Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет203/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
сәттегі  эмоциялық  сезімді,  көңіл-күйді  ғана  емес,  оның  бүкіл  ғұмырынан  сыр  шертер  нәзік 
нюанстарды аңғара алатынын сезімталдықпен паш ете білген.  
Д.Исабековтің   «Гауһар  тас»  повесіндегі  Салтанаттың  бойындағы  керемет  назды  да  биязды 
қылығын  хас  жазушыға  тән  шеберлікпен  бере  біледі.  Бұл  тұрғыда  кейіпкердің  болмысын  ішкі-
сыртқы  бірлікте  суреттей  отырып,  аса  дарынды  суреткер  екендігін  танытады.  Жаңа  келін  болып 
түскен  Салтанаттың  ерекше  жаратылысын,  нәзік  табиғатын,  ұлттық  психологияға  тән  портретін 
мінездеуде  ашық  сипатталады.  Ұлттық  психологиялық  портретті  Салтанаттың  ұлттық  жақсы 
қасиеттерді  бойына  мол  жинақтаған  жан  иесі  екенін  жан-жағына  қараған  ибалы   көз  жанарын 
суреттеу арқылы ұқтырады. 
Д.Исабеков  шығармаларында  кең  қолданылған  адамның  ішкі  иірімдерінен  хабар  беретін 
тәсілдердің  бірі  –  күлкі.  Күлкінің  әдебиет  пен  өнердегі  орны  ерекше.  Ол  адам  санасы  мен  мінез-
құлқындағы  қуанышты,  өмірлік  қуат  пен  күшті  бейнелей  отырып,  адамдар  арасындағы  әр  түрлі 
қарым-қатынасқа  негіз  болады.  Екінші  жағынан,  күлкі  қоршаған  ортадағы  қарама-қайшылықтарды 
сынап-мінеу үшін, одан адамның эмоциялық жерінуін аңғарту үшін де қолданылады. Күлкінің мәні 
турасында  Аристотель,  Кант,  Чернышевский   т.б.  өз  тұжырымдарын  айтқан  болатын.  Күлкі  – 
сонымен бірге ішкі психологиялық сезімді беруде де таптырмайтын құрал.   
Д.Исабековтің «Гауһар тасындағы» ерлі-зайыпты  Ыбыш пен Салтанаттың екі түрлі болмысы да 
осы  күлкіге  байланысты  ашылады.  Бақытты  күлкі  ойнаған  әсем  еріндерінің  ар  жағынан  көрінген 
аппақ  әсем  тістері  төгіле  кететін  ақ  маржан  секілді  тізіле  қалған.  «Сөз  соңын  оның  сыңғырлаған 
күлкісі көміп кетті. Әдемі күлкі, ерке күлкі». Оның бұл сөзі мен күлкісінде еріне деген жарасымды 
әжуа, жеңіл ғана байқалмас наз жатыр еді. Салтанатта   реніш те, зіл де жоқ, керісінше, нәзік әйелдің 
қатал  еріне  деген  таңырқауы,  сонымен  бірге  нәзік  құрмет  пен  нәзік  сезім  жатыр.  Адамның 
адамгершілік  қасиетін  анықтауда,  оның  рухани  байлығын  биік  азаматтық  тұрғыда  түсіндіруде 
махаббат тақырыбының ерекше маңызы бар. Адамның ескірмейтін, тозбайтын осы бір мөлдір сезімін 
жазушы жете зерттей отырып, жас келіншектің нәзік жүрегінің лүпілін оқырманға сездірту арқылы 
өмірге құлшындыратын өршіл сезім күйін тап басады. Күйеуінің тоң мойын тұйық мінезін Салтанат 
тек күлкіге айналдырып, әзілге жеңдіріп жүреді. Өзінің еркін де ерке жаратылысына сай «барлығы да 
жақсылыққа  қарай  өзгереді»  деп  сенеді.  Жалпы  Д.Исабеков  шығармаларында  күлкінің  кейіпкер 
психологиясын ашудағы орны ерекше екенін атап айтқан жөн.  
«Дулат  Исабековтің  «Талахан-186»,  «Ескерткіш»,  «Бонапарттың  үйленуі»  атты  әңгімелеріндегі 
күлкі  де  –  осындай  арлы,  ақиқатшыл  күлкі.  Күлкі  шақыратын  әрбір  емеуріннен,  әрбір  детальдан 
автордың уайымы мен күйзелісі «мен мұндалап» тұрады. Бұл қасиетті тек жазушының шеберлігіне 
жатқыза  салу  аздық  етеді,  мұндай  қасиет  яки  арлы  күлкіні  ояту  және  оны  оқырманның  жүрегіне 
жеткізе білу – сирек дарынның қолынан ғана келетін сирек қасиет. Ілуде бір кездесетін қасиет», – деп 
[6,13]  айқындап  берді  Әмірхан  Меңдеке  жазушының  шығармалар  жинағына  жазған  алғы  сөзінде. 
Шынында  да  қаламгердің  шығармаларында  кездесетін  езу  тартқызар  оқиғалар  арзан  күлкіге  емес, 
осы айтылған ақиқатшыл күлкіге негізделгені зер салып аңдағанға айғақ нәрсе.  
Адам баласындағы күлкіге қарама қарсы эмоциялық күй – жылау. Жазушы өз туындыларында осы 
процестің түрлі сипаты арқылы да кейіпкерінің жан түкпіріндегі елеулі жайттарды жарыққа шығара 
біледі. Сондай-ақ «Тіршілік» повесіндегі жылаудың түрліше сипатын (еңіреп жылау, зарлап жылау, 
дауыстап жылау) саралай жіктеуі арқылы оқиғаның бояуын қалыңдатып, жалпы жұртшылықтың ішкі 
күйін танытады. Үнсіз жылаудың өзін жеке мен көптің басынан өткеру арқылы шебер пайдаланады. 
Жапан  далада  жалғыздықпен  бетпе-бет  қалған  Қыжымкүлдің  хал-күйі  оқырман  аяушылығын 
тудырады.  
Адам басына түскен ауыр қасіреттің салмағын шегіне жеткізе суреттейтін тұста да жылауға тән 
түрлі  эмоциялық  сәт  көрсетілген  (жалғыз  өзі  жылау,  айғайлап  дауыстап  жылау  немесе  үздіксіз, 
оқтын-оқтын жылау). 
«
Алдымен үнсіз жылайды, сәлден соң қан тамырларынан қан емес, кермек, жылымшы су жүгіріп 
жатқандай шым-шым жас төмен құйылады кеп, сонан соң кеудесінде өксік қайнап, ішке сыймай лық 
етіп алқымға тіреледі. Қыз өзін-өзі ұстауға мұршасы жетпей, дауыстап жылап жіберді» [4,128]. 
Д.Исабеков  шығармаларына  тән  тағы  бір  өзгешелік  –  қарапайымдылықпен,  күлкімен,  уытты 
тілмен қатар трагедиялық оқиғалардың орын алуы.  
Жазушы шығармашылығында трагедия белгілі бір дәрежеде кездесіп отырады. Жоғарыда айтып 
өткен «Гауһар тас» повесіндегі қазақ қызына тән барлық асыл қасиеттерді бойына жинақтай білген 
Салтанаттың  қаза  табуы  оқырман  жүрегін  жаралайтыны  сөзсіз.  Салтанат  өлімі  «қолда  барда 
118
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет