Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
ӘОЖ 419.992.71.
ИЛЛЮСТРАТИВТІ ИШАРАТТАР
С.Мағжан –
ф.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доцент м.а.,
magjan_saule70@mail.ru
П.Адиева –
ф.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
аға оқытушысы, adipaki@mail.ru
Мақалада денелік таңба-белгілер болып есептелетін иллюстративті ишараттар қарастырылады.
Иллюстративті ишараттардың вербалды контекстің білдіретін мағынасын анықтай түсу және сөйлеушінің
айтайын деген ойының анығырақ әрі түсінікті болуына әсер ету мен ойдың тыңдаушыға қаз-қалпында тез
жеткізілуін, жетуін қамтамасыз ету қызметі анықталады. Негізгі түрлері талданады, мысалдармен дәйектеледі,
классификация жасалады.
Иллюстраттардың іштей екіге жіктелетіні қарастырылады: а) сөйленістің денотативті мазмұнын білдіретін
және кейбір нысандарды, ұғымдарды, әрекеттерді бейнелейтін нақты иллюстраттар (бұлар: дейктикалық
маркерлер, кеңістіктік маркерлер, уақыттық маркерлер, кинефонографтар, кинетографтар, идеографтар,
идентификаторлар, экстерналайзерлер т.б.); ә) сөйленістің коммуникативті мазмұнына қарай бейімделген
және ишарат пен ымды жасап тұрған адамның коммуникативті ұстанымын белгілейтін, көрсететін я болмаса
айқындайтын, коммуникатордың жеткізбек болып тұрған ақпараты, оның адресат туралы, бөтен біреулер мен
басқа бір нысандар жөніндегі бағалауын көрсетіп, бағасын білдіретін аккомпониаторлар аккомпониатор-
ишараттар
болып табылады. Бұлардың мәтіндік сюжеттің қалыбын (моделін) қалыптастыратындығы
түсіндіріледі.
Түйін сөздер: кинема (ишарат), коммуникация, акт, тіл, сөйлеу, иллюстративті ишарат (иллюстратор), түр,
ишараттық екпін, негізгі, қосалқы (қосымша), дейктикалық, кеңістіктік, уақыттың, идеографиялық, маркер,
идеограф, кинефонограф, кинетограф,
идентификатор, экстерналайзер.
Достарыңызбен бөлісу: