Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет46/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   375
Түйін  сөздер:  Тарихи  жазба  мұралар,  жазба  дереккөздер,  түркі  мәдениеті,  ескі  қыпшақ  тілі,  этникалық 
топтар, түркі тілдерінің морфологиялық құрылымы. 
 
Қазақ  мәдениетіне  қатысты  дереккөздер  қорының  бірі  ретінде  көнеден  келіп  жеткен  тарихи 
мұралардың  мәні  өте  зор.  Оларды  зерттеп  білу,  оқып-үйрену  мәдениетіміздің,  азаматтық 
тарихымыздың әлі күнге дейін белгісіз жатқан, басы ашылмаған мәселелерін айқындай түсуге септік 
етері  сөзсіз.  Соңғы  уақыттарға  дейін  осы  салаға  қатысты  жазба  дереккөздерді  “көне  түркі  жазба 
ескерткіштері”  деп  жалпы  бір  атау  ыңғайында  түсініп,  солай  қабылдап  келдік.  Мұның  өзі  түркі 
халықтарының төл жазуы деп танылған “рун” таңбалы (графикалы) ескерткіштерімізге байланысты. 
Бірде “рун, руника (құпия жазу, таңба)”, “ойма жазу”, “түрк жазуы”; сондай-ақ, манихей, көне ұйғыр, 
ескі  гот,  ескі  грек,  араб  графикасы  үлгілеріндегі  “қадим”  деп  аталынып  жүрген  әліпби  үлгілері 
Еуразия далаларында, оның ішінде бұрынғы Алтын Орда аумағында және өзгедей шет аймақтарда да 
ұзақ уақыттар бойына кеңінен қолданыста болған. Түркітанушылардың осы салада атқарған зерттеу 
жұмыстарының барысында көпке дейін “көне түркі” мәдениеті деп танылып келген ұғым жаңа мән-
мағынаға  ие  болды.  Бұған  себептердің  бірі  –  түркі  халықтарының  өздерінің  әлеуметтік-
этнографиялық,  азаматтық  тарихын  білуге  ұмтылуында  болса,  екіншісі  –  осы  салаларға  қатысты 
дереккөздерден  алынған  материалдардың  нәтижелерінен  туындап  отыр.  Солардың  негіз-  гілерінің 
қатарына  жазба  деректерді  дәуірлей  отырып,  жаңа  мәліметтерге  қол  жеткізе  алу  болып  табылады. 
Осыған  орай,  бұрынғы  қол  жеткізілген  азды-көпті  жетістіктеріміз  жалпы  “көне  түркі  мәдениеті” 
аясында қаралып келсе, қазіргі уақытта “көне түркі, ескі түркі”, яғни алғашқы VІ-Х және кейінгі Х-
ХV  орта  ғасырлар  аралығы  сияқты  және  т.б.  ұғымдар  сахнаға  шықты.  Сонымен  қатар  нақты 
археологиялық,  нарративтік  дереккөздер  мәліметтеріне  орай  жаңа  ұғымдармен,  танымдармен 
толықты  [1]  және  мұндай  іс-шаралардың  ұдайы  жалғасын  тауып  отыруы  мүдделі  қажеттіліктердің 
бірі.  Жазба  ескерткіштерді  орындалу  мерзімі,  орны,  мәдени  ошағы,  олардың  түркі  халықтарының 
азаматтық тарихына, діліне, тіліне қатыстылығын үнемі анықтап, жаңғыртып, толықтырып отыру да 
солардың қатарына жатады.  
Қазіргі Қазақстан аумағы және онымен шектес бірқатар өлкелер, аймақтар кейінгі орта ғасырларда 
“Дешті-Қыпшақ”  деген  жалпы  атауға  ие  болғаны  тарихтан  хабары  бар  жұртшылыққа  мәлім.  Бұл 
аумақта ХV ғасырдан бастап, жаңа түркі ұлыстары, хандықтары, мемлекеттері, соған орай дәстүрлі 
көне,  ескітүркі  мәдениетін,  тілін,  әдет-ғұрпын,  жол-жоралғысын  өзінше  дамытып,  жаңғыртып 
15 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
отырған  түркілік  этникалық  топтар  пайда  болды және  бұл  үрдіс  түркі  халықтарының  ең  бір  үлкен 
тобы шоғырланған Еуразия кеңістігінде келешекте де прогрессивті түрде жалғасын таба берері анық. 
Түп-төркіні  арысы  Орал-Алтай,  берісі  көне  түркі  тілі  болып  табылатын  қазіргі  қазақ  тілінің  өз 
алдына бөлініп, қалыптасу тарихындағы белесті, маңызды кезеңдерінің бірі – Х-ХV, яғни кейінгі орта 
ғасырлар дәуірі. Түркітанушы, академик Б.Е.Көмековтің пікіріне қарағанда кейінгі орта ғасырларда 
“Дешті-Қыпшақ” аумағында болып өткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде осы аймақтарды мекен-
жай  еткен  түркі  халықтары  өкілдерінің  әлемнің  түкпір-түкпіріне  шашырай  орналасуы  “Дала 
мәдениеті”  танымына  жаңа  көзқарас  қалыптастырды.  Соған  орай  көне  жадыгерліктерде  “Туран, 
Түрік  даласы”  атауымен  қоса  “Қыпшақтар,  Қыпшақ  даласы”  [2]  ұғымдары  кеңінен  қолданыла 
бастады.  Түркі  тектес  халықтардың  бірде  “түрк”,  бірде  “қыпшақ”  аталынуы  VІІІ  ғасырдан  бастап, 
әдетке  айналғанға  ұқсайды,  мыс.:  “Мойун  Чор  (Селенга  жазуы,  б.з.  795  ж.)”  жазба  ескерткішінде 
тоқуз оғыздар қағаны Мойун Чор “менің  26 жасымда түріктер мемлекетінде қыпшақ түріктері елу 
жыл  ел  билеп  тұрғанда...  ”  [3]  деп  көрсетсе,  көрнекті  ориенталист,  түркітанушы  А.Зайончковский 
кейінгі орта ғасырлардағы Дешті-Қыпшаққа қатысты дереккөздерде “қыпшақ” этнонимінің синоним 
сөз ретінде “түрік > түркі” сөздерінің орнына жиі қолданылғандығын атап өтеді [4]. Орта ғасырларда 
Дешті-Қыпшақта тұрып, түркі өркениетіне өзіндік үлес қоса алған этностар, ру-ұлыстар қатарында 
бүгінгі  қазақ  халқының  ата-бабалары  да  бар.  Сондықтан  бұрын  “көне  қыпшақ  тілі” 
(древнекыпчакский  язык),  ал  қазіргі  уақытта  “ескі  қыпшақ  тілі”  деп  аталынып  жүрген  салада  да 
атқарылуға тиісті іс-шаралар ауқымы мол. Солардың бірі әңгіме арқауы болып жүрген “Китаб булғат 
әл-Муштах....”  жазба  ескерткіші.  Бұл  жәдігерліктің  екі  бөлімнен  (есімдер  және  етістіктер) 
тұратындығы туралы біздер бұдан бұрынырақта жарық көрген мақалалар мен хабарламаларымызда 
сөз  еткен  едік.  Қазіргі  тілдегі  тілдік  ерекшеліктер  мол  болғанымен,  тарихтың  терең  қойнауына 
сүңгіген  сайын,  ондай  өзгешеліктер  азая  бастайтынын  айтуға  болар  еді.  Мұның  өзіндік  ішкі 
заңдылығы  да  бар.  Тегі  мен  шығар  тамыры  бір  болғандықтан  да,  түркі  тілдерінің  жалпы  сипаты, 
негізгі  қалыптасу  жолы  ортақ  екенінде  дау  жоқ  [5].  Есімдер  бөлімі  тарихи-салыстымалы  тұрғыдан  
зерттеліп, монографиялық еңбек жарияланған болатын. Ал етістіктер бөлімі туралы екі-үш ғылыми 
мақала  жарияланғаны  болмаса,  арнайы  зерттеу  нысаны  болған  емес.  Аталған  бөлімде  мыңға  тарта 
етістік  сөздер  бар  екендігі  анықталып,  солардың  біразын  бүгінгі  мақаламызда  басқа  да  түркі 
тлдерімен  салыстырмалы  түрде  қарастырып,  оларға  мүмкіндігінше  этимологиялық  талдау  жүргізу 
әрекет жасап отырмыз. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет