Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет153/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
құрлығында  өтеді.  Автор  аталған  туындысы  арқылы  өзге  мәдениет,  жат  ұлттық  менталитетке 
бейімделген,  шетел  асқан  қазақ  ұландары  мен  қара  көздері  жетімдердің  тағдыр-тауқыметіне  көңіл 
аударып,  елге  оралса  екен  деген  авторлық  қиялдан  туған  көркем  шарттылыққа  баруы  өте  орынды 
тәрізді.  Себебі  не  бәрі  он  миллионнан  сәл-ақ  асатын  қазақ  ұлтын  шетелдік  ассимиляцияға  түсіру 
ұлттың тамырына балта шабу екенін ұғындырады.  
Автор Бадди (Батыр) сынды жат жұрттық болған бас кейіпкерді қылмыс жолымен адасып, кейін 
дұрыс  жолға  түсуі  арқылы  туған  жерге  оралуын  тілесе,  Ғабит,  көгілдір  сынды  жігіттердің  өз  елі 
жерінде  жүріп-ақ  нашақорлық,  этникалық,  қоғамдық  моральдық  нормадан  ауытқыған  азғын 
ұрпақтың өлімін көрсетуі де әдеби ойын болғанымен, бүгінгі ащы шындық, қоғам келбеті. Шіріген 
жұмыртқа  кешегі  өткен  замандардағы  көк  түркі  ұрпақтарының  бақа-шаян,  құрт-құмырысқадай 
ұсақталған тірліктеріне, бейбіт күндегі азғындыққа қазір құлақ етіміз үйренгендей. Автор осы елдік 
деңгейдегі ойланатын мәселені көтеріп отыр.  
Нашақорлық,  адамдық  жаратылысқа  қарсылық,  ұрпақтардың  шетел  асуы  сынды  мәселенің  қай-
қайсысы  болмасын,  ат  төбеліндей  қазақ  үшін  ұлттық  тамырға  балта  шабу  екенін  қатал  үкімдей 
жеткізеді. Тәуелсіз  еркін  ел  ретінде  бөркімізді  аспанға  атып  қуанып  жатсақ,  екінші жақтан  ұлттық 
мәдени  құндылықтардың  жаһандық  үдерісте  жұтылуы  мен  антимәдени  түсініктердің  жағымсыз 
жақтарына тоқсауылдың болмауы қоғамдық дерт екенін жас қаламгер өзінің қоян-қолтық араласып 
жүрген ортасынан көре білген. Бірақ романда жалған мораль емес, оны нұсқау түрінде көрсетпейді, 
сомдалып отырған образдармен бірге адасып, бірге қынжылып, бірге мұңайып, кейде бейтарап күйде 
қалып  отыратын  салқын  қандылық  танытады.  Өзі  де  көп  қазақ  жастарының  бірі  ретінде,  замандас 
бейнесін  беруде  шынайы  натуралисттік  тұрғыда  өмірдің  өзіндей  суреттейді.  Бұл  теорияға  қатысты 
ғалым А. Ісмақова былай дейді: «Натурализмнің бүгінгі постмодернисттік туындыларда орын алып 
отырғаны  да  белгілі:  кейіпкердің  сандырақтап  кетуі,  түсініксіз  істерді  бақылауы,  нәпсіқұмарлыққа 
ғана бас ұруы... Адамның жыртқыштық, мансапқорлық, атақ, ақша қуғыш екендігін көрсету үшін өзін 
ақтап тұрғанымен шегінен шығып кеткен жағдайда көркемдіктен төмендеп, жәй боссөз болып қалуы 
да  заңдылық.  Бірақ  кейіпкердің  нәпсісінің  жетегінде  кететінін  аңғартатын  бейнелеу  түрі»[6,58-59]. 
Иа, натурализмнің адам құлқының құлы болуын ғана суреттейтінін анық болса да, реалистік тұрғыда 
автор кейіпкерлерінің нақты тіршіліктері жайынан түсіндіру үшін, заман жайындағы шынайылықты 
көрсету үшін қолданылған амал ретінде көркемдік бейнелеу жолы ретінде қала бермек.  
Оқиғалардың детективтік шым-шытырық оқиға желісі, композициялық жағынан шебер қиюласуы, 
оқуға жеңіл романның тілі, жаңаша бейнелеу түрі заманауи роман келбетін көрсетеді.  
Романда шетелдегі қазақ жастарын суреттеу арқылы шетелдіктердің Қазақ елі туралы түсініктерін 
сипаттай келіп, өз тілі мен елінен жерінген байлардың, жаңа қазақтардың ұрпақтарын, оған қарама-
қарсы  Айару  сынды  патриот  жастардың  бары  нанымды  суреттеледі.  Кейіпкер  Айару  тәрізді 
жастардың  жат  жұртта  жүрсе  де,  еліне,  ұлтына  деген  Махаббат  сезімі  бәрінен  жоғары  тұрады.  Ал 
сәби  күнінде  шетел  асқан  Бадди  (Батыр)  өзінің  қай  ұлттан  екенін  білмей  өссе  де,  құлағының 
саңылауында  қалған  үн,  табиғи  тек,  өз  туған  ана  тіліне  деген  табиғи  тез  елігіш  қасиетін  суреттей 
отырып,  автор  көп  жайтты  аңғартса  керек.  Өз  топырағында  жүріп-ақ,  ана  тілінен  жерінген,  жаңа 
қазақ  космополиттерді  автор  ашық  айтпаса  да,  мәңгүрттік  мәселесі  романның  идеялық  астарынан 
сезіледі. Себебі, ұлттық тектен ажырған ұрпақ, нашақор, азғын ұрпақ, соғыссыз-ақ түрлі жат мәдени 
ақпараттық  жаулаушылықтың  құрбанына  айналған  қорғаныштық  қасиеті  жоқ  ұрпақтың  өсіп  келе 
жатқаны  авторды  толғандырса  керек. Бірақ  автор  романда көпке  топырақ шашпайды,  Айару,  Әмір 
сынды жастарды елінің патриоты ретінде бойындағы ұлттық сана-сезімі ояу екені ақ пен қара, өмір 
мен  өлім  категориясындағы  тартыста  бой  көрсетеді.  Романдағы  кейіпкер  Тамшы  сынды  тағдыр-
тауқыметін тартқан жандар өмірден өз орнын таба алмай, тамшыдай ағып өтсе, Ғабит сынды нашақор 
ұрпақтың өлімі әдеби ойын «автор өлімі» тәсілі азған ұрпақ, өзін-өзі өлімге қиған бүгінгі қоғамдағы 
жастардың тағдырынан хабар беретін ақиқат шындық ретінде қолданыс тапқан.  
Романда қазіргі жастар арасындағы сезім, махаббат машақаттары да бейнелі жеткізілген. Тамшы 
мен  Әмір  арасындағы  жанбай  жатып  сөнген  іштей  сезім,  Ғабит  пен  Сафура  арасындағы  махаббат, 
тұрақсыздық,  Ғабит  пен  Тамшы  арасындағы  жалған  сезім  жетегі  бәрі-бәрі  дүние  жартылысты 
үйлесімділікте ұстап тұрар құдіретті тылсым күш тұтқасы Махаббат сынды сезімнің аяқасты болуы 
қазіргі  қоғамға  жат  емес.  Жалпы,  автор  не  мәселені  суреттесе  де,  әр  нәрсенің  екі  жақты  келбетін 
тануға ұмтылуы сезіледі.  
Қорыта айтсақ, жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетіндегі роман жанрының даму тенденциясы туралы сөз 
қозғасақ, кешегі кәсіби әдебиет алыптарымен бірге жаңа заманның жас толқын қаламгерлерінің де 
80
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
жаппай болмаса да, жарық көрген, оқырманға жол тартқан, бірақ әдеби сын айналымында өз бағасын 
алып үлгермеген бірді-екілі романдарын атап өткен орынды болар еді. Заманауи нақ өзіміз өмір сүріп 
отырған қоғамдағы адам тұлғасын көркем образ деңгейінде суреттеп, заман келбетін бейлеудегі жас 
толқын  қаламгердің  талпынысы  көңіл  қуантады.  Романдардағы  оқиға  желісі  қылмыс  әлемінің 
негізінде  құрылуы  криминалистика  кино  сценарийлерді  еске  түсіреді.  Сондай-ақ,  заманауи  роман 
жанрының  құрылымына  түрлі  анимация,  криминал,  триллер  т.б.  кино  өнері  саласына  қатысты 
элементтердің  кірігу  тенденциясы  анық  байқалады.  Қаламгерлер  шағын  романдарында  заманауи 
тақырыптарды қозғап, қазіргі жастардың адасушылықтары мен еркінен тыс тағдыр салған адасудың 
себеп-салдарын(шетел  асқан  жетімдер)  іздей  отырып,  ұлттық  тек-тұғырымыздан  ажырау,  келешек 
ұрпақтың  өсіп-өркендеуі  сынды  мәселелерге  алаңдаушылық  көрініс  тауып,  әдеби  кейіпкерлер 
арқылы қатал қоғамдағы қазақ жастарының мойынындағы қылтұсау болашақ ұлттың мойына түскен 
қылтұсау  болмасын  деген  болжамды  ұстанымдарын  жеткізудегі  көркемдік  ізденіс,  талпыныс 
қадамдары аңғарылады. 
 

Бисенғали  З.,  Манкеева  Ж.  Қазақ  филологиясы:  егіз  негіз  (Ғылыми  мақалалар  жинағы).  –  Алматы: 
«Арыс» баспасы, 2010. – 352 бет.  

Ысқақов Д. Әдебиет тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. TURKYIA.KZ ақпараттық-танымдық 
сайты.  

Тілеубаева Б.Т. Қазіргі қазақ романдарындағы қаһарманның рухани әлемі (ХХ ғ. 60-80 жж). 10.01.02. – 
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған 
диссертация. Алматы, 2010 ж. 

http://baq.kz/
ақпараттық порталы  

Қазіргі әдебиеттегі жалпыадамдық құндылықтар. Монография. – Алматы: «Evo Press», 2014 – 708 б. 

Ісмақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы: «Таңбалы», 2009. – 376 бет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет