Түйін сөздер. Тәуелсіздік жылдары, рухани мұра, проза, идеялық-тақырыптық ерекшеліктер, әңгіме,
повесть.
Тәуелсіздік жылдары – туған әдебиетіміздің ілгері қарай қадам жасаған сәтті кезеңі. Сол себепті
қазіргі қазақ әдебиеті аясында әңгіме мен повесть жанрларында өзіндік дара қолтаңбасымен
ерекшеленген шығармашылық жолындағы көркемдік ізденістерін танып, таразылап, оларға терең
бойлап, ғылыми-зерттеу еңбектері тұрғысында баға беру бүгінгі заман талабы екені даусыз.Қазіргі
қазақ прозасының дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік өзгерістері мен құбылыстарын бейнелеуде, соған
лайық алуан қырлы адам характерін жасауда үлкен табыстарға жетуі. Қазіргі қазақ прозасының
92
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
адамның жан әлеміне үңілумен, адамның ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін сөз етумен, адам
болмысына назар аударуымен ерекшеленуі. Қазақ қаламгерлерінің адам бойындағы мінез-құлық
адамгершілік қасиеттері терең ашуды мақсат ете отырып, шығармашылық тың ізденіске баруы. Қазақ
прозасының дамып, өсуіне, көркемдік, идеялық-эстетикалық тұрғыдан өрістеуіне қазақ қара сөз
өнерінің бастау бұлағы болған М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Мұқанов және т.б.
шығармашылығы, сондай-ақ дүниежүзілік әдебиетте болып жатқан жаңалықтардың, көркемдік
ізденістердің тигізген әсер ықпалы. Ғылымның дамуы мен техниканың өрістеуінің адам өміріне
тизізген әсері жазушылар шығармаларына негіз болып, әдебиет айдынына жаңа кейіпкерлердің келуі.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелері мен повестерінің көркемдік деңгейін көтеруге
М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Б.Нұржекеұлы, Қ.Түменбай, сынды қаламгерлер үлес қосты.
М.Мағауиннің тәуелсіздік жылдарда жазылған әңгімесінің бірі – «Салах-ад-Дин». Жазылуы
тосын, ерекше әңгіме. Әңгіме атақты тарихшы Шейх Әбубәкір ибн Мүджаһид әл Бағдадидің
«Ғақылия» кітабында баяндалатын Салах-ад-Дин сұлтанның Бұқарадан Бағдадқа оқу-білім іздеп бара
жатқан жазықсыз мұсылман баласын азаптап өлтірген Зеңгі деген әскер басын өлім жазасына кескені
туралы ғибраттан басталады да, белсенді революционер, академик, коммунистік партияның ардагері,
ісімен де, сөзімен де жаңа тарихты жасаушы Бектеміс Ақпанбетовтің «Қазақстандағы Кіші октябрь»
атты екі томдық мемуарында баяндалатын оқиғаларға ұласады.
Қазіргі жаңа заман, жаңа сана сезім, жаңа философия мен психологизмдер пайда болып, бүгінгі
өмірге жаңаша көзқарастар туындады. Сол себепті қазақ әдебиетінде де жаңаша шығармалар
шығарылуда. Осындай тың әңгімелері мен, повесть, романдарымен көзге түсіп жүрген аға буын
қаламгері Қ.Жұмаділовтың шығармалары жайлы болмақ. Қаламгердің әрбір шығармалары оқырман
назарынан тыс қалған емес. Қаламгердің тәуелсіздік жылдарында жазылған бірнеше әңгімелері
жарық көрді. Мәселен «Жемдеген қырғауылдар», «Құдайдың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген
дүние-ай», «Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы» секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің
оқиғалары, кейіпкерлері де жаңа заманның адамдары. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесіндегі жазушы Әділ
Тазабеков, «Жемдеген қырғауылдар» әңгімесіндегі аудан әкімі Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың
үйі» әңгімесіндегі молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекетін
суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сипатын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін ашып көрсетеді.
Қоғамды жаңартып қоймай, сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқын, тірлігін, жан
дүниелеріндегі өзгерістерді де дәл, шынайылықпен суреттей білген. Қаламгер шығармаларындағы
жаңалықтарды осы қырынан кездестіреміз. Енді Жұмаділовтың «Бір ғана ғұмыр» әңгімесін талдауға
келер болсақ, сюжеті былай беріледі: бас кейіпкер жазушы Әділ Тазабеков қала өмірінің тіршілігінен
шаршап, бір жағынан денсаулығының сыр беруіне байланысты, Алматы маңындағы бір санаториге
келіп жайғасады. Дәрігерлердің де жүйке жүйесінің жұқарғандығын айтады, сөйтіп Әділ таза ауамен
тыныстап, демалуды жөн көреді. Осылайша бірнеше күндік демалыста кейіпкер біраз оқиғаларды
бастан кешіреді. Әңгімеде санаторий өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен
байланыстыра айтылады. Әңгіменің ең басты кейіпкері Әділ Тазабеков бейнесімен сомдаған.
Әңгімені оқи отырып, Әділдің ақ көңіл жан, ашық мінезді жан екенін көруімізге болады. «Бір ғана
ғұмыр» әңгімесінде оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп, белгілі бір шегіне жеткен соң, шешімін тауып,
заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аудартады. Бірде ол таңғы ас ішкелі отырғанда, жетпіс
бестегі қарт, отыз бестегі келіншек, он жасар ұл келіп үстелдес болады.
Тәуелсіздік кезінде жаңғырған көркем ойдың кезекті көрінісін көрсете алатын повестердің бірі –
Қ.Түменбайдың «Түрмедегі торғай» повесі [6, 80-97 б]. Мамандығы неирохирург жас дәрігер
Есенбай ауруханада жатқан науқас Әйтшуовтың миына операция жасамақ болады. Мемлекет
қамқорлығындағы денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайлары төмендеп, бюжеттен тарығып тұрған
уақыт. Бірақ адамның денсаулығы оған қарамайды. Науқастарға ем қону үшін азды-көпті ақшаның
әрқашан да қажет екендігін басынан өткізгендер білуі тиіс. Науқас Әйтшуовтің денсаулығын қалпына
келтіру үшін ауруханадан бөлінген дәрі-дәрмектен тыс тағы да дәрі керек. Оған қаржыны науқастың
өзі төлемесе, жағдай көтермейді. Дәрігер осыны айтқан кезде операцияға дайындалып жатқан сырқат
келісіп, қалған дәріні өзі алмақ болады. Бірақ артынан ойланып, ол дәріні өзі таба алмайтынын,
ақшасын берсе, дәрігердің өзі табуға көмектескені жөн болатынын айтады.
Тәуелсіздік тұсында жазылғанымен, Қуандық Түменбайдың тағы бір шығармасы «Ұры» повесінің
оқиғасы оқырман назарын сонау кеңес заманындағы ауыл өміріне алып келеді. Ұлтарақ есімді ұры
қалт-етіп күнін әрең көріп жатқан Алтынай кемпірдің жалғыз сиырын ұрлап, сойып алады. Және жай
емес, үйленіп жатқан інісінің тойына арнап сояды. Інісі Медет ағасының бұл арам әдетін сезсе де,
93
|