әрине,
классицистер де «мәдениетті» жандар үшін шығарма жазғысы келді. Бірақ,
олар гангорашылар тәрізді қарапайым халыққа жиіркенішпен қарамай,
оларды орта ғасыр азаптарынан құтқару мақсатында антикалық өнерден
пайдалануға ұмтылады.
Лопе де Вега өте білімді жан болған. Ол әр түрлі жанрларда өз
талантын сынап көреді. Сонет, романс, қасида, поэма, пастораллалар, хикая,
роман және драмалық шығармалар жазады. Лопе де Вега өзінің бір
комедиясында жазған пьесаларының саны 1500 болғандығын ескертеді.
Драмашы өлімінен соң, оның өмірбаянын құрастырған шәкірті Перес де
Монтальван болса Лопенің барлық пьесасы 1800 екендігін көрсетеді. Бұған
қосымша тағы 400 діни мазмұндағы пьесалар жазғандығы белгілі.
Жазушының осы уақытта табылған және жарияланған пьесаларының саны
500-ге жақын, соның 50-і діни тақырыптағы пьесалар.
Лопе де Вега драматургия саласында үлкен даңққа бөленеді. Өмір
деректерін көп білуі оның тарихи, аңыздық және заманагөй тақырыптарда
түрлі пьесалар жазуына мүмкіндік берді.
Жазушының драматургия саласына қатысты ой-пікірлері «Комедия
Хабаршы №3-2015ж.
158
жазудағы жаңа өнер» (1609) атты өлеңмен жазылған туындысында анық
баяндалған. Мұнда ол ХVІІ ғасырдағы итальян классицист теорияшылары
тарапынан белгіленген көп қағидаларға қарсы шығады.
Лопе де Веганың «Жаңа өнері» испан ұлттық драмасының негізгі
қағидаларын белгілеп берді. Ол әрекет бірлігін сақтай отырып, әдебиеттің
дамуына кедергі болатын орын және уақыт бірлігінен бас тартады. Өнерді
шектеп қоятын антикалық әдебиет нормаларын формал түрде көшіріп алған
итальян классицист теорияшыларының барлық әрекетті тек бір ғана қаһарман
айналасына топтастыру сияқты принциптеріне қарсы шығып, ол ішкі
бірлікке, шығармадағы негізгі мақсаттың толықтығына ерекше назар
аударды. Пьесада бірнеше эпизод яки сюжет жолы болуы мүмкін, бірақ олар
басты мәселені шешуге жәрдем беруі тиіс деді.
Лопе де Вега және оның драмалық мектебін қолдаушылар пьесада дәл
өмірдегі сияқты қайғы мен күлкіні араластыра суреттеу қажет екендігін
көрсетті. Өз эстетикалық пікірлерінің шынайы мазмұнын белгілей отырып,
Лопе комедияны «өмір айнасы» деп атады. Ол еркін шығармашылық үшін
жазушыны классицизм қағидаларына бағынбауға шақырады. «Қайғыны
күлкімен» араластыра отырып, әрекет орнын өзгерту, уақыттан еркін
пайдалану принципін де ұсынады.
«Маған комедия жазу керек болса, - дейді Лопе «Жаңа өнерде» - мен
барлық қағидаларды үш құлыппен мықтап бекітемін де, өз бөлмемнен Плавт
пен Теренцийді шығарып жіберемін». Драмашының бұл пікірлері заман
талабы мен халық мүддесіне сай шынайы туындылар жазу тілегінен
туындағаны сөзсіз. Лопе де Вега пьесаның көлемі, көріністері туралы
пікірлерінде оны 5 актіденн 3 актіге дейін қысқартады. Шығармадағы тартыс,
интриганың өткірлігі мен пьеса түйінінің шешілуі туралы да өз көзқарасын
білдіреді. Лопенің драма туралы мұндай пікірлері классицизмді
қолдаушылардың күшті қарсылығына ұшырайды. Бірақ, көп уақыт өтпей,
оның испан ұлттық драмасы туралы эстетикалық көзқарастары мен драмалық
шығармалары үлкен даңққа бөленіп, антикалық және классицист
жазушылардың туындыларын сахнадан ығыстырып шығарады.
Лопенің жаңашылдығы мен халыққа жақындығы оның жасаған
образдарының еңбекші халық өкілдері болуында және олардың мақсатының
зұлымдықтан құтылып, еркіндікте жасауында жатыр. Бұған ерісу жолы -
көтеріліс. Еңбекші халық феодалдық зұлымдыққа қарсы күресте король
өкіметінен жәрдем күтеді, бірақ жазушы шаруалардың бұл арманының
мүмкін еместігін көрсетеді. Корольдің өлтірілген командор орнына жаңа,
одан да жауыз әкімді жіберу керектігі туралы сөзі бұған жақсы дәлел бола
алады.
«Қой қайнары» - Лопе де Веганың халық көтерілісін шынайы
бейнелеген, демократиялық рухтағы ең көрнекті драмасы.
Лопе де Вега Испанияда жеке биліктің дағдарысы және феодалдық-
католиктік озбырлықтың күшейген дәуірінде өмір сүріп, шығармашылықпен
айналысты. Ұлы қаламгер Лопе осы тұңғиықта ақиқат жолын іздеді,
зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы гуманистік идеяларды үлкен ерлікпен
қорғады. Халықтың өз тағдырын өз қолына алуы, өз бостандығы үшін күресі
тақырыбын суреттеуі оның шығармашылығының демократиялық сипатын
Хабаршы №3-2015ж.
159
белгіледі. Сол себепті Лопенің жауынгерлік рухтағы туындылары Испанияда
билік жүргізген кертарпа топтардың қарсылығына ұшырайды.
Лопе де Вега пьеса композициясының ізшілдігі, диалог өнерін өзінен
бұрын өмір сүрген жазушылардан үйренуі, орта ғасырдағы халық театры
дәстүрлерінен пайдалануы нәтижесінде Қайта өрлеу дәуіріндегі көңілді
мотивтерді бейнелейтін шығармалар жазды.
ХVІ ғасырдың аяғы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында испан
драматургиясы Лопе де Веганың тікелей әсерінде дамыды. Оның дәстүрлерін
жалғастырушы бірнеше жазушылар өсіп, жетілді. Олардан Гильен де Кастро,
Хуан Руис де Аларкон және Тирсо де Молиналардың драмалары сол
дәуірдегі испан әдебиетінде маңызды орынды алады. Гильен де Кастро (1569-
1631) ұстазы Лопе де Веганың реалистік принциптерін негізге ала отырып, өз
шығармашылығында халық ауыз әдебиеті үлгілерінен кең пайдаланды. Оның
маңызды шығармасы - испан ұлттық қаһарманы Сид туралы халық
романстары негізінде жазылған «Сидтің жастық шағы» драмасы. Пьесада
махаббат, отбасының абыройы үшін күрес пен жеке биліктің дағдарысы
бейнеленген.
Лопе де Веганың драмалық мектебінің ірі өкілі Хуан Руис де Аларкон
(1580-1639) Мексикада ақсүйек отбасында туады, оның жастық шағы осы
жерде өтеді. Соң Испанияға келіп, оқуын жалғастырады. Университетті
бітіргеннен кейін адвокат болып жұмыс істейді.
Аларконның әдеби мұрасы үлкен емес, ол тілі мен композициясы
жағынан ұқыпты жазылған 30-ға жуық пьеса қалдырды. Аларконның ұлттық
қаһарман топтамасындағы пьесаларының бірі - «Сеговиялық тоқымашы»
(1634) шығармасы. Онда драмашы адам күші мен құдіретінің, әділдік пен
нағыз махаббаттың жеңісі туралы хикаялайды.
Жазушы бас қаһарманның ауыр тағдырын суреттегенде, оқиғаларға
саяси өң беріп, дворян дон Фернандо күресін әке кегі үшін емес, ал қорланған
кедей тоқымашының әділет үшін жүргізген күресі сипатында талқылайды.
Бұл Аларконның интригалық комедиядан характерлер комедиясына
өтуін белгілеген озық шығармалар ретінде испан драматургиясы қазынасына
қосылған құнды туындысы. Оның осы тәріздес жазған «Күдікті ақиқат»,
«Қабырғаның да құлағы бар», «Ерлерді сынау», «Әр адамда бір айып» сияқты
бірнеше комедиялары бар. Бұл пьесаларда негізгі қаһармандардың қандай да
бір кемшілігі көрсетіліп, жақсылық оларға қарсы қойылады. Мәселен,
«Күдікті ақиқат» комедиясында айлакерлікті сынға алады. Ақсүйек жігіт дон
Гарсия әрдайым айналасындағыларды алдаумен шұғылданады. Күндердің
бірінде оның шын сөзіне де ешкім сенбейді. Дворян жігіттің бойындағы
мұндай жаман әдет соңында оны ауыр жағдайға душар етеді.
Аларконның бұл комедиясы француз драмашылары болған Корнельдің
«Алаяқ», Мольердің «Мизантроп» туындыларының жазылуына белгілі
дәрежеде әсер етті.
Драмашы
комедияларында
қаһарманның
характері
драмалық
жағдайдың негізін құрайды. Лопе де Веганың ғашықтық комедияларының
композициясында кездейсоқ оқиғалар оқыс бұрылыстарды туғызса, Аларкон
драмаларында мұндай оқиғалар характерлердің психологиясын толық ашып
береді. Аларкон шығармашылығы өзінің реалистік характері, әділетсіздікті
Хабаршы №3-2015ж.
160
сындық тұрғыда бейнелеуі тұрғысынан ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінен
маңызды орын алады.
Испан әдебиетінде барокко ағымы ХVІІ ғасырдағы Батыс Еуропа мен
Испанияның ішкі және тарихи өміріне сай негізде кең түрде дамыды. Осы
дәуірдегі испан философиясы әлсіз, түңілушілік рухта болды. Ағылшын
қайраткері Бэконның замандасы испан философы Франческо Санчес Қайта
өрлеу дәстүрлерін жалғастырып, орта ғасыр схоластикасына қарсы
шыққанымен, ақырында ол үмітсіздікке («Білу мүмкін болған нәрсенің жоқ
екендігі туралы») беріледі. Вальтазар Грасиан да қайғы аралас әзілінде бай-
ақсүйектердің мінездерін масқаралайды, бірақ оның кекесінге толы
философиялық пікірлерінде адамның күші мен құдіретіне деген сенімсіздік
бар болатын.
Барокко жазушылары антикалық өнер мен Қайта өрлеу дәуірі
әдебиетінің теориялық жетістіктерін, эстетикалық дәстүрлерін жоққа
шығармайды, халық шығармашылығынан да қол үзіп кетпейді. Сонымен
бірге, орта ғасырдағы діни-клерикал әдебиетті жаңа жағдайда қайта
дамытады, ескі әдеби үлгілер орнына енді мазмұны жеңіл, бірақ эстетикалық
жағынан әсерлі тәсілдерді табады. Барокко бағытына тән болған мистикалық-
аллегориялық тәсілдер осы кезеңнің ірі драмашысы Кальдерон
шығармашылығында айқын көрінеді.
Испанияның экономикалық және саяси өмірінде басталған дағдарыс
ХVІІ ғасырдың орталарында күшейе түсті. Мемлекеттің бұрынғы құдіреті
мен даңқынан ештеңе де қалмады. Феодалдық-католиктік қысымның
шабуылы нәтижесінде ХVІ ғасырдың аяғында дүниеге келе бастаған барокко
әдеби ағымы енді жетекші бағытқа айналады. Өнер мен әдебиетте
суреттелген шаттық, қуаныш орнын күрделі көріністер алады. Сәулет пен
сурет өнерінде реализмнен шеттеу, өмірден алыстау, қандай да сырлы
оқиғаға берілу күшейеді[ 1, 203 б.].
Испанияның осы дәуіріндегі рухын, гуманизмнің дағдарысын
бейнелеген соңғы ірі жазушы Кальдерон болды. Дон Педро Кальдерон де Ла
Барка 1600 жылы Мадридте ежелгі дворян әулетіне жататын отбасында туды.
Он жасында анасынан жетім қалды. Алғашқы білімді иезуиттер мектебінде
алады, соң Саламанка университетінде оқиды. Бірақ оны тастап кетеді.
Әскери қызмет те атқарады. Италия мен Фландрияға қарсы жасалған
жорықтарға қатысады. Дворян жігіттерге тән өмір сүріп, өзара жанжалдарға
араласады, діндарларды балағаттағаны үшін абақтыға қамалып та шығады.
Кальдерон драмалық шығармалар жазуға өте ерте кіріседі. Лопе де Вега
бұл жас жазушының талантына жоғары баға береді. Лопе қайтыс болған соң
ол Испаниядағы талантты драмашы ретінде даңққа бөленеді. 1636 жылы
сарай драмашысы атағын алады[2, 158 б.].
Кальдерон 200-ден аса пьеса жазған, солардан 120-на жуығы
тұрмыстық, 80-ге жуығы діни мазмұндағы және 20-ға жақыны интермедия
секілді сахна шығармаларына жатады. Ол 2 поэма мен лирикалық өлеңдер де
жазған.
Кальдерон Лопе де Вега дәстүрлерін жалғастырушы болса да, бұл екі
жазушының шығармашылығында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Кальдерон
алғашқы пьесаларын көпшілік көрермендерге арнап қала театрларына
Хабаршы №3-2015ж.
161
тапсырғанымен, кейін тек сарай театрына арналған шығармалар жазды. Оның
шығармашылығы испан гуманизмінің дағдарысқа бағыт алғандығының
көрінісі сипатында танылады.
Барокко ақыны Кальдерон драмашы ретінде діни рухтағы пьесалар
жазды. «Әулие Патриктің өмірі», «Пұтқа табыну», «Ержүрек шахзада»,
«Өмір деген түс», «Алаяқ сиқыршы» пьесаларында феодалдық зұлмат пен
католик діндарларын бейнелейді. «Айлакер сиқыршыны» Маркс «Католиктер
Фаусты» деп атады. Одан Гете өз «Фаустына» жекелеген жайларды ғана
емес, бүкіл бір бүтін көріністерді де алды.
Кальдерон тұрмысқа шынайы қарай алмаса да, шығармаларында оның
әдеби таланты айқын көрінеді. Мәселен, «Әулие Патриктің өмірі», «Пұтқа
табыну» пьесаларында көп қылмыстар жасаған қылмыскерлер тылсым
күштің араласуы нәтижесінде жазадан құтылып кетеді [3, 414 б.].
«Алаяқ сиқыршыда» жанын шайтанға сатқан адам туралы ертегі
хикаяланады. Кальдерон пьесасы Фауст туралы неміс халық кітабында
суреттелген аңыздан ерекшеленеді. Халық кітабында Фауст дүние сырларын
білуге ұмтылған, әділетсіздіктерге жиіркенішпен қараған жан сипатында
беріледі. Кальдеронның «Католиктер Фаусты» деп аталған «Алаяқ сиқыршы»
пьесасының қаһарманы Киприан ләззат үшін шайтанмен одақтасып, соңында
қылмыстарынан азапқа түсіп, христиандықты қабылдайды. Фаустың өлімі
аянышты болады, Киприан болса дін жолында жанын қинауға салып, мерт
болады.
«Ержүрек шахзада» пьесасында да тұрмыстық оқиғалар діни
мәселелермен араласып кетеді. Маврлар қолына тұтқынға түскен португал
шахзадасы Фернандо корольге қиянат жасағысы келмейді. Король оның
азаттығы үшін бір қаланы бермекші болғанда, бірақ Фернандо мұндай
масқара бостандықтан өлімді абзал көреді. Фернандоның отан алдындағы
адалдығы, жазушының түсінігінде, оның жеке мүддесінен жоғары тұруы
керек.
«Өмір деген түс» пьесасында діни тақырып шығарманың реалистік
мазмұнымен сәйкес келеді. Өз ұлы Сигизмундтың болашақ тағдыры туралы
мәліметті (көріпкелдер шахзаданы залым, қанішер болып жетіледі, дейді)
естіген король Басилио Сигизмундты түрмеге қамайды. Бірнеше жыл өткен
соң, король ұлы туралы мәліметтерге күдіктене бастайды. Шахзаданы
азаттыққа шығарып, мемлекет билігін оған сеніп тапсырады. Король
сарайында оянған Сигизмунд өз құзырында түрменің жауыз бастығын көреді.
Сарайдағы барша жұрт оның бұйрығын орындауға дайын тұрады. Бұл
жағдайлар Сигизмундтың ашуына тиеді. Өйткені, жұлдызшылар жорамалына
байланысты өзінің жазықсыз жәбір көруі әділдік емес еді. Енді Сигизмунд
сотқарларша әрекет жасайды, өзіне қарсы келген қызметшіні зынданға
тастайды, айналасындағылардың өміріне қауіп төндіреді. Әкесін де аямайды.
Король Басилио оны қайырымды болуға шақырады. «Сен ұйқыда шығарсың,
түс көріп жатқан болуың да мүмкін» деген сөздер бірнеше рет қайталанады.
Ақырында ұлын дұрыс жолға сала алмайтындығын түсінген әке,
ұйықтататын дәрі беріп, оны қайтадан түрмеге қамайды. Сигизмунд басынан
өткен оқиғаларды түсімде көрдім деп ойлайды. Бақыт туралы ойлау, өмір
сүру үшін ұмтылу мағынасыз екен, деген қорытындыға келеді. Епті, жігерлі
Хабаршы №3-2015ж.
162
Сигизмунд пьесаның соңында момын, тағдырға көнген жігерсіз жан болып
көрінеді.
Сигизмунд аллегориялық образ, шынайы адамға мүлде ұқсамайды. Ол
орта ғасырларда бейнеленген күйзеліске түскен періште-шайтанға өте жақын
бейне. Шығарма басында ол күрескер образ, пьесаның ақырында болса
жеңілген, тәубеге келген күнаһар. Бірақ философиялық-діни мазмұндағы бұл
драмада жазушы адамды қызықтыратын маңызды мәселелерді қозғайды,
терең ізденістерге түседі, қаһарманның ішкі рухани толғаныстарын көрсетуге
ұмтылады. Сигизмунд өмір қасіреттерне душар болғандықтан дана болады
және ар-ождан азабын тартады. Сол себепті шығарманың реалистік мазмұны
оның діни мазмұнынан басым тұрады.
Кальдерон ар-намыс мәселесіне арналған бірнеше драма жазды. Лопе
де Вега өз замандастарын қызықтырған отбасы және ар-намыс мәселесін
«Айрылысу қаупі», «Намыс жеңісі», «Намыстан азаптану», «Рухани жаза»,
«Өз үйінде данышпан», «Жаза өш алу емес» сияқты пьесаларында көтереді.
Бұл туындылардың кейбірінде («Намыстан азаптану», «Намыс жеңісі»,
«Жаза өш алу емес») ХVІІ ғасырда болған оқиғаларға негізделіп, әйелден
қатты өш алуды суреттесе де, жазушы ата-ана тарапынан зорлап ерге
берілген қыздың тағдырына («Жаза өш алу емес», «Би мұғалімі») аянышпен
қарайды. Лопе «төгілген қан жүрекке түскен дақты жуа алмайд» деген пікірді
көп қайталайды. Ерінің күдігі негізсіз болғанын суреттеген пьесаларын
жазушы ерлі зайыптылардың жарасуы, ерінің өз қателіктерін түсінуін
баяндаумен («Айып – дәлелдерде», «Айырылысу қаупі») аяқтайды. Бірақ
Кальдерон бұл мәселені басқаша шешеді. «Өз арының дәрігері», «Өз
арсыздығының шебері», «Жасырын балағаттауға – жасырын кек қайтару»,
«Қызғаныш – үлкен жауыздық» және басқа пьесаларында ар-намыс туралы
дәстүрлі қағидалар өз көрінісін табады. Осы қағидалар «намыс өте әлсіз, ол
сәл нәрсеге сынып кетуі мүмкін» деген пікірге негізделген еді. Намыссыздық
адам бойындағы ең масқара кемшілік. Абыройға дақ түсіретін оқиға туралы
адамдарда қандай да бір күдік туылса болғаны, онда осының өзі-ақ кек
қайтару үшін жеткілікті болып жатыр. Осы жолмен ғана адам намысына
түскен қара дақты жуа алады. «Өз арының дәрігері» драмасы негізінде міне
осындай пікір жатады. Пьесаның бас қаһарманы дон Гутьерре күдік
нәтижесінде күнасыз әйелі Менсияны өлтіреді және қанды қолдарын есікке
басып, қылған ісінен белгі қалдырады. Қанішер дон Гутьерре жасаған
қылмысын корольге сабырмен айтып береді. «Өнері бар кісі, мәртебелім,
есікке өз таңбасын қағып қояды. Өз кегімді қайтарған мен қанды қолыммен
есікте белгі қалдырдым. Өйткені, мәртебелім, ар-намыс қан мен ғана
жуылады». Дворян намысын қорғаушы дон Педро дон Гутьерренің бұл
қылмысын мақұлдайды. «Өз арсыздығының шебері» драмасында да осындай
пікірлер ұсынылады [4, 415 б.].
Кальдерон діни-философиялық драмаларынан басқа, «Көрінбейтін
әйел», «Өз үйінде қамауда», «Екі есікті үйді бақылау қиын», «Ақырын аққан
судан
сақтан»
сияқты
«Плащ
пен
семсерлер»
топтамасындағы
комедияларында махаббат пен тұрмыс қуаныштарын көтеріңкі рухта
суреттейді. Қаһармандардың бақыт жолындағы арман-тілегі кездейсоқ
оқиғалармен байланысты болса да, бұл комедияларда қызықты қиял-
Хабаршы №3-2015ж.
163
армандар, таңғажайып көріністер және даналық сөздер арқылы жазушы
өзінің гуманистік пікірлерін баяндайды. Ғашық жастардың алдында тұрған
әрқандай кедергілерді жеңу үшін күрестері реалистік бояулармен
суреттеледі.
Көңілді, мазмұны жеңіл, көрермен назарын өзіне тартатын
«Көрінбейтін әйел» комедиясында Кальдерон ағаларының қарсылығына
қарамастан (Хуан, Луис) өз сүйіктісі үшін күресіп, мақсатына жеткен дана
донья Анхеланың әрекетін шебер көрсетіп, отбасы намысын қорғамақшы
болған дон Луистің мағынасыз әрекеті мен күдіктерін күлкіге айналдырады.
Реалистік көрініс, характерлердің ұқыпты жасалғандығы және терең
демократизмімен ерекшеленетін ең көрнекті драмасы «Саламей алькальді»
шығармасында жазушы шаруа мен бай ортасындағы қақтығысты көрсету
негізінде, ар-намыс тақырыбын өзгеше талқылайды. Соның үшін де өз
сюжетімен бұл пьеса Лопе де Веганың «Қой қайнары» драмасында
бейнеленген оқиғаға жақын келеді.
Оқиғаға шынайы қараған Кальдерон шаруалардың ар-намысы күшті
екендігін суреттеуге ерекше назар аударады. Педро Креспо өзінің
шаруалардан шыққандығына мақтанады және ар-намысы жоқ жандарға
жиіркенішпен қарайды. Офицердің «шаруаларда қандай ар-намыс болуы
мүмкін» деген сөздеріне Педроның ұлы Хуан: «Сізде қандай болса, дәл
сондай! Шаруасыз капитан не істей алады?» деп жауап қайтарады. Бұл сөздер
жазушының феодал-зодагондарға жиіркенішпен, ал қарапайым жандарға
үлкен құрметпен қарағанын дәлелдейді. Герцен «Саламей алькальдін» оқып
шыққан соң (1844), өз күнделігіне: «Мұнда заң туралы осыншалық мол
пайымдаулар бар екен, испан плебейі ұлы да дана ғой, шіркін!» деп жазып
қойған еді.
Кальдерон мемлекетте күйзеліс күшейген дәуірде жасағандықтан, оның
шығармашылығында қайшылықтар мол болды. Онда барокко ағымына тән
болған көріністер де кездеседі. Бірақ оның діни-философиялық, отбасылық-
тұрмыстық, қызғаныш пен ар-намыс тақырыбына арналған пьесаларының
мазмұны әрине, жазушыны католик танымына толық бағынған және оның
белсенді насихатшысы болды деген пікірлерге алып келмеуі тиіс.
Драмашыдағы үмітсіздік өмірге қанағаттанбағандықтың нәтижесі еді.
Кальдеронның драматургиясында Лопе де Вега шығармашылығына тән
болған тұрмыс қуанышы көрінбейді. Гете қойылған мәселелердің
маңыздылығы, идеялық мазмұнның кеңдігімен ерекшеленетін «Ержүрек
шахзада», «Өмір деген түс» пьесаларына жоғары баға беріп, Кальдеронды
«Ұлы драмашы ақын» деп атайды.
Жазушының шығармаларында көтерілген маңызды философиялық
пікірлер, қаһармандардың ішкі жан-дүниесін шеберлікпен ашу, лирикалық
моменттер – Кальдероннның драмашылық талантын дәлелдейді. Кальдерон -
феодалдық-католиктік қысым күшейген дәуірде жасаған, гуманизмнің
дағдарысын суреттеген ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінің ең соңғы өкілі.
ХVІІ ғасырдың аяқтарында испан театры толығымен күйзеліске ұшырады.
Кальдерон 1681 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Хабаршы №3-2015ж.
164
Андреев Л.Г. Зарубежная литература второго тысячелетия. – Москва,
2001. – 329 c.
История зарубежной литературы XVІІ века. – Москва, 2010. – 487 с.
Қобланов Ж.Т.Шетел әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2011. – 376 б.
Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиеті тарихы. – Астана, 2012. – 344 б.
Кобланов Ж.Т.
Произведения Дон Педро Кальдерона де Ла Барка
В данной статье рассматривается художественное мастерство в
произведениях известного поэта-драматурга испанской литературы Дон Педро
Кальдерона.
Ключевые слова: драма, искусство, пьеса, интермедия, реалистическая
содержания, характер, комедия, драматический момент, барокко, лирический стих,
персонаж, образ, идея.
Koblanov Zh.T.
The literary works don Pedro Calderon de Lа of Barque
This article about well-known poet-dramatist of the don Pedro Calderons in the
literature Spanis and language mastership in his works.
Key words: drama, art, play, interlude, realistic contents, character, comedy,
dramatic situation, baroque, lyrical verse, character, image, idea.
***
ӘОЖ: 811.512.122
Таласпаева Ж.С. – ф.ғ.к., профессор,
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ
Қадыров Ж.Т. – ф.ғ.к., профессор,
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ
(Петропавл қ., Қазақстан)
E-mail: talaspaeva@inbox.ru
Достарыңызбен бөлісу: |